Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жалпылау ⇐ ПредыдущаяСтр 2 из 2 (Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру) Газет бетіндегі мақала-лардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбие-ге байланысты сұрақ-тарды тыңдап, қарап жүресіз бе? Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бір-дей ықпал жасай ма? Балаңыздың жүріс-тұрысына, оқуына көңіліңіз тола ма? Оның оқудағы жүріс-тұрысында сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіз? Болашақ мамандығын таңдауына сіздің ақыл-кеңесіңіз? Ол үйде не істейді? сіздерге көмектеседі ме? ІІІ бөлім. Ой жинақтау. Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз? Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?
Ата-анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі. Көңіліне көп жұбаныш, Гүлденіп ой-өлкесі. Абай Құнанбаев.
Жасөспірімдер суицидіне психологиялық талдау жүргізу және алдын алу шаралары Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен -өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері - адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету - адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай. Қазіргі кезде өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі өзекті болып, оған аса мән беріліп отыр. Себебі суицид фактілері жылдан-жылға өсуде, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауының тұрақты өсуі алаңдатушылық туғызып отыр. Өз-өзіне қол жұмсау мөлшері қоғамымыздың әлеуметтік экономикалық, саяси жағдайының маңызды индикаторы бола алады.Адам өлімі - жанды түршіктіретін құбылыс. Күнделікті өмірде кездесетін суицид-бұл адамның өмір қиыншылықтарына төтеп бере алмауы,әлсіздігі,бұнда еш батырлық жоқ,тіпті романтиканың иісі де сезілмейді.Әр адам өз өмірімен формальды тұрғыда не істегісі келеді,соны істейді.Реалдықта ол адам басқа адамдармен тығыз байланыста,олардың рұқсатынсыз өмірден кете де алмайды.Көне заманнан бері адамзатқа суицидтің көптеген түрлері белгілі.Жалпы,суицидологияда авторлар 8-16 түрлерін атап жатады: Жалпы өзін-өзі өлтірудің басты сылтауы әлеуметтік-психологиялық бейімделмеуі болып табылады. Өзін-өзі өлтіру мақсатында адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді:белгілі бір қиыншылықтардан кету,қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету,басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту мақсатында сияқты болып келеді. Өзін-өзі өлтіру ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады,оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен адамның психикасында “Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ” деген ойлар басынан кетпейді. Кейде жасөспірімнің суицидтік тәртібі еліктеуге әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді. Көптеген әлем ғалымдарының ойынша, өзіне-өзі қол салу көп жағдайларда адамның сол мезетте өз-өзінен түңіліп кетуінде, алдына қойған мақсаттарының орындалмауы және де сол сияқты көптеген себептер арқылы өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейді Өз-өзіне қол жұмсау деп екі жағдайды ескереміз: Біріншіден, белгілі бір адамның жеке бас әрекетінің актісі яғни жеке адамның өзінің өмірін қиюы. Екіншіден, статистикалық тұрғыдан алғанда көпшілік, едәуір тұрақты әлеуметтік құбылыс, оның мағынасы белгілі санадағы адамдардың өз еркімен өмірден аттануы болып саналады. Өз-өзіне қол жұмсаудың әлеуметтік аспектісі: Үйренушілік-тұлғаның эмоционалдық ортасын сипаттайтын көрініс. Үрейленушілік деңгейі ол -күйзелістің жеке сезімталдығының көрсеткіші, көптеген өмірлік жағдайлардың қауіп-қатерге толы деп есептеуге бейімділігі. 1. Жасөспірімнің органикалық және физикалық олқылығы. Жасөспірімдер толық өзімен - өзі болады,тек қана егер оларды алаңдатып басқа адамдармен қызықтырмаса.Өзін басқалармен салыстыру негізінде олар өздерін төмен денгейде сезінеді,әсіресе құрдастары арасындағы мазақ бұл сезімдерді күшейтеді және қиын жағдайларда мұндай жеке тұлға өзінің құрдастарына қарағанда өзін қиын сезінеді. 2.Баланың эгоцентризмі және еркелігі. 3.Жасөспірімді қайырып тастау. Бұндай жасөспірімдер достық ынтымақтастығы мен сүйіспеншілікке сенбейді.Қиыншылықпен кездесе отырып,оны асыра түседі,себебі оны ешкім де жақсы көрген жоқ. 4.Суицидтік әрекет. Суицидтік әрекетке аяғына жеткен өз-өзіне қол жұмсауды,суицидтік талпыныс және суицидті мақсат қою деген әрекеттерді жатқызуға болады.Бұл формалар әдетте феноменнің көрінісі ретінде немесе кезеңдері ретінде қарастырылады. Қолайсыз отбасы: ауыр психологиялық климат,ата-ана арасындағы ұрыс -керістер, ішімдікке ұрыну, ата-анадан айырылуы; 5.Жасөспірімдердің суициттік бейімделушілік жағдайларының сыртқы факторлары. 6.Жасөспірімдер- негативтік толғаныстардың көзі.
Қорытынды: төмендегіше ұсыныс етемін: • Алғашқы көмек көрсету, алғашқы анықтау жұмыстарымен айналысатын психологтардың жұмысы жандандырылса; • Психологтардың кәсіптік деңгейін үнемі арттыру,керек кезінде арнаулы институттар мен университеттерде біліктіліктерін көтеру курстары ұйымдастырылса; • Тұрғындар арасында психикалық денсаулық жөнінде санитарлық -ағарту жұмыстары, мақала,сұхбаттар жүргізілсе. “Сыйлайық жүрек жылуын”... Мақсаты: Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру, қарым-қатынастарды жақсарту нәтижесінде жан жүйесіндегі түрлі сезімдерді игеруге үндеу- ұстаздың міндеті.Оқушы мен ата-ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым-қатынас орнату. Шыдамдылық Төзімділік Қарапайымдылық Өмірге риза болу Ақылдылық Әділдік Ашықтық Тұрақтылық Өзіне сенімділік Бауырмалдық Саналылық Еңбекқорлық Сыпайылық Тіл табысушылық Ұқыптылық Сабырлылық
Қорытынды Жоғарыда көрсетіліп отырған өзіне-өзі қол жұмсау себептерін тыңдай отырып,түсінгеніміз бұл мәселенің шешімі жалғыз біздің күшімізде емес екендігі.Бұл мәселе,тек дәрігерлер мен педагогтардың назарында емес,оның тамыры қоғамда жатырғаны белгілі болды.Ендеше,қоғамның әлеуметтік экономикалық мәдениетін арттыру мәселесі бірінші орында болуы керек.Осы семинарды пайдалана отырып, менің сіздерден сұрайтыным,біз психологтар қоғамның өркениетті дамуына тікелей әсер ететін адам өміріне жауаптымыз.Адам өміріне қатысты барлық мәселелерді шешу жолында еңбек етіп, өз қолымыздан келер көмекті аямай атсалысайық дегім келеді.Адам бақыт үшін жаралған. Әр адамның жан-жақты гармониялық дамуы барлық адамның жан-жақты адам болуының алғы шарты. Тек осындай жан,өмірге деген құштарлық сезіммен,өмірде өз ісін,өз қуанышын басқалардың табыстарымен қосып бақытқа жете алады.Тек осындай жағдайда адамның жоғары қасиеттері:мақсаты мен мұраты,ары мен адамгершілігі,бостандығы мен жауапкершілігі өз дүниесінен шығып әр адам жеке тұлға болып қалыптасады.Қазіргі кезеңде осыған бәріміз бірдей жауаптымыз.
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын
“Бала мен ата-ана арасындағы қарым - қатынас” Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас негіздеріне кеңес беру, баланы рухани қолдау стратегияларына баулу. Міндеттері: 1. ата-аналардың баламен қарым-қатынас ерекшеліктерін білу; жас ерекшеліктеріне сай кездесетін қиындықтарын анықтау, оны шешу жолдарын қарастыру; 2. Оқушыларды психологиялық –педагогикалық дайындау қызметінің маңызын ашу; 3. Ата-аналармен алдын алу,кеңес беру шараларын ұйымдастыру.
Ата-аналар жиналысының бағдарламасы: Қазіргі заманда адам баласының бақытты болуы үшін: не керек деп ойлайсыздар? Кейбір ғалым адамдар былай дейді: Негізгі бес нәрсе тікелей қатысты болуы: • Ата-ананың жақсы болуы; • Ұстаз жақсы болуы; • Мамандықты дұрыс таңдауы; • Сүйген жармен одақтасуы; • Өз балаларыңның болуы керек; Танысу сәтінен көрініс
“Мен кіммін тауып ал!” психологиялық ойыны барысында
Шынымды айтсам, мен баламның бос уақытын...
“5 құндылық” тренинг элементінен көріністер
Видеоролик тамашалауда:
|