Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ





 

Қазақстан қоғамының бүгінгі таңдағы бағыт алып отырған инновациялық-индустриальдық даму қарқыны, экономиканың өсуі мен халықтың әл-ауқатының артуы елдің болашағына бағдар жасайды [15]. Ұдайы өсіп келе жатқан халық саны мен экономикалық даму қарқыны бүгінгі күннен бастап жаңа энергия көздерін іздестіруді талап етіп отыр. Ал мұндай қуатты энергия беретін ең болашағы зор сала – атом энергетикасы.

Алайда, оның әлі де қауіпсіздігін, сенімділігін арттыру үшін ғылыми-инновациялық зерттеу жұмыстарын жетілдіру лазым. Сондықтан, бұл бағытта ғылымды дамытудың, әлемдік озық тәжірибелерді сараптап, жаңа зерттеулер жүргізуді жетілдіру керек.

Атом реакторын салу жөніндегі екіұдай пікірлердің қай-қайсысын да біржақты теріске шығару қиын. Олардың қай-қайсысы да жай сөз емес, ғылыми дәлелденген тұжырымдарға жүгінген. Әлі біржақты нақты шешімге келе алмай отырған мұндай жағдайда, атом электр стансасын салу туралы түбегейлі шешім қабылдауға бола ма?

Біздің еліміздің ең қымбат байлығы – адам, адам өмірі. Егер АЭС жарылса не болмақ, атомшы ғалымдардың АЭС-тің сенімділігі туралы уәздеріне құлақ қойғандықтан, оны айтып отырған жоқпыз. Ал қалыпты жұмыс істеп тұрған атом стансасынан бөлінетін радиоактивті элементтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына зияны мол болатын болса, әлі де ойланған жөн емес пе?

Сондықтан, біздің ойымызша, мұндай мәселені асығыстыққа ұрынбай, барлық жақтарын егжей-тегжейлі зерттеп барып, ең қауіпсіз нұсқаны тапқаннан кейін, халықтың көзін жеткізіп барып қолға алған жөн деп білеміз. Әлемдік тәжірибені толық тексеріп, өз ғалымдырымыздың мүмкіндіктерін де сарапқа сала отырып, атомтанушы ғалым кадрларын дайындаудың кең ауқымды бағдарламасын жүзеге асырып барып қолға алсақ қана ұтылмаймыз. Осы жайларды ескере отырып, өз тарапымыздан мынадай ұсыныстар айтқымыз келеді:

1. Атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдаланудың келешегі зор екендігі ескеріліп, бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер мен конструкциялық жобаларды қарқынды дамытуды жолға қою;

2. Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында атом энергетикасы бірден-бір тиімді энергетика көзі болып табылатындықтан, Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті мен «Қазатомпром» ҰАК базасында атом реакторының қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған іргелі зерттеулер жүргізу;

3. Атом реакторының қоршаған орта мен адам денсаулығына зиянды әсерін ескере отырып, атом энергиясын өндірудің ең қауіпсіз жолдарын іздестіру, АЭС құрылысы үшін әлемдік тәжірибелерді мұқият зерттеу арқылы ең озық әрі сенімді әріптестік таңдау жасау жұмыстарын жалғастыру, ол үшін американдық және француздық ғалымдардың да тәжірибелерін қарастыру;

4. Бұл бағыттағы жұмыстардан халықты хабардар етіп отыру және тұрғындардың арасында түсінік жұмыстарын нақты ғылыми тұжырымдар мен ақиқат деректерге негіздей отырып ашық жүргізу.

Атом энергетикасын өндірудің инновациялық технологияларын ендіру де Қазақстан үшін жалпы ғылым мен білімді дамытудың бір саласы болмақ. Өйткені отандық ғылымды дамытпайынша, бәсекеге қабілетті ғылым деңгейіне жеткізбейінше, атом энергетикасыне қауіпсіз де сенімді түрде қол жеткізу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қалмайды. Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және, ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі» [1].

Қорыта айтқанда, біздің еліміз ғылыми-техникалық прогрестің көшінен кейін қалмауы керектігі секілді, атом энергетикасынан да қол үзе алмайды. Алайда, оны қоршаған орта мен халық денсаулығына зиянын тигізбейтіндей, ғылыми негіздеулерге сүйене отырып, барынша сенімді әрі қауіпсіз түрде өндірудің жолдарын қарастыра түсу керек.

 

 

Date: 2015-07-22; view: 404; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию