Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Механикалық жүйеге әсер ететін күштердің жұмысы мен қуаты





 

Механикалық жүйенің қозғалысын зерттегенде оған әсер ететін күштердің жұмысын анықтау қажеттілігі пайда болады. Күш жұмысын табудың кейбір дербес жағдайларын қарастырайық.

1. Ауырлық күшінің жұмысы. Біртекті салмақ өрісіндегі жүйенің әрбір нүтесіне ауырлық күші әсер етеді. Бұл күштің элементар жұмысы: -ға тең. z өсін вертикаль жоғары бағыттаймыз.

Сонда күшінің және өстеріне проекциялары мынандай болады , демек

.

Осыдан жүйеге түсірілген барлық ауырлық күштердің элементар жұмыс- тарының қосындысы:

немесе (4.1.3) өрнегін ескерсек, мынаны аламыз

,

мұндағы М – бүкіл жүйенің массасы, ал – оның ауырлық центрінің координатасы.

Жүйе бастапқы орнынан шекті орынға орын ауыстырғанда ауырлық күшінің толық жұмысы мына өрнекпен анықталады:

.

Бұл өрнектегі мен – бастапқы және шекті орындардағы жүйенің zC ауырлық центрінің координатасының мәндері.

Енді жүйенің массалар центрінің орын ауыстыру hC биіктігінің ұғымын ендірейік:

,

сонда механикалық жүйенің ауырлық күші жұмысының өрнегін аламыз:

, (4.3.20)

демек, жүйенің ауырлық күшінің жұмысы плюс немесе минус таңбасымен алынған бүкіл жүйе салмағының жүйенің ауырлық центрінің вертикаль орын ауыстыруына көбейтіндісіне тең. Плюс таңбасы жүйенің ауырлық центрі төмен қарай орын ауыстырғанда, ал минус таңбасы – жоғары қарай орын ауыстырғанда алынады.

2. Айналмалы қозғалыстағы денеге түсірілген күштің жұмысы. Дененің z айналу өсінен h қашықтықта жатқан кез келген нүктеге күші түсірілсін (3.33 сурет).

Денеге түсірілген күшінің элементар жұмысы мына өрнекпен саналады:

,

мұндағы , ал – дененің элементар айналу бұрышы.

көбейтіндісі күшінің дененің айналу өсіне қатысты моментіне тең екендігі 3.33 суреттен көрінеді, яғни екен. Бұл моментті Mz арқылы белгілеп, айналдырушы момент деп атаймыз. Сонда мынандай өрнек аламыз:

, (4.3.21)

яғни айналмалы қозғалыстағы денеге түсірілген күштің элементар жұмысы осы күштің айналу өсіне қатысты моментінің (айналдырушы момент) элементар айналу бұрышқа көбейтіндісіне тең.

Дене шекті бұрышқа бұрылғанда күшінің жұмысы төмендегі өрнекпен анықталады:

, (4.3.22)

мұндағы j1 – дененің айналу бұрышы.

Егер қозғалыс кезінде күш моменті өзгермесе, яғни болса, онда

, (4.3.23)

яғни, айналмалы қозғалыстағы денеге түсірілген тұрақты моменттің жұмысы осы момент пен дененің айналу бұрышының көбейтіндісіне тең.

Бұл жағдайда күштің қуатын (4.3.21) теңдеуінің екі жағын -ға бөліп анықтауға болады:

. (4.3.24)

(4.3.24) теңдеуі айналмалы қозғалыстағы қатты денеге түсірілген күштің қуатын анықтайды.

3. Домалау үйкелісі моментінің жұмысы. Бір дене екінші бір дененің бетімен домалаған кезде моменті домалау үйкелісінің моменті деп аталатын және қос күш домалауға кедергі жасайтыны бізге статикадан белгілі (3.34 сурет). Бұл моменттің шамасы , мұндағы d – домалау үйкелісінің коэффициенті.

( – дөңгелек центрінің элементар орын ауыстыруы, ал –оның радиусы) екенін ескерсек (4.3.21) өрнегі бойынша:

.

Егер болса, онда домалау үйкелісі моментінің жұмысын былай жазуға болады:

. (4.3.25)

Date: 2015-08-15; view: 1843; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию