Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гүлнәрдің қайта гүлдеуі





Гүлнәр Бейсембекқызы Жұмабаева: 8 705 243 35 41; Үйі. (8 727) 2 38 19 98;

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш – ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай

Гүлнәр Бейсембекқызы Жұмабаева 1962 жылы, қыркүйек айының 3 жұлдызында, бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл елді мекенінде дүниеге келген.

Гүлнәр Бейсембекқызы 1986 жылы Алматы қаласындағы мединститутты бітірген дәрігер-провизор (дәрі-дәрмек жасайтын маман).

Күйеуі Бейбіт Нұрмашұлы Жұмабаев, Жамбылдың технологиялық институтын бітірген технолог маман. Екі қыз бір ұлдары бар. Үлкендері Әсел тұрмыста, күйеу баласы шекерашы офицер. Екіншісі Әлия студент. Кенжелері Бауыржан 3,5 жаста.

2002 – 2003 жылдары Түргенде тұрғанда, Гүлнәр мен Бейбіттің өздерінің жеке кәсіпкерлігі болады. Осы жылдары қанша жанталасса да, жұмыстары жүрмей, жолдары байланып қалады. Тығырықтан жол іздеп бармаған бақсы-балгерлелі қалмайды. Бірақ, олардан қайран болмайды. Сөйтіп қаңғалақтап жүргенде, Алматы қаласының Татарка мөлтек ауданында тұратын, «Ата жолы» қозғалысында «Сарбай ата» ордасының жетекшісі Төлжан Дүйсенбекұлы Жақсыбаевтың шәкірті – Айгүл деген апайларының «Балпық би» ордасына тап болады. Шырақты алғаш рет көріп, аталар әруақтарының берген баталарына таң-тамаша болады. Киелі атаның басына бару керек дегенді шала-пұла түсініп, Бейбіт екеуі өз беттерінше Түктібай атаның басына үш қабат барып құрбандықтарын шалады. Түсінгеннен кейін бес атаға шығады. Жамбыл атаның әруағы батасында, өтіп кеткен өмірлері туралы егжей-тегжейін бақайшығына дейін айтып бергенде жағаларын ұстайды. Гүлнәрға: «Қызым, қазан-ошағыңның басы шашылған екен. Бес жерде қазаның қалыпта, соны жинап аласың, сонан соң 3 айдың ішінде басыңда өзгеріс болады», – дейді. Бұл не деген сөз деп ойлап көрсе, сатылған үйінің, дәріханасының, дүкенінің артында т.б. көшкен жеріне тастап кете берген екен. Жинап алады.

Арыстанбаб бабаның басына бірінші Бейбіт барады. 16 ата берген батасының бәрінде, Гүлнәр басымызға келсін деп аманатқа сала берген.

Гүлнәр – Айгүл апайының шырағына жиі барып тұрады. Өзі қатты ауырады, дәрігерлерге барады, нәтиже жоқ. 2004 жылы сәуір айында керуенмен Түркістанға кетеді. Арыстанбаб бабаның басына барғанда көп нәрсені айтады. Бір кезде: «Балам, дүңгіршегің бар екен, астындағы жынды суды аластайсың, 7 айдың ішінде отбасыңа бір жақсылық бар, бірақ 36 күн дегенде отбасыңда құрбандық шаласың, 48 күн дегенде «Ақ ұл»-ға барасың, Айша анаңның басына барғанда өзіңе толықтырып беретін ақ батасы бар», – деп бата береді. Кенесары ата батасында, аян аласың дейді. Ақбура атаның басында: «Қызым таң алдында өзім келіп деп саламын, аян бар, бір жақсылығың болады сол аянымды алғанда», – деп бата салады.

Гүлнәр сол күні ұйықтап жатқанда таң ата түс көреді. Түсінде басына тамшы ағып тұр екен, оны жұтқандай болады. Шекесіне тигенін анық біледі. Өстіп жатып оянып кетеді. Оянса далада жаңбыр жауып тұр екен. Қайтқанда қатты ауырып келеді. Келгеннен кейін ауруы сап тиылады.

36 күн өткеннен кейін туған-туысын, көрші-қолаңды шақырып құрбандық шалып, ата әруағының айтқанын орындайды. Үйіне Райгүл мен Ердәулет келеді. Ердәулет: «Тәте, сіздерге бүгін біздерді жіберді, орда ашасыз ба?» – деді. Гүлнәр: «Білмеймін бірақ, Түркістанда Айша-Бибі ананың әруағы «аққулық» және адам емдейтін қасиет беріп орда ашуды аманат еткен болатын», – дейді. Ердәулет: «Онда батада көресіз», – дейді. Бір кезде Ердәулет: «Тәте үйлеріңізде әскери адам бар ма? Босағаларыңызда бір сарбаз әскери бала бар ғой», – деді. Гүлнар: «Бізде ондай ештеңке жоқ», – дейді. Ердәулет аталардың әруағынан бата сұрады. Сол кезде Бауыржан Момышұлының әруағы келіп: «Қызым, құрсағыңда тұяқ бар, 7 айдың ішінде ұрпақ келеді, атын Бауыржан қоясың, бірақ көріп қалғанда қорқып қалмассың, 13 жасқа толғанда балаңды басыма әкеліп үлкен бір құрбандық шаларсың, сонан кейін балаңның өзінің бойындағы ашылатын жайы бар», – деп бата салады. Бұлар ойлайды да қояды.

2004 жылдың мамыр айының 17-ші жұлдызынан бастап, үйінде «Бауыржан ата» ордасын ашып, шырақ жағады. Әр сәрсенбі сайын елді емдейді, бата береді. Қазір шыраққа халық лек-легімен келеді. Оның ішінде неше түрлі ұлт өкіледері мен әр түрлі діни ағымдағы – орыстар, немістер, украиндер, ұйғырлар, татарлар т.б. мен баптистер де бар. Қазір орыстар лек-легімен ағылуда. Осы жерде олар көңілеріне медеу, ауруларына шипа тауып, шексіз ризашылықтарын білдіріп жатады.

Гүлнәрдің аяғы ауыр болып, тура 7 ай дегенде ұл дүниеге келеді, атын Бауыржан қояды. Сәби Бауыржан туғанда оң құлағының қалқаншасының түбіртегі ғана бар, ерекше нышанды бала болып дүниеге келеді, бірақта дені сау, есту қабілеті қалыпты. Алдында әйелдер ауруымен қатты ауырып жүрген Гүлнәрға, дәрігерлер енді бала көтере алмайсың деп қорытынды берген. Түркістанға барып келгеннен кейін барлық ауруларынын жазылып қана қоймай, 15 жыл өткен соң қайта бала көтереді. Бұл да бір Құдайдың құдіреті!

Гүлнәрдің үйіне арақ ішкен адам қонбайды, егер ішіп келген адам қонатын болса, саптама етік киген адам біреу тарс-тарс жүреді, ал ішкен адам қылқиып отырған жерінен тұра алмай, көзі бақырайып, сілейіп отырады. Осыны білетін арақкеш туыстары қазір Гүлнәрдің үйінің маңына да жоламайды.

Гүлнәр босанғаннан кейін баласын шала туған балалар жататын жерге алып кетеді. Кейін өзі жансақтардан (рениамация) шықаннан кейін баласының жанына жатуға барады. Баласы шыны әйнектің астында. Қасында жас келіншек, ол да баласымен бірге жатыр екен. Ол айтады: «Түн баласы мына баланың жанында ұйықтауға болмайды. Есік ашылады да, біреу тарс-тарс жүреді. Баланың жатқан бесігі өзінен-өзі қозғалады, көзімді ашсам ешкім жоқ», – деп айтады. Содан, сәби Бауыржанды басқа бөлмелерге ауыстырса да, әлгі жағдай күнделікті қайталана береді. Барған бөлмесіндегі әйелдер азар да, безер болып дәрігерлерге шағым жасайды, біз мына баланың жанына жатуға қорқамыз деп. Өстіп, сәби Бауыржан мен әруақ атасы Бауыржан емхананы, шешесі қасына келгенше, екі апта шулатады.

Date: 2015-07-22; view: 738; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию