Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адам көрінбейтін әлемді мойындай ма?





 

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Абай

 

Мойындағысы келмесе де, көрінбейтін, сезілмейтін нәрселерге адам баласы сенеді, себебі, оны жүрек арқылы сезеді. Олар ойлайды, сезеді, сүйеді, күйінеді, жоқтан өзгеге жылайды, онысымен қоймай кейбіреулер көрінбейтін әлемге сенгілері келмейді, жоққа шығаруға тырысады. Неткен қарама-қайшылық десеңізші! Өзінің басындағы толқудың әсерінен қаншама қылмыстар жасап жатады. Қызғаншақ күйеуі: «әйелім көзіме шөп салды», – деп кінәсыз жанды өлтіріп тастайды, сондай-ақ енді біреу: «бәсекелесім маған ор қазып жатыр», – деп ойлап, жазықсыз тағы бір жанды өлтіреді. Адамдар өздерінің ойы мен сезімдерінің дұрыс екеніне күмән келтірмейді, ақиқат осы деген нық сенімде болады. Оларға сіз өзіңіздің кейбір көзқарасыңызды айта бастасаңыз: «Мен көремін, байқаймын, зерттеймін.... білетіндерден сұраймын», – деп шұбалаңға салып ала жөнеледі, бірақта өзінің ойлағаны: тексеруге, зерттеуге жатпайтын нақ шындық болып қала береді. Кейбір жағынан оныкі де дұрыс – егер ол қуаныштан шаттанып айғайласа, қайғыдан еңіреп жыласа, осы сезімін қалай өтірік дей алады? Ішкі шындыққа дау жоқ. Бірақта, көрінбейтін әлем мүлдем көрінбейді емес: ол көрінеді, сеземіз: ол жан иелері мен жарқылға, токқа, бояуға, иіске, тұлғаларға толы болады. Осыларды рухани жоғары жетілген адамдар көре алады. Көрінбейтін әлемде де әрбір электрон есептелген, орнына қойылған – онда да ақиқат заңдылық бар.

Адамда бес сезім мүшесі жетілмеген. Кейбір хайуандар біз көре, сезе, ести, иіскей алмайтын нәзік дыбыстарды, толқындарды, жарықтарды көреді, сезеді. Сондай-ақ ауа-райын, жер сілкінісін, апатты т.б. жайттарды алдын ала біледі.

Қасиетті Құран кітабымызда да, басқа да рухани кітаптарда көзге көрінбейтін әруақ, періште, жын-шайтан, ібіліс т.б. жайлы айтылған. Қазіргі заманда медицинаның шамшырақтары көзге көрінбейтін жан иелерінің адамды жақсылыққа не жамандыққа итермелейді деген түсініктің өзінен азар-безер болады. Материалдық ғылымның пайымдауынша барлық іс-әрекет химиялық элементтердің ағымының нәтижесінде іске асады. Бірақ осы элементтер қайдан пайда болды? Бұның жауабын рухани ілім беретін кітаптардан ғана табамыз.

Date: 2015-07-22; view: 744; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию