Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дүние-мүлікті қарызға алу





 

Біреу жақсы ниетпен қарыз алса, қарызға алған ақшасын қайырлы (жақсылыққа) қаражат жасаса, Алла тағала ол кісіден жәрдем аямайды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Сіз бағалы бір затты қарызға (кредитке) алған кезіңізде, борышқа белшеңізден батасыз. Сіздің тұрмыс жағдайыңыз құлдырай бастайды, себебі қалтаңыздан ақша төлеуге мәжбүрсіз. Сіз банкирді байытып жатырсыз. Өміріңіздің бір бөлігі осыған кетеді.

Сіз қарызға алған затыңызды пайдаланасыз, бірақта осы затты алған сәттегі қуанышыңыз көп ұзамай су сепкендей басылады. Ақша дағдарысына ұшырайсыз. Нақтылы шаттық – жоқтан бар жасап, өзіңізге және қоршаған ортаңызға жайлы жағдай жасағанда ғана келеді.

Әлі түйін салмаған алманы жей аласыз ба? Жесеңіз де тек қана ойша. Сонда қалай болғаны? Өзіңіз еңбек сіңіріп барып таппаған үйіңізді, бағалы дүниеңізді, машинаңызды қалай ғана пайдаланасыз? Бұл ақымақтық.

Сіз жаныңызды салып болашақ ұрпақтың несібесін ұрлап жатырсыз. Сіз де, балаларыңыз да бас еркіндіктерінен айрылды. Неліктен? Себебі өркениеттің (цивилизация) тырнағына іліктіңіз.

Адам өзі құрған, жасаған немесе ата-бабасынан мұраға қалған дүниелерді, бағалы заттарды ғана пайдалануы қажет. Тіпті мұраға қалған дүниені пайдаланғанның өзінде де, осыны ары дамытып көбейтпесе, бұл да таусылады.

Өсімқорлық

 

2 – Бақара сүресі, 278, 279 аят. 47 бет.

278. Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер өсімнен қалып қалған (Аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар). 279. Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұны Аллаға, Пайғамбарларына қарсы соғыс деп біліңдер. Егер тәуба қылсаңдар, сонда малдарыңның басы өздеріңдікі. Зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамаған боласыңдар.

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі.

 

Өсімқорлық дегеніміз біреуге қарыз ақша беріп, қайтарғанда үстемемен алу. Қасиетті Құран Каримде айтылған. Өсімқорлық – зор күнә.

Егер де ақшаны өсімімен қарызға берсеңіз – адамды өзіңізге тәуелді қылып қоясыз. Бұл дегеніңіз – құлдық. Бұлай істеу қарыз бергенге де, қарыз алғанға да өте қауіпті. Түсіндірейін. Жоғары ес (сознательный разум) пен төменгі есте (подсознательный разум) қарыз алушы – еңсесін езіп тұрған қарыздан құтылғысы келеді. Бұдан құтылудың бір жолы – қарыз берген адамның көзін жою. Адам жоқ – шырғалаң жоқ. Сондай-ақ төменгі естің ауқымында – қарыз алған адам, қарыз берген адамға үнемі – жамандық, жауыздық, ауру, апат, өлім тілеп жатады.

Мейірімділер қол астындағы кісілерге қайырымдылық жасайды. Тәртіпсіздік дөрекіліктің белгісі болса, садақа бәлені қайтарады. Әйелдің айтқанын істеген түбінде жақсылыққа алып бармайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Өсімқор – алғыс емес, үнемі қарғыстың құрсауында болады. Қазақ атам айтқан: «Көп тілегі қабыл болады», – деп. Кей кездерде осы адамдардың ойының қабылдануы ғажап емес, әлемнің әділеттілік заңына сай қалыпты жағдай.

Қарыз алған адам – күле кіріп, күңірене шығады. Өсімге қарыз беруші адам, осы қағиданы санасына сіңіріп, миының бір қыртысына қашап жазып алғаны жөн болар еді.

Date: 2015-07-22; view: 633; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию