Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс № 3 Баға жасау факторлары





 

Жоспар:

  1. Бағаның сұраныс пен ұсынысқа тәуелділігі.
  2. Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар
  3. Нарық құрылымы және бағаны жасау

 

1. Нарықтық экономикада бағаға әсер ететін бірден бір фактор ретінде нарық конъюнктурасы, яғни сұраныс пен ұсыныстың ара-қатысы болады.

Сұраныс және ұсыныстың анықтамаларын еске түсіру (маркетинг пәнінен) және олардың баға деңгейіне байланысты мөлшерін өзгерту тәуелділігін сипаттау.

Сұраныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула:

мұндағы: Рх – Х тауарының бағасы

Ру,...Рz – ауыстырғыш (субститут) және толықтырғыш (комплиментарлы) тауарларының бағалары

І – сатып алушының табысы

W – тұтынушының сатып алушылық қабілеті немесе тұрмыстық жағдайы

Tx – сатып алушылардың жеке тағлымдары, көзқарастары

Ғ – тұтынушылық күтімдер

S – берілген тауар қанағаттандыратын мұқтаждықтың маусымдылығы

q – сатып алушылардың саны

Рх-тен басқасы бағадан басқа факторларға жатады. Олар сұраныстың өзін (қисығын) өзгерте алады.

Ұсыныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула:

мұндағы: Рх – Х тауарының бағасы

Ру,...Рz – бәсекелес және осы тауармен қоса шығарылатын тауарлардың бағалары

К – өндіріс технологиясының деңгейі

L – салықтар мен дотациялар

N – өндірістік қорлар үшін төлемдер

q – сатушылардың саны

Икемділік – бір өзгермелі шаманың басқа шаманың өзгерісіне ықпал ету өлшемі.

Икемділік коэффициенті

Егер Ed<1 – икемсіз сұраныс (бірінші қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлар: тұрғын үй, электрэнергиясы, т.б., ауыстыратын тауар жоқ өнімдер: сүт, нан, дәрі-дәрмек, медицина қызметтері, шамамен аз тұратын тауарлар: тұз, сіріңке, дефицитті (таңдау мүмкіндігі жоқ) тауарлар), Ed>1 – икемді сұраныс.

 

2. Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар:

Бағалардың төмендеуіне көмектесетін факторлар:

Өндірістің өсуі, техникалық прогресс, өндірістің және айналыстың шығындарын төмендету, еңбек өнімділігін өсіру, бәсеке, салықтарды төмендету, тура байланыстарды кеңейту.

Бағалардың өсуін тудыратын факторлар:

Өндірістің төмендеуі, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, кәсіпорынның монополиясы, ажиотажды сұраныс, айналыстағы ақшаның өсімі, салықтардың өсуі, еңбек ақының өсуі, кәсіпорын пайдасының өсуі, тауар сапасының өсуі, модаға сәйкес болу, жұмыс күші құнының өсуі, кәсіпорында барлық қорларды дұрыс (тиімді) қолданбау.

Бағаның жасалу процесіне әсер ететін факторлар:

  1. Қаржы-несие өрісі
  2. Тұтынушылар (біріншіден сұраныс пен ұсынысқа байланысты, екіншіден тұтынушылардың бағаларға, сатып алуларға қарым-қатынасына байланысты): соңғы жағдай бойынша 4 түрлі тұтынушы болады: а) тауар таңдағанда оның бағасына, сапасына, ассортиментіне көп көңіл бөледі; б) тауардың «бейнесіне» көп көңіл бөлетін тұтынушылар, сатушылардың қарым-қатынасына, қызмет көрсету дәрежесіне; в) ұсақ фирмаларға демеу жасайтын тұтынушылар (артық бағамен де сатып алуға дайын болады); г) тауардың бағасы емес, ол беретін қолайлылықты (комфорт), пайдалылықты көп талап ететін тұтынушылар.
  3. Мемлекеттік реттеу (заң негізінде баға жасауда әртүрлі заңға, нарық заңдарына қайшы әрекеттер жасатқызбау)
  4. Тауар қозғаласының қатысушылары
  5. Бәсеке (нарық, фирма және мемлекет басқаратын бәсеке орталары болады)

 

3. Баға жасаудың әртүрлі нарық түрлерінде ерекшеліктері

Нарық құрылымы – бұл нарықтың негізгі және ерекше белгілері: фирмалардың саны, өлшемі, әртүрлі фирмалар шығаратын тауарлардың ұқсастығы, айырмашылықтары, нарыққа жаңа сатушыларға кіру немесе жеңілдігі, нарықтық ақпаратты жинау мүмкіндігі.

Нарықтың әртүрлі модельдері болуы мүмкін: жалпы алғанда 4 түрі бар:

Таза бәсеке, монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия. Біріншісі мен төртіншісі абстрактты болады, өйткені іс жүзінде ондай нарықтар болмайды.

Ерекше белгілері Таза бәсеке Монополиялық Олигополия Таза монополия
Фирма саны өте көп Көп бірнеше Біреу
Өнім түрі біріңғай әртүрлі әртүрлі немесе біріңғай Бірегей
Бағаларды басқару жоқ Бар, бірақ тар шеңберде өзара тәуелділікпен шектелген, сыбайлыстықта өте жоғары өте жоғары
Нарыққа ену мүмкіндігі Кедергі жоқ оңай өте қиын Кіру мүмкін емес
Бағадан басқа бәсеке жоқ Негізінен жарнамаға, сауда белгілеріне, маркаларға, т.б. көп көңіл бөлінеді өте тән болады Жарнамаға және фирманың қоғамдық ұйымдармен байланысына өте көп көңіл бөлінеді
Мысал Ауыл шаруашылығы Бөлшек сауда, киім, аяқ киім өндірісі Автомобиль, тұрмыстық техника, шойын өңдіру Қоғамдық пайдаланудағы жергілікті кәсіпорындар

Таза монополист дискриминациялық бағаларды қолдана алады, оның негізгі түрлері: сатып алушылар топтары бойынша, тауарлар, қызметтер варианты бойынша, территория бойынша, уақыт бойынша. Демпинг – бір жерде өз бағамен сатып, екінші бір жерде тауарды өте төмен бағамен сату.

 

Семинар:

  1. Сұраныс заңын сипаттаңыз
  2. Сұраныс өзгеруіне не әсер етеді? Сипаттамасын беріңіз
  3. «Сұраныстың өзгеруі», «сұраныс көлемінің өзгеруі» түсініктерін сипаттаңыз.
  4. Ұсыныс заңын сипаттаңыз.
  5. Бағадан тыс ұсынысқа не әсер етеді?
  6. Тепе-тең бағаның жасалу механизмін түсіндіріңіз
  7. Икемділік дегеніміз не?
  8. Баға икемділігі фирма табысына қалай әсер етеді
  9. Сұраныс икемділігін сипаттаңыз
  10. Бағаға әсер ететін факторлардың сипаттамасы
  11. Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторларды атап өтіп сипаттау
  12. Тұтынушылардың тауарға, оның бағасына, сатып алу процесіне көзқарасы қандай болуы мүмкін?
  13. Көлденең және тігінен бағаларды тіркеу дешеніміз не?
  14. Бәсекенің бағаның өзгеруіне әсері
  15. Әртүрлі бәсекелестік орталарды сипаттау
  16. Нарық құрылымы дегеніміз не?
  17. Нарықтардың негізгі түрлерін атаңыз және әрқайсысына сипаттама беріңіз.

 

Цены и ценообразование/Учебник/ Под ред. Салимжанова И.К. М.: 1999., 50-73 б.

Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000. 10-13 б

 

 

Date: 2015-07-22; view: 1786; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию