Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 1. Тәрбиенің жалпы теориялық негіздері. Тәрбие үдерісі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері





ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ

Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің жалпы мақсаты барлық азаматтардың бойында сапалық құндылықтардың, ал жеке мақсаты - жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие мақсатының алуан түрлі болуына қарай, соған сәйкес оның жүйесі жасалынады.

Тәрбиенің мақсатына обьективті себептер ықпал етеді, олар: адамның физиологиялық жетілуі мен психикалық дамуы, философия мен педагогика ғылымның жетістіктері, әлеуметтік ортаның қоғам мүддесіне қарай, үнемі өзгеріп отыруы.

Қоғамның мәдени деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын анықтап отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның нақты тарихи сипатына қарай өзгеріп отырады.

Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның обьективті даму заңдылықтарына сүйену керек.

Гуманистік педагогика баланың білімге қызығушылығын оятуды ең басты мәселе деп қарайды. Сондықтан да, тәрбиеленушінің өз ынта-ықыласымен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай, тәрбиелік мақсатты екіге бөлуге болады; бірінші қоғам алдындағы жалпы жоғары мұрат (идеал) және екінші, көкейтесті мақсат - жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.

Тәрбиенің обьектісі - тұлға болса, ұстаз оларды дамыту үшін оларға тәрбие субьектісі ретінде қарап, олардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастырып, басшылық жасауы қажет. Тәрбиенің барлық түрі біртұтас педагогикалық процесс шеңберінде қарастырылады (Н.Д.Хмель).

Тәрбиенің мақсаты - жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.

Осыған байланысты тәрбиеге қойылатын негізгі мақсаттар мынадай:

- жеке тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын дұрыс қалыптастыру;

- жеке тұлғаның даралық және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерінің байланыстарын шешуді талап етеді. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мазмұны, тәрбие әдістері мен құралдары, формалары бірімен-бірі тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.

Мұғалімнің іс-әрекет обьектісі – педагогикалық процесс. Педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементарлық бірлігі - бастапқы абстракция болып қалыптасудың қас-қағым сәті “педагогикалық ситуация” болады.

Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән көпқырлы болады, оның нақты бір қырына көңіл бөлу қажет, мысалы, оның орны, өтетін уақыты, себеп-салдары, пайда болу жағдайы, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психо-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілі айқындалып, қас-қағым сәттегі педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысының дамуын көруге мүмкіндік туады.

Педагогикалық процесте “ұстаз – оқушылар”, “оқушы – оқушы”, “сынып оқушылары – сынып ұстаздары” жүйесі қызмет етеді. Мектептің педагогикалық процесі – “мектеп – оқушылар” жүйесінің өмір сүру қызметінен тұрады.

Мектеп педагогикалық процесі көп деңгейлі және көп құрылымдық құбылыс, себебі олар өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді қамтиды. Жүйе тек іс-әрекетпен алмасу арқылы өмір сүреді. Мәселен, ұстаздар оқушыларды әр-түрлі тәсілдер мен іс-әрекеттерге тәрбиелесе, онда оқушылар оны меңгере отырып, педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болып, тек репродуктивті деңгейде ғана емес, шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Педагогикалық процесте мұғалімнің басқару обьектісі - оқушылардың іс-әрекеті болады. Іс-әрекеттің барлық бөлшектері (мақсат, міндеттер, мазмұн және т. б.) жүйелі қызмет ету үшін, оқушы оны меңгеруі тиіс. Ол үшін ұстаздар, ата-аналардың іс-әрекеттері оларға көмек көрсетуге бағытталуы керек. Педагогикалық процестегі мұғалімнің басқаруы - субьектілер арасындағы қарым-қатынастар болады. Олар арқылы субьектілердің іс-әрекетімен бірге олардың дамуына тиімді жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Қорыта келе, педагогикалық процесс оқушылардың ұстаздармен бірлескен, және олардың басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталып, дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын болуын қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тәрбиелік процестің тұтастығын тұрақтандыруға назар аударады. Осыған орай, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ортақ мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, яғни ынтымақтастығы деуге болады.

Тәрбиенің мақсаты - қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үрдістеріне, нарықтық қатынастарға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйенумен, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алумен, өзінің ішкі мүмкіндігін өздігінен толық пайдалануға даяар, белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінетін, сонымен бірге қайырымды,- және тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруға қабілетті, жеке басының құнын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, ұлттық санасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, мәдениетті азамат тәрбиелеу.

Тәрбие мақсатын жүзеге асыру нақтылы тәрбие формаларын қажет етеді. Тәрбие формасы - тәрбиешінің арнайы тәрбиелік істерді ұйымдастыруы. Тәрбие үрдісі рухани қарым-қатынас барысындағы тәрбиелік істер тізбегінен құралады. Сабақ, экскурсия, кештер, таза ауадағы және мектепте ұйымдастырылатын ойындар, табиғат аясындағы серуен, сынып жиналысы, ұзақ мерзімді жорықтар, жазғы экспедиция осының бәрінде мұғалім мақсатты түрде тәрбиелік процесті іске асырса ғана, ол тәрбие формасына айналады.

Кез келген тәрбиелік істер педагог тарапынан белгілі мақсатқа бағытталып, бақыланбаса, ондағы атқарылатын істер жүйесіз болғандықтан оқушылардың сапалық қасиеттерін қалыптастыруда ешқандай пайдасы болмайды. Оқушылар тәрбиелік істерге қатысып, белгілі бір іс атқарғанымен де, ол нақты тәрбие формасына сәйкеспейді. Сондықтан нақты тәрбиелік істерді өткізуге тоқталып, оқушылардың атқаратын істерінің мазмұнын бақылайық. Белгіленген мақсат оқушыға түсінікті ме, ол оқушыларды түгелдей қызықтыра алды ма, жалпы атқарылатын істерде оқушы өзінің орнын таба біле ме, онда тәрбиенің белгілі принциптері іске асырылды ма, педагог тәрбие әдістерін дұрыс таңдай алды ма, оқушылардың өзара әрекеттесуі мен қарым-қатынасы дұрыс белгіленді ме, сол тәрізді айналадағы адамдармен қарым-қатынас құрып, іс-әрекетке түсе алды ма, атқарылған тәрбиелік шара оқушыларды қанағаттандырды ма. Міне осы көрсетілген мәселелер дұрыс шешімін тапса ғана тәрбиелік процестің жүзеге асқанын көруге болады.

Тәрбие көп факторлы, екi жақты және белсендi үрдiс. Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі обьективті факторлары болып табылады. Биологиялық фактор, тұқымқуалаушылық пен адамға тән қасиеттер: іс-әрекеттің кез келген түріне бейімділігі жатады. Адамның биологиялық жетілуі мен өзгеру процесі оның мінез-құлқына әсер етеді.

Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға тән бейімділіктердің дамуы үшін қоғам мен орта қажет. Адамның мейілінше дамуына әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе, қазіргі уақыттағы экономиканың өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық және демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмірінің ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады.

Тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастыру процесі. Ол білім беру орындарында жүргізіледі. Мектепте педагогикалық процесті сауатты ұйымдастырумен бірге, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін тиімді ұйымдастыру, жеке тұлға дамуының шарты болып табылады.

Тәрбие процесінің күрделілігі оның сан-алуан болуымен қарастырылады. Мектепте тәрбиелік ықпалдардың барлығын интеграциялы, яғгни кіріктірілген қатынаста іске асыру қажеттігі пайда болады. Тұлғаның біртұтастығын қамтамасыз ету тәрбие үрдісінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен формаларын бірімен-бірін тығыз байланыста жүргізудің керектігін көрсетеді. Тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыру бір сәтте, кешенді түрде іске асырылатыны белгілі, сондықтанда педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.

Субьектінің әрекеті – жеке тұлға дамуының факторы. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өздік дамуының обьектісі ғана емес, сонымен қатар субьектісі екенін ескеру керек. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып табылады.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен (материалдық, рухани, қоғамдық) туады. Сыртқы орта мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторына жатады. Ішкі факторға бейімділік пен әуестік, адамның сезімдері мен күйзелістері және сыртқы ортаның ықпалынан пайда болатын қажеттіліктер жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі факторғамен тығыз байланысты.

Date: 2015-07-22; view: 3862; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию