Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Біз қарыздарды қалай жасаймыз?





Қарыз Алланың жердегі туы. Егер Алла қайсы бір пендесін жазалағысы келсе оның мойнына қарыз туын іліп қояды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Адамдардың көпшілігі қарыздар. Бірақта басым бөлігі осыны мойындағылары келмейді. Қарыздар әртүрлі болуы мүмкін. Ең біріншісі – өзіңе берген уәдені орындамау.

Өзіңізге өзіңіз қаншама уәде бергеніңізді есіңізге түсіріңізші. «Бітті, ертеңнен бастап темекі шекпеймін, арақ ішпеймін, карта ойнамаймын есесіне таңертеңгілік жаттығу жасап денсаулығымды түзеймін, салауатты өмір сүру жолына түсіп, тұрмысымды түзеймін, денсаулығымды шыңдаймын. Біреуді сыртынан сөйлемеймін, өсек айтпаймын. Кек сақтамаймын, көрсеқызарлық, көре алмастық, қызғаншақтығымнан арлып, танымды-тағлымды кітаптар оқып, рухани деңгейімді өсіремін. Имандылыққа бет бұрамын.» т.б. Өзіңіздің ата-анаңызға, жұбайыңызға, бала-шағаңызға, жора-жолдастарыңызға қаншама уәделер бердіңіз? Осылардың ішінде орындалғандары бар ма?

Біреуді телефон арқылы құттықтап ізгі тілек білдіргіңіз, енді біреуге қайрымдылық жасағыңыз келді, өкінішке орай осы жақсы ниетіңіз күйбің тіршілігіңіздің күлінің астында көміліп қалды. Бұл ар-ұятыңыздың алдындағы қарызыңыз.

Есіңізде болсын: Еш уақытта уәде беруші болмаңыз!

Бәрі өзгереді, бәрі уақытша. Сіздің кеше не бүгін берген уәдеңіз орындалмай қалуы мүмкін. Уәде де – қарыз.

Қарызды өзіміздің тойымсыздығымызбен табамыз! Көрсеқызарлығымыздың қалауы ала берсем екен дейді. Беруге келгенде мойынымызды ішке тығып бүгіжіктеп қаламыз, бар болса да қимаймыз, уысымыздан шығарғымыз келмейді. Осының бәрі өзіміздің қоршаған ортаға – қуатымыздың дұрыс бөлінбеуінің салдары. Өзіміздің өмірдегі мақсатымызды түсінбеуімізден туындайды.

Қоршаған ортамен қуат алмасуымыз бұзылған мезетте – денсаулығымыздың, тұрмысымыздың, адамгершілігіміздің, ақшамыздың, адамдармен араласуымыздың шырғалаңдары басталады. Алға басудың орнына, кері кете бастаймыз.

Біреулерді мүсіркеп аяу сезімі де қарыздардың туындауына себеп болады.

Қарыз – өзіңе, туған-туыстарыңа, жақындарыңа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіңіздің жетіспеуі. Сіз қоршаған ортаны сүйіспеншілікпен қабылдай алмайсыз, құрудың орнына құртасыз. Адамның негізгі болмысы құрту, жою емес – жоқтан бар жасап құру ғой.

Біздің жан дүниемізді, мінез-құлқымызды қарыз сезімі меңдеп алса, асқақ арманымызға, мақсатымызға орын қалмай қалады, себебі оңға да, солға да, алдыға да, артқа да қарызбыз.

Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,

Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.

Сәлем – борыш, сөз – қулық болғаннан соң,

Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр. Абай

 

«Қарыз» деген сөз жанымызды жаулап алады. Аяқ-қолымызды, ой-өрісімізді шырмап-матап тастайды. Өзім үшін емес, басқа біреу үшін өмір сүретін боламын, өз өмірімнің иесі болудан айырыламын.

Көптеген адамдар қарыз сезімі мен парыз сезімін айыра алмайды, шатастырады. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Анығырақ айтсақ – бір-біріне қарама-қайшы ұғым.

 

Тілемшіліктің не екенін білсеңіздер ғой, еш қайсыңызда біреуге бір нәрсе сұрап бармас едіңіздер. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Нақтылы қазақи түсінікте Қарыз деген сөздің мағынасы – «борышты», «малай», «құл», «қайыршы», «жарлы», «мүсәпір», «кеңкелес», «міндетті», «тәуелді», «жаны жаралы», «сорлы», «бишара», «сілімтік», «миғұла», «ынжық», «суайт» деген сөздердің мағынасымен астарласып жатады.

Қарыз – жазалау, істеген жамандықтарыңның қарымтасы, соққы, ауру, бақытсыздық, қайыршылық, кесепат, зұлымдық, жоқшылық, күйзеліс, азап т.б. келеңсіздіктеріңіздің себебінің бастауы – өзіңізді «сырты бүтін, іші түтін» пендеге біртіндеп айналдыратын алапат күш.

Егер де сіз өз өміріңізді өзіңіз басқара алмасаңыз, онда сіздің өміріңізді басқа біреу басқаратын болады. Қарыз осының таптырмайтын тамаша құралы.

Date: 2015-07-22; view: 641; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию