Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Математикалық оқыту теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты міндеті





Математиканы оқыту методикасы- математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқыту методикасы- педагогикалық ғылым, сондықтанда қоғамның талаптарына сай. МО математикалық материялдарды оқып үйренудің ерекшеліктеріне қарай, барлық пәндерге ортақ педагогикалық қағидаларға негізделген МОМ мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімін практикада қолдану іскерліктерін шындау әдістерімен құралдарын тағайындайды. Дегенмен, методика мұғалімде арналған ережелермен тәлімгерліктің жиынтығы емес, математиканы оқыту процесінің заңдылықтарын зеріттейтін, мұғалімнің творчествалық ізденуіне бағыт беретін ғылым болып саналады. Методика оқу пәнінің мазмұнын, оқытудың әдістерімен түрлерін, тәрбие жұмысын өзара тығыз бірлікте, бір-бірімен байланыстыра зеріттейді. Оның үсіне методика оқу жұмысының ұйымдастыру құралдары мен жабдықтарын анықтайды. Сөйтіп, математиканы оқыту методикасы мына сұрақтарға жауап іздейді: а) математиканы негі оқытады? ә) математикадан нені алып оқытады? Б) математиканы қалай оқытады?

Математика «Сандық қатынастармен кеңістіктік формалар» жайындағы ғылым, олай болса оың өзіне тән оқыту әдістері мен түрлері және тәрбиелік мүмкінділіктері бар. МОМ шартты түрде үш салаға бөлінеді: 1) МО жалпы методикасы; 2) МО арнай методикасы; 3) МО нақты методикасы.

МО жалпы методикасы мектеп математикасының бүкіл курсын қарастырады және оқытудың идолгоиялық бағытын, оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігі, оқыту түрлерінің арасынндағы байланыстарды, әртүрлі курстардың «алгебра, геометрия анализ бастамалары т.б» арасындағы сабақтастықтарды, оқу процесіндегі тәрбие ұмысының элементтерінің тұтастығын қамтиды, оқушылар білімінің саналығы мен баяндылығын қамтамасыз етеді.

МО арнайы методикасы оқушылардың жасына, оқу математиралдарының мазмұнын ерекшеліктеріне сәйкес курсты оқытудың дербес мәселелерін қарастырад. Арнайы методика белгілі бір тақырыпты «мысалы векторлар» немесе программаның бір тарауын оқытудың реті жайында жүйелі нұсқау береді, оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасап, оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларға арналған тапсырмалар үлгісін көрсетеді, оқыту процесінің жеке мәселелерінің «мысалы, мектеп математикасындағы геометриялық шамалар туралы ұғым» қарастырады.

МО нақты методикасында 1) жалпы методикасының жеке мәселелері «мысалы, математмика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарында эстетикалық тәрбие беру; 5 сынып математикасының сабақтарын жоспарлау және т.б»; 2) арнайы методиканың жеке мәселелерінің (мысалы, «үшбұрыштар» тақырыбын оқытуда оқушылардың есептеу шеберліктерін шыңдау т.б) қарастырады. Сонымен бірге, математиканың пропедевтикалық (дайындық) және жүйелі (негізгі) курстарын оқыту методикасын да бар.

МОМ методологиялық негізі-философия мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбилеу жөніндегі ілім.

Методиканың басты міндеті- білім беру. Методиканың дамуына практика да зор әсер етеді. МОМ –ның жалпы міндеттерін көрсете отырып, оның мынандай дербес түрін атауға болады.

І. Пәннің мазмұны мен құрамы туралы жалпы міндеттер: 1) мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұнын анықтау және оның ғылыми негізін жасау; 2) Математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың және қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру.

ІІ. Пәннің мазмұны мен құрамы жөніндегі дербес міндеттер:

МО-дың қазіргі таңдағы міндеттері мен мақсаттарын анықтап, осыған сәй пән мазмұның ғылыми дәрежесін көрсету;

2) математика пәніне керекті ғылыми материалды іріктеп алу принциптерін көрсету және оларды оқыту ретін анықтау;

ІІІ. Математиканы оқыту жөніндегі жалпы міндеттері:

1) Математиканы оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу;

МО-да озат тәжірибенің зеріттеу және қорытындылау;

педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді математиканы оқыту процестерінде икемдеу жәе практикаға енгізу техникасымен методикасын жасау.

Сонымен, бұл міндеттерді шешу ғылыми негізделген, практикада сыннан өткен оқыту методикасы мен әдістерін мектеп өміріне енгізу болып табылады.

ІҮ. МО жөніндегі жеке міндет: 1) Оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау;

2) Оқушылардың білімін бағалау және оқытудың жеке әдістері мен тәсілдерін жасау; 3) Оқыту процесінің тиімділігеін тексеру;

4) Мұғалымныі сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;

5) Сыныптан тыс жұмыстарды жұргізу ерекшеліктерімен мазмұнын ашап көрсету. Оқу процесінің бұл проблемаларының зеріттеу мақсаты оқу және тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мен жоғары көрсеткіштерге жетуін қамтамасыз ететіндей оқыту теориясы мен методикасының принциптік негіздерімен қаруландыру.

Ү МОТ-сы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер:

1) МО процесінде жүзеге асырылатын оқушылардың оқу қызметінің әртүрінің ерекшеліктерін ан\ықтау және талдау, сондаяқ олардың тәрбиелік мәнін ашап көрсету;

2) Оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зеріттеу;

3) Математика сабағында оқушыларды творчествалық қызметі мен қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.

Бұл мәселелерді шешу оқушылардың творчествалық қызметі мен көз қарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, математикалық теориялар мен идеяларды меңгерудің жәе оқу қызметін тиімді ұйымдастырудың түрлері мен әдістері оқыту процесіне енгізуге тіреледі.

Осыған орай жеке міндеттер: 1) Оқушылардың дербес ерекшеліктеріне қарай матемавтиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді тәсілдерін анықтау; 2) оқушылардың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал туғызатын тәсілдерді анықтап, оларды зеріттеу;3) теориялық материлды игеруде және есеп шығаруды кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу; 4) оқушылар өздігіне орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу; 5) оқушылардың абстрактілі ойлауы мен кеңістік туралы тісініктерін жетілдіру жолдарын зерттеу;

6) сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың творчествалық қабілетін тәрбиелеу жолдары мен олардың математика пәніне ынтасын арттырудың тиімді тәсілдерін анықтау.

Сонымен қатар математикан оқыту процесінде прогресшіл көрнекі оқу құралдары мен оқытудың техникалық құралдарын жасау мен зеріттеу және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін оқу құрал- жабдықтарын зерттеу міндеті қойылады.

Date: 2015-06-11; view: 2091; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию