Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ажеттілік (әд-дарурия) және Исламға пайдалы (мәслаха) деген желеулермен ақталу





 

Сонымен қатар, көбінесе бидғаттың пайда болуына адамдардың: «Осы нәрсе дінге қажет әрі Ислам мен мұсылмандар үшін пайдалы», - деп ойлап, дінге белгілі бір жаңалық енгізуі де себеп болады.

Көптеген бидғаттардың шариғатта негізі жоқ екенін оларды дінге енгізушілердің өздері де біледі, алайда олар сонда да «осы нәрсе Ислам мен мұсылмандар үшін пайдалы» деп ойлап, дінге жаңалық енгізуін тоқтатпайды. Мысал ретінде кісі қайтыс болғаннан кейін оның жетісін, қырқын беруді, мәулітті, дінге шақыру (дағуат) ретінде нашидтерді, түрлі театрлық қойылымдар мен солардың бір түрі болған кинофильмдерді пайдалануды, партиялар мен жамағаттар құруды, кіші әмірлікті және т.б. келтіруге болады.

Осы себепті қандай да бір заттың бидғат немесе рұқсат етілген пайда (мәслаха) болатын шарттар мен шекараны білу қажет!

 

 

Қорытынды

 

Аллаһтың қалауымен, жоғарыда айтылғандардың негізінде бізге діндегі жаңалық (әл-бид’а) өте қатаң түрде тыйым салынғандығы әрі ол ең үлкен күнәлардың бірі екені мәлім болды. Ибн ‘Аббас (Аллаһ оған разы болсын): “Аллаһқа ең жек көрінішті амалдар – бидғаттар!”, - деген. Әл-Бәйһақи “Сунанул-кубра” 4/316. Шейх Мәшхур иснадының сенімділігін растады.

Сонымен қатар, бізге діни жаңалық (әл-бид’а) – бұл ешқандай сенімді негізі жоқ және Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабаларының кезінде белгілі болмаған, сол арқылы Аллаһқа жақындауға ұмтылатын кез келген сөздер, істер мен наным-сенімдер екені айқын болды. Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/64, 1/227.

Сондай-ақ бізге Ислам діні кемел әрі толық және ол ешқандай қоспаға мұқтаж еместігі анық болды. Ол туралы Аллаһ Тағала былай деді: «Бүгін сендерге діндеріңді толық қылдым, нығметімді тамамдадым, әрі сендерге Ислам дінімен разы болдым» («Мәида» сүресі, 3-аят).

Исламда жақсы жаңалық (бид’а хасана) жоқ екені түсінікті де болды. Бұл туралы Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбір бидғат – бұл адасушылық!», - деп бірнеше рет қайталап айтқанындай. Муслим 2/592.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары да осындай сөздер айтқан, солардың ішінде: «Кез келген бидғат – адасушылық, тіпті адамдар оны жақсы деп ойласа да!», - деп айтқан Ибн ‘Умар (Аллаһ оған разы болсын) бар. Әд-Дәрими 1/39. Шейх әл-Әлбани иснадын сенімді деп атаған.

Сонымен қатар, бізге кез келген құлшылықтың қабыл болуы үшін ол екі шартқа, яғни ықыластылық пен Сүннетке сәйкес келуі қажет екені айқын болды! Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім біздің бұйрығымыз болмаған амалды жасаса, ол қайтарылады!» Әл-Бухари 2697, Муслим 1718.

Имам әл-Фудайл ибн ‘Ияд былай деген: «Расында, егер амалдар ықыласты болып, бірақ дұрыс болмаса - олар қабыл болмайды. Егер амалдар дұрыс болып, бірақ ықыласты болмаса - олар ықыласты және дұрыс болмайынша қабыл етілмейді. Аллаһ үшін істелген нәрсе ғана ықыласты, әрі Сүннетке сай келгені ғана дұрыс болып табылады». Әбу Ну’айм “әл-Хилья” 8/95.

Шейхул-Ислам былай деген: “Ғибадаттар құмарлықтар мен бидғаттарға емес, шариғатқа және ілесуге негізделген! Ақиқатында, Ислам екі тірекке негізделген: Біз Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпейміз және біз Аллаһқа тек Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдастырған түрде ғана құлшылық етеміз!» Қараңыз: “әл-Фәтауа әл-кубра” 2/242.

Сондай-ақ бізге тек жақсы ниеттің өзі ғана жеткіліксіз екені әрі жақсы ниет шариғатпен заңдастырылмаған істі жарамды етпейтіні белгілі болды. Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтқан: «Ақиқатында, игі амалдар үшін тек жақсы ниет болғанда ғана сауап беріледі. Алайда жақсы ниет жалғанды ақиқатқа айналдырмайды, өйткені амал дұрыс болуы үшін жалғыз ниеттің өзі жеткіліксіз! Сондай-ақ ниетке шариғи шарттың қосылуы да қажет». Қараңыз: “Мәдарижу -ссаликин” 1/85.

Тағы да бізге бидғат есігін айқара ашатын себептер туралы, әрі одан құтылу жолы – Сүннетке ауытқымай ілесу екені де мәлім болды. Ибн Мәс’уд (Аллаһ оған разы болсын) былай деген: «Егер сендер өз Пайғамбарларыңның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен бас тартсаңдар, міндетті түрде адасушылыққа түсесіңдер!» Муслим 654.

Хафиз Ибн Кәсир былай деп айтқан: «Адамдардың сөздері мен істері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері мен істерімен салыстырылады, оның сөзі мен ісіне сәйкес келетіндері – қабылданады, ал олармен сәйкес келмейтіндері, олар кімге тиісті болса да – қайтарылады». Қараңыз: “Тафсир Ибн Кәсир” 3/415.

Ибн ‘Аббас пен Әбу Һурайрадан (Аллаһ оларға разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мен сендердің араларыңа екі нәрсені қалдырдым; егер солардан ұстансаңдар, тура жолдан адаспайсыңдар! Аллаһтың Кітабы мен Оның Елшісінің Сүннетін!» Әл-Хаким 1/93, әл-Бәйһақи 10/114, Ибн Нәср 21. Сенімді хадис. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 2937, “Хидаяту-ррууа” 1/140-141.

 

Сөз соңында әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақтар айтамыз!

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың жолына шынайы ықыласпен ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

 

 

Пайдаланылған әдебиет

 

1. «Фәтх әл-Бәри шарх «Сахих» әл-Бухари» Ибн Хәжар әл-‘Асқалани.

2. «Шарх «Сахих» Муслим» Яхъя ибн Шәраф ән-Нәуауи.

3. «Әс-Сираж әл-уаххаж мин кәшф мәталиб «Сахих» Муслим ибн әл-Хәжаж» Сыддиқ Хасан Хан.

4. «Миннамул-мун’им шарх «Сахих» Муслим» Сафийю-р-Рахман әл-Мубаракфури.

5. «Китаб әл-Бида’» Ибн Уәддах әл-Әндалуси.

6. «Әл-Бә’ис ‘алә инкар әл-бида’ уәл-хауадис» Шихабуддин Әбу Шәма.

7. «Әш-Шәри’а» Әбу Бәкр әл-Әжурри.

8. «Шарх усул әл-и’тиқад әһл әс-Сунна уәл-жәма’а» Әбул-Қасим әл-Ләлакаи.

9. «Әл-И’тисам» Әбу Исхақ әш-Шәтыби.

10. «Силсила әл-әхадис әс-сахиха» Мухаммад Нәсыруддин әл-Әлбани.

11. «Сахих әл-жәми’ әс-сағир» Мухаммад Нәсыруддин әл-Әлбани.

12. «Әл-Ибда’ фи кәмал әш-шәр’ уә хатр әл-ибтида’» Мухаммад ибн Салих әл-‘Усаймин.

13. «Хәжр әл-мубтади’» Бәкр Әбу Зайд.

14. «Қамус әл-бида’ мустахриж мин кутуб имам Мухаммад Нәсыруддин әл-Әлбани» Машхур ибн Хасан Әли Сәлман.

15. «‘Илму усул әл-бида’» ‘Али ибн ‘Абдул-Хамид әл-Хәлаби.

16. «Әл-Бид’а уә асараха әс-сайи фил-умма» Сәлим ибн ‘Ид әл-Хиләли.

17. «Мәуқиф әһл әс-Сунна уәл-жәма’а мин әһлил-әһуа уәл-бида’» Ибраһим әр-Рухайли.

18. «Нуру-с-Сунна уә зулюмат әл-бида’ фи дауил-Китаб уә-с-Сунна» Са’ид ибн Уәхф әл-Қахтани.

19. «Дауабиту-ттабди’» Мухаммад Са’ид Раслән.

20. «Та’зым әс-Сунна уәл-‘амал биһа уә ләу хәлафа фиһа мән хәлафа» Уәлид ибн әс-Сайф Нәср.

21. «Әл-Бид’а уәл-мубтади’а уә хатарухума ‘ала-ддин» ‘Абдул-‘Азиз ибн Райс әр-Райс.


[1] Ерікті әрі сауапты амал – редактордың ескертпесі.

[2] Рамазан айының соңғы он күнін мешіттен шықпастан құлшылық етіп өткізу – аудармашының ескертпесі.

[3] Редактордың (қаз.) ескертпесі: Зуһд – (аскет – рус.) араб тілінен енген кірме сөз. Сәләфтардың «зуһд» сөзіне берген кейбір түсіндірмелері келесідей:

Суфьян әс-Саури былай деген: «Зуһд – бұл жаман тамақ жеу және жүннен (тоқылған) киім кию емес, (ол -) үлкен үміттердің болмауы». Уаки’ “әз-Зуһд” 1/222.
Уаһб ибн әл-Уард «зуһд» ұғымына қатысты былай деген: «Зуһдтық - қолыңнан тайған дүниелік нәрселерге қайғырмауыңда әрі қолың жеткен дүниелік нәрселерге қуанбауыңда». Абу Ну’айм “әл-Хилья” 8/140.
Абу Идрис әл-Хәулани былай деген: “(Адам) зуһдтыққа хәлалды харам етумен және мал-мүлікті босқа шашумен келмейді. Ақиқатында, зуһдтық сенің өз қолыңда бар нәрселерге емес, Аллаһтың Қолындағы нәрселерге көбірек сенім артуыңда, ал басыңа қайғы түскенде, жоғалтқаныңды қайтаруға қарағанда осы үшін көбірек (Ақыретте) сый алуды қалауыңда». Ахмад “әз-Зуһд” 96.
Имам Ахмад былай деген: “Зуһд – бұл болашаққа деген үлкен үмміттердің болмауы және басқа адамдарға тиісті нәрселерден бас тарту”. Қз.: “Жәми’уль-‘улюми уәл-хикам” 297.

[4] Яғни тәубе етпейді - аудармашыдан.

[5] Өйткені сол пут осы төбелердің жанында орналас болғандығы себепті, олар көпқұдайшылыққа түсіп қалудан қорықты – ред.(қаз).

Date: 2015-07-22; view: 509; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию