Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Математиканы оқыту процесінде оқушыларға тәрбие беру





Мектеп математикасы өзінің мазмұны мен оқыту әдістері жағынан оқушыларға коммунистік тәрбие беру мүмкіндіктері мол. Бірақ математиканың тәрбиелік мүмкіндігі мұғалімнің нысаналы, жоспарлы қызметімен ғана іске асырылады.

МОП-де оқушыларға тәрбие берудің жолдары мен тәсілдерін қарастырайық.

Дүниеге диалектикалық- материалистік көзқарасты қалыптастыру.-оқушыларға математикалық білім беруде ең басты, сонымен бірге өте жауапты және күрделі міндеттердің бірі.

Сонымен, дүниеге диалектикалық- материалистік көзқарас дегеніміз не?

«Дүниеге көзқарас- бізді қоршаған табиғи және қоғамдық болмыс, адам, оның өмірде алатын орны туралы түсінік, ұғымдардың жиынтығы».

Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастырудың білімдік мәні. Оқушыларға математика ғылымының негіздерін үйретуді және алған білімдерін практикада қолдануға баулуды көздейді.

Дамытушылық мәні- оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін өркендету оларды өздігінен білім алып, ғылыми-техникалық және саяси жаңалықтардан хабарда болуға үйрету, бірте-бірте оларды күрделі логикалық операциялар жасауға баулу, сөйтіп диалектикалық ойлауы мен творчествалық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні- еңбекке баулу және адамгершілік тәрбие беру мен оқу процесінің бірлігін қамтамасыз ету.

Математикалық абстрактілігі, логикалық қатаң жүйелігі, практикада ауқымды қолданыс табу оқушылардан да, мұғалімнен де ерекше дайындықты талап етеді. Мұғалім математика тарихының елеулі кезеңдерін егжей-тегжейлерін білуі қажет.

Математиканы оқыту үстінде түсінікті мысалдар келтіру арқылы математикалық ұғымдар, аксиомалар, теоремалар, заңдар және теориялар адамдардың күнделікті қызметінің барысында сандық қатыстар мен кеңістік формуларды тану негізінде пайда болғаны мұғалім көрсетіп отыруы тиіс.

Мектеп математикасы негілгі ұғымдардың бірі- функция ұғымы. Құбылыстарды математика абстракциалау арқылы графиктер, формулалар, суреттеу жолмен өрнектеу, нақты мағынасын көрсетеді.

Математика ұғымы және құбылыстар мен тікелей байланыстыру оңай емес. Себебі, кейбір математикалық құбылыстар мен заңдар алдын ала оқытылған, қалыптастырылған ұғымдар негізінде тағайындалады, сөйтіп ұғымдар тізбегін математикалық құбылыстар мен заңдар нақтылы шындықпен жанама байланыста болады.

Мәселе, үзіліссіздік пен дискреттіліктің бірлігі мен күрес заңын қарастырамыз. Жеке дискретті заттың математикалық өрнегі- бірлік (бір куб, бір шеңбер, бір алма), ал жеке заттардың қосындысы(бірлік)- бірліктердің қосындысы.Бүтін сан-таза, идеал дискіреттіліктің бейнесі.Екінші жағынан, нақты сандар үзіліссіз, оның бейнесі-түзу.

Материалистік диалектика заңдарының бірі- сандық өзгерістен сапалық өзгеріске көшу заңы.

Мысалы, 11-ге бірді қоссақ 12 шығатыны белгілі. Бірақ 12 санының бөлінгіштік сапасы 11-ден едәуір өзгеше. Мұндағы 11 саны бірге және өзіне ғана бөлінеді, ал 12 саны өзіне және бірге бөлінумен қатар 2,3,4,6 сандарына бөлінеді. Яғни 11-ге бірді қосып, санды өзгертіп сапалық өзгеріске көштік.

Диалектиканың заңы- теріске шығару. Математикалық қатені түзету де теріске шығару болады. Мысалы есеп шығаруда кеткен қате шындықты теріске шығарады, ал қатені түзету қатенің өзін теріске шығарады., мүндағы әрине қатені сапалы түрде түзету шындықты жоғары деңгейде анықтайды.

Оқушыларға идеялық-саяси тәрбие беру. Оқушыларға идеялық-саяси тәрбие беру совет мектебіндегі оқу- тәрбие жұмысының өзекті мәселелерінің бірі. Совет мектебінде 1 сентябрь –Бүкілодақтық Білім күні деп жарияланды, ал 22 апрель күні Лениндік сабақтар жүргізуді ұйғарды.т.с.с.

Математика өзінің даму табиғаты тұрғысынан-интернационалдық ғылым.Армиян ғалымы А.Ширакаци (ҮІІ ғ) арифметика оқулығын жазып, таблица түрінде санаудың жолдарын көрсеткен; Тәжік ақын Омар Хайям алгебралық теңдеулердің геометриялық мағынасын зеріттеген: даңқты жерлесіміз, энциклопедист-ғылым Әбунасыр Әл-Фараби математика негіздері мен математикалық ұғымдарды дұрыс баяндауға зор үлес қосқан. Әйелден шыққан алғашқы математика профессоры Петербург ғылым академиясының мүшесі, жазушы С.В.Кавалевскаяның, геометрияға «революция жасаған» А.И.Лобачевскийдің еңбектері кімнің де болса мақтаныш сезімін оятады. Отандық оқымыстардың еңбектерін насихаттай отырып, Отандық қызметі халыққа, адамның игілігіне арналған атап айту керек. Мұның патриоттық тәрбие беруде маңызы зор.

Саяси тәрбие жұмысы тек сабақ үстінде емес, сондай-ақ факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында, арнайы тәрбие сағаттарында жүзеге жүзеге асырылуы тиіс.

9. Эстетикалық тәрбие- болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиеленетін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оқушылардың эстетиканың түсінігі мен талғамын қалыптастыруға әр пән өз мүмкіндігінше үлес қосады. Математикалық обектілердің симметриясы, дұрыс көпбұрыштардың қасиеттері, фигуралардың өлшемдестігі оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға көмектеседі. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне, сөйлеу мәнеріне тығыз байланысты. Тәжірибе мұғалім пәнді қызықты баяндап, ғылым тарихынан мысалдар келтіріп оқушылардың ынтасын арттырып отырады.

Date: 2015-06-11; view: 1029; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию