Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесіндегі рөлі





Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады [1,2,3,4]. 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауына болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», -делінген [5, 8 б.]. Бұл жолдар әр баланың білім алуына мемлекеттің басты назар аударатынын және ол отбасының парызы екенін айғақтай түседі. Сондай-ақ, Білім заңының 49- шы бабында ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер «баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға, білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға, өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек алуға құқығы бар» және олар «балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті», - деп [2, 7 б.] жазылып, жас ұрпаққа тәрбие, білім беру үдерісінде қатысушы субъект ретінде ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеген. Бұл нұсқау оқушылардың білім, тәрбие сапасын арттырудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қажеттігінен ашып көрсетеді.

Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басынан төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Баланың негізгі тәрбиешісі-өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы қажетті жағдай болып отыр.

Ерте замандағы грек ғалымдары Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит өз еңбектерінде тәрбиенің мақсатын құл иеленуші мемлекеттің саяси міндетімен ұштастыруға тырысты, адамның рухани өмірінің заңдарын ашты, тәрбие қызметінде басшылыққа алуға болатын бірқатар ережелерді қалыптастырды. «Баланы кішкентай кезінен бастап тәрбиелеу керек, жеке адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне, алған біліміне байланысты», - дейді Демокрит. Оның: «Әкенің жағымды ой тастауы – балаға деген дұрыс тәлімгерлік», - деген сөзінен әкенің балаға өз сөзімен, ісімен, сенімімен үлгі бола білуіне үлкен көңіл бөлгенін көреміз. Сол кездегі грек философы Пифагор «Заңды сыйла» ережесінде балаға білім, тәрбие беруді ата-анаға міндеттеген; білім ордаларында отбасы мен мектеп бірлесе баланың білім, тәрбие алуына ортақ мүдделес екенін айтқан; жас ұрпақтың әкені, үлкенді сыйлауына көңіл бөлген; адамдар, туыстар арасында сыйласымдылық қалыптасуын көздеген. [6]

XI ғасырда жазылған Қайқауыстың «Кабуснама» еңбегі де отбасы тәрбиесіндегі ата – ана рөлін аша түседі. Кабуснамадағы «Ей, перзентім, сен осы үгіттерімді ұғып іске асырсаң, мен аталық парызымды өтегенім. Жақсы көрген адамым да, үмітім де өзіңсің. Сондықтан бар асылымды өзіңе тапсырдым, сен оны дұрыс пайдаланып, қисық жолға қадам баспағайсың» [7, 10 б.] - деген насихат сөздері бүгінгі күнге дейін тәрбиелік құндылығын жойған жоқ.

«Тадбири манзел» еңбегінде Ибн Сина негізгі бөлімін «мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу», - деп атаған. [6] Өз еңбегінде ғалым отбасындағы білім берудің негізін қалауға тырысты. «Егер отбасы балаға білім беру әдістерін дұрыс пайдалана алса, өз өмірінде бала бақытқа кенеледі», - деген сөзі келер ұрпақтарға өзінің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасымен құнды болып қала бермек.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастықта бала тәрбиелеуі соңғы жылдарда жазылған ғылыми зерттеу еңбектерінде білім беру сапасы отбасы мен мектептің әрекеттестігімен тығыз байласнысты екені зерттеу нысанасына айналған. Мәселен, Г.К.Байделдинованың «Болашақ ұстаздарды отбасы мен мектептің ынтымақтастығын ұйымдастыруға дайындаудың ғылыми-теориялық негізі» [8], Қ.Т.Әтемованың «Оқушыларға гумандық қаситтерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы» [9], А.А.Шарафадиннің «Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары [10]», С.С.Қоңырбаеваның «Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномәдени құндылықтар негізінде даярлаудың педагогикалық шарттары» [11], Ш.М.Шүйіншинаның «Оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің бірлігінің педагогикалық шарттары» [12], Д.Ә.Нұрғалиеваның «Тәрбие процесінде 5-9 сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» [13], Ұ.Ә.Есімнің «Қазақ отбасында халықтың педагогикалық құралдары арқылы мектеп жасындағы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық шарттары» [14], Г.Колесованың «Оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісінің отбасы мен педагогикалық ұжымының өзара әсерін ұйымдастыру» [15] атты ғылыми-зерттеу еңбектерінде бұл мәселе түрлі аспектілерде қарастырылған.

Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қазіргі адамзаттық өзара түсінісуінің, ортақ мәселелерді біріккен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті қамтамасыз етуінің негізгі формасы болып табылады. Ынтымақтастық педагогикасы – тұлғаның дамуында гуманизм пирнциптері мен шығармашылық тұғырға сүйенген тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің өзіндік жүйесін көрсететін XX ғ. екінші жартысындағы отандық педагогикадағы бағыт.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеялары анықталды: баланы жақын даму аймағында оқыту; қысымсыз оқыту; тірек сызба түрінде орналасқан белгілердің, кілтті сөздердің жиынтығы; озу идеясы; күрделі блоктар идеясы; таңдау еркіндігі идеясы; диалогтық ойлау идеясы; идея интеллектуальды рең классы идеясы; мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен қызметінің идеясы; бос уақыттағы ерңктілік идеясы.

Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесі ретінде көп аспектілі; бірақ онда маңызды орынды «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы алады.

Ынтымақтастық қызметі оқушы мен мұғалімнің тепе-теңдік жағдайында дамиды. Мұнда оқушы өзінің оқу қызметінің субъектісі болып табылады [16]. Бұл технология арқылы ынтымақтастық ұжымның әкімшілікпен, мұғалімдермен және оқушылар ұжымымен, сондай-ақ қоршаған әлеуметпен – ата-аналармен, отбасымен, қоғамдық ұйымдар арасында туындайды. Ынтымақтастықта оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ішкі күштері мен қабілеттерін ояту, тұлғаны жан-жақты дамыту мақсатында баланың бар мүмкіндігін пайдалану. Мұндай тұғыр балада өзі туралы жағымды түсініктерге, ары қарайғы даму мен өзін-өзі жүзеге асыруға сәйкес келетін жағымды мен тұжырымдамасын қалыптастырады.

Ынтымақтастық педагогикасы келесідей принциптер бойынша негізделеді: оқыту мұғалім мен оқушының шығармашылық өзара әрекеттестігі ретінде; қысымсыз оқыту; күрделі мақсаттар идеясы; күрделі блоктар идеясы (блокта бірнеше сабақтардың біріктірілуі); тіректердің қолданылуы (тіректік сигналдар, сызбалар, бөлшектер); іс-әркет өзіндік анализі (топтық, индивидуальды); интеллектуальды фон классы;ұжымдық шығармашылық тәрбиелік қызмет (коммунарлық әдістеме); оқушылардың өзін-өзі басқаруының дамуы; мұғалімдердің бір-бірімен және ата-аналармен ынтымақтастығы [17, 59-61 б. ].

Мектеп пен отбасының өзара әрекетінің басты қызметтері: ақпараттық; тәрбиелілік-дамытушылық; қалыптастырушылық; қорғау-сауықтырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық.

Аталған өзара әрекеттің міндеттері: Ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру; Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру; Бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қалыптастыру.

Мектеп пен отбысың өзара әерекетін үйымдастыру жолдары: Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу; Отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру; Олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.

Яғни, отбасы мен мектептің бірлескен әрекетін тиімді ұйымдастыру педагогикалық зерттеулерден басталады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз – бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірін-бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы деген қорытындыға келдік.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы жасөспірім тәрбесінде – ортақ мақсатты бірлесе талдау, өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция түрлерін қамтиды. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде ортақ келісімде іс-әрекеттер, өзара түсіністік қалыптасады. Бұл жерде мектеп ұжымының ынтымақтастығы, жасөспірімдердің бірі-бірімен ынтымақтастығы және отбасы мүшелерінің ішкі ынтымақтастығы да аса маңызды факторлар екендігі айту керек.

Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы дегеніміз – жасөспірімнің тәрбиесін жақсарту мақсатында бағытталған, келісілген, үйлестірілген, әсер ететін шаралардың бір жүйеге бірігуі.Жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының жоғары өлшемді болуына сынып жетекші, педагог-психолог, әлеуметтік-педагогтың орны ерекше. Сонымен қатар пән мұғалімдері де жасөспірімді тәрбиелеуде өз үлестерін қосып отырады. Олар жасөспірімдердің пәнге деген ынта-ықыласына байланысты жасөспірім бойындағы белгілі бір ерекшеліктері, қызығушылықтары арқылы тәрбиелей алады.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, жеке болған мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен, отбасымен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері. 1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. 2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. 3. Ата–аналар ұжымын құру. 4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. [18]

Ұстаздар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары: тәрбиелік-дамытушылық; қалыптастырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық; хабарламалық. Міндеттер: ата- аналарды белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру; ата – аналарды педагогикалық білім – білікпен қалыптастыру; ата – аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.

Сынып жетекшісінің ата – аналармен қарым – қатынасының формалары.[19]

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары: ата- аналар жиналысы; жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар; ұстаздың жеке ақыл-кеңесі, әңгімесі; оқушылардың үйін аралау; ата – аналар университеті; ашық есік күні.

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары: тақырыптық ақыл- кеңес, әңгіме; ата-аналар оқуы; ата-аналар кеші; ата- аналар тренингі.

 

 

Сурет 1. Мектеп педагогикалық ұжымы ата-аналар қауымымен бірлесіп жүргізетін жұмыстар

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесін қалыптастыруда сананы қалыптастыру, іс-әрекет ұйымдастыру, ынталандыру әдістері және ата-аналар жиналысы, т.б. сынып және сыныптан тыс сағаттар, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Е.Н. Ильин [20] өз еңбектерінде мектеп пен отбасының байланысы жөнінде жазған. Ол мектеп пен отбасының ынтымақтастығында әдістер көрсеткен. Соның негізінде «ашық хат» үлгісін алып қарасақ. Осы «ашық хатты» қазіргі кезде де қолданысқа жеткізсек, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы нығая түсуші еді. Біз осы әдісті ұсынып отырмыз. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын, сынып жетекшінің ата-аналармен жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Ашық хаттың мақсаты: оқушылардың ата-аналарына өз балаларының оқу-үлгерімі жайында мадақтап хат жіберу, сол арқылы ата-аналарды жиналысқа толық қатыстыру, мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту.

Ашық хаттың үлгісін төмендегідей көрсетеміз:

 

Сурет 2. Ашық хат үлгісі

 

Жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының моделін ұсындық. Мұнда отбасы мен мектеп байланысының тығыздығын және де қоғамнан тыс қалмау қажеттігін көрсеттік. Тұлға дамуында отбасы, мектеп, қоғам қажеттілігі басты орында. (3 сурет)

 

Жасөспірімдерді тәрбиелеудемектеп пен отбасы ынтымақтастығының моделі

 

Отбасы мен мектепынтымақтастық жағдайында еңбек тәрбиесінжүзеге асыру-баланың болашақтағы өмірлікқызметін айайқындауға көмек бередікөмекбереді

 

Date: 2015-07-22; view: 4813; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию