Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Математиканы интерактивті оқыту әдістері





ХХ ғасырдың басында оқушылар біліммен тек мектептен сусындаса, кәзір оқушылардың басым көпшілігі білімнің кейбір бөлігін мектептен тыс алатыны белгілі.

Ол үшін мектеп төмендегідей жұмыс жұргізу қажеттігі туындайды:

Педагогикалық үрдісті демократизациялау;

Оқушылардың мектептен тыс алған білімдерін қолдану;

Оқушылардың мектептен тыс алған білімдерін жүйеге келтіру;

Қажетінше түзу енгізіп, оқушының дамуына бағыттап отыру.

Аталған жұмыстарды жүзеге асыруда интерактивті әдістің алатын орны аса зор. Интерактивті-«интер» және «акт» (ағылшын «inter»-арқылы және «act» әрекет ету) сөз тіркесі «өзара әрекет ету» деген мағынаны білдіреді. «Интерактивті әдістерді» оқушылардың бір-бірімен қарым қатынас жасауларына мүмкіндік туғызатын әдістер деп түсінеміз.

Итерактивті әдіс деп мұғалімнің, әрбір оқушының сыныптастарымен өзара белсенді байланыста болып, мұғаліммен бірлесе отырып, компьютермен жұмыс жасап, оқу-танымдық нәтижеге жетуін ұйымдастыратын әдісін айтады.

Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуына бірден-бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субьект ретінде болады. Мұғалімнің ролі көбінесе оқу үрдесін ұйымдастырушы, топ басшысы, оқушылардың ынта-ықыласын дамытып отырушы қалпына көрінеді. Интерактивті оқыту әдіс оқушылардың өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда бұл әдіс сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Яғни, педагогикалық үрдісті демократизациялауға жол ашады. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір-бірімен байланыс бірлігіне көрініп, оқушылар жауаптылығын сезінеді. Осылайша әр сабақта демократиялық принцип орындалады.

Интерактивті әдістің нәтижелілігі мұғалімнің оқытуды қандай шеберлікпен ұйымдастыруына байланысты.

Интерактивті оқытудың түрлері:

топтап оқу дискуссиялары.

нақты практикалық ситуацияларды талдау

Бұл әдістер практикалық сабақтарда берілетін білім, білік және дағдырларды практикалық өңдеуге үлкен мүмкіндік жасайды.

Date: 2015-06-11; view: 1312; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию