Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Руақтардың әлемдегі алатын орны қандай?





Әрбір кісі жақсылық үшін жаралған, сол жолды ұстаса бәле жаладан аулақ болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Әруақ дегендер кімдер? Әлемдегі олардың алатын орны қандай? Олар адамдармен не себептен хабарласады? Әуелгі қойылған сұрақтар осындай еді. Артынан олардың басқа бір жан иелері емес, осы жерде, не болмаса болмыстың басқа әлемдерінде өмір сүрген жандар екені, олардың өздерінің тәндерін тастап, енді ғарыш кеңістігінде жүргендері анықталады. Әруақтардың арасынан өздерінің бұрынғы туысқандарын, достарын танығанда, олармен сөйлесіп, кім екендерін біліп, көптеген дәлелдер көргенде, бұған ешқандай күмән қалмайды. Әруақтардың тәні қалып, бірақ жандары рухтарымен әлі де болса бұрынғы кезіндей өздерінің жақындарын көріп-біліп, олардың арасында жүргендерін, оларға жақсылық ойлап, көмектескілері келетінін айтып, оған көптеген дәлелдер келтіреді.

Шын мәнінде халық арасында әруақтар жөнінде ертеден қалған түрлі аңыздардан басқа нақты деректер әлі де болса жеткіліксіз. Әруақ ұғымы барлық халықтар арасында бар. Осының өзі олардың адамзат пайда болғанынан бастап бар екенін, адамзатпен бірге пайда болғанын дәлелдейді емес пе? Әруақтар әлемі көрнеу әлемге қарағанда өте нәзік, ауа, леп, дем тәрізді көрінбейтін, сондықтан адамдардың көріп-білуіне болмайтын әлем. Себебі, көрнеу әлем мен көмескі әлемнің екеуінің және ондағы өмірлердің мақсаттары екі бөлек. Олардың әрқайсысының өздерінің бөлек өмірі бар. Сондықтан болмыс заңдылығы бойынша олар біріне бірі кіріп, бірінің өміріне бірі араласпаулары керек. Осылай болу үшін бұл екі әлем бір-бірінен қатаң шектелген.

Бірақ бұдан олардың ешқандай байланысы жоқ деуге болмайды. Керісінше олар бір-бірімен тығыз байланыста. Мысалы, жоғары нәзік әлемдер төменгі әлемдерді басқарып, тағдырдың ұлықсатымен олардың дамуын бағыттап отырады. Тағдырдың ұлықсатымен деп жердегілердің еркіне қарсы емес, оларға ерік беріп, бірақ белгілі бір бағыт сілтеп отыруды айтамыз. Жоғары әлемдегілер төменгі әлемдегілердің еркіне ешуақытта шек қоймайды. Бұл болмыс заңдылығы. Сондықтан жоғары әлемдегілердің берген дұрыс бағытына қарамай, адамзат теріс бағыт алатын болса, оған әруақтар жауап бермейді. Бірақ, адамзат өмірінің қиын-қыстау кездерінде әруақтар әрқашан да көмекке келеді.

 

Date: 2015-07-22; view: 790; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию