Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шәмшінің арақты қоюы





Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде даналық бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)

Шәмшінің мол арманының бірі – Көкшетауға барып, өзі құдайдай табынатын Ақан-серінің басына тауап ету болатын. Ауылды жерде өсіп, қазақи ырымға қатты сенетін ол, қанша бөсіп жүргенмен жасы үлкендердің алдында еш әбестік көрсеткен емес. Сондықтан да ол ішер арағын Алматыда ішіп алды да Ақанның ауылына сап-сау боп барды.

Ақан-серінің бейіті «Тереңкөлдің» дәл жағасында. Көлге төнген ну орман бейітке тым тақала бермей, жағадан сәл қашығырақта. Ағашты мекендеген құстар да тым жақындай бермей, жағадан сәл қашығырақта. Көл бетінде жыбырлаған толқындардың шуылы бұл жерде білінбейді. Мола басы тып-тыныш. Бар өмірі серілікпен, думанмен, қуғынмен өткен Ақан осы жерде мәңгілік тыныштық тауыпты.

– Ассалаумулейкем, асыл аға, ақын аға! – деген Шәмші, Аманкелді, Еркештердің дауыстары бірдей шықты.

Мола бұларға байсалды үнсіздікпен жауап бергендей болды.

– Аға алыстан келді... Сенің басыңа келіп, басымды иіп, тізе бүккелі келдім, – деді Шәмші даусы дірілдей шығып.

Мола тағы да үнсіздікпен қабыл алды.

– Алыста жүрсе де, сені ешқашан есінен шығармаған, сенің әруағыңа шын пейілмен бас иген балаңның ақ жүректен шыққан сәлемін қабыл ал, аға! – деді Шәмші.

Мола тағы да үнсіздікпен қабыл алды.

– Балалар, тізе бүгіңдер, құран оқып жіберейін, – деген дауыс сәл бәсең, сәл тарғылданып шықты осы кезде олардың ту сыртынан.

Бұлар жалт қараған еді. Бәкене бойлы, шағын денелі қара шал тізерлеп кетті де, «уағзбилланы» ағыта жөнелді. Шал үніне құлақ салсаңыз, ол құран емес, ән. Бұларға түсініксіз болғанмен, құлаққа жағымды естілетін бейтаныс сөздер тыңдаған адамды тыныштыққа, бейілдікке, шақырғандай болады. Құранның үн ырғағына теңселіп отырған шалдың не бағыштап, не жоқтау айтып отырғанын ажырата алмайсыз, – екеуі де бар.

– Мен мына жатқан иманды болғыр серінің моласының шырақшысымын. Ата-жөнім Лекеров Мәжит. Биыл сексеннің екеуіндемін, – деді шал құран оқып болып.

Шәмші барып қол алды.

– Сері қайтыс болғанда мен он сегіз жастағы қылшылдаған жігіт едім. Сері мына біздің ауылдағы әпкесінің үйінде жатып қысты күні дүние салды. Жер тоң болатын Оны ойып, мола қазуға біздерді жіберді.

Шәмші бейіике жалт қараған еді, цемент тұғырда «Ақан-сері Қорамсақ ұлы, 1840 – 1910 жылдар» деген жазу бар екен.

– Мына тас серінің басына үшінші рет орнатылып отыр. Бұдан бұрын ағаштан салынған екі белгі мына төңіректегі орман өртенгенде от тиіп, бірге өртеніп кетті, – деді шал сөзін жалғап.

– Бұл ауылда Серіні жерлегендерден қазіргі көзі тірісі – жалғыз мен. Бейіттің қасынан жаман үй салып алып, Серінің басына шырақ жағып отырмын. Ол кісіні көзі тірісінде қатты силаушы едім, енді өлгенде де борышымды атқарып отырмын. Мен көз жұмған соң, кімнің шырақ жағатынын білмедім.

Шалдың даусы тебірене шықта да, ол дауысқа Шәмшінің жүрегі күңірене үн қатты. Арманда кеткен асыл ағасының көзін көріп, оның әнін өз құлағымен естіп, оны өз қолымен жерлеген адамды көргенде Шәмшінің көзі бірден бұлдырап, аспан бірден алыстап, дүние әрлі-берлі теңселіп кеткендей болды... Ол мола басына етпеттеп жата қалды да, бейітті құшақтаған күйі еңіреп жылап қоя берді.

Жылаудың да жылау бар, достарым. Біреулер – өкініштен, екінші біреулер сағыныштан жылайды. Біреулер ұрлатқан дүниесін азалап, тағы біреулер жоғалтқан асылын іздеп жылайды... Ал, Шәмші ешқашан орны толмас және ешқашан қайталанбас ерекше дарын иесінің жығылған туын әрі қарай көтеріп әкете алам ба, деп жылады, достарым!

Осы кезде, о ғажап, әлдекімнің:

– Уа, Шәмші, бұл – сенбісің? – деген дауысы дәл қасынан естілді.

Шәмші шапшаң басын көтеріп, жалт қараған еді, мола басында ешкім жоқ, жалғыз өзі. «Бұл бір әншейін елегізу» деген ой кірген Шәмші еңкейген еді. Әлгі дауыс қайтадан естілді.

– Уа, Шәмші, көтер басыңды, тұр орныңнан. Тір адамның өлгеннің жоғын емес, тіршіліктің қамын ойлаған абзал.

Шәмші тағы да жалт қараған еді, дәл қасында буалдыр тұман арасында тұрған секілденіп, тек сүлебесі көрінген әлдекім тұр.

– Ақан... Ақан аға! – деп айқайлап жіберді Шәмші.

– Иә, бұл – мен. Сен шын жыладың. Мен сонсын келдім.

Шәмші орнынан елбеңдеп тұрамын деп, тәлтіректеп құлап қала жаздады.

АҚАН: Қимылыңда кібіртік бар. Сен мұндай осал ма едің, Шәмші?

ШӘМШІ: Адам туа осал болмайды. Оны өмір осал етеді, Ақан аға.

АҚАН: Сен, немене, өміріңе өкпелісің бе?

ШӘМШІ: Жоқ, аға. Ризамын өмірге. Маған әннен қанат бітірді. Мен әнді өміріме серік еттім, сөйте тұра, қорқамын. Тәлтіректейтінім сондықтан.

АҚАН: Неге олай дейсің, Шәмші? Неден қорқасың?

ШӘМШІ: Әнімнің ғұмыры ұзаққа бармай ма деп қорқамын. Ән-жырымда келер ұрпақ есіне алмай ма деп қорқамын.

АҚАН: Кезінде бәріміз де содан қорыққанбыз. Әр әншінің басында бола беретін нәрсе ол.

ШӘМШІ: Жоқ! Жоқ! Басқадан, басқадан қорқамын мен! Мен түгілі, сенің де әндеріңді бажылдақ үнмен басып кететін басқа бір барылдақтан қорқамын.

АҚАН: Екеуміздің заманымыз екі бөлек. Мен сені түсінбедім.

ШӘМШІ: Мойнына домбыра орнына гитарасын асып алып, сақалы желкілдеп, ұзын шашы қобырап, тілі күрмелтіп, үні тұншығып, безгек болған кісідей қалтырап, шөжедей шырылдаған жастарды көргенде мен де бар дүниеден түңіліп, айдалаға безіп кетем. Болашағымнан, болашағымнан қорқам, Ақан аға!

АҚАН: Арақты сондықтан ішеді екенсің ғой?

ШӘМШІ: Жо... Жоқ... Жоқ-жоқ... Арақты өмірдің азабынан ішемін. Үнемі сыбағамнан қағылам... Көзіме мақтап, сыртымнан тас атады... Әнім самғаған сайын жолым кесіледі... Өрге жетелеген болып, білдірмей көрге сүйрегендер ішпесіме қоймайды, Ақан аға!

АҚАН: Болмадың Шәмші! Болмадың. Мен сені мықты деп білетін едім.

ШӘМШІ: Арсыздық үстем алған, аяушылықты білмеген бұл өмір менен де мықты Әблахатты, менен де биік Мұқағалиды әкетті. Кезек маған да тақалды. Мен мұңымды шаға, қоштасқалы келдім аға!

АҚАН: Жоқ, қоштаспаймын. Ел-жұртыңа айтар әніңді айтып болған жоқсың. Әнің асқақтап тұрғанда, мұндай осалдықты ұмыт сен. Батам сол, күресе біл. Жығылсаң жер көтереді, тек әнің құлдырамасын... Қызғаншақтар түңіліп – өздері ішсін. Әумин!

Осыны айтты да Ақан сүлебесі ғайып болды. «Ақан аға!» деп айқайлап Шәмші қалды. «Бұл не? Өңім бе, түсім бе?» деп, өзіне келе алмай біраз тұрды. «Ойбай-ау, мен неге күйінем? Мен неге түңілем? Әнім шырқаған шақта неге ішем?», – деген даусы қатты шықты... Шәмші Ақан-серінің ауылынан арақ деген аурудан мүлдем арылып қайтты.

Бұл 1977 жылдың көктемі болатын.

Шәмші осыдан соң өмірінің ақырына дейін арақ атаулыны аузына алмай-ақ кетті. Ол Көкшетауға барғандағы тағы бір шаруасы – сондағы психиатр-дәрігер досы Аманкелді Сұрағановтың қарамағында болып, арақтан емделу еді. Бірақ, аяулы ағасы Ақан-серінің әруағы оны еш қандай ем-домсыз-ақ айықтырып жіберді. Шәмші «Тереңкөлге» барғанда, оның қасында болған ақын Еркеш Ибраһим бұл ғажап оқиға жөнінде өлең-новелла жазған-тын. Ал, Ақан-серінің моласындағы шырақшы қартпен Шәмші одан соң жолыққан жоқ. Бірақ, өмірінің ақырына дейін сол қартпен бірге суретке түспедім-ау деп өкінумен өтті...

Оразбек Бодықов: «Шәмші Қалдаяқов хикаяттары», – Қазақстан Жазушылар одағының «Шабыт» баспасы – Республикалық «Дәуір» газет-журнал баспасы Алматы, 1992. 52 бет.

 

Date: 2015-07-22; view: 840; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию