Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Рух дегеніміз не?





Дін айтты:»Маған нан», – дейді,

Адасқан дінді пән дейді.

Мағынасын анық біле алмай,

Рух деген сөзді жан дейді,

Осыдан жаман әуре жоқ.

Рух деген – дінсіз таза ақыл,

Мінсіздің ісі шын мақұл.

Айуандағы ақыл ол емес,

Аз ғана сөзім – аз тақыл,

Құраныңды оқы нанбасаң. Шәкәрім

Жан тәнде орналасқан және онымен үнемі байланыста. Жан мен тәнді байланыстыратын – рух. Сонымен, рух жанның сәулесі, қуаты, оның ажырамас бөлігі, қасиеті, тәнмен байланыстыратын құралы, заттық әлемнің ықпалынан қорғанатын қорабы, қапшығы, сауыты, ішкі киімі тәрізді.

Рух тәнмен адамның нәзік денесі, яғни перисприті арқылы байланысады. Нәзік дене – жартылай материалды, рухтың эфирлік, нәзік, ауа тәрізді, адам пішіні бар, өте нәзік, бірақ негізі заттық қасиеті бар денесі. Рух нәзік дене арқылы тәнді басқарады. Ол үшін нәзік денені өзінің сәулесімен рухтандырады. Руханиланған, рухтанған нәзік дене рухтың ықпалына көнеді. Ол неғұрлым рухтанса, солғұрлым рухтың ықпалына тез бағынып, тәнді дұрыс басқара алады. Нәзік болмыс, яғни, психикалық негіз, заттық болмыстың ықпалына беріліп кетіп, нәпсімен көп былғанса, ол тәнді солғұрлым нашар басқарады. Осылай адам өмірде нәпсі ықпалымен түрлі қателіктер жіберіп, күнәлі істерге барады. Рухани дамудың деңгейі осыны білдіреді. Рухани дамыған адамның нәзік болмысы рухтанып, ол жанның қалаған ниетін жақсы орындап, жанның өз құмарын қандыруға толық мүмкіндік жасай алады.

Сонымен, адамның екі – рухани және заттық (материалдық) – болмыстары бар. Рухани болмыс жан және рухтан құралады, ал материалдық болмыс –нәзік денеден яғни психикадан және тәннен құралады.

Алла тағала Адам жанын жер бетіне жіберіп тәнге жан қондырғанда, жанды қаптап қапшыққа салады. Ол қапшықтың аты – рух. Осы рух әрбір жеке жанның ерекшеліктерін айқындайды, оның қабілеті, дарыны, алғырлығы, ілімге құмарлығы т. б. қасиеттері рухпен бірге келеді.

Біз: «рухы күшті, рухани дүниесі бай екен, рухты екен», – деп, осының бәрі, рух айшықтап тұрған жанның ерекшеліктері. Енді осы рухы әртүрлі жанның санасы да бүкіл әлемдік әділеттілік қарымта заңына сәйкес әртүрлі болады. Кей кезде: «оқымаса да көкірегі ашық, жүрегі таза, санасы жоғары екен, ал кейбіреуді қайран қор болған диплом, тауықтың миындай ми жоқ, оқығанның ішіндегі наданы», – деп айтып жатамыз.

Бұрынғы бұлдыр замандарда оқымай-ақ ел басқарған хандарымыз, би-болыстарымыз, батырларымыз, ақын-жырауларымыз, дүлдүл шешендеріміз, әнші-күйшілеріміз, оташы-емшілеріміз, батыр-палуандарымыз т.б. аты тарихта қалған ерекше тұлғаларымыздың қарапайым пендеден жер мен көктей ерекшеліктері неде? Ол оның рухында, Алла тағала әр пендені жер бетіне жібергенде белгілі бір мақсат үшін жібереді. Физикалық әлем заңдылығы бойынша себепсіз ештеңе жоқ. Әр көзге көрінбейтін заттың өзі белгілі бір заңдылықпен қозғалады. «Құдайсыз қурай басы да сынбайды», – деп қазақ атам дөп басып айтқан. Жанның «қапшығы» рухтың деңгейіне байланысты, адамның санасының жоғары, төмен болуы әр түрлі болады.

Date: 2015-07-22; view: 3141; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию