Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Кесте Химиялық элемент, зат және химиялық реакция ұғымдарының сипаттамалары





 

Ұғым Сапалық сипаттамасы Сандық сипаттамасы Символикасы
Химиялық элемент Атом Аг, валенттілік Химиялық таңба
Зат Молекула. Қоспа және таза зат Жай және күрделі зат Мг, заттағы Элементтердің масса қатынастары. Моль. Авагадро саны Химиялық формула
Химиялық реакция Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері, жүру жағдайлары, типтері Химиялық реакциялардағы заттардың масса қатынастары бойынша есептеулер Химиялық Теңдеу

 

Тақырыптың білім берудегі міндеттеріне мыналар жатады:

1. Химия пәні, зат, химиялық элемент, атом, химиялық реакция, химиялық символика туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру (олардың мазмұны мен сипаттамалары кестеде келтірілді);

2. Алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негізі болатын атом-молекулалық ілімнің қағидаларын саналы меңгерту; олардың тұрғысынан заттардың қасиеттерін, химиялық реакциялардың механизмін түсіндіру;

3. Құрам тұрақтылық заңын, масса сақталу заңын саналы игерту, қолдана білуге, атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіре білуге үйрету;

4. Эксперименттік біліктер қалыптастыру: химия зертханасында жұмыс істеу ережелерімен, қауіпсіздік техникасымен таныстыру; қыздыру аспаптарымен, зертханалық штативпен, реактивтермен, ыдыстармен, т.б. жұмыс істей білуге баулу.

Тақырыптың тәрбиелік міндеттері: 1. Табиғаттың бірлігі, заттардың жойылмайтыны, атом және молекуланың анық барлығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру, пәнаралық байланысты жүзеге асыру. 2. М.В.Ломоносов, А.Лавуазье, Д.Дальтонның өмірімен таныстыру арқылы ғылымға шынайы берілген адамдар ғана жаңалық ашатынын көрсету. 3. Тарихи мәліметтердің тәрбиелік маңызын барынша пайдаланып, М.В.Ломоносов пен Дальтонның атомистикалық көзқарастарын салыстыру. 4. Оқушылардың химияға құштарлығын тудыру.

Оқушыларды дамыта оқыту мақсатында әр ұғымды игерудегі олардың белсенділігін арттыру, тәжірибе қою, бақылау, талқылау, қорытынды жасау біліктерін қалыптастыру. Ұғымның мазмұнын, көлемін, елеулі белгілерін, мәнін ашу және мысалдар келтіру, анықтама беру, ұғымдар жүйесіндегі орнын табу және қолдану біліктерін қалыптастыру.

Тақырыпты оқытудың тағы бір міндеті – химия пәнін оқытудың мазмұны мен әдістеріне енгізілген кейінгі өзгерістерді ескеру. Бұрыннан қолданылып келе жатқан Ю.В.Ходаков, Д.А.Эпштейн, П.А.Глориозов оқулығымен бірге жаңадан ұсынылған Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман және қазақ авторларының оқулықтарының мүмкіншіліктерін жете пайдалану. Химия тарихында көрнекті орын алатын негізгі ұғымдарды енгізген ғалымдар Р.Бойль (элемент ұғымы), И.Я.Берцелиус (химиялық таңбалар), Э.Франклад (валенттілік ұғымы), Ж.Л.Пруст (құрам тұрақтылық заңы) туралы қысқа деректер келтірілген. Бұл деректерді әдістемелік талаптарға толық сәйкес келмегенімен жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде, үй тапсырмасын бергенде тиімді пайдалану мұғалімнің міндеті. Сонымен бірге тарихи материалды оқулықтағыдан гөрі мұғалімнің терең білу керектігін ескерген жөн.

Химия пәні. Оқушылардың пәнге деген пікірін тудыруда алғашкы сабақтардың маңызы зор. Әдістемелік әдебиеттерде химия пәнін анықтайтын алғашқы сабақта екі түрлі қателік жіберілетіні айтылған. Біріншісі – оқушылардың химияға қызуғышылығын тудыру үшін бірнеше қызықты тәжірибелер көрсетіледі, бірақ олардың мәні түсіндірілмейді. Мүндай тәжірибелерді олар химиялық кештерде көрген, химия кабинетінде әр түрлі тәжірибелер жасалатынын сырттай байқап жүреді. Сондықтан да олардың алғашқы сабаққа зор үмітпен келетіні рас.

Алғашқы сабақта химияның жаратылыстану ғылымына жататыны, заттарды зерттейтіні және заттардың қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру жеткілікті.

Зат ұғымы бұл сабақта оқушыларға физика курсынан таныс физикалық дене ұғымы арқылы беріледі. Ол үшін бір заттан жасалған бірнеше физикалық денелер, әр түрлі заттардан істелген бір физикалық дене көрсетіледі. Олардың мысалдары ретінде шыныдан, кәрденнен, темірден, алюминийден және басқа металдардан жасалған оқушыларға белгілі, немесе таяудағы сабақтарда танысатын химия кабинетінің құрал-жабдықтары көрсетіліп, аталады. Соның нәтижесінде оқушылар физикалық денелер неден тұрса, соны зат деп атайды деген қорытындыға келеді. Ұғым жаттығулар орындату және химиялық диктант жаздыру арқылы бекітіледі.

Заттардың физикалық қасиеттерімен оқушылар зертханалық жұмыс жасау арқылы танысады. Үлестіріліп берілген заттардың агрегаттық күйін, түсін, тығыздығын, жылу өткізгіштігін, электр өткізгіштігін, балқу және қайнау температурасын анықтап, кесте түрінде жазады. Зерттелген заттардың қасиеттерін салыстыру арқылы олардың бір-біріне ұқсастығы немесе айырмашылығы көрсетіледі, анықтама беріледі.

Заттардың айналуы жөніндегі ұғым өсімдіктанудан алған білімге негізделеді. Өсімдіктер ауадан және топырақтан алатын су, минералды заттары, көмірқышқыл газы, т.б. заттары ақуыздарға, майларға, крахмалға, қантқа айналады.

Осыдан кейін заттар және олардың бір-біріне айналуын зерттейтін ғылымға химия деген анықтама беріледі. Жаңа оқулықта бұл анықтама заттардың қасиеттері және айналумен қабаттаса жүретін құбылыстармен толықтырылған. Химияның физикамен, биологиямен байланысы, маңызы қысқаша баяндалады. Химияның міндеттері – заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы тиімді пайдалану, халық шаруашылығына аса қажетті, табиғатта кездеспейтін заттарды өндіру.

Таза зат және қоспа ұғымдары. Заттардың қасиеттерін зерттеу таза зат және қоспа ұғымдарына әкеледі. Оқушыларға күнделікті тұрмыстан (лай, су, сүт) және табиғаттану пәндерінен (гранит) белгілі қоспалар еске түсіріледі. Қатты заттардың қатты заттардағы, қатты заттардың сұйықтағы ерімейтін және еритін, сұйықтың сұйықтағы еритін және ерімейтін қоспалары көрсетіледі. Соның нәтижесінде оқушылар әр қоспа ең кемі екі заттан тұратынын, оның біреуі – негізгі зат, екіншісі қосымша деп аталатынын біледі.

Қоспаның қасиеттерімен танысу үшін темір мен күкірттің қоспасын зерттейтін зертханалық жұмыс өткізіледі. Оқушылар алдымен күкірттің, содан соң темірдің, ақырында екеуінен тұратын қоспаның қасиеттерін зерттейді, оларға судың және магниттің әсерін байқайды. Бақылау нәтижесін кесте түрінде жазады. Зертханалық жұмыстан шығатын қорытынды: қоспада оның құрамына кіретін әр заттың қасиеттері сақталады. Табиғатта заттар көбінесе қоспа түрінде кездеседі.

Қоспаларды бөлу және таза заттар алу тәсілдерінің көпшілігі оқушыларға өмір тәжірибесінен, төменгі сыныптарда өтілетін жаратылыстану пәндерінен белгілі. Солар еске түсіріліп, талқыланады және бірнеше тәжірибелер жасалады. Соның нәтижесінде қоспаның түрлері және бөлу әдістері сызбанұсқа түрінде жазылады.








Date: 2015-07-22; view: 420; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.024 sec.) - Пожаловаться на публикацию