Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Досым Қайырбекұлы Омаров





 

Досым Қайырбекұлы Омаров – 1948 жылы наурыз айының 1 жұлдызында бұрынғы Семей облысындағы Бесқарағай ауданы Бөденелі ауылында дүниеге келді. Бөденелі ауылындағы Амангелді атындағы орта мектепті 1966 жылы үздік бітіріп, сол жылы Барнауылдағы Алтайдың политехникалық институтына түсіп, оны 1971 жылы тәмамдады. Институтты бітірген соң өнеркәсіп, транспорт, оқу орындарында ұйымдастырушы, конструктор, оқытушы болып түрлі қызметтер атқарды. 1979 жылы Мәскеудің В.П. Горячкин атындағы ауыл шаруашылығы инженерлері институтына аспирантураға түсіп, кандидаттық диссертациялық жұмысын қорғағаннан соң, Алматы ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында ғылыми жұмыстармен шұғылданды. 1987...1991 жылдары Алматының зооветеринарлық институтында дәріс береді.

1991 жылдан бастап республикалық «Абай» журналына қызметке ауысып, Абай дүниетанымын зерттеуге кіріскен. ҚР Ғылым Академиясы Философия институтында ізденуші болып «Абай дүниетанымы» атты тақырыпқа философия ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыс жазады. Алғашқы «Абайтану» кітабының авторы. Бұл кітапта автор алғаш рет Абайдың өмірін, оның өсу жолдарын, артына қалдырған мұрасын, оны қолдану жолдарын бір жүйеге келтіреді. Автор осылай Абайдың ұлылық сырларын айқара ашады, сонымен бірге, ойшыл ілімі арқылы халыққа рухани білімнің тереңіне үңілуге мүмкіндік береді.

Досым Қайырбекұлы Омаров «Абайтану курсы», «Ұлылар үндестігі», «Абайтану», «Жасару құпиясы», «Абайдың рухани мұрасы», 2008 жылы «Шәкәрімнің үш анығы» және «Шәкәрім шыңы» атты дүниетанымдық кітаптарды жазып, сонымен бірге қоғамның ғылыми-техникалық, саяси-әлеуметтік, рухани, философиялық салаларына арнап жүзден аса ғылми дүниетанымдық мақалалар жариялады. Оның кітаптары мен қаламынан шыққан басқа да еңбектері адамның сана-сезім, ой-өрісін өсіретін, көпшіліктің іздеп жүріп оқитын шығармасына айналып, өз оқырмандарын тауып, олардың сүйіспеншілігене бөленуде.

(Мұқабаның сыртқы бетінің ішкі жағына қысқаша өмірбаяны фотосуретімен)

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жол сілтедім жақын емес, алысқа. Ахмет Байтұрсынов

Төлжан Дүйсенбекұлы Жақсыбаев 1968 жылы қаңтардың 5 жұлдызында, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының бұрынғы «Қаратау» совхозы, «Бақырлы» елді мекенінде дүниеге келген.

1991 жылы Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы педогогикалық мәдениет институтын бітіреді. 1991 – 93 жылдар аралығында мұғалімдік қызмет істейді. 1993 жылдан өзінің жеке кәсіпкерлігімен шұғылданады.

2001 жылының сәуір айынан бері «Ата жолында» қызмет істейді. «Ақ ұлдың» тікелей шәкірті. Қарасай ауданының Алғабас ауылында «Сарбай ата» ордасы бар. Алланың құдіретімен, киелі ата-бабалардың батасымен елді емдейді, адасып жүрген пенделерді имандылыққа жетелейді.

Төлжан Дүйсенбекұлы қамал алар қырықтың қырқасындағы – орта бойлы, шымыр денелі, қысқа қырқылған қайратты қара шашы келбетті қараторы өңіне жараса кеткен, жанарынан мейірімділік шуағы төгіліп тұрған, жаны жайсаң, көңілі жомарт, елім-жұртым десе етінен ет кесіп беретін, мәрттігі мен жомарттығы өзіне ғана жарасқан, рухани санасы мен жеке басының мәдениеті өте жоғары, өзін жан-жақты рухани дамыта білген, халқымыздың бұрынғы да, қазіргі тарихы мен ауыз-жазба әдебиетін жетік білетін, домбырамен ән салатын, өзі де ән шығаратын, қаламының ұшының желісі бар – талантты да, зиялы – қазақтың бір туар ұлдарының бірі.

Бірде Төлжан Дүйсенбекұлы қатты ауырып, екі күн орнынан тұра алмайды. Осы мезетте түс көреді. Түсінде бір ата тек сақалы ғана көрініп, теріс қырындап қарап тұрады да: «оқы, оқы, оқы», – деп үш мәртебе қайталайды. Сол кезде Төлжан түсінде «Ықылас» сүресін оқып ала жөнеледі. Төлжан бұған дейін, аят білмек тұрмақ, қолына Құран кітабын ұстаған емес. Осыдан кейін қорықанынан ішімдік пен темекіні бірден қояды.

Төлжан Дүйсенбекұлы былай деп пайымдайды: «Алла тағала әрбiр атомның iшiнде болып, олардың өзгерiстерiн басқаратын болғандықтан, әлемдегi құбылыстардың өзгерiстері де Алла тағаланың ырқында. Алла тағаланың бүкiл материалдық әлемдi басқаратынына «Ата жолы» қозғалысында қызмет істегеннен, өзім тылсым дүниенің сырын ұға бастағаннан кейін шүбәсіз сендім. Адам баласы Жаратушыдан қашықтай бастаса, онда оның ағзасы, психикасы және рухы әлсіреп, мінез-құлқы төмендеп, денесінде өмір беретін керекті жасаушалары өліп, оның орнына керексіз, тіпті, зиянды жасаушалар пайда болып, үйлесімділік жолынан тысқары, түрлі табиғи тылсым құбылыстар пайда болуы мүмкін».

Бұл кітап Төлжан Дүйсенбекұлы Жақсыбаевтың алғашқы тырнақ алды шығармасы.

(Мұқабаның сыртқы бетіне қысқаша өмірбаяны фотосуретімен)

Тәннен жан артық едi, тәндi жанға бас ұрғызса керек едi. Жоқ, бiз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бiздi жас кезiмiзде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедiк. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңiлмен қарамадық, көзбен жақсы қарамадық, көңiл айтып тұрса, сенбедiк. Абай

Date: 2015-07-22; view: 915; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию