Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бидғатшылармен тартысудың қауіптілігі туралы. Бірде Мухаммад ибн Сиринге бір бидғатшы келіп, онымен сөйлескісі кеп тұрғаны туралы хабарланды





 

Бірде Мухаммад ибн Сиринге бір бидғатшы келіп, онымен сөйлескісі кеп тұрғаны туралы хабарланды. Бұған Ибн Сирин: “Оған: «Жоқ!», – деп айтыңдар! Маған келмей-ақ қойсын! Ақиқатында, Адам ұрпақтарының жүректері әлсіз, әрі мен одан бір сөз естіп, содан соң жүрегім бұрынғы орнына қайта келмей қала ма деп қорқамын!”, – деп жауап берді. Ибн Уәддах 60, Ибн Батта 399.

Сондай-ақ Мухаммад ибн Сирин бидғатшылардың сөздерін естігенде, саусақтарымен құлағын бітеп: «Олармен сөйлесу рұқсат етілмеген!», – деп айтқаны жеткізіледі. Қараңыз: «әл-Ибана» 2/473.

Бір күні бидғатшы бір кісі Айюб әс-Сахтияниге: “Әй, Әбу Бәкр, мен сізден бір сөз жөнінде сұрайын деп едім”, - деген кезде, Айюб қолын сілтеп: “Жоқ, тіпті жарты сөз де (айтпа)!”, – деді. Қараңыз: “әл-Ибана” 2/472.

Егер тіпті сәләфтардың қатарындағы осындай ұлы имамдардың өзі бидғатшылармен тартысудан, әрі тіпті олармен жай сөйлесудің өзінен қауіптенген болса, онда тіпті діннің қарапайым негіздерін білмейтін кісінің бидғатшылармен тартысуы туралы не айтуға болады?!

Имам Ахмад былай дейтін: «Бізде Сүннет негіздері болып табылатыны: өз әуес-қалауларына ерген адамдармен бірге отыруды тастау, әрі дінге қатысты тартыстар мен дау-дамайларды тастау». Қараңыз: “Усулю-с-Сунна” 23.

Бірде бір кісі имам Ахмадтан бидғатшылардың жалған көзқарастарын әшкерелеуге рұқсат сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Біз ғалымдардың адасқан көзқарастарға ерген кісілермен сөйлесіп, бірге уақыт өткізуді тыйым салғанын естідік те, көрдік те. Бидғатшылар мен адасқандардың көзқарастарын әшкерелеу үшін олармен бірге отыру емес, Аллаһтың Кітабындағы және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіндегі нәрселерді орындаумен шектелу қажет. Шын мәнінде, олар сені абдырауға салып қоюы мүмкін, бірақ өз бидғаттарынан қайтпайды. Сондықтан Аллаһ қаласа, олармен бірге отырмау әрі олардың бидғатын талқылауға кіріспеу жақсырақ болады». Қараңыз: “әл-Ибана әс-суғра” 1/44.

Имам Ахмад сондай-ақ былай деген: «Сүннетті, хадис пен фиқһты оқып-үйренулеріңіз керек, өйткені олар сендерге пайда әкеледі, әрі бидғатшылармен талас-тартысқа, салғыласушылыққа түсуден сақ болу қажет!» Қараңыз: “әл-Ибана” 2/532.

Біреу: «Үмметіміздің имамдарының өздері бидғатшыларды жиі теріске шығаратын бола тұра, қалайша олармен тартысуға тыйым салады?», - деп сұрауы мүмкін. Бұл сұрақтың жауабын «Бидғатшыларды жоққа шығарып, олардан сақтандырудың маңыздылығы туралы» атты тақырыптан таба аласыздар.

Негізінен сәләфтар адасқан бидғатшылардың өздерімен тартысқа түспегенін, ал олардың бидғатының мәнін жұртқа түсіндіріп әшкерелегенін білу қажет. Қарапайым адамдарға осыны түсіндіріп, оларды қасіреттен аман сақтап қалу – ғалымдардың басты мақсаттарының бірі. Бұл туралы жоғарыдағы тарауларда айтылған болатын.

Ал бидғаттар мен өз құмарлықтарын жақтаушылардың өздеріне келер болсақ, олармен тартысудың және оларға бір нәрселерді дәлелдеп отырудың әрі сол арқылы білімді қорлаудың және өзіңді күмәнға салу қауіпіне түсірудің қажеті жоқ, өйткені егер Аллаһ қаласа, Ол оны ақиқат жолына салады. Бидғатшылармен таласқа түсу – оларға өз бидғаттарын нығайтып таратуға көмектеседі. Әбу Қилаба былай деп айтатын: “Өз әуес-қалауларын жақтаушыларды тыңдау арқылы оларға көмектеспеңдер!” Әл-Ләлакаи 246.

Бидғатшыларды теріске шығарудың ең жақсы әдісі – оларды елемеу! Бұл туралы Айюб әс-Сахтияни былай деген: «Бидғатшыларды теріске шығарудың сөйлемеуден күштірек әдісі жоқ». Қараңыз: “әш-Шәри’а” 56.

Себебі кісі бидғатшылармен тартысқаннан кейін, олардың келтірген дәлелдерімен әсерленіп, өз дінінде босаңсуға жол беруі әрі өз сенімін (ақидасын) оларға ұнайтындай етіп «түзете» бастауы мүмкін. Бұған мысал ретінде жәһмия сектасының негізін салушы Жәһм ибн Сафуанды келтіруге болады. Оған Дирхамның бұзық идеялары жеткен кезде, ол діни мәселелердің барлығын ақылымен түсінуге тырыса бастады деп жеткізіледі. Бірде ол Үндістаннан келген «суммания» деп аталатын құдайсыздармен кездесіп қалды. Әңгімелесу барысында олар оған: «Сіз мұсылмансыз ба? Сіз Аллаһ бар дейсіз бе? Ал сіз Оны көрдіңіз бе, Оны естіп көрдіңіз бе?» деген сұрақтар қойды. Соңғы екі сұраққа Сафуан: «Жоқ, көрген жоқпын, естіген жоқпын», - деп жауап берді. Сөйтіп әлгі дінсіздер сұрақтарын жалғастырып, «Сен Аллаһты ұстап көрдің бе?» деген секілді сұрақтарды қоюды жалғастырды. Ал Сафуан: «Жоқ», - деп жауап беріп отырды. Сонда әлгілер: «Ендеше сіз Оған қалайша сенесіз?», - деп сұрады. Осы кездесудегі дінсіздердің кесірлі сұрақтарының себебімен Сафуан күдіктерге бой беріп, қырық күн бойы намаз оқымай және басқа да парыздарды орындамай, үйіне тығылып алды.

Алайда, егер бидғатшылардан біреу-міреу шынымен-ақ таласуды емес, ақиқатты білгісі келсе, онымен сол тақырыпты білетін, даналық пен жұмсақтық таныта алатын адамның пікір-талас жүргізуінде еш айып жоқ. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Раббыңның жолына даналық пен көркем үгіт арқылы шақыр! Әрі олармен көркем түрде тартыс жүргіз!» (Нәхл сүресі, 125-аят).

Имам әл-Хатыб әл-Бәғдади былай деген: «Ибн ‘Аббас ‘Али ибн Әбу Талибтің бұйрығымен хауариждермен пікірталасқа түсті. Бірде-бір сахаба ақиқатқа жету мақсатында пікірталас жүргізуге тыйым салмаған!» Қараңыз: “әл-Фәқиһ уәл-мутафақих” 1/234.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде-кім Дәжжалдің шыққанын естісе, одан қашсын, өйткені Аллаһпен ант етейін, адам өзін мүмін деп есептеп оған келеді де, содан соң оның тарататын күмәндары себепті оған ілесіп кетеді». Ахмад 19968, Әбу Дәуд 4319, әл-Хаким 4/576. Сенімді хадис. Қараңыз: «Сахихул-жәми’» 6301.

Имам Ибн Батта осы хадиске қатысты былай деген: “Бұл Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзі! Уа, мұсылмандар, Аллаһпен ант етейін, сендердің біреулеріңнің өзі туралы жақсы ойда болуы және мәзһабының дұрыстығы оны әуес-қалауларының жақтаушыларымен бірге отырып: «Олармен айтысқым келеді, немесе оларды адасушылықтан шығарып, тура жолға салғым келеді», - деп айтып, өз дініне зиян тигізуге итермелемесін. Шын мәнінде, бидғатшылардан келетін фитна – Дәжжалдан келетін фитнадан да жаман, себебі олардың сөздері қышыма ауруынан да тезірек жұғады және олар жүрек үшін қызба ауруынан да ыстығырақ! Мен бидғатшыларды лағынеттеп, өздерінің жиналыстарда оларға сөгіс және қарсылық білдіріп, оларды ұрысатын қаншама адамдарды көрдім. Алайда олар бидғатшылармен сөйлесуін тоқтатпады, ал азғыру байқаусыз және күпірлік ап-айқын, соңында әлгі кісілер бидғатшыларға қосылып тынды!” Қараңыз: “әл-Ибана” 3/470.

Имам әл-Әжурри бидғатшылармен сөйлесудің қауіптілігін және олармен қарым-қатынасты үзу қажет екенін атап өтіп, былай деді: “Ал егер адам: «Ал не үшін онымен (бидғатшымен) пікірталас жасап, оның айтқандарын теріске шығармасқа?», - десе, оған былай деп жауап беру керек: «Өйткені, сіз өзіңізді одан қауіпсіз сезіне алмайсыз, себебі сіз одан қандайда бір сөздерді естіп, жүрегіңізді бүлдіріп алуыңыз мүмкін! Ол сондай-ақ сізді өзінің шайтан оған сәндеп көрсеткен өтіріктері арқылы адасушылыққа салуы да мүмкін. Бірақ мұндай адаммен оның үстінен дәлелді қою үшін пікірталас жүргізу қажеттілігі әрі бұл (пікірталас) билеушінің (әмірдің) немесе сол сияқты біреудің қатысуымен жүруі (бұл қағидадан тыс) ерекшелік болып табылады. Басқа жағдайларда мұны істемеу қажет! Әрі мен сізге айтқан осы сөздерім мұсылмандардың ертедегі имамдарының Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сай келетін сөздері болып табылады!»” Қараңыз: “әш-Шәри’а” 3/574.

 

Date: 2015-07-22; view: 398; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию