Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






I. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары





Кіріспе

 

Жұмыссыздық–елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады.

 

I. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары

1.1. Жұмыссыздықтың теориялары (Дж. Кейнс, К. Маркс)

 

Жұмыссыздық экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясының қазіргі өкілдері - «монетаристер» - осы көзқарасты құптайды.

К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника прогресімен болатындығын айтады.

Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілітінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді.

Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық - жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А. Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан «Жұмыссыздық теория» кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.

Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады.

К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың қорлану процесінде, яғни қосымша құнының капиталға айналуында (қосымша ғимараттар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу), капиталдың техникалық және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұның өзі қосымша құннын еңбек құрал - саймандарын көбірек алуға үлесі артады, ол қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді. Осының салдарын жұмыс күшіннің бір бөлігі артығырақ болып, өндіріс саласынан ығыстырылып шығарады.

 

Date: 2015-07-24; view: 1622; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию