Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жарық ұйықтап жатқан Оралға түседі

БӨЛІМ

ПРОСЦЕНИУМ

Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің алғашқы шумағы орындалады.

 

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем!

 

Қайырмасы:

 

Қайда жүрсең атамекен,

Көкейіңдежатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен!

 

Жарық ұйықтап жатқан Оралға түседі.

Дауыс – (Оралдың әкесі Жұмағазынікі) Тұр балам! Елге оралғаныңа да екі аптадан асты. Менің айтқан аманаттарымды аяқсыз қалдырма!? (Орал орнынан ұшып тұрады).

Орал – Кешір әке! Күйкі тірлікпен үн өткізіп алыппын. (Шымылдық ашылады. Қаланың көп қабатты пәтердің залы. Креслода Қамаш отыр. Екі жағында Тілек пен Орал).

Қамаш – (Екеуіне кезек қарап) Өшкенің жанып, өлгенің тірілді деген осы. Алла тілегімізді берді ғой. Тек Жұмекеннің бұл күнді көре алмай кеткені болмаса.

Орал - Айтатыны жоқ, апа! Бірақ көкем елімздің егемендік алғанын естіп, өмір бойғы арманы орындалып, бір жасап қалды. Тәуелсіздігіміздің баянды болуын тілеумен өтті. Дүниеден өтерінің алдында сол жердегі барлық қандастарымызды жинап, құдайы ас берді. (Қалтасынан үнтаспаның касетасын алып) Мына үнтаспада сондағы сөйлеген сөзі бар.

Тілек – Тыңдамаймыз ба?

Орал – Тыңдаймыз. Бірақ қазір емес.

Қамаш – (Көзіне жас алып) Ең болмаса ағайымның дауысын естиін де?

Орал - Асықпаңыз апа!? Маған елге оралған соң тыңдырарсың деген аманаты бар еді. Соны түгел орындаған күні жария етерсің деп еді.

Қамаш – Аман-сау отбасыңмен елге оралдың? Одан артық қандай аманаты бар әкеңнің?

Орал – Бұл бірінші аманаты. (Қалтасынан қайрақ тасты алып) Мынау қайрақ тас елден кетерде өзімен бірге алып кеткен екен. Өлгенше туған жердің тасы деп қанаған жерін де осы таспен сүртіп отыратын. Тас та шыққан жеріне тартады. Мені болмаса да сені атамекенге алып барады. Бұны аталардың қорымына апарып, менен белгі етіп қой деген. Ал үшінші аманаты, ата қонысқа тығып кеткен қазынаны тауып алу.

Қамаш(Таңдана) Қайдағы қазына!?

Тілек – Жиған-терген байлығын алтын етіп, атқа артып алып кетті деген сөз бар емес пе?

Орал – Атқа артып әкеткен алтын емес, тас болатын. Дариядан өтерде аты артқан тасымен суға кетіп, арғы бетке тек мына қайрақ таспен Мыржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабымен ғана шыққан.

Қамаш – Орал-ау, сен не айтып тұрсың? Алтынды атқа артып, алып кеткенін көрген кісілер болды ғой?

Орал - Жоқ апа, қазынаны осында көміп кеткен. Сол кездегі белсенділер қазынаны тауып беріңдер деп сендерді мазаласын деп әдейі тастарды алып кеткен.

Тілек – (Басын шайқап). Апа,ағаңыздың басы істейді екен. /Оралға/ Анау сендердің Зейнеп деген қыздарың атасына тартқан.

Қамаш – Ой жарықтық-ай, әріден ойлаған екен ғой. Мен оны қайдан білейін. Ол кезде жас болдық.

Тілек – Табылса баитын болдық қой?

Қамаш – /Тілекке/ Барыңды жинағанда баяғыдан байыйтын едің. Сенің басыңда нағашыңның басынан кем істемейді. Табысың да мол болды.

Тілек – Апам да айтады-ау. Баяғыда үкімет баюға рухсат берді ме? Сосын тапқан-таянғанымызды ішіп-жедік.

Орал – Ал қазір ше?

Тілек – Көріп отырсың ғой. Қазіргі тапқанымыз күнделікті күн көрістен аспайды.

Орал – Ауыстр?!

Тілек – қалай?

Орал – Үндеме. «Тарта жесең тай қалады» деген. Еңбек ет, жұмыс талғама, көзін тап. Басқа жерді білмеймін Қазақстанда баюға мүмкіндік мол.

Қамаш – Оның рас, қазірдің өзінде екінің бірі байып алды. Анау Саяқты көрмейсің бе? Кеше қандай еді. Бүгін дүрілдеп тұр.

Тілек – Саяқ мендей жалғыз емес. Ағайындары, бала-шағасы көп. Жабылды да кетті. Байып шыға келді.

Қамаш – Анау тұлдыр жетім Кәкен де байып алған жоқ па?

Тілек – Жетіммін деп жылк жинап жүріп жинаған байлығы бар болсын!

Орал – Жұртта неміз бар? Одан да өзіміздің әкелеріміздің маңдай терімен тапқан қазынасын тауып алайық. та...

Тілек – Қайдан іздейміз? Көкең тыққан жерін айтып кеткен шығар?

Орал – Әрине. /Қалтасынан қағаз шығарып/ Апа, сіздің туған жерініңзде «Қосшағыл» деген жер бар ма?

Қамаш – Бар!

Орал – Сол «Қосшағыл» ортасында жиделі жалғыз ағаш бар ма?

Қамаш – Бар болатын.

Орал – Сол ағаштың жанында топ ши бар ма?

Қамаш – Есімде жоқ. Бар шығар.

Орал – Бар болса сол шидің түбіне белуардан қазып, ескі жез самаурынға сиғанша толтырып, қалғанын атдорбаға салып көміпті.

Қамаш – Әй, бәсе, сол самаурын Жұмағазымен бірге жоғалып еді.

Тілек – Апа, сізде бірдеңе біледі екенсіз ғой. Микалай заманнан қалған жез самаурынды шет елге кеткен ағаңыздан кем жоқтамайтын едіңіз.

Қамаш – Ия, ол самаурынның орны бөлек еді. Арғы әжеміздің сонау ішкі Ресейден ат-түйе беріп алдырған мүлкі екен. Жарықтық Жұмекен қазынаны сақтаса осы самаурын сақтайды деген екен ғой.

Орал – Ал апа, сол Жәкеңіз түнде түсіме кіріп, белгі берді.

Тілек – /Ойланып қалтасынан қағаз алып/ Айтпақшы апа, Орал, мына қағазды менің қалтама пайда болғанына үш күн болды. «Қазынаны тауып ал» деп бір-ақ сөйлем жазыпты?

Қамаш – /таңданып/ Қай қазынаны айтып жүр? Кім салған?

Тілек – Құрдастардың біреуі қалжыңдап жүрген шығар. Ауылдағы баяғы Қожамбердің тың көтерген жылдары туған Қазына деген қызы бар емес пе?

Орал – /үліп/ «Қатыны өлген қызы бар үйге қарап жылайды» деген рас-ау...

Қамаш – Оның да күйеуі қайтыс болып, бір қызымен қайтып келіп отыр деген. Оны бұл қалада Саяқтан басқа кім біледі?

Орал – /қалжыңдап/ Мүмкін бұл қағазды періштелер келіп салып кеткен шығар. Тілек, кеттік. Сен өз қазынаңды ізде, мен өз қазынамды іздейін.

Қамаш – /Тілекке/ Қазынаның мекен-жайын Саяқтан сұрап ал!

Тілек – Қажеті жоқ. Алақанымыздағы ауыл, тауып аламыз.

Қамаш – Ал, Орал, сенің бұндағы шаруаларың не болып жатыр? Құжаттарың реттелді ме?

Орал – Ретке келгені де бар. Келмей жатқаны да жетерлік. Зейнепке тапсырамын!

Қамаш – Тфа, тфа. Тіл аузым тасқа. Зейнеп бір болайын деп тұрған бала. Ойбай-ау, шет жақтан келгендер тіл білмейміз деп қақсайтын. Зейнеп азғана күннің ішінде игеріп алды. Атасына тартқан ғой. Ол да зерделі еді. Есіне сақтау қабілеті жоғары болатын.

Орал – Оныңыз рас. Көп нәрседен хабары бар еді. Білгенінің бәрін құлағымызға құйып кетті.

Тілек – /Оралға/ Саған қарағанда Зейнеп көш ілгері. Атасына ұқсаған.

Орал – /Сөзді басқа жаққа бұрып/ Жә, уақытты оздырмай жолға шығайық. Аруақ риза болсын!

Қамаш – «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген сөз бар емес пе? /Оралға/ Қолыңдағы қайрақ тасты берші? /Қамаш Оралдың берген тасын маңдайына тигізіп/ Туған жердің тасы да жұмсақ. Жәкеннің жанына желеу болып келген екенсің. Енді шыққан жеріңе жетіп, Жәкеннің жанындай тыныштал. /Тасты Оралға қайтарып/ Ал, жолдарың болсын, барыңдар! /Орал мен Тілек кетеді. Қамаш ойланып/. Ол самаурынның шайын кімдер татпады. Талай жақсы мен жайсаңдар қой сойдырып, қона жатып, самаурынды қайта-қайта демдетіп, менің шешем Бибішке: «Әй, осы сенің шайың-ай!»– леп отыратын. Ол кезде бүгінгідей ащы су жоқ. Ой дүние-ай десеңші! /Телефон шылдырайды/ Алло, бұл қайсың?

Дауыс – Сәламатсыз ба әже?

Қамаш – Амансың ба, айналайын! Қай баласың?

Дауыс – Алмамын ғой.

Қамаш – Бұл қалада Алма көп. Кімнің қызысың?

Дауыс – Саяқтың қызымын.

Қамаш – Баяғы кішкене Алмамысың?

Дауыс – Қазір үлкейдім.

Қамаш – Бой жеттім де...

Дауыс – Оқу бітірдім.

Қамаш – Құтты болсын!

Дауыс – Рахмет әже, мен Жалғаспен бірге оқыдым.

Қамаш – Жалғас Астанада. Бірге оқыған жолдастарының көбі сонда.

Дауыс – Мен де АСтанаға барайын десем...

Қамаш – Бар! Астана – жаңа қала. Қай тілде болса да сайрап тұрсыңдар. Сауаттарың жетеді. Баяғыда алпысыншы жылдары бір ауыз сөз орысша білмей ауыл балалары Алматыға ағылған еді. Құдайға шүкір, қазақ халқының бағы жанды ғой. Тілі де тіріліп келеді. Қалада өссең де, ана тіліңді тым жақсы сөйлеп тұрсың. Құллаққа жылы естіледі. Заман сендердікі. Қатарыңнан қалма. Астанаға барғаның дұрыс.

Дауыс – Мамам жібергісі келмейді.

Қамаш – немене, айырылып қаламын дей ме? Қыздар оқу іздеп, шет ел асып жатқан жоқ па?

Дауыс – Сол шет елге кеткен қыздардың жоғалып кеткендері бар көрінеді...

Қамаш – ҚҰдай содан сақтасын де. Астанадан адам жоғалып жатыр дегенді естігенім жоқ. Мамаңа айт! Сенің бағыңды байламасын. Көзінен таса қылғысы келмесе өзі де сонда барсын. Жұрттың бәрі ағылып барып жатыр.

Дауыс – Сіз де барасыз ба?

Қамаш – Әрине, Жалғасым пәтер алса бұнда бір күн де тұрмаймын. Айтпақшы, неге звондап тұрсың?

Дауыс – Жалғастың жағдайын білейін деп едім. Айып етпеңіз?

Қамаш – Айналайын, ешқандай айыбы жоқ. Бүгін күн сенбі. Өзі де келіп қалар. Келмегеніне екі жетіден асты. Өзін қатты сағындым.

Дауыс – Келсе мен звондады деп айтарсыз? Сау болыңыз! /Қамаш трубканы қояды/ Мына қыз Жалғасқа кет әрі емес. Айтайыншы өзіне, көп сандалмай үйленіп алсын! /Біреуден қашқандай мұсылмандарша тұмшаланып киініп алған Зейнеп кіріп келеді/

Зейнеп – /Түрі бұзылып/ Апа, сәлем бердік!

Қамаш – Амансыңдар ма, Түрің бұзылып тұр ғой?

Зейнеп – /Терезеге алаңдап/ Апа, кешеден бері біреу соңымнан қалмай жүр.

Қамаш – Ол не қылған адам?

Зейнеп – Бір жерден көрген адамым сияқтф?

Қамаш – Сендерді білетін шет жақтан келген біреу болар.

Зейнеп – (Сөзді басқа жаққа бұрып) Сонымен көкемдер қазына іздеп кетті ғой...

Қамаш – Иә, жолдары болып, олжалы қайтсын деп тілейік. Көкең келгенше шаруаңа сақ бол. Шешеңе көмектес. Мезгілсіз көшеде жүрмеңдер. Бастың амандығы керек. Басқа жағдайлар бірте-бірте орнына келе жатады. Жұрттың көзіне көп ілінетіндей алаң-ашық жүрген жоқсың.

Зейнеп – соны айтамын-ау.

Қамаш – Кейбіреулер осы киім киісіңе қызығатын шығар?

Зейнеп – Ол да мүмкін. (Сөзді басқа жаққа бұрып) Апа, көкемдер қазыналарын тауып келсе жақсы болар еді.

Қамаш – «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген. Табылмаса қайтеміз? Бұйырмаған қазына...

Зейнеп – Апа, құмалақ ашып жіберіңізші? (Мұңайып) Егер қазына табылмаса..

Қамаш – Түрің тағы бұзылып кетті ғой.

Зейнеп – Жамал апам мені біреуге бергелі жүр. Күндіз-түні мақтап мазамды алды.

Қамаш - Манағы, соңыңнан ұялмай ерген... сол болар?

Зейнеп - Жоқ. Ол емес. Жамал апаның қарыз алған адамы. Жасы біршамаға келген.

Қамаш – Құдай-ау, туған шешесімен санаспағаны ма?

Зейнеп – Ол жақта қызбен санаспайды. Ата-анасы қыздарын өздерінің қалаған адамына қосады. Егер ата-ана қызына «өзің біл» деп еркіндік берсе ғана өзінің көңілі жарасқан адамына күйеуге шыға алады. «Көкең айтқан қазына табылып жатса саған еркіндік берем, өзің білесің» деген.

Қамаш – (Құмалақты столға шашып жіберіп) Қазына жердің бетінде емес, соған қарағанда қолды болмаған. Әй, оңайлықпен табылмайды-ау. Бірақ, олжа бар. (Бір құмалақты қолына алып) Сүйінші шығып тұр.

Зейнеп – Сүйіншіге не аласыз?

Қамаш – домбырамен бір ән салып берсең болды.

Зейнеп – (Домбыраны алып) Атам Нұрғиса Тілендиевтің «Ақ Жайық» әнін дәмі таусылғанша тыңдаумен кетті. Соны айтып берейін:

Көп болды Ақжайыққа бармағалы,

Көп болды кәусарына қанбағалы,

Көп болды жас сұлудың демін жұтып,

Құрбымен қосылып ән салмағалы.

Гәккулі мекен, Аққулы мекен,

Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!

Көп болды Ақжайыққа беттегелі,

Көп болды атамекенге жет дегелі,

Көп болды айлы аспанның аясында,

Құрбыммен алтыбақан теппегелі.

Дүлдүлді мекен, Бұлбұлды мекен.

Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!

Ақ Жайық сенің орның ала бөтен.

Таппадым теңеу іздеп далаңа тең,

Өзіңе деген ыстық махаббатты,

Өзіммен көрге бірге ала кетем!

Ұранды мекен, Қыранды мекен,

Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайғым!

Қамаш - (көзіне жас алып) Менің де ауылға бармағаныма көп болыпты. Жалғасым ауылға апарайын деген. Ауылдың жағдайы түзелсін деп жүргенмін. Құдайға шүкір, елдің жағдайы жақсарып келеді.

Зейнеп - Осыдан төрт-бес жыл бұрын шет елдің газет-журналдарымен, радио-теледидары Қазақстандағы жағдайды сан-саққа жүргіртетін. Ал қазір, басқаша сайрайтын болыпты.

Қамаш – Еліміздегі жағдайдың жақсарғанын олар түгел үйдегі мен біліп отырмын. Жақында таңертең радионы қоссам: «Осы ғасыр басталғалы Қазақстан өрлеу үстінде. Молшылық, егін бітік шығып жатыр. Яғни, Қазақстанның ғасыры басталады.» дейді. Дүниежүзінде үш жүз жылда қайталанатын антициклон бар екен. Қазақ халқы үш жүз жыл бодан болып, талай қуаңшылық пен құрғақшылықты көріп келсе, ендігі үш ғасырда қазақ халқы өсіп, өркендеуге болады деп атақты тарихшы ғалым Гумелевтің өзі болжапты деп айтып жатыр.

Зейнеп – Айтқаныңыз келсін. Апа, менің бір арманым Астанадағы Гумелев атындағы университетке түсіп, сол атақты ғалымдай тарихшы болсам деймін... Себебі атам Жұмағазы көзі ашық, білімдар адам болған ғой. Біздің қазақтардың кеңес үкіметіне дейінгі тарихы бұрмаланып келгені өз тұжырымдарымен дәлелденгенін талай естігенмін. Маған «сенің оқуың керек» деп отыратын.

Қамаш – Менің де сауатымды ашып кетті ғой. Қатарымнан кем болғаным жоқ. Кейін сол оқудың арқасында нан тауып жедік. Сенің де оқимын дегенің дұрыс. Қайдан білейін. Ол жақта балаларды қалай оқытатынын. Әйтеуір бұл жақта кеңес үкіметінің бір жақсы жері, балаларды қуып жүріп оқытатын. Мақтанғаным емес. Қазақстар білімге құштар болды. Соның арқасында кез-келген мамандықты игеріп әкетті. Білімнің негізі мектепте ғой. Орта білімді қайдан алдың?

Зейнеп – (Сөзді басқа жаққа бөліп) Апа, сізден сұрайын дегенім, «Тамаша», «Күлкі керуені», «Бауыржан-шоу» әзіл-сықақ бағдарламаларында қазақ кемпір-шалдарын надан, сауатсыз, аңқау, алжудың аз-ақ алдында етіп көрсетеді. Жат жерде жүріп, соған атам күйіп-пысып отыратын...

Қамаш - Әй, шырағым-ай, Ол өткен солақай саясаттың салдары ғой. Әйтеуір қазақты тұқыртып, адымын аштырмаудың амалы да.

Зейнеп – Енді одан арылатын уақыт ежткен жоқ па?

Қамаш - Әлі де кертартпалар кездесіп қалады. «Көш жүре түзеледі» деген. Бәрі орнына келеді. Оны біздер көрмесек те сендер көресіңдер.

(Қолында буылып, түйілген заттары бар Саяқ келеді)

Саяқ – Сәлем бердік апа!

Қамаш – Аманшылық па? Артынып-тартынып бұл не жүрісің?

(Саяқ Зейнепкеқарап, тұрып қаады. Зейнеп ерінінің ұшымен амандасып ас үйге кетеді)

Жас балаға сонша қдалғаның не?

Саяқ – Кейімеңіз. Біреуге қатты ұқсаттым!

Қамаш - Адамға адам ұқсамаса ол адам бола ма? Оралымның үлкені. Өте инабатты.

Саяқ – Апа, сізге соқпағалы көп болды. Шаруадан қол тие бермейді. Анау өзіңізге әкелген оны-пұнылар. Денсаулығыңыз қалай, жақсы ма? Тілек қайда?

Қамаш - Денсаулық жаман емес. Көріп тұрсың. Тілек ауылға кетті.

Саяқ – Жай ма?

Қамаш – Осы заманда адам жайдан-жай жүре ме? Қазынаны іздеп кетті.

Саяқ - (таңдана) Қай қазынаны?

Қамаш - Оны менен гөрі сен білесің. «Тауып ал» деп жүрген өзің емес пе?

Саяқ – Түк түсінсем бұйырмасын (Зейнеп Саяқпен Қамаштың сөзін есітің сыртынан тыңдап тұрады)

Қамаш – Жалған сөйлеп мені алдағалы тұрсың ба? Қожамбердінің қызы Қазынаны тауып ал деп Тілектің қалтасына қағаз салып жүрген сен емей кім?

Саяқ – Айта көрмеңіз. Апа, мен емес. Кім салса да Қазынаның жағдайын жақсы білетін біреу. Қазір Қазына жалғыз.

Қамаш – Қызы тұрмыс құрып кетіп пе?

Саяқ – Жоқ, апа. Жоғалып кетіпті.

Қамаш – Қалай?

Саяқ – Онды бітіріп қалаға оқуға кеткен. Содан біреулер: «Шетелге барып оқисың. Қызмет істеп ақша табасың» деп алдап алып кетіпті. Содан хабар жоқ.

Қамаш – Хабарсыз кетті дегенді баяғы соғыстан кейін ұмытып едік. Бұл не сұмдық?

Саяқ – Апа, сабыр сақтаңыз! Сұмдықтың бәрі артта қалды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары бізді көре алмағандар ішімізде де, сыртымызда да көп болды. Тіпті, бізге жұмыс істеткізбеді. Міне, бәрін жеңдік. Біздер жұмыс іздеп шет елге бармаймыз. Шетелдіктер бізге жұмыс іздеп келіп жатыр. (Ойланып) Ойпырмай-ай, кім екен Тілектің қалтасына қағаз салып жүрген? Қазынаға жақын, жаны ашитын адам болды-ау. Қызы жоғалғалы аздап ауырып жүр еді деп еді. (Зейнеп жылап жібереді)

Қамаш – Қандай ауыру екен?

Саяқ - Ол жағын білмедім.

Қамаш – Сен неге білмейсің? Баяғыда бәрің мектепте бірге оқыдыңдар. Тіпті, сол Қазынаға үйлене жаздаған жоқсың ба? Араларыңнан қандай қара мысық өткенін құдайдан бөтен ешкім білмей кеткен жоқ па? Енді басына іс түскенде барып көмектессең қайтеді? Содан байлығың ортайып қалады деп жүрсің бе?

Саяқ – Апа, айтқаныңыздың бәрі дұрыс. Жұмыстан қол тимейді. Осының өзінде бірнеше істің басын қосып келіп отырмын. Бірінші өзіңізге сәлем беру.

Қамаш - Рахмет!

Саяқ – Екіншісі, Тілекке бір ыңғайлы адам тауып едім.

Қамаш - Өткендегідей болып жүрмесін.

Саяқ - Құдай сақтасын, ондай емес. Тілекке салмақ салмайды. Өзінің байлығы жетеді.

Қамаш – (Кекете) Сонда оған жетпей тұрғаны Тілек пе?

Саяқ - Әй апа-ай, баяғы мінезіңіз қалмайды-ау. Менің ойым Тілекке болсын деген.

Қамаш – Тілек саған қатын тауып бер деді ме? Сен Тілекті өзіңдей көрме! Ол анау-мынауға иілмейді. Ертең тағы бастары бірікпей жатса жақсы болмас.

Саяқ – Сонда Тілек осылай жүре беруі керек пе? Немерелеріңнің өзі соқталдай жігіт болды.

Қамаш – Сонда маған не дегің келіп отыр?

Саяқ – Апа, әкем үнемі айтып отыратын. Сіздің ағаңыз Жұмағазыдан көрген жақсылықтарын. Соны қайтаруға тырыс дейтін. Ізге мына заттарды әкелгенде асып-тасқаным емес. Сол әкемнің көрген жақсылығын қолымнан келгенше қайтару. Әрине, сізге бұл көп көмек болмас. Дегенмен Құр сөзден гөрі...

Қамаш – Сол жақсылықты білген әкеңе де, саған да рахмет!

Саяқ – Ендігі бір маңызды мәселе, сіздің немереңіз Астанада ғой?

Қамаш – Иә.

Саяқ – Ашығын айтайын апа, біздің Алма деген қызымыздың барын білесіз ғой?

Қамаш – Білмегенде ше? Бой жетіпті. Жалғасты сұрап звондап тұрады.

Саяқ – Сол Жалғасыңыз біздің қызымызға да «Астанаға кел» деп азғырып жүр-ау деймін. Ал шешесі қызын қасынан шығаратын емес. Жалғасқа айтыңыз егер біздің қызымыз керек болса, осында қайтып келсін. Жұмыс та тауып берем. Тіпті, барлық жағдай жасап, кандидаттық қорғатам.

Қамаш – Сен өзі не деп кеттің? Менің немеремді қызыңа кіріптар етіп қоймақсың ба? Саған күшік күйеу керек екен ғой. Мен де саған ашып айтайын. Қызың Астанаға бармаса, менің немерем мұнда келмейді. Қыздарыңды жалғыз жібергілерің келмесе, өздеріңде барыңдар. Баяғыда бізде баланың соңынан келдік қой осында?

Саяқ – Ол абсқа заман. Қазіргі жағдай мүлде бөлек. Мен балаларыма қолымнан келгенше барлық жағдайды жасауым керек.

Қамаш – «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды» деген сөз бар. Балалар өсті. Оқуларын бітірді. Енді ел қатарлы өз күндерін өздері көрулері кере. Менің хал жағдайымды емес өзіңнің қызыңның жағдайын ойлап келіпсің. Оны біз екеуміз емес, балалардың өздері шешсін!

Саяқ – (Жуасып) Дұрыс айтасыз, апа. Туған шешесі қызының жағдайын ойлап қылқылдап қоймаған соң келіп едім. Артық кетсем, кешіріңіз. Көмек керек болса біз дайын!

Қамаш – Бізге берген көмегің болсын, анау Қазынаны науқас деп отырсың. Осында алдырып, емдетіп, қызын іздестірмейсіңдер ме? Сенің жағдайың бар ғой.

Саяқ – Жарайды, апа. Тілек Қазынаның хабарын біліп келсін. Сосын іске кірісерміз.

(Саяқ кетеді)

Қамаш – (Жалғыз) Әкесінің де бақай есебі баршылық еді. Аумай қалыпты. Біздің Тілек қой есепке жүйрік болғанымен есесін жіберіп алады. Ол да дұрыс шығар. Әйтеуір өмірінде біреуге қиянат жасап, қарғыс алып көрген жоқ. Содан болар, қанша шырғалаңға ұшыраса да аман келе жатыр. (Көзін сүртіп, Зейнеп келеді.)

Зейнеп – Пияз турағанмын...

Қамаш – Ештеңе тепес, ащы пияз көзді тазартады.

Зейнеп – Апа, Жалғас қашан келеді. Құмалақ салмаймыз ба?

Қамаш – Таңертең салғанмын. Жақсы түсті. Келіп қалар. Жанағының көңілімді су сепкендей басып кеткені. Пайдасыз жерге баспайды. Қазынаның науқас екенін естіп біздің баланың қалтасына қағаз салып, дым білмегендей келіп тұрғанын қарашы?

Зейнеп - Әже-ау, өзінің түрінен де көрініп тұрған жоқ па қандай адам екендігі?

Қамаш – Қайталап айтам. Мен сенің әжең емеспін, апайыңмын.

Зейнеп – Кешіріңіз!

Қамаш - Сенен сұрайын дегенім...

Зейнеп – (Асығып) Кейін сұрайсыз. Мен газда тұрған тамақты қарайын. (Зейнеп кетеді)

Қамаш – Осы қыз әжесі туралы ештеңе айтпайды. Олардың айтуы бойынша Жұмағазыдан үш-төрт жыл бұрын қайтыс болған. Жаста болса ақылы бар. Жұмағазы туған ағайым болғаннан кейін көбіне соны айтып, менің көңілімді аулағаны ғой.

(Қолында қарттарға арналған соңғы модельмен жасалған қол арбасы бар Жалғас келеді)

Қамаш - Әже. (Қамаш орнынан тұрайын дегенде) Қозғалмаңыз, әже.

(Жалғас барып Қамашты құшақтайды, Қамаш Жалғастың бетінен сүйеді)

Қамаш – Амансың ба, құлыным.

Жалғас - Өзің қалайсың, әже?

Қамаш – Шүкір, жаман емеспін. (Ас үйден Зейнеп кіреді)

Жалғас - О, теңіздің ар жағынан келген аруда осында екен. Жолы болар жігіттің... Амансыңдар ма, Зейнеп?

Зейнеп – (Қызарып) Аманбыз. (Қамашқа) Апа, сіз жаңа құмалақ салдым. Келіп қалар деп ауыз жиған жоқ едіңіз.

Жалғас - (Күліп) Әженің ашқан құмалағы келмейтін болсаң да келтіреді. Бармайтын болсаң да барғызады. Кешегі кеңес заманында әжеме құмалақ аштырып қойса келмеске кеткен кемелденген социализмді келтіріп, коммунизмді терезеден сығалатып қояр еді.

Қамаш – Бәрі бір Құдайдың қолында. Құмалақ та алланың бұйрығымен сөйлейді. Бар жақсылықтың басы имандылық. Құран-Кәрімнің аяғында анық жазылған. Мына Зейнептің тұла бойына қарашы. Тұнып тұрған имандылық! Үлкеннің бетіне тура қарамайды да, алдын кесіп те өтпейді. Қолынан келген көмегін аямайды. Келгелі қолым үзарып қалды.

Зейнеп (қызарып) – Апа, артық айтып қойған жоқсыз ба?

Қамаш – «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын, жамманның жамандығын айт, құты қашсын» деген.

Жалғас - Әже, онда мен Зейнептей қызға үйленем.

Қамаш – (Кекете) Оны қайдан табасың?

Жалғас – /Зейнепке көзін қысып/ Іздейміз. Қазақстан кең. Оралмандар бар. Келіп жатыр.

Зейнеп – Жалғас таппаса, өзім тауып берем.

Қамаш – Құрбыларың бар ма? Алып кел, көрейік.

Жалғас – Демек, әжемнің талғамын өзгерттік. (Зейнепке) Қимайтын жан екенсің жат ұяға, Айрылып қаламын ба қапияда, Әттең, әттең...

Қамаш - Әй, мынау не деп кетті? Кімге айтып тұрсың? Мынауыңды басқа біреу естімесін!

Жалғас – Ашуланбаңыз апа, қалжың ғой.

Қамаш – Ойнаса да ойындағысын айтады деген. Ендігәрі Зейнеппен бұлай қалжыңдаспа!

Жалғас – Апа, өзіңіз қызықсыз. «Тақиялы періштедегідей» Зейнеп бір топ құрбыларын алып келсе, қуып шықпай бірдеңе айтуым керек. Соған дайындық.

Қамаш – (Жадырап) Бұның дұрыс. Бірақ бірінші мен таңдаймын. Қазіргі заман Әмина әжейдің заманы емес.

Жалғас - Әже, мен де айтып қояйын. Сіздің таңдағаныңыз тап Зейнептей болмаса... Айтпақшы папам қайда?

Қамаш – Орал екеуі ауылға кетті.

Жалғас – Жай ма?

Қамаш – Оны кейін айтам (Қол арбаны көрсетіп) Мынауың не?

Жалғас - Бұл сізге арналған көлік. Бір мініп алсаңыз түспейсіз. Үй ішінде шапқылап жүре бересіз. Тіпті осында отырып, тамақтанып, ұйықтап алуға да болады. Таяқты тастайсыз.

Қамаш – Мынау мені мешел қылады ғой?

Зейнеп – Апа-ау, шетелдерде жетпістен асқан адамдарға осындай арба дайындайды. Біріншіден аяққа салмақ түсірмеу үшін. Екіншіден, отырып-тұруға қиналмау үшін.

Қамаш - Сонда бұны қалай жүргізеді?

Жалғас – Өздігінен жүреді. Алдымен отырыңыз. (Қамашты арбаға отырғызады) Міне былай. (Көрсетеді)

Зейнеп – Апа, көлігіңіз құтты болсын! Тез тозсын!

Қамаш – (Зейнепке) Айтқаның келсін. (Жарасқа) Бұл арбаны қай ақшаға алып жүрсің?

Жалғас – Алғашқы айлығыма. Сізге Сізге мінгізген атым. Жақында пәтер алам. Сізді папам 20 ғасырда Алматыға алып келсе, мен сізді 21 ғасырда Астанаға алып барам.

Зейнеп – Сонда мені тастап кетесіңдер ме?

Жалғас – Оны әжем біледі.

Зейнеп - Неге тастаймыз. Барамын десе алып кетеміз. Осы мана Астанаға барып оқимын деп отырған жоқ па едің. Онда да әке-шешең жіберсе ғана. Ертең бізден көріп жүрмесін. (Жалғасқа) Айтпақшы, саған Саяқтың қызы Алма звондады. Астанаға барамын деп жұлынып тұр. Сен оған звонда.

Жалғас – Жоқ...

Қамаш – Неге?

Жалғас – Оның не дейтінін білем.

Қамаш – Білсең айт?

Жалғас – Оны сіз білмей-ақ қойыңызшы? Бәрі бір оның айтқанын мен істемеймін.

Қамаш – Жаңа әкесі келңп кетті. Не дегенін айтайын ба?

Жалғас – Керегі жоқ.

Қамаш – Онда өсек ертпей жөніңе жүр. Ертең бірдеңе болып қалып, ел алдында соттасып, масқара болып жүрмейік. Дегенім.

Зейнеп - (Ыңғайсызданып) Апа, мен ас үйге кеттім. (Кетеді)

Жалғас - Әже, бұл әңгімені тап қазір доғарайықшы! Папам мен Орал ауылға неге кетті. Соны айтшы?

Қамаш – Менің ағайым Жәкеннен қалған қазынаны іздеп кетті.

Жалғас – Қайдағы қазына? (Ойланып) Иә, иә, «Оны бай ағаның өзі атқа артып шекарадан өтіп кетті» деп талай айтқан жоқ па едің?

Қамаш – Алып кетпепті. Осында көміпті.

Жалғас – Қайда?

Қамаш – Ауыл жақта бір жерге. Тірісінде Оралға қазынаның қайда жатқанын бүге-шігесіне дейін қағазға сызып беріпті. Жарықтық, жұртқа көз қылып, тас алып кетіпті. Қазіргілер ғой байлықты оңды-солды асырып жатқан.

Жалғас - Әже, осындай жел сөзді қойыңызшы?! Солардың шет елге алып бара жатқанын көргенбар ма екен?

Қамаш – Айтылып та, жазылып та жатыр.

Жалғас – Айтыла да береді. Жазыла да береді. Сізді, бай ағаңызды да «Жиған-тергенін алтын жасап шет елге қашып кетті!» деп осы күнге дейін шулап келген жоқ па? Міне, өтірік болып шығып отыр. Сол сияқты бар байлықты бөліп алып, шет елге асырып жатыр деген де жай сөз. Оның бәрі Қазақстанның шетелдермен іскерлік байланысын көре алмағандар. Шөп басын сындырмай оңай жолмен байығысы келетіндердің әрекеті. Астана мен Алматының арасында салынған тас жолды көрсең ғой, әже! Тақтайдай түп-түзу. Автобус жүріп келе жатқан сияқты емес, ұшып келе жатқандай. Поезбен бірге шығып, бұрын жеттік... Осының бәрі көп қаржыны талап етеді.

Қамаш – Оның рас. Біз істен гөрі сөзге сеніп өмір сүрген жандармыз ғой. «Ақыл жастан» дегенді бұрынғылар бекер айтпаған. Байқаймын Жалғасжан, Астанаға барғалы жаңа ортаға байланысты ма ойың орнығып қалған тәрізді. (Зейнеп келеді) Зейнеп, сенен сұрайын дегенім...

Зейнеп – Апа, кейін сұрарсыз. Тамағыңыз дайын. Суып қалады. (Қамаш ас үйге кетеді).

Жалғас – (Таңданып) Әжем сенен не сұрайын деді?

Зейнеп – Үлкен кісі емес пе. Бала сияқты бәрін білгісі келеді. Астананың жаңалықтарын айтшы.

Жалғас – Айтатыны жоқ. Жаңа Астана күннен күнге құлпырып келеді. Тұрғын халқының көбі жастар болғандықтан ба, қай мекемеге барсаң да қызу еңбек. Көңілді орта. Ең бастысы, тұрғындардың болашаққа деген сенімі мол. Өйткені жаңаша өмір сүргісі келеді. Өркениетке деген құлшыныс басым. Бітіп, пайдалануға беріліп жатқан үйлер мен ғимараттар, тіпті, жаңа бой көтеріп жатқан құрылыстардың бәрі мерейіңді өсіреді. Бір Астана-Бәйтеректің өзі неге тұрады. Басына шыққанда ғарышқа көтерілгендей жаның асқақтап, тәуелсіз ел екендігіңді тағы да сезінесің!

Зейнеп – Меніңше, Қазақстанға оралып жатқан оралмандардың бәрі елге келіп, табанын тірегенде, сол Бәйтеректің басына шығарып, тағзым, тәубе еткізіп алса....

Жалғас – Бұл ойыңның жаны бар екен. Айтпақшы мен саған Астанадағы негізгі жаңалықты айтпаппын ғой. Қаланың қақ ортасында «Су патшасы» салынды. Оны тамашалаудың өзі бір ғанибет. Мыңдаған балық түрлерінің ішінде өзіңді де балықтай жүзіп жүргендей сезінесің.

Зейнеп – Шіркін, мен сол су планетасында балық болып жүзіп жүрсем. Сен тамашалап қарап тұрсаң...

Жалғас – Мен де балыққа айналар едім.

Зейнеп – Жоқ, сен балыққа айналмас едің. Өйткені сен адамсың, оның ішінде құрлықтағы адамсың...

Жалғас – Ал сен ше?

Зейнеп – Мен жартылай аралдан келген адаммын. Суда қалай өмір сүруді сенен жақсы білемін. Оны қойшы! Сонымен Астанада жаныңа не керектің бәрі бар дейсің ғой?

Жалғас үндемейді.

Зейнеп - Әрине үндемейсң. Себебі сен жетпей тұрсың деп дауыстап айта алмайсың.

Жалға с - Әттең...

Зейнеп - Әттеңнен басқа айтарың бар ма?

Жалғас – Айтқызбай тұр ғой бірнәрсе тамағымна тіреліп...

Зейнеп – (сынай) Ол нәрсе жаныңа бата ма?

Жалғас - Айтпа, сені көрегн күннен мазалаумен келеді.

Зейнеп (Әдейі) – Сен өміріңде бізден басқа оралмандарды көрегн жоқсың ба?

Жалғас – Көргем, бірақ сен өзгешесің.

Зейнеп – Сонда мен оралманға ұқсамаймын ба?

Жалғас - Ұқсайсың да, ұқсамайсың да.

Зейнеп – Дәлелің бар ма?

Жалғас – Қазақтың тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жақсы білесің. Киім киісің де өзгеше. Бірақ жүріс-тұрысыңда сөз саптауың да басқаша...

Зейнеп - Тағы нең бар айтатын?

Жалғас – Ренжіп қалмайсың ба?

Зейнеп – Жоқ.

Жалғас – Онда ашып айтайын. Әке-шешеңе мінезің түгіл, өзің де ұқсамайсың. (Зейнеп төмен қарап мұңайып тұрып қалады. Жалғас сасқалақтап) Жаңа ренжімеймін дегенің қайда? Мен қателескен шығармын. Кешір.

Зейнеп – Сен қателескен жоқсың. Олар менің туған әке-шешем емес.

Жалғас – Сонда сені асырап алған ба?

Зейнеп – Ол ұзақ әңгіме.

Жалғас – Мынауың мен күтпеген жағдай екен.

Зейнеп – Күтпесеңде сездің. Екеуміз шын туыстар болсақ, сен маған көңілің ауып, көз салмас едің. Қазақстың басқа халықтардан ғажайып ерекшелігі, жеті атаға дейін қыз алысып, жекжат болмайтын жылқы мінез тектілігінде.

Жалғас – Ал менің сол әрекетімді сенің ұят көріп, серпіп тастамағаныңды сендер келген жақтағы халықтардың туыс болса да жастары үйлене беретіндіктерінен шығар деп ойлағанмын.

Зейнеп – Олардың сұмдық жаман әдеті: Бір емшектен ембесе болды үйлене береді. Сондықтан олар туыстықты біз сияқты қадірлемейді.

Жалғас – (Күліп) Мына сөзіңе қарағанда, туыстығымызды қимай турған сияқтысың?

Зейнеп – Асықпа, екеуміз мәңгі туыс болып қалуымыз да мүмкін. Өйткені сен түгіл қазіргі әке-шешем де менің анық кім екендігімді білмейді. Мен саған екеуміздің арамызда туыстықтың жоқ екенін ертерек амалсыз айттым. Ал басқасы уақыты келгенде айтылады.

Жалғас – Қашан?

Зейнеп – Қазына табылған күні.

Жалғас – Табылмаса ше?

Зейнеп – Онда көкем мен Жамал апамның ұйғаруымен басқа біреудің жетегінде кете барам. Уәде Құдай сөзі. Тіпті, Жамал апам оған да жеткізбеуі мүмкін. Оның маған еркіндік бергісі жоқ. Оның үстіне бір көзілдірікті адам екі күн болды соңымнан қалмай жүр.

Жалғас – Танымайсың ба?

Зейнеп – Бір жерден көрген адамым сияқты.

Жалғас – Шет жақтан келген оралман емес пе?

Зейнеп – Жоқ, жергілікті тұрғынға ұқсайды. Өте сұсты. Қолына түссең – аяйтын түрі жоқ.

Жалғас – (Ойланып) Сонда не істеу керек?

Зейнеп – Көкемдер келгенше бой тасалауым керек.

Жалғас – Онда әжеммен ақылдасайық.

Зейнеп – Ол кісіге әзірге сездіруге болмайды.

Жалғас – Мен әжемнен сүйінші сұрағалы тұрсам.

Зейнеп – Не үшін? Мені Жұмағазы атаның туған немересі емес екендігіме ме? Апаңның туған ағасы туралы айтқанды жақсы көретінін білесің ғой. Тіпті, қайталап айтсаң да тыңдай береді. Келісіп алайық, Жалғас.

Жалғас – неге?

Зейнеп – Менің бүгінгі айтқанымды тісіңнен шығармайсың. Мен өзімді емес сені аяп айттым. «Шындық айту шырық бұзу емес» деп жүр жұрт. Шындық бәрібір түбінде ашылады. Бірақ сәті түскенде жария болғаны жөн. Келістік қой?

Жалғас – Мен келісермін-ау. Сол айтқаныңа күдігім бар.

Зейнеп – Неге?

Жалғас – Мені аясаң шындықты неге түгел айтпайсың?

Зейнеп - (күрсініп) Біріншіден, сені шошытып аламын ба деп қорқамын. Екіншіден, уақыт тығыз. Мен бұрын бір рет қақпанға түскенмін. Құдайдың құдіретімен зорға құтылдым. «Аузы күйген үрлеп ішеді» деген. Сақтанбасам болмайды.

Жалғас – Онда кеттік!

Зейнеп – Қайда?

Жалғас – Астанаға!

Зейнеп –Қамаш апаға не дейміз?

Жалғас – Оған мені жібер.

(Жалғас пен Зейнеп жинақтала бастайды. Ас үйден Қамаш келеді).

Қамаш – Қайда жиналдыңдар?

Жалғас – Мына зейнеп мені құрбысымен таныстырмақшы.

Қамаш – Онысы дұрыс екен. Үйге алып кел. Мен де көрейін. Танысайын.

Жалғас - Әже, сіз танысып, көретін ештеңе жоқ. Мына Зейнеп «Менен айнымайды» дейді. Тіпті аты да Зейнеп екен.

Қамаш – (таңданып) Зейнеп, мынау не айтып тұр? Сенейін бе? Шынымен аты Зейнеп пе?

Зейнеп – (Күліп) Апа, Зейнеп деген көп қой. Бүкіл түркі халықтарына ортақ ат. Әрі-беріден кейін атта тұрған не бар.

Жалғас – Қателеспе Зейнеп, атта тұрған көп мән жатыр. Әжем «Зейнептей қызға үйлен, Келінім Зейнептей болса екен» деп мені Зейнеп деген атқа ғашық қылып қойды. (Зейнепке көзін қысып) Ашып айтайын Зейнеп, құрбыңның аты Зейнеп болмаса қарамаймын.

Қамаш – (Зейнепке) Мынаған: «Өзіңе қарап ал» деп қалжыңдап қоймайсың ба? Нағашы жиенсіңдер ғой?

Зейнеп – (Күліп) Көрдің бе Жалғас, Апам екеумізге қалжыңдауға рухсат берді.

Жалғас – Құдайдың әжеме жағдайдың жақсарып келе жатқанын білдіріп тұр ғой. Ал зейнеп, уақыт оздырмайық.

Зейнеп – Дайынмын.

Жалғас – Ал апа, ескертейін. Біз кешіксек, кейімеңіз.

Қамаш – сен жұмысыңнан кешікпе. Қазіргі заманда қыз табудан жұмыс табуқиын болып тұр ғой. Астанаға қашан қайтатын едің?

Жалғас - Әже мен кешігіп жатсам Астанаға аттанып кетті деп есепте.

Қамаш – Онда Зейнепті үйге әкеп тастап кет.

Жалғас – Астанаға алып кетсем қайтесіз?

Қамаш - Ойбай-ау, мынау не деп тұр. Шының ба?

Жалғас – Қалжыңдаймын.

Қамаш – Адам анасымен қалжыңдаса ма екен?

Зейнеп – Апа, ол сізге емес маған...

Қамаш – (Жалғасқа) Саған тапсырғаным, мына Зейнепке біреу тиісіп жүрмесін, сақ бол.

Жалғас – Мені зейнепке тапсырмайсың ба?

Қамаш - Өзіңе Құдай жар болсын!

Жалғас – Бұныңыз дұрыс. Ал әже, әзірге... (Екеуі Қамашпен қоштасып, шығып кетеді.)

Қамаш – (Жалғыз) Құдайым, үйдегі-түздегіні аман қыла гөр. Ендігі тілегім. Осылардың жамандығын маған көрсетпесін. Жолаушылап кеткендердің ат көлігі аман болып, есен-сау оралса екен. Оралдың мына қызының жағдайы қиын. Менен көмек күтеді. Әкесі келгенше қалай ие болам? Шешесінің түрі анау, алақанына түкіріп отырған. Қызының түрі мынау шешесінен қашып жүрген. Өскен жері, ішкен сулары бөлек болғандықтан ба, осылардың жай-жапсарына түсінбей-ақ қойдым. (Күрсініп) Әй бұларды қайтем басымды қатырып. Менсіз де күнін көріп келе жатыр емес пе? Мені мазалайтын Тілектің жағдайы. «Тілектің қалтасына қағазды мен салған жоқпын» деп Саяқтың азарда-безер болып жүргені анау. (Жамал келеді).

Жамал – (Тізесін бүгіп сәлем етіп) Сәлем бердік апа!

Қамаш – Көп жаса, жоғары шық!

Жамал – Маған Зейнеп керек еді?

Қамаш – ОЛ Жалғаспен бірге бір жаққа кетті.

Жамал – (Сезіктеніп) Жалғас осында ма еді?

Қамаш – Иә, маған мына қоларбаны алып келуге ғана келіпті. Асығыс-ау деймін, қайтамын деп отырған.

Жамал – (даусы дірілдеп) Көлігіңіз құтты болсын! Олар қашан келер екен?

Қамаш – Жай ма?

Жамал – Маған айтпай кеткені несі? «Қыз өссе қырық үйден тый» деген сөз бар. Бірдеңеге ұрынып қалмаса жарар еді.

Қамаш – Қайдағыны айтпа! Қасында ағасы Жалғас бар. Тапсырғанмын.

Жамал – Апа, осында келгелі Зейнеп қатты өзгеріп кетті.

Қамаш – Оны шешесі сен білмесең, біз қайдан білеміз.

Жамал – Менің білгенім, оған Жалғастың ықпалы бар-ау деймін.

Қамаш – Онда тұрған не бар? Жаңа жағдайға үйреніп кеткенше Жалғастың жанында жүрсе несі айып?

Жамал – Апа, мен басқа жағдайды айтып отырмын. Зейнептің Жалғас десе жаны бөлек. Есімін стігенде елегізіп тұрады. Бізде жас болдық. Сеземіз.

Қамаш – Туыстығын қайда қоясың?

Жамал – Ой, апа, сіздер білмейді екенсіздер ғой. Біздің келген жақта туыс-туысқа қарамайды. «Сүйек жаңғыртамыз» деп нағашы-жиенді үйлене береді.

Қамаш – (Жағасын ұстап) Астаппыралла, не дейді? Мал құлағы саңырау. Мынауыңды ешкім естімесін. Қызыңды күт. Келісімен алып кет. Енді бізге жіберме. Бірдеңе болып қалса бізден көрерсің. Осыншама жасқа келгенде елдің өсегіне қалар жайым жоқ. Беретін адамыңа беріп тын.

Жамал – (жадырап) Сабыр етіңіз, апа. «жаман айтпай жақсы жоқ» деп іштегі күдігімді сыртқа шығарып жатқанымда...

Қамаш – Күдіктің түбі – кесел. Құдайға шүкір, осыншама уақыт жазылмаған заңмен өмір сүріп келегн қазақ жерінің кеңдігін падаланып, Атыраумен Алтай, Сарыарқа мен Сыр бойы құдандалы болып, ұрпағын аздырмай келе жатқан қазақпыз. Қазақстанның бір түпкірінен Жалғасыма бір шүйкебас табылар. Аралас некеге артықшылық берген заманда келмеске кеткен. Шүкір, қазір ол да азайды.

Жамал – (кекете) Сол екен ғой Қазақстанда бойдақтың көп екені.

Қамаш – Сенің тілге тиек етіп отырғаның менің балам мен немерем бе? Тілегім екі рет үйленді. Жалғастың анасын құдай ерте алып кетті. Одан кейінгісі үйленгенімен көп отаса алмады. Өйткені ол бала туғысы келмеді.

Жамал – Күйеуге шыққан әйелдің бәйгеден келгені бала туғаны еме пе?

Қамаш – Бала керек болса өзің ту дегенді де естідік. Бәрі аты өшкір соғыстың кесірі ғой. Он тоғыз жасымда құндақтаулы баламен жесір қалдым. Ұлы отан соғысының жесірі мен жетімі деп балам екеумізге берілген болмашы көмекке алданып жүре беріппін. Жалғызым, біреудің қолына қарамасыншы деп көз салып, сөз айтқан адамдарға мрйын бұрмадым. Енді міне, әр нәрсе уақытымен екен. Жас ұлғайған сайын сол бір жіберген қателіктер ойыма оралып, жанымды жегідей жейді. (Көзіне жас алады.)

Жамал – Артық айтсам кешір, апа?

Қамаш – Артық айтқан жоқсың. Сен түгіл жалғызымның өзі ішіп алғанда жалғыздығын айтып: «неге біреуге тиіп алмадың? Тимедің екен пәленше, түгенше сияқты жолдан бала неге туып алмадың?» дейтін.

Жамал – (Таңданып) Жолдан тауып алғаны қалай?

Қамаш – Некесіз деген сөз ғой.

Жамал – Біздің жақта некесіз бала тууға жол бермейді.

Қамаш - Әй, Жамал-ай, сендер сол соғыстың біздің елге қандай лаң салғанын білмейсіңдер ғой. Талай үйлерге қарақағаз келіп, қара жамылып қалды. Соғысқа жарамсыз болып қалған бірен-саран ерлер жесір келіншектерге қырғидай тиді. Содан некесіз балалар дүниеге келе бастады.

Жамал – Ойпырмай-ай, сонда ерлері елге оралса қайтер еді?

Қамаш – Қайтушы еді? Көтергендері де болды. Көтере алмай морт кеткендер де аз болған жоқ. Соның бірі, Ақжан деген қара кемпірдің отбасы еді. Баласы соғысқа кеткенде екі немересі келінімен қалған болатын. Содан кейін ойда жоқта келін жүкті болып, босанып қалады. Соғыс бітіп, баласы елге аман оралып келе жатқанда жолда үйіндегі жағдайдан хабардар болып, әйеліне: «Мен барғанша үйден қараңды батыр» деп хабар жіберіпті. Қара кемпір келініне: «Ешқайда бармайсың, онымен өзім сөйлесем!» деп баласының алдынан таяқ алып шығып: «Сен кімнен артықсың. Қаншама үйдің шаңырағы ортасына түсті. Балаларың ен менің көз жасымды құдай көріп, елге аман оралдың Саған әйел табылса да, маған мұндай келін табылмайды. Ақ сүтімді ақтамағаның болар. Бар!» депті. Сонда баласы: «Кешір, апа! Таяғыңды сағындым. Ұршы арқамнан» деп арқасын тосыпты. Сол кемпір елге сыйлы болып, жүзге жақындар қайтыс болыпты. Осындай жағдайларды естіп, көріп өскен біздің бала: «Апа, сізге дұрыс келін бола алмаған адам маған әйел болып жарытпайды» деп жүріп алды. Қайтейін. Бірбеткейлеу. Алған бетінен қайтпайтын әдеті бар.

Жамал (қалжыңдап) Жас кезінде еркелетіп өсіргеннің әсері болар.

Қамаш - Ерке болғанымен ақылсыз болған жоқ. Мектепті жақсы бітірді. Жоғарғы оқу орнын үздік тамамдады. Ауыл шаруашылығының маманы болып шықты. Совхоздың бас мамандығына дейін көтерілді.

Жамал – Қалаға қалай келіп қалып жүрсіздер?

Қамаш – Ол кезде институтты жақсы бітіргендер &#


<== предыдущая | следующая ==>
 | Часть 1 древняя Атлантида

Date: 2015-07-22; view: 588; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию