Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






СӨЖ тақырыптары





1. 1-2 сабақтар. Орта мектептегі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне, математиканың мазмұнына талдау жасау.МОӘ-нің (педагогикамен, логикамен, психологиямен, математиканың өзімен) басқа ғылымдармен байланысына талдау жасау. Математиканың орта мектепке арналған бағдарламамен танысу. Математиканың бағдарламасын, оқулығын, оқулыққа көиекші құралын мектептерді дифференциациялау есебінде талдау. Күнтізбелік жоспар.Математикадан үлгі тақырыптық жоспар және сабақ конспектісі.

2. 3-4 сабақтар. Ғылыми таным әдістерінің жалпы сипаттамасының талдауы. Мектептегі математика курсынан ұғымдарды анықтау, фигуралардың қасиетін үйрену, теоремаларды дәлелдеу барысында оларға сәйкес әдістерді қолдана білуге мысалдар келтіру.

3. Математикалық ұғымдармен олардың қасиетін оқыту әдістерінің талдауы. Орта мектептің жаңа бағдарламасына сәйкес 7-11 сыныптардың математика оқулықтарының мазмұны мен құрылымының әдістемелік ерекшеліктерін үйрену.

4. 5-6 сабақтар. Шәкірттердің танымдық қызметінің пәрменділігін арттыру әдістерін үйрену. Студенттерге математикадан сабақ өткізуде практикалық білім қалыптастыру, оларды мектептегі жұмыстарында қолдана білу. Педагогикалық практика кезінде сабақ өтуге дайындалу үшін студенттерді әдістемелік материалдармен, көрнекі құралдармен таныстыру. Математика сабақтарында таңдап алған тақырып бойынша оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесін сипаттау.

5. 7-8 сабақтар. Шәкірттердің материалдарды меңгеру әдістерін тексеру. Математиканы саралап оқыту, ТСО-ны қолдану. Таңдап алған тақырып бойынша сабаққа дифференциациялық оқытуды ұйымдастырудың бір нұсқасын ойластыру және оны талдау, сабаққа компьютерді қолдану.

6. 9-сабақ. Математикалық білім берудің негізгі бағыттарының дамуына талдау жасау. Физика-математикалық лицейлер мен мектеп-гимназиялардың өзіндік ерекшеліктері.

7. 10-сабақ.Математикадан 5-8 сыныптарға арнап бақылау жұмыстарының нұсқаларын құрастыру және оларды шешу.

8. 11-сабақ. Математикадан 9-11 сыныптарға арнап бақылау жұмыстарының нұсқаларын құрастыру және оны шешу.

9. 12-сабақ. Есеп-математиканы оқытудың құралы. Есептерді классификациялау. Мектеп оқушыларына стандартты емес математикалық есептерді шешуді оқыту.

10. 13-14 сабақ. Математиканың сабағы. Математика сабағының конспектісін құрастыру, оны өткізу және талдау. Дайын сабақ конспектісін талдау және оны толықтыру.

11. Математика сабақтарында шәкірттердің өз бетімен істейтін жұмыстарын ұйымдастыру және оның мазмұны.

12. 15-сабақ. Математика сабағына қолдануға қажетті арнайы баспадан шыққан дәптерлер, сүлбелер, кестелерге сәйкес құралдар әзірлеу.

13. 16-17 сабақ. Орта мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстар (математикадан сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлерімен, формаларымен танысу, мектепте математика апталығын өткізу, математикадан сыныптан тыс жұмыстарды дайындап өткізе білу жөніндегі білік, дағды қалыптастыру). Математика кабинетін жабдықтау. Математикадан көрнекі құралдар (көрнекі құралдар әзірлеу және оларды сабақта қолдану).

 

Студенттердің жасампаздық жұмыстары үшін берілген тапсырмалар. (СОӨЖ)

1. 5-6 сыныптардағы;

2. 7- 8 сыныптардағы;

3. 9-11 сыныптардағы математиканы оқытудың негізгі мақсаттары мен мазмұнын сипаттаңдар.

4. Математикадан лицейлер мен гимназияларға арналған бағдарламаның түсінік хатымен танысу;

5. Оқыту әдістерін, үйрену әдістерін сипаттаңдар және оларға мысалдар келтіріңдер. Оқытудың белгілі формаларын атаңдар, олардың әрқайсысын сипаттаңдар. Өзіңнің қалауың бойынша сабақтың тақырыбын таңдап ал, 8-сынып оқушыларын сынып – сабақтық форма бойынша оқытуға мысалдар келтір. 8-сыныпта математиканы үйренуге проблемалық жағдайды ұсын. Сабақтың тақырыбы өз бетімен таңдалады.

6. Математикадан 8-сыныпқа арналған бағдарламамен, оқулықпен және көмекші құралмен танысу. 8-сынып оқулығының әдістемелік ерекшеліктерін көрсетіңдер. Әрбір тақыорыпты жоспарла. Сабақта оқушыларға жекелей ыңғай қолдану туралы хабарды әзірле.

7. 7-8 сыныптарда математикалық ұғым қалыптастыру бойынша сабақ жоспары мен оның конспектісін құрастыру. 7-8 сыныптарда математикалық ұғым қалыптастыру бойынша сабақ өткізу.

8. а) бұрыштар; ә) натурал сандар; б) студенттердің таңдаған тақырыбы бойынша үлгі есептер құрастыр, оның шешулері ұғымдары классификациялау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін болсын.

9. Есептер шешудің әр түрлі тәсілдерін іздеу (әр түрлі әдістермен стандартты емес есептерді шешу, бұларға ұқсас есептер құрастыру және шешу, қарастырылған дербес жағдайлар үшін берілген есепті жалпылау, алдын-ала әдейі берілгендері артық не кем есептерді қарастырып, оларды шешу, параметрлі өзгеретін есептер қарастыру және т.с.с.).

10. Берілген тақырып бойынша сабақ конспектісін жаса, сабаққа өзінің ұсыныстарыңды әзірле. Қатысқан сабағыңа ұсынылған сүлбе бойынша жазбаша алдау жаса.

11. Математикадан бақылау жұмысын шешу және оны талдау.

12. Шәкірттердің өз бетімен істейтін жұмыстарының әр түрлі классификациясымен, олардың мазмұны мен ұйымдастырумен студенттердің өз бетінше танысуы. Үш деңгейдегі танымдық өз бетіндік жұмысқа сәйкес келетін өзіндік жұмыстардың тапсырмалары болатындай мысалдар келтір және оларды бағала. Өз бетіндік жұмыстарға арналған жасампаздық тапсырмаларды жасау және оларды талдауы.

13. Математикадан әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар өткізуге арналған материалдарды жасап дайында және оларды теориялық жағынан негізде. Мектептегі педагогикалық практика кезінде математика апталығын өткізуге арналған бағдарламаның нұсқасын әзірле.

14. Математикадан көрнекі құралдар дайындау, математика кабинетін жабдықтау, онда математиканы оқытуға байланысты әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру.

15. Математиканы оқытудың жабдықтары (математика оқулығы, дидиактикалық материалдар және математикалық анықтағыш әдебиеттері).

 

Date: 2015-06-11; view: 1208; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию