Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 4. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері





Әңгімелеу - оқу материалын жүйелі баяндау. Көбінесе адамдардың өмір жолын баяндап, кейіпкерлерге сипаттама беруде, табиғи құбылыстарды және қоғамдық өмірді суреттеу барысында қолданылады. Әңгіме әдісіне белгілі талаптар қойылады: қисынды, бірізді, дәлелді баяндау; нақты, бейнелі көтеріңкі көңіл-күймен әңгімелеу; оқушылардың жас ерекшелігін ескеру, әңгімелеу ұзақтығы бастауыш сыныпта 10 минут, жоғары сыныптарда 30 мнуттан аспауы тиіс.

Бастауыш және орта сыныптарда әңгімелеу құндылық-бағдарлы болуы қажет. Балалардың сезіміне ықпал етіп, әңгімедегі адамгершілік өлшемдер мен үлгілі-өнегелі тәртіп дағдыларын меңгертуге қолданылады.

Егерде әңгімелеу барысында оқушылардың түсінігі жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған жағдайда, оларға түсіндіру әдісі арқылы заңдылықтар мен принциптерді, ереже мен тәртіпті сақтаудың маңызын көрсету керек. Тәрбиеші жеке тұлғаның санасын, олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастырады. Түсіндіру кезінде сынып оқушыларының тұлғалық сапасы мен білім деңгейіне сүйенеді. Түсіндіру әдісін түрлі үлгілі-өнегелі қылықтарды қалыптастырып бекітуде және болған оқиғаға оқушының қатынасын орнықтыру үшін қолданылады.

Әңгiмелесу - оқушылар ұжымының өмірі мен мүддесіне сай тақыпытарды талдауға, оларға белсене араласып, қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауға негізделеді. Қазіргі кезеңде бұл әдіс көбінесе мұғалім мен оқушылар арасында сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Әңгімелесудегі ең басты нәрсе, сұрақтарды жүйелі түрде қою арқылы жаңа түсінік қалыптастыру. Тәрбиеші әңгімелесу үшін негізгі, қосымша, жетекші және түйіндейтін сұрақтарды белгілеуі тиіс. Әңгімелесу барысында тәрбиеленуші жалқыдан жалпы түсінік немесе жалпыдан жалқы түсінік қалыптастыру дағдысын меңгеруі тиіс. Әңгімелесу негізіне қоғамдық өмірдің адамгершілік, әлеуметтік, этикалық мәселелері алынғаны абзал.

Жеке әңгімелесу көбінесе тәртіп бұзу, оқушылар арасында қайшылықтар туған сәтте қолданылады. Бұл әдісті қолдану үшін алдын ала жоспар құрылып, белгілі жүйемен жүргізілуі тиіс.

Әңгімелеу мен әңгімелесу әдістері танымдықдәріс әдісіне даярлайды. Мектептегі дәріс көбіне әңгімеге жақын бола тұрып, ақпараттық-танымдық көлемі жағынан, қисынды құрылымы, дәлелді, жалпы қорытынды жасау және ұзақтығымен ерекшеленеді. Дәріс көбінесе жоғары сыныптарда, оқу орындарында қолданылады. Дәріс жүйелі ауқымды түрде әлеуметтік-саяси, адамгершілік, эстетикалық және басқа да тәрбие түрлерінде, сыныптан және мектептен тыс оқу-тәрбие жұмысында кеңінен қолданылады. Дәрістің өзекті мәселесі теориялық тұжырымды жан-жақты ашу. Әңгімелеу және әңгімелесу барысындағы нақты деректер дәрісте тек бастапқы материал ретінде қолданыс табады.

Пікірталас - әдісі оқушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділіктерін арттырады. Пікірталас оқушылардың назарын түрлі көкейтесті мәселеге аударып, оны ойланып негіздеуге бағыттайды. Сонымен бірге оқушылардың кейбір құбылыстар жайлы пікірін негіздеуіне мүмкіндік береді. Пікірталас әдісін ұйымдастыру үшін талқыланатын мәселеге міндетті түрде екі түрлі қайшы пікір болуы абзал. Пікірталас нәтижесінде мұғалім тұжырымды қорытынды жасауы тиіс.

Cендіру әдісі - балаларды иландыру керек, кейбір нәрселерді ұғымды, түсінікті, иланымды етіп айту керек. Н.И.Болдырев: «Сендіру дегеніміз - тәрбиеленушінің санасына, сезіміне, еркіне әсер ету арқылы үнемі ақыл-кеңес беріп, оны жатымсыз қылықтарынан арылтып, жатымды моральдық санасын қалыптастыру мақсатын қояды. Бұл әдіс тәрбиеленушінің көңіл-күйіне әсер ету арқылы жеке адам ретіндегі баланың сана-сезімін қалыптастырады» - деп көрсетеді.

Сендіру әдісі оқушыға әсер етпейтін айналадағы ортамен тығыз байланыста жүргізіліп, оқушының айналадағы дүние мен өзін түсінуіне ықпал етеді. Сендіру әдісі оқушының сенімін қалыптастырумен байланысты. Оқушы санасында сенімді қалыптастыру үшін екі нәрсеге жете назар аудару керек. 1) білім, пікір, идея - сенімнің мазмұнын құрайды; 2) қалыптастырылатын сенімнің дұрыстығы; осыған байланысты екі мақсатты шешу көзделеді: оқушыға дұрыс ақпарат (білім, идея, т.б) беріп, оны санасында бекіту; сол қабылдаған ақпаратқа өздік қатынасын (мықты сенімін) орнықтыру. Бірінші мақсатты шешу қиынға соқпайды. Өйткені, ақпарат беріп, оны бекітудің түрлі жолдары бар (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу барысында ақпар беру, көрсету, ақыл-кеңес беру, кітап, журналдардан қажетті ақпарат алу, есіне салу, т.б.). Екінші мақсатты шешу күрделі. Мықты сенімді қалай қалыптастыруға болады? Ол үшін мықты сенім қандай жағдайда пайда болатынына тоқталайық. Адамның не нәрсені өз көзімен көруі немесе оқып танысуы, беделді адамдардың айтқанын естуі, дәлел келтіруі, белсенді қарым-қатынаста, пікір алмасу барысында көзінің жетуі, ең соңында өзінің өгелерді сендіруі тиіс. Сонымен сенім адамның белсенді қатынасында пайда болады.

В.М.Коротовтың «Общая методика учебно-воспитательного процесса». -М., 1983. атты еңбегінде сендіру әдісін былай жіктелген:

§ ақпараттық-дәлелді әдіс;

§ ізденіс әдісі;

§ пікірталас әдісі;

§ өзгелерді сендіру арқылы өзін сендіру әдісі.

Осы әдістердің бірлігі мықты сенімді қалыптастырады. Сендіру әдістерінің алуан түрлілігі оқушылар сенімінің түрлі деңгейі мен шығармашылық қабілетін қалыптастырады. Ең алғашқы ақпараттық-дәлелді әдіс - алғашқы сенім деңгейін, ал соңғы, өзгелерді сендіру арқылы өзін сендіру әдісі - ең жоғары сенім деңгейін қалыптастырады. Көрсетілген сендіру әдістері сенімнің қалыптасу деңгейінің кезеңдеріне сәйкес болады.

Сендіру процесінде тәрбиеші оқушылар бойында әлеуметтік және адамгершілік құндылықтары мен өмір шындығына қатынасын қалыптастырады. Оны қалыптастыру алынған ақпаратқа ғана тәуелді емес, сонымен бірге таңдап алынған әдіске байланысты. Иландыру материалдары дәлелді болып, оған олардың көзі жетсе, пікірталас барысында оқушы өз пікірін тиянақтап, меңгерген идеясы сенімге айналады.

Жатымды өнеге көрсету әдісінің негізінде еліктеу жатыр. Еліктеу жоғары мұратқа қол жеткізетін жаңа іс-әрекет түрін қалыптастырады. Еліктеу арқылы жастардың әлеуметтік-адамгершілік қалыптары мен қоғамдық әрекеттері қалыптасады. Оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-адамгершілік тәжірибесіне, сана-сезіміне қарай еліктеу әрекеті өзгеріске ұшырайды. Бастауыш сынып оқушысы сырттай байқаған нәрсесіне еліктесе, жас жеткіншектердің еліктеуге өздік көзқарасы пайда болады. Жастық шақ кезеңінде еліктеу мүлде өзгеріске түседі. Ол кезеңде тәрбиеленуші еліктеуге саналы және сындарлы көзқараспен қарайды.

Date: 2015-07-22; view: 5742; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию