Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 6. Мінез-құлықты көтермелеу және ынталандыру әдістері





Кез келген іс-әрекеттің нәтижелі болуы жеке тұлғаның мотиві, яғни түрткісі неғұрлым күшті, өз қызығушылығынан туындаса, онда алдында кездескен кедергілерді, қиындықтарды жеңіп, өз мақсатына жетуді көздейді. Іс-әрекетті тудыратын түрткі мен ынталандыру тығыз байланысты. Ынталандырудың түрлі әдістері бар.

Жарыс. Педагогикалық үрдісте жарысты ұйымдастыру үшін мұғалім оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне қарай, олардың жарысқа түсуге ынталы екенін, үнемі бірінші орынға ұмтылысын, өз күш-қайратына сенім артатынын ескеруі тиіс. Оқуда, еңбекте, спортта өз жетістігін көрсету үшін жарыстың пайдасы зор, балалардың ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілеті артып, жаңа бастама көтеріп, жауапкершілік, ұжымдық қатынастары дамиды. Жарыс оқу сапасын арттырады. Мысалы, жарыс бастауыш сынып оқушыларын үй тапсырмасын мұқият орындауға, сабақта алаңдамай, тәртіп сақтауға, оқу-жабдықтарын ұқыпты ұстауға, мектепте және үйде күн тәртібін қадағалауға, қосымша әдебиеттерді оқуға міндеттейді.

Жарыс жеке оқушылар мен ұжым арасында қысқа және ұзақ мерзімге ұйымдастырылады. Жарысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар: ашықтық, көрсеткіштердің нақтылығы, олардың салыстырмалылығы, озат тәжірибені қолдану.

Соңғы жылдары гуманистік педагогика тарапынан жарыс әдісін қолдануға қарсылық бар. Гуманистік педагогика оқушының бұрынғы жетістіктері мен қазіргі жеткен жетістіктерін салыстыруды жарыс әдісі деп қарастыруды ұсынады.

Дейтұрғанмен де, жарыс әдісін дұрыс пайдалану, оқушының жеке басын құрметтеуге қайшы келмейді. Оқушыларды оқуда, еңбекте, спортта бірінің-бірі жетістікке жету қуанышына ортақтасу көңіл-күй сезімін тәрбиелеуге болады.

Мадақтау – жеке оқушы немесе ұжымның іс-әрекеті пен қылықтарына берілетін қоғамдық жағымды баға. Жеке тұлғаның таңдап алған іс-әрекетіне қоғамдық жағынан оң баға беру ынталандыруға жатады. Оқушы көпшіліктің оң бағасынан, өзін көтеріңкі көңіл-күйде сезініп, өзіне сенімі артып, белсенді әрекетке ыңғайланады.

Көтермелеу, мадақтау үнемі жағымды нәтиже бермейді. Оның тәрбиелік мәні тек белгілі нәтижемен шектелмей, оның түрткісі мен іс-әрекет тәсілін де ескеруді қажет етеді. Оқушылар кез келген іс-әрекетіне кесімді баға күтпей, мұғалім тарапынан қолдау тапқанын сезінуі маңызды. Көтермелеу әсіресе өзіне сенімі төмен балалар мен бастауыш сынып оқушыларына жасалуы тиіс. Мадақтау ұжымның ортақ пікірінен туындағаны абзал.

Жазалау – оқушының қоғамдық қалыптарды бұзу іс-әрекеті мен қылықтарына қарсы қолданатын шара. Жазалау арқылы оқушының іс-әрекеті реттеледі. Жазалау баланың моральдық және тәндік жағына ауыртпалық түсірмеуі тиіс. Жазалауды күш көрсету деп түсінбей, оқушыға өзінің ұжымнан уақытша болса да бөлініп қалғанын сезіндіруі керек. Жазалау формасының бірі түрі - мұғалым мен сынып ұжымының оған деген қарым-қатынасын өзгертуі. Жазалау әдісін қолдану балаға тәрбиелік ықпал ететін өте нәзік дүние, сондықтан мұғалім оны дұрыс қолдана білгені жөн. Кез келген жазалау формасын қолдану үшін тәрбиеші қоғамдық тәртіптің не үшін бұзылғанын, оның себеп-салдарын, туындау жағдайын тексеруі қажет. Жазалау ұжымның қоғамдық пікіріне сәйкесуі тиіс.

Бақылау, өзiн-өзi бақылау және өзін-өзі бағалау әдiстерi. Тәрбие үрдісін басқарудың нәтижелі болуы - оны бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу әдістеріне байланысты болады. Тәрбие үрдісінің тиімділігін бағалау үшін оқушылардың іс-әрекеті мен іс-қылықтарының мәдени деңгейін бағалау керек. Тәрбиенің тиімділігі дегеніміз - қойылған мақсаттың іске асырылу деңгейі.

Оқушылардың тәрбиелік көрсеткіштері - оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай негізгі іс-әрекеттерге (ойын, оқу, еңбек, қоғамдық, т.б.) қатысуы және соның нәтижелі болуы.

Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің көрсеткіштері: олардың өз жолдастарымен, үлкендермен қарым-қатынасы, ұжымдық қарым-қатынасы. Тәрбиелік ықпалдың нәтижесінен оқушылардың өзара қарым-қатынас деңгейі мен іс-әрекеттерінің сипаты қалыптасады.

Оқушының тәрбиелік көрсеткіштеріне олардың адамгершілік, мәдени, эстетикалық, т.б. ақпарат көлемін меңгеруін жатқызуға болады. Аталған тәрбиелік көрсеткіштері оқушы санасын, әрекетін, іс-қылықтарын, қарым-қатынасының бірлігін айқындайды. Сондықтан да тәрбие әдістерін жіктеу мен бағалау шартты түрде екенін ескеру қажет.

Педагогикалық үрдісті жалпы талдауда оның жетекші жүйелерінің қызметіне назар аудару керек. Тәрбиеші іс-әрекетінің дұрыстығын, оқушымен қарым-қатынасын, мәдени деңгейін, оқушылардың өздік әрекетіне түрткі тудыруын, өз ойларын оқушылардың ашық білдіруінен көруге болады. Тәрбие үрдісінің барысын талдау, оған баға беру, тәрбие ісінің тиімділігін арттырады.

Педагогикалық бақылау әдісіне: оқушыларды бақылау; тәрбиелік деңгейін анықтау үшін әңгіме жүргізу; сауалнама (анкета, ауызша) жүргізу; қоғамдық пайдалы әрекетке талдау жүргізу; оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін талдау; тәрбиеленушілердің мінез-құлық, іс-әрекеттерін бақылайтын ситуация тудыру жатады.

Педагогикалық бақылау - жеке тұлғаның іс-әрекет, қарым-қатынас, іс-қылықтарын тұтастай қабылдап, оның өзгеру барысын бақылау. Бақылау түрлері – тікелей және жанама бақылау, ашық және жасырын бақылау, үздіксіз және қысқа мерзімді бақылау, монографиялық және тұлғаның жеке бір қырын ғана бақылау. Жеке тұлғаның дамуын бақылауды тиімді жүргізу үшін нақты мақсат қойып, тұлғаны зерттейтін бағдарлама жасап, тәрбиелік деңгейін бағалау өлшемдерін ескеру керек. Бақылау үнемі күнделікке тіркеліп немесе бақылау картасына жазылуы тиіс.

Тәрбиеленушінің тәрбиелік деңгейін анықтау үшін әңгіме жүргізу -

олардың адамгершілік қалыптары мен өлшемдері туралы ой-пікірлерінің ауқымын анықтап және түсініктерінің дұрыстығын тексереді. Сонымен бірге тәрбиеші оқушылардың пікірлерін, өзара қарым-қатынасын, бірін-бірі жақсы көріп, құрметтеуін немесе араларындағы қайшылықтарды байқап, ескереді.

Сыныпта көбінесе психологиялық сұраулар жүргізіледі. Оның мақсаты тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасын, жолдастық-достық қатынасын немесе бірін-бірі ұнатпауы сияқты қатынастарды анықтауға көмектеседі. Психологиялық сұрауларды құрастырғанда белгілі ережеге сүйену керек. Ондай жағдайда жанама сұрақтар қойып, берілетін жауаптар бірін-бірі тексеріп отыруы тиіс.

Тәрбие ісін бақылау - оқушылардың тәрбиелік деңгейімен қатар, тәрбиеші мен мектептің тәрбиелік әрекетін бағалаумен шектеледі.

Мұғалімнің тәрбие жұмысын бағалауда оның қазіргі тәрбие әдістерін, формаларын, құралдарын осы заманғы талаптарға сай таңдай алуын, тәрбиеленушілерді саралап тәрбие жүргізуін, олардың түрлі іс-әрекеттеріне талдау жүргізіп, негіздеп баға беруін, мұғалімнің еңбек тәрбиесіне ықпалы мен кәсіби бағдар беруін, мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу сипатын ескеру көзделеді.

Тәрбие жұмысының нәтижелік көрсеткіштері: оқушылар дүниетанымының негіздерінің қалыптасуы, еліміздегі және шетелдердегі оқиғаларға баға бере білуі; мораль негіздерін меңгеруі, құқықтық заңды, оқушы ережесін қадағалауы; қоғамдық белсенділік, ұжымшылдық, оқушылардың өзін-өзі басқаруына қатысуы; бас көтеріп, жаңа бастамаға мұрындық болуы; эстетикалық және дене мәдениетін меңгеруі.

Тәрбие әдiстерiн таңдай бiлу - педагогтың шығармашылық қабiлетiнiң бейнесi. Тәрбие әдістерін таңдау, ең бірінші қоғам алдындағы мұрат пен тәрбие мақсатына байланысты. Күнделікті тәжірибеде тәрбиеші тәрбие мақсаты мен мазмұнына сай тәрбие әдістерін таңдайды. Педагогикалық мақсат тәрбие әдісін анықтайды. Кез келген әдісті жақсы, не жаман деуге болмайды. Тәрбие жұмысының негізіне бір әдіс емес, әдістер жүйесі алынады. А.С.Макаренко “Тәрбиеде кез келген педагогикалық құралдың толық пайдалы болуы, ал ең жақсы құралдың кей жағдайда жаман болуы мүмкін”, - деп көрсетеді.

К.Д.Ушинский тәрбиеде психикалық құбылыстардың заңдылықтарын зерттеп, белгілі тәрбиелік жағдайда сол заңдылықтарды пайдалануға болады деп санайды. Демек, балаға сырттан ықпал ететін жағдаймен бірге, оның табиғи жаратылысындағы өзгерісі тәрбиеге айырықша әсер етеді. Осыған орай дайын тәрбиелік рецепт ұсынуға болмады.

Тәрбие әдістері жеке тұлғаға ықпалын тигізетін нәзік инструмент бола тұра, үнемі ұжымға бағытталып, ұжымның дамуын, жетілуін, ұйымдастырылуын ескереді. Ұжымның даму деңгейіне байланысты, бір кезеңде оларға талап қою керек болған жағдайда, басқа әдісті қолданудың реті болмайды.

Тәрбие әдісін таңдау - тәрбие мақсатына, мазмұны мен принциптеріне, оны шешу жолдарына, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескеру заңдылықтарына негізделеді.

Date: 2015-07-22; view: 3890; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию