Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шәкәрім әруағының ұлы Ахатпен тілдесуі





Жан талпынар талайды көрмек үшін,

Әр сырын дүниенің білмек үшін.

Дене байғұс салмақ боп баса берер,

Жаралған ғой түбінде өлмек үшін. Шәкәрім

Осы арада академик Ғарифолла Есімнің «Данышпан Шәкәрім» атты кітабынан алынған «Әке мен бала» атты деректі әңгімені келтіре кетейік. Енді әруақтардың кім екенін біліп, нәзік әлемдердің ғажайып құбылыстарымен танысқан соң бұл әңгіменің деректі екеніне, оның үлкен маңызы бар екеніне дау болмаса керек.

«Ахат құм басқан құдықты жалғыз өзі қазды. Еті арыған әке сүйегін алдына жайып қойып атылған оқтың ізін тапты. Әкесінің дене бітімін хатқа түсірді. Осы кезде күтпеген бір жай болды. Ол – оның кенеттен әкесімен әңгімелесіп кетуі еді...

Шәкәрім: Ахат балам, құлағыма шу келеді, бұл не шу!

Ахат: Әке, сіз жөнінде үлкен әңгіме болғалы жатыр. Оны мен көрем бе, естимін бе, білмеймін, қанша ғұмыр қалғаны да беймәлім. Бірақ артта өзіңді аңсаған қалың ел бар. Солардың шуы болмаса!

Шәкәрім: Ежелден қанда бар қасиет, бірі бері, бірі әрі тартады. Менің де көпке дейін құлағымнан шу кетпес!

Ахат: Өзіңіз айтқандай, өмір – жігіттік пен жендеттіктің күресі. Тіршілікте бәрі бар, әлі көптеген ұрпақ өз өміріне өкініп өтер.

Шәкәрім: Мен өмір туралы сөз айтуға хұқым жоқ. Айтқандарымды сендерге қалдырғам. Бәрін жинап, халқыма ұсын! Әркімнің қолында кетпесін, одан басқа менде сөз жоқ.

Әке бейнесі ғайып болды. Ахаттың алдында ұқыпты түрде жинап құрастырған сүйек мүрде жатыр.

Ахат қария бастап, ел қостап Шәкәрім қажыны арулап хаким Абайдың қасына жер қойнына өткізді. Одан әріде елеусіз мола болып, өз құпиясын сақтап жата берді. Әкесі туралы ақиқатты күте-күте зарығып Ахат та дүниеден озды.

Ахаттың жылы өткізіліп жатқан кезде әке мұрасы халық қазынасына келіп қосылды. Шәкәрім тұңғыш рет мектеп оқулығына енді.

Бұл аңыз емес, шындыққа айналған ақиқат». /11, 330-332 беттер/

Осылай Шәкәрімнің баласы Ақат Кеңес үкіметінің жендеттері атып өлтіріп, құдыққа тастап кеткен әкесінің сүйегін қазып алып, алдына салып отырғанда оның әруағы байланысқа кірген. Әке мен баланың арасындағы әңгіме, жоғарыда Шәкәрімнің өзі жазғандай, әруақтардың адаммен байланыса білетініне және олардың келешекті де көре білетініне бір дәлел. Шәкәрім әруағының «Мен өмір туралы сөз айтуға хұқым жоқ» деген сөзі оның фәни әлемде өз міндетін толық орындап кеткенін білдіретін тәрізді.

Әрине, Шәкәрім әруағы бүгінгі күндері басқа да жоғары әруақтарымен бірігіп «Ата жол» қозғалысының «аққулары мен сұңқарлары» арқылы қазіргі кезде халыққа өзінің үлкен көмегін көрсетіп жүргеніне дау жоқ. Мұның ақиқаттығын Семей өңіріндегі «аққулармен» бірге Шәкәрім кесенесіне барған адам айқын сезіне алады. Оның кесенесіне кірген сәтте-ақ рухани қуаттың әсерін бірден сезінуге болады. Шәкәрім әруағы да, өзінің қасында жатқан Абай әруағы тәрізді, келген адамдарға өзінің ақыл-кеңесін беріп, оның жақсы-жаман қасиеттерін көрсетіп, өмірін дұрыс жолға салып жібереді.

Осылай Шәкәрім өзінің шығармасында әруақтар туралы көптеген мәліметтер беріп, көрінбейтін әлемнің шымылдығын ашқандай болды. Әруақтар туралы жазғандағы мақсатын ол былай деп жеткізеді:

«Бұл кітаптағы сөздің түп мақсұты – барлықты (болмысты – Д.О.) жаратушыда білім бар ма, жан өлген соң жоғала ма, деген еді. Бұл екеуін бар, жоқ деушілердің сөзін білгенімше жаздым. Және жан жоқ деушілерге қарсы дәлел қылынып тұрған магнетизм, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, түс сияқтыны көбірек жаздым. Оны көп жазғаным қызықты ертегі айту емес, әртүрінің біреуін көрсетпекпін».

 

Date: 2015-07-22; view: 805; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию