Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лестірме материалдарды пайдалану





Оқу процесіне үлестірме материалдарды енгізуді заттар демонстрациясын оқушы столына жақындату (көшіру) деп қарастыруға болады. Мұндағы негізгі міндет объектінің анализаторлар арқылы тікелей қабылданатын сыртқы бейнесімен оның қасиеттерімен танысуға қолайлы жағдай жасау. Барлық жағдайда ең негізгісі – көру анализаторы. Оқушының колын затты қарастыруды жаксартатын қозғалыс органы ретінде кіреді. Бірақ кейбір жағдайда қол таным органының функциясын атқаруы мүмкін. Мысалы, күкірт қышқылының үлгілерімен танысқанда оқушылар күкірт қышқылы бар шөлмек, суы бар сондай шөлмектен ауыр екенін, бұл қышқыл ерігенде жылу бөлінетінін, ал күкірттің үлгілерімен танысқанда оқушылар бұл заттың морт екенін байқайды. Үлестірме материалды оқып үйренгенде оқушылар әр түрлі сезім мүшелерімен: көру, түйсіну, иіс, есіту және кейбір жағдайда дәмді, сезуді пайдаланады. Барлық жағдайда да көрнекілік құралдары мұғалім сөзімен үйлестіріледі. Бұл үйлесулердің тиімділігі мұғалімнің сол объектілерді демонстрациялағандағы тәрізді жағдайларға: оқу міндетіне, оқушылардың білім жайына, оқылатын объектінің қасиетіне тәуелді.

Сөзді көрнекілікпен үйлестіру формалары осы сабақта негізгі болып табылатын оқыту әдісімен анықталады. Бұл формалардың көп түрлілігі үлестірілетін материал объектінің сыртқы көрінісімен немесе сезім мүшелері арқылы тікелей қабылданатын қасиеттерімен таныстыру үшін қолданылатындығына байланысты. Сонымен білімді игерудің негізінен мұғалім сөзін көрнекі құралдармен, бұл жағдайда үлестірме материалдармен үйлестірудің бірінші немесе үшінші формасына тәуелділігі анықталады.

Заттардың демонстрациясын бақылау кезінде де, үлестірме материалдармен өздігінен жұмыс кезінде де мұғалім сөзі оқушылар бақылауымен үйлестірудің бірінші формасын қолданған жағдайда білімді игеру табысты болады. Бұл жағдайда да бірінші форманың салыстырмалы тиімділігі бақылау процесінің қиындығы орташа болғанда білінеді. Бақылау және сипаттау объектісі ете қарапайым болған жағдайда бірінші форманың артықшылығы шамалы, үлестірме материалдар заттарын бақылау процесі өте күрделі болғанда бірінші форманы қолдану жарамайды.

Бірінші және үшінші форманы пайдаланудың оқушылар білімін қолдана білу шеберлігін дамытуға қалай әсер ететіні жөніндегі мәселе күрделі болып табылады. Бұл мәселеге жауап алу үшін қарапайым педагогикалық эксперимент жүргізілген.

«Қышқылдар» тақырыбы өтілмеген VII класс оқушыларына сыйымдылығы 100 мл жабық сауыттағы концентрациялы күкірт қышқылының физикалық қасиеттерімен танысуға тапсырма берілді. Олар сауытты ашпастан бақылау арқылы күкірт қышқылы ауыр, мөлдір, май тәрізді, түссіз сұйықтық екенін білуі керек болды.

Экспериментке химиядан «3» және «4» деген бағасы бар 20 оқушы қатысты. Оқушылар әрқайсысында 10 адамиан екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың әр оқушысымен жеке сабақтар дәл анықталған программа және тапсырма бойынша бірінші форманы колданып жүргізілді. Екінші топтың әр оқушысымен жеке сабақтар бұл топтың барлық оқушылары үшін бірыңғай программа және бір түрлі тапсырма бойынша үшінші форманы қолданып жүргізілді. Кіріспе әңгімелесу кезінде (барлық топтар үшін ортак) мұғалім күкірт қышқылын оқушылар кайдан және қашан көргенін, оның физикалық қасиеттері туралы не білетінін анықтады. Ешкім ол қасиеттерді білмейтін болып шықты. Содан соң әңгімелесудің мақсатын айтты: күкірт қышқылының физикалық қасиеттерін білу. Әр оқушы күкірт қышқылы бар шөлмекті зер салып қарауы, ұстауы және ол туралы білгендерін әңгімелеп беруі керек. Содан соң мұғалім қышқылы бар шөлмекті жинап алып оқушылардың алдыңа ішінде бірдей келемдегі түссіз сұйықтық бар үлкендігі де бірдей үш колба қойды. Колбаның біреуінде күкірт қышқылы, екіншісінде – су, үшіншісінде – глицерин бар. Мұғалім сұйықтардың атын айтпай, қайсы колбада күкірт қышқылы барын табуды тапсырады. Бұл экспериментте бірінші топтың барлық оқушылары күкірт қышкылын зерттеуді талап ететін қысқа тапсырманы мұкият тыңдады. Қышқылы бар шөлмекті екінші топ оқушыларынан гөрі үзақ қарады. Сұйыктық арқылы жарық өткізіп көрді, шөлмекті шайқап, қолында салмақтап қарады. Кейбіреулері байқаған қасиеттерін дауыстап айтты, басқалары сыбырласып отырды. Барлығы да шөлмекті бірнеше рет столға қойып қайтадан қарады.

Екінші топтың барлық оқушылары дерлік күкірт қышқылы бар шөлмекті қарады, бірақ бірінші топ оқушылары тәрізді аса зер салған жоқ. Екінші топтың кейбір оқушылары күкірт қышқылының қасиеттері туралы мұғалімнің әңгімесі кезінде, ол қысқа болғанымен, соныңа дейін тоспан қышқылды қарауға ұмтылды.

Қышқылдың қасиеттері туралы ештеңе айтылмағандықтан бірінші топтың (бірінші форма) оқушылары көбірек қобалжыды. Олар сұйықтығы бар колбалардың белгілерін ұзак салыстырды, күкірт қышқылы бар шөлмекті бөлек қойды және қайтадан салыстырды. Сондықтан 8 оқушы дұрыс жауап берді, бір оқушы қыз ұзақ ойланып (күкірт қышқылын глицериннен ажырата алмай қи-налды) дұрыс шешті. Бір оқушы ауырлығын салыстырғанымен бұл екі сұйықты бір-бірінен ажыратып тани алмады.

Екінші топтың оқушылары есепті анағұрлым тез шығарды, бірақ нәтижесі нашар болып шықты: оқушылардың жартысы ғана күкірт қышқылы бар шөлмекті тапты. Эксперимент жүргізуші бұл топтың оқушыларына күкірт қышқылы ауыр сұйықтық (судан едәуір ауыр) деп айтқанымен олар бұл қасиетіне тиісті көңіл аудармаған. Әрине, 20 оқушымен жеке сабақтар негізінде үлкен қорытындылар жасауға болмас, ол үшін қосымша тәжірибелер және бақылаулар керек. Дегенмен мынадай алдын ала пікірге келуге болады:

1. Анықтама беруді немесе қасиеттерін санап беруді (жаттап алуға болатын) қажет ететін сұрауларға берген оқушылардың ауызша жауабы негізінде білім сапасын бағалаудан сақ болу керек.

2. Оқушылар үлестірілетін материалдармен жұмыс істегенде мұғалім сөзін көрнекілік құралдарымен үйлестірудің бірінші формасы тиімді.

Оқушыларға жеке эксперимент тапсырмаларын қолданғанда бұл сабақтар нәтижесінде білімнің өсуін ғана емес, бақылау және алған білімді қолдана білу шеберлігінің жетілуін ескеру қажет.[5]

 

 

Осымша

Date: 2015-07-22; view: 687; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию