Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алғы сөз





Сет Мұқашбеков, Төлжан Жақсыбаев

АТА ЖОЛЫ – БАҚ ЖОЛЫ

 

 

Алматы 2008 жыл

 

(Мұқабаның ішкі бетіне қысқаша өмірбаяны фотосуретімен)

Жүрегіңде «Алла» болсын бар ғаламды билеуші,

Жол көрсетер Құран кітап, бір өзіңе жетекші.

Әруақтар батасымен болсын қазақ, тіреуің,

Сонда пенде жалған өмір сынағынан өтерсің.

«Ақ ұл», – Қыдырәлі Тарыбаев

Ыдырәлі Момбайұлы Тарыбаев

Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаев

 

Сет Мұқашбеков, Төлжан Жақсыбаев

Ата жолы – Бақ жолы

Алматы,......................., 2008, –.......бет.

ISBN.................

 

Даналық сөз – мұсылмандардың жоғалтқан (іздеп жүрген) нәрсесі. Оны қай жерден тапса, сол жерден сіңіріп алуға хақылы.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

 

Адам өлгеннен кейін оның жаны әруақ болып өзінің нәзік денесімен келесі көрінбейтін әлемге өтеді. Әруақтарды көру өте сирек болады. Бірақ өмірде кездеседі. Тәннен босанған әруақ өзінің туған-туысқандарын, достарын көруге асығады. Ол өзінің басқа әлемге өткенін, бірақ тірі екенін білдіргісі келеді. Білмеген адамдар мұны тылсым дүниесіне жатқызар еді. Бірақ оның қалай болатынын білгендерге мұның ешқандай да тылсымдығы жоқ, барлығы табиғи заңдылық.

 

 

ББК.....

 

Ж--------------

ISBN.................

«...........................» баспасы, 2008

 

Алматы 2008

Алғы сөз

 

13 – Рағыд сүресі: 31 аят.

Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де (сенбейді.) Алайда барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен таймайды.

 

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 253 бет.

 

Жаратушыны ұмытып, тек қана әруақтарға табынып тіршілік құмарлықтарын қандыру жақсылыққа әкелмейді. Әруақтар материалдық нәзік әлемде болғандықтан, олар сол әлемді ғана басқара алады. Ал рухани әлемнің есігін ашуға олардың құқы жоқ. Сондықтан Алла тағаланы ұмытып, тек қана әруақтарға табыну өмірдің түпкі мақсаты тұрғысынан алғанда пайдасыз нәрсе. Көптеген діндер осылай әуелі бір Жаратушыға табынса да, артынан Оны ұмытып әруақтарға табынып, ақыры жойылып кетті. Ежелгі Рим империясының діні түрлі әруақтарға (періштелерге) табыну болды. Оның аяғы немен біткені баршаға белгілі. Исламға дейінгі Араб елдерінде де осындай жағдай болды. Оларды ислам бір Алла тағалаға бағындырды. Сондықтан әруақтарды еске алғанда олардың Алла тағаланың жаратқандары, Оның еркінсіз ештеңе жасай алмайтынын үнемі есте тұту керек. Көмекті әруақтардан тек қана Алла тағалаға құлшылық жолында ғана сұрауға болады.

 

Ілімнің қасиеті адамдарды тура жолға бастау болса, діннің қасиеті адамдарды арамнан сақтандырады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Болмыстың осындай нәзік заңдылықтарын дін адамдары жақсы біліп, түсіндірулері керек. Бірақ, өкінішке қарай, заттық әлемнің былғанышынан арыла алмаған көптеген дін өкілдері бұл міндетін орындай алмайды. «Ескі дін молдалары қай дінде болса да жаралыс жолының сырына шорқақтығынан бұл туралы анықтап ұқтыра алмаған» деп Шәкәрім осындай діндарлар туралы айтса керек.

Дін басылары қарапайым адамдар қатарынан аса алмай, болмыстың терең сырларын рухани тұрғыдан дәлелдеуге шамалары жетпей, тек қана соқыр сенімді талап ете бастаған кезде... молдалар істің мәнісін дұрыс түсіндіре алмай, халықтың ежелгі ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-дәстүріне кедергі болып, әруақтарды жоққа шығаруға ұмтылады. Өздерінің рухани надандығын түсінбей, әруақтарды тек қана жоққа шығарып, халықтың жоғары әлеммен байланысын үзуге бола ма? Әрине жоқ. Себебі, дінді күнкөріс үшін ғана пайдаланып, халық алдында беделдерінен жұрдай дінбасылары – Жаратушының құдіретімен бата беріп, ел-жұртты жаппай имандылыққа жетелейтін, Құдайды мойындаттыратын киелі ата-баба әруақтары керісінше, Алла тағаланы ұмыттырады деп қорқады.

Келесі өмірге сеніп, әруақ барын мойындаған адамның өзі көптеген күмәнді ойлардан шыға алады. Жан деген не? Оның пішіні, сыртқы түрі бар ма? Біреу жан деген Алла тағаланың нұры дейді, екіншісі – сәулесі, үшіншісі – Толық Бүтіннің бір бөлігі дейді. Әруақ өлген соң қайда барады? Егер ол жоғалмай-ақ, бірақ болмысқа бірігіп кетсе, онда оның бары мен жоғы бірдей емес пе? Өзінің «менін» жоғалту жоқ болумен бірдей. Дін біздің осы өмірдегі қарекетімізге байланысты келесі өмірде тозаққа, не жұмаққа барамыз дейді. Жұмақ, тозақ деген не? Өлгеннен кейінгі жұмақ пен тозақ қайда орналасқан? Ол жақта не бар, қандай өмір? «Ешкім білмейді, себебі, ол жақтан ешкім қайтып келген» жоқ дейді кейбір білгірлер.

Бұл жауаптарды жоғарғы нәзік әлемдердегі әруақтардың өздері береді. Басқа біреу емес, өлген адамдардың өздері әруақ ретінде келіп, болмыс сырларын ашып, келесі өмірдің аңыз емес, нағыз ақиқат екенін дәлелдейді. Олар өздерінің өмірлерін әңгімелеп, немен шұғылданатынын, не сезіп, не керек қылатынын айтып, оның ақиқаттығына көзімізді жеткізеді. Осылай әруақтардың көмегімен өзіміздің осы өмірдегі қылығымыз үшін алда қандай өмір күтіп тұрғанын көріп, соған дайындалуға мүмкіндік аламыз.

Әруақтар қозғалысы дін ағымдарына қайшы келе ме? Жоқ, әрине. Әруақтар қозғалысының қандай дін ағынымен болсын ешқандай да қарама-қайшылығы жоқ. Бәрінің де илейтіні терінің бір пұшпағы. Керісінше, Алланың құдіретімен болған әруақтар қозғалысы нәзік әлемдегі әруақтардың көмегімен имансыздарды келесі өмірге сендіріп, имандылық жолға түсіреді. Алланың құдіреті арқылы пайда болған әруақтар қозғалысына, оған көңіл бөлмей жүргендер енді көңіл бөліп, көкірек көздері ашылып, жүректерінің кірі аршылып, өмірдің маңызын түсініп, келесі өмірге нық сеніммен аяқ басады.

Адамзат баласы ХХ ғасырдан бастап өзінің рухани дамуын жетілдіру үшін үлкен дүниетанымдық өзгерістің қажет екенін бар болмысымен сезінуде. Себебі, қазіргі заманда әлемдегі барлық дін ағымдарының жер бетінде тыныштық пен бейбітшілік орнатуға, адамдарды имандылық жолға түсіруге шамалары келмей жатыр. Керісінше, көптеген соғыстар ғасырлар бойы қай діннің нақтылы «ақиқат» екенін дәлелдеу үшін туындап жатыр.

Ойласаң, барша адамзат – туған бауыр,

Бірін-бірі шұқылап қылды жауыр. Шәкәрім

 

Адамзат өмірінің қиын-қыстау кездерінде әруақтар әрқашан да көмекке келеді. Әруақ ұғымы барлық халықтар арасында бар. Осының өзі олардың адамзат пайда болғанынан бастап бар екенін, адамзатпен бірге пайда болғанын дәлелдейді емес пе?

 

Ата жолы – Ар жолы

 

2 – Бақара сүресі, 256 аят.

Дінде зорлау жоқ. Расында туралық, азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонда ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Алла әр нәрсені естуші, білуші.

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 42 бет.

Date: 2015-07-22; view: 950; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию