Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мишель де Нострадамустың болжамдары





Болжай білу жарым ырыс, достасу ақылдылықтың жарымы, бала-шағаңның аз болуы жеңілтектіктің белгісі.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

2000 жылдары дін емес – бір Жаратушыны танитын қозғалыстың пайда болатынын Сен-Реми қаласында 1503 жылы дүниеге келген Мишель Нострадамус болжап, айтып, жазып кеткен. Ол өзінің «Центурии» атты 10 томдық көріпкелдік кітабында 1110 болжамдарды жазған. Шағын шығыс мемлекетінде өліктердің бас көтеріп сөйлеуін, осы қозғалысты бастайтын адамды да бейнелеп қай елден, жасы т.б. белгілерін де болжап кеткен. Сондай-ақ, Жоғарғы нәзік әлем тарапынан келетін өкілге сәйкес барлық 8 белгісін, қасиеттерін және оның Шығыс елінде туатынын, оның ерекше белгісі болатынын, Шығыстағы шағын мемлекет жерінде жатқан киелі адамзат әруақтарының басын көтеріп, осы әруақтар батасы арқылы Жаратушы адамзатты тура жолға салатынын, осы ағымның талай ғасырларға жалғасып – адамзатқа 1000 жылға созылатын «алтын ғасыр» орнайтынын да айтқан. Осы 8 белгінің қазақстандық Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаев деген азаматтың бойынан табылуы да Бір Алланың ісі емес пе?!

Нострадамус осы қозғалыс 1000 жылға созылады, бүкіл адамзатқа «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман орнайды», – деп болжаған.

Ностродамустың болжамы бойынша: 2000 жылы әруақтар сөйлей бастап, дін емес – Жаратушыны, бір Алланы танитын қозғалыс пайда болады. Осының нақ мысалдарын өзіміздің елде басталған халықаралық «Ата жолы» қозғалысы тырп еткізбей дәлелдеуде. Осы қозғалыстың кең етек жайғаны соншалық, ақиқат іздеген пенделер тек қана қазақтар ғана емес, осы елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері топ-тобымен осы қозғалысты мүлтіксіз мойындап, ақиқатығына көздері де, көңілдері де жетіп, имандылыққа бет бұрып, қанағат пен ләззат алуда. Осы Қазақстанда басталған қозғалыс жақын шет елдерді айтпағанда, Германия, Австралия, АҚШ, Англия, Болгария, орта Азиядағы т.б. елдерге де күн санап кеңінен қанат жайып, жалыны бүкіл әлемді шарпуда. Қазіргі таңда Германиядан арнайы керуенмен келушілер – Түркістанға лек-легімен толассыз күн сайын ағылуда.

«Ата жолы» керуенімен бір қабат қасиетті Түркістан жеріне барып қайтқан мыңдаған пенделер қолма-қол – арақ ішетін, темекі, наша тартатын т.б. жаман әдеттерінен, қуана-қуана арылуда. Сондай-ақ, жолы болмай жүргендердің жолы ашылып, бағы жанбай жүргендердің бағы жанып, көзділердің көзінен, дуашылардың дуасынан, қаралығынан, жанын жегідей жеп жүрген созылмалы ауруларынан арылып, бала жоқтары сәбилі болып бақытқа кенеліп, өмірде өз орындарын тауып, тұрмыстарын түзеп, имандылық жолына түсіп, сәждаға бас ұрып жатқан жатқан пенделер қаншама десеңізші!

Date: 2015-07-22; view: 953; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию