Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бас инерция моменттері және олардың қасиеттері





 

Берілген координата жүйесіне қатысты дененің массасының таралуын толық сипаттау үшін және өстік инерция моменттерінен басқа, центрден тепкіш инерция моменттерін ендіреміз. Мына теңдеулермен анықталатын шамалар центрден тепкіш инерция моменттері деп аталады:

(4.2.11)

мұндағы – нүктелердің массасы, – олардың координаталары.

(4.2.11) теңдеулерінен центрден тепкіш инерция моменттері өздерінің индекстеріне қатысты симметриялы екенін аңғаруға болады:

Тұтас денелер үшін (4.2.11) теңдеулері (4.2.4) теңдеулері тәрізді жазылады:

(4.2.12)

Центрден тепкіш инерция моменттерін қалай болса солай беруге болмайды. Шынында да,

теңсіздігінен мынаны аламыз:

,

немесе (4.2.2) және (4.2.11) теңдеулерін қолдансақ,

.

Осы сияқты мынаны көрсетуге болады:

, .

Центрден тепкіш инерция моменттері координата өстерінің бағытына ғана емес, координатаның бас нүктесіне де тәуелді.

Центрден тепкіш инерция моменттерінің өстік инерция моменттерінен ерекшелігі олардың таңбасы әртүрлі бола алады және олар нөлге де айнала алады. Дене инерциясының бас өсі деп индекстерінде осы өс бар центрден тепкіш инерция моменттерінің екеуі де нөлге тең болатын өсті айтады. Мысалы, егер болса, онда z өсі инерцияның бас өсі болады. Дененің массалар центрі арқылы өтетін инерцияның бас өсі инерцияның бас центрлік өсі деп аталады.

Өстің сипатын бірден анықтауға болатын екі дербес жағдайды атап өтейік.

1. Егер дененің симметрия жазықтығы бар болса, онда оның барлық нүктелері үшін симметрия жазықтығына перпендикуляр өс инерцияның бас өсі болады.

2. Егер дененің симметрия өсі бар болса, онда бұл өс инерцияның бас центрлік өсі болады да, динамикалық симметрия өсі деп аталады.

Дененің инерцияның бас өстеріне қатысты инерция моменттері дененің бас инерция моменттері деп аталады.

Инерцияның бас өстері туралы ұғым қатты дене динамикасында үлкен роль атқарады. Егер инерцияның бас өстерімен Oxyz координата өстерін бағыттасақ, барлық центрден тепкіш инерция моменттері нөлге айналады да, сәйкес теңдеулер немесе өрнектер қарапайым түрге келеді.

 

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Механикалық жүйенің анықтамасы.

2. Жүйенің массасы дегеніміз не?

3. Жүйе массасының центрі мен оның координаталары қалай анықталады?

4. Сыртқы және ішкі күштердің анықтамалары.

5. Ішкі күштердің қасиеттері.

6. Жүйенің және қатты дененің өске қатысты инерция моменті; олардың координата өстеріне қатысты аналитикалық өрнектері.

7. Инерция радиусы.

8. Гюйгенс-Штейнер теоремасы.

9. Кейбір денелердің өстік инерция моменттері.

10. Центрден тепкіш инерция моменттері.

11. Бас инерция моменттері мен инерцияның бас центрлік өсінің анықтамалары.

12. Инерцияның бас центрлік өсінің қасиеттері.

13. Бас инерция моменттері.

Date: 2015-08-15; view: 1836; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию