Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азіргі таңдағы өндірістегі атомның қолданылуы





Өркениетті елдер әлдеқашан атомды ауыздықтап, оның қуатын бейбіт мақсатқа пайдалануда. Және бұл қазіргі ғылымда ең арзан қуат көзі ретінде мойындалып отыр. Өркениет көшінен кенже қалмауды айтпағанның өзінде, жер қаншама бай дегенмен, мамандар көмірдің де, мұнай мен газдың да түбі көрініп, енді бір 50 шақты жылда түгесіледі деп алаңдаулы. Ұлан-байтақ жеріндегі байлығы мол Ресейдің өзі көмірсутегі қоры енді бір 20 жылда сарқылады деп отыр. Экономикалық даму жеделдеп бара жатқан қазіргі жағдайда және болашақ үшін қуат тапшылығынан құтылу үшін атом энергетикасы экологиялық тұрғыдан ең таза әрі экономикалық тұрғыдан ең тиімдісі болғандықтан, дүние жүзі елдері соған иек артып отыр.

ХХ ғасырдың 40-жылдарында кеңес ғалымдары алғашқы кеңестік атом бомбасын жасау ісі аяқталмастан-ақ (оны сынақтан өткізу 1949 жылы 29 тамызда өтті), атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудың алғашқы жобаларын жасақтауға кірісті, оның негізгі бағыты электр энергиясын алу болды.

1948 жылы И.В.Курчатовтың ұсынысымен атом электр энергиясын алу үшін энергиясын практикада қолданудың алғашқы жұмысы басталды [4].

1979 жылы Три-Майл-Айленд АЭС-інде, 1986 жылы Чернобыл АЭС-інде ікі көлемді апат болды, оның сол жерге келтірген салдарынан басқа, жалпы әлемдік электр энергетикасына көп зардап әкелді.

Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жағдай – конструкторлар мен құрылысшыларының салғырттығынан болған деп танылуда. Екіншіден, одан бері 20-30 жыл уақыт өтті, одан бергі кезеңде ғылым бір орнында тұрып қалған жоқ, дамып жетістіктерге жетті, жаңа жобалар дүниеге келді.

Осындай апатты жағдайлар дүние жүзінің мамандарының АЭС қауіпсіздігін күшейтуі, ол үшін барлық елдердің ғалымдары мен мамандарының ынтымақтастықты дамытуы қажеттігін көрсетті [5].

1989 жылы 15 мамырда Москвада өткен Құрылтай ассамблеясында Дүниежүзілік атом электрстанциялары операторларының ассоциациясы (ағылш. WANO) құрылғандығы ресми жарияланды. Ассоциация өзінің алдына дүние жүзінде ядролық қауіпсіздікті күшейту бойынша халықаралық бағдарламаларды жүзеге асырудың зор міндеттерін қойды [6].

Қазіргі таңда АЭС АҚШ-та барлық энергияның 20 пайызын, Жапонияда 40 пайызын, Францияда 80 пайызын өндіреді. Ұлыбритания үкіметі жаңа буындағы АЭС-тердің кең ауқымды құрылысының бағдарламасын мақұлдады. Мамандардың айтуынша, алдағы жиырма жылда 450-ден астам жаңа станция салынады екен. Әлемнің 19 елі бейбіт атомды дамыту бойынша өз бағдарламаларын қолға алуда. Мұның өзі болашақтың қамын ойлай бастағанынан болып отыр. Тек осылайша ғана Жер-анамызды миллиардтаған тонна көмірқышқыл газының, миллиондаған тонна басқа да түрлі зиянды заттардың улы қалдықтарынан қорғай аламыз. Планетамызды ғаламдық жылынудан сақтаудың да бір жолы осы.

Бүгінгі таңда дүние жүзінде 400-ден астам атом электр станциялары жұмыс істеп тұр. Оның ішінде Ресей Федерациясында отыздан астам АЭС бар. Ал кеңестік кезеңде Чернобыль апатынан зардап шеккен Украинаның өзінде қазіргі кезде 13 атом реакторы 11207 МВт электр энергиясын беріп тұрса, тағы да қуаты 3800 МВт құрайтын 4 реактор салыну үстінде. Ал ВБЭР-1000 реакторы қазір Болгарияда салынуда.

Қазіргі кезде қауіпсіздігі жоғары ГТ-МГР секілді жаңа буын ядролық реакторлардың халықаралық жобалары жасақталуда.

Ресей әлемде бірінші рет елдің жағалауындағы энергия жетімсіздігін шешетін жүзбелі АЭС құрылысын бастады [7].

АҚШ пен Японияда жекелеген өндірістерді, тұрғын үйлерді, болашақта жеке үйлерді жылумен және жарықпен қамтамасыз ететін қуаты 10-20 МВт болатын мини АЭС жобалары жасақталуда.

 

 

Атом өнеркәсібі кешегі кеңестік кезеңде дамығаны баршаға мәлім. Атом энергиясының негізгі көзі – уран өндіру мен оны байытуда кеңес ғалымдары, оның ішінде Қазақстандық ғалымдар да біршама тәжірибе жинақтады. Оған осы сала бойынша ең озық технология енгізгені үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты [8].

Қазақстан атом станциясын құруға және оны пайдалануға дайын. Баршамызға мәлім, әлемдегі ең алғашқы жылдам нейтронды өнеркәсіптік БН-350 реакторы Ақтау қаласында 25 жылдан астам уақыт жемісті жұмыс істеді. Мұндай реакторлар Франция, Жапония, Ұлыбританияда да болған. Олардың ешқайсысы да дәл біздікіндей БН сияқты ұзақ уақыт жұмыс істеген жоқ. Бұл елдер реакторды коммерциялық мақсатта қолдана алмағандықтан, тек зерттеу жұмыстарына ғана пайдаланды да, соңынан жауып тастауға мәжбүр болды. Жылдам нейтронды реакторлар тек Ресей мен Қазақстанда ғана сәтті жұмыс істеді. Бұл осында жұмыс істейтін адамдардың жоғары біліктілігін көрсетеді. БН реакторын пайдаланған сол атомшы мамандар мен ғалымдар МАГАТЭ-нің бақылауымен қазір оны қолданыстан шығару ісімен шұғылдануда. Демек, атом бізге жат дүние емес [9].

Date: 2015-07-22; view: 546; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию