Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дуасынан арылуы, көріпкелдік қасиетінің ашылуы





1994-2000 жылдар аралығында Ержан қатты ауырады. Ауруының себебін ешқандай дәрігер таба алмайды. Ең ғажабы дәрігердің алдына барса қызуы қалпында болады, үйіне келсе ыстығы көтеріліп кетеді. Дәрігер ары-қарап, бері қарап денің сау деп өтірік ауырып жүрсің, мұндай ауру болмайды деп қайтарып жібереді. Өзі қу сүйегі қалып, тірі әруаққа айналады. Тамағы 1-2 кесе шәй, басқа тамақ жүрмейді. Денесі лапылдап жанып тұрады. Фарбер деген еврей дәрігер болған, соған барады. Ол дәрігерлер ауруыңды таппаса, саған халық емшілеріне барғаның жөн болар дейді.

Ержан осының алдында марқұм әке-шешесін қаратам деп бармаған тәуіптері қалмайды. Борандайдағы Бүбіханға, өз ауылындағы Әзімханға апарады. Ол тәуіптер Ержанның бойындағы қасиеттерді көріп, біліп жолын жауып дуалап отырады екен. Ержан мұның бірін де білмейді. Тылсым дүниені әлі толық түсіне алмай жүрген кезі.

Сол түні таң алдында түсінде баяғы аталар әруақтары келіп: «Әй, балам! Бар ана кісіге!», – деп арт жақтарын нұсқайды. Қараса Сыдық емші Ержанның артында отыр екен: «Әй, бала! Сені күткеніме төрт жыл болды ғой, неғып келмей жүрсің», – дейді. Аталары бар, әкесі марқұм бар бәрі қайтадан: «Бар ана кісіге, сенің жаныңды сол алып қалады», – дейді. Түсінде Сыдық емші Ержанға: «Қошмамбетке барсаң бірінші көшеден бұрылғанда, үлкен үйде жазулы тұрған 7 санын көресің, мен сол үйде тұрамын», – деп аян береді.

Қазіргі Қарасай ауданы, Шамалған бекетінің жанындағы Қошмамбет ауылында тұратын Сыдық деген ұйғыр кісіні әкесі ауырып жатқанда ағалары үйге алып келген, содан Ержан ол кісіні танитын. Аян бойынша Қошмамбетке барады. Бірінші көшеден бұрылады, келе жатса 7 деген дәу сан жазулы тұр, үйге кіреді. Кірсе 10-15 адам кезек күтіп отыр екен.

– Сыдық деген кісі осы жерде тұра ма? – деп сұрап үлгергенше:

– Әй, ана қазір келген баланы кіргізіңдер бері қарай – деп іштен шақырды. Үйге кіреді, сол кезде Сыдық емші:

– Ойбу балам-ай, сенің жолыңның бәрін жауып тастап, әбден дуалап тастапты ғой қарағым!

– Дуа деген немене?

– Дуа деген осылай адамды ауыртады. Оны дәрігер таба алмайды. Дуаны тек қана аталар әруақтарының күшімен ғана табамыз. Сен 2-3 күн осы жерде бол, мен сені емдеймін – дейді. Ержан келіседі.

Бір мезетте Сыдық емші: «Сен аталар жолындағы дайын адамсың. Мына кісінің жоғалған нәрсесін тауып берші», – деді.

– Оны қайтіп тауып беремін?

– Аталар сенің аузыңа не салады, соны айтсаң болды, табылады.

Сөйтсе ол кісілер 4000 доллар жоғалтқан. Поезда проводник болып істейді екен. Сыдық емші Ержанның түсінбей тұрғанын байқап:

– Ойыңа келгенін айта бер, сол тура келеді.

– Жоғалтқан кісі кім?

– Мен. 4 мыңдай болатын, 1 мыңын дос жігітіме бердім, қалған 3 мың доллар жоқ. Қай жерге қойғанымды білмеймін.

– Төрт бұрышты бірдеме, бірақ үй емес. Дөңгелектің үстінде, вагон ба? Соның ішінде отырыпсыздар ғой, карта ойнапсыздар ғой.

– Иә, иә! Ойнағанбыз. Іштік-жедік ойнадық.

– Терезе бар, соның астыңғы жағында жылыту батереясы бар екен. Соған тығып қойыпсыз ғой.

– Ие, мүмкін, мүмкін! Бірақ жоқ, бір жеті болды таппай жүрмін. Ой! Ол поезд Москваға кетіп қалды ғой. Бірақ кешкі сағат 6-да осы жерге келуі керек. Тапсам 100 доллары сенікі – деп екеуі апыл-ғұпыл шығып кетеді.

Ержанның өзі де, жан-жағындағы кісілер де аң-таң. Бірер сағаттан кейін әлгі екеуі алқұм-жұлқым қайтып келді.

– Ақшаны таптың ба?

– Таптым, тура сен айтқан жерде тұр екен. Міне 100 доллар саған – деп 100 долларды Ержанға береді де, қайта-қайта Ержанның бетінен шолпылдатып сүйе береді. Ержан ондайды жақтырмайды. Осы кезде Сыдық емші:

– Қабыл болсын қабыл болсын – дейді.

– Сыдық аға, 100 доллар сіздікі – деп, Ержан емшіге 100 долларды ұсынады.

– Тапқан сенсің ғой, сен ал.

– Жоқ аға болмайды – дейді. Сол кезде ақша жоғалтқан адам қалтасынан 100 доллар суырып алып, Ержанның қалтасына салады.

Кеш батты. Сыдық емші: «Жүр балам, мен сені тауықпен ұрып тастайын», – деп тірі қара тауықпен айландырып-айландырып бір-екі қабат ұрғылайды. Тауықты жібере салып еді «бық-бық» деп әлгі тауық өліп қалады.

– Міне көрдің бе, сенің дуаңның күші қандай. Сені кермет қатты дуалапты. Енді ертең келесің.

Ержан ертеңгісін келеді. Емшімен қатар отырып ем жасайды. Сынық келеді оны орнына салып береді. Екінші күні тағы қара тауықпен ұрады. Тауықты жіберсе өлмейді, бірақ үшінші күні барса әлгі тауық өліп қапты.

Ержан тамақ ішпейтін. Қошмамбетте бажасының үйінде жатады. Екінші күні кешке барып тамақ сұрайды. Үйдің іші аң-таң қалады. Бұған не болды деп.

– Сен тамақ ішесің бе?

– Ішемін.

Тамақ мүлдем ішпейтін Ержан, екі табақ тамақты соғып алады. Үшінші күні Сыдық емші Ержанды қара тауықпен тағы ұрады. Сонан кейін Ержанның денсаулығы күрт жақсарып, өз қалпына келеді. Бірақ, әлі болса да қысылады. Сыдық емші: «Сен адамдарды емдей бер, себебі тоғыз жолдың торабында жүрген адамсың. Аталардың әруағы бір күні өздері босатады. Тоғыз жыл сынаққа түсесің. Сен сол сынақта жүрсің, қазір міне 2-3 жыл өтіпті, енді 3-4 жылда бұйырса жақсы боласың», – дейді.

Date: 2015-07-22; view: 2140; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию