Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жобалау мен өндіру кезеңдері





Жобалау мен өндіру кезеңдері 2.44 - суретте берілген

 


 
 

 

 


– сурет. Есептеу техникасы жабдықтарын жобалау мен өндіру кезеңдері

 

Дайындық кезеңі. Жобалау дайындық кезеңінен басталады, оның негізгі мәселесі есептеу техникасы жабдықтарына байланысты тапсырманы шешу мен эксплуатациялау шарттарын оқып-үйрену болып табылады. Бұл кезеңнің мақсаты – техникалық тапсырманы дайындау.

Техникалық тапсырма – бұл құжат, онда мыналар көрсетіледі:

- есептеу техникасы жабдықтарының тағайындалуы,

- эксплуатациялау, сақтау және транспортивокалау шарттары,

- негізгі техникалық сипаттамалар: ақпаратты өңдеудің жылдамдығы мен дәлідігі, конструкторлық параметрлері: сенімділігі, құны, жалпытехникалық талаптар (температура шегі, ылғалдылық, желі кернеуінің тербелісі, кедергіден қорғанушылығы жіне т.б.) қорек көзіне талаптар.

Эскизді жобалау. Эскизді жобалаудың негізгі мақсаты –есептеу техникасы жабдықтарын әзірлеудің берілген техникалық талаптарды қанағаттандыратын мүмкіндіктерін анықтау. Эскизді жобалау кезеңінде мынадай тапсырмалар шешіледі:

- техникалық негіздерді анықтау (яғни, физикалық элементтер мен бөлшектері), осыдан есептеу техникасының жабдықтары құрылатын болады,

- функционалды, мамандандырылған, көмекші элементтер жүйелерін анықтау,

жабдықтардың болжаулы санын бағалау,

- есептеу техникасы жабдықтарының құрылымын әзірлеу, есептеу техникасы жабдықтары мен құрылғыларының, оның құрамына кіретіндердің техникалық сипаттамаларын анықтау: есептеу техникасы жабдығының типі, санау жүйесі, ақпаратты кодалау тәсілдері, мекентілігі, машиналық сөз разоядтылығы, командалар құрамы, еске сақтау құрылғыларының типтері және олардың сыйымдылығы, олардың әрқайсысына қатынас құру уақыты, арифметикалық құрылғылар типтері, енгізу жылдамдығы көрсетілетін енгізу құрылғыларының типтері, кіріс ақпараттары мен шығыс каналдарының саны, мынадай сипаттамаларды қамтитын шығыс құрылғыларының типтері: ақпаратты шығару жылдамдығы, шығарылатын ақпараттардың саны және түрі, пайдаланылатын қуат және қорек көздерінің типтері, эксплуатациялау шарты.

Осы сұрақтарды шешу тәртібі және олардың бір-біріне әсері 2.45 - суретте көрсетілген.

 
 

 

 


2.45 – сурет. Эскизді жобалау

 

Бұл кезеңде негізгі назар шешілетін тапсырманың алгоритмін талдауға бөлінеді. Алгоритмдер, есептеу техникасы жабдықтарының логикалық құрылымын анықтайды, яғни арифметикалық және логикалық операциялардың орындалу тәртібін анықтайтын болады. Алгоритмдер мен сұлбаларды әзірлеушілер бір-бірімен үнемі байланыста болу керек, тапсырманы шешудің алгоритмдері мен сұлбалары конструктор жұмысымен сәйкес болуы қажет.

Алгоритмді талдау нәтижесінде негізгі құрылғылар құрамы мен талап етілетін техникалық сипаттамалар анықталады. Егер алдын-ала қойылған талапқа сай емес есептеу техникасының жабдығы құрастырылса, онда барлық техникалық тапсырма қайта өңдеуден өтетін болады. Алгоритмді талдау қолданыстағы есептеу машинасында оларды модельдеумен жүзеге асырылады, бұл жобалаудың бірнеше кезеңдерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Техникалық жобалау. Техникалық жобалау кезеңінде мынадай тапсырмалар шешіледі:

- есептеу техникасы жабдықтарының және оның барлық құрамдас блоктарының жұмыс жасау пинциптерін нақты әзірлеу, техникалық сипаттамасын нақтылау;

- есептеу техникасы жабдықтары блоктарының, түйіндерінің, құрылғыларының конструкциясын әзірлеу, конструкторлық сипаттама алу;

- есептеу техникасы жабдықтарының құрама құрылғыларын дайындау технологиясын әзірлеу;

- барлық құрылғылар жұмыстарын үйлестіру;

- есептеу техникасы жабдықтарын жинау, жөндеу, сынау әдістемелерін анықтау.

Техникалық жобалау кезеңінің орындалу тәртібі 2.46 - суретте көрсетілген


 
 

 

 


2.46 – сурет. Техникалық жобалау

 

Іс жүзінде бұл тізбек жиі бұзылады, себебі қазіргі есептеу техникасында біртипті және унифицирленген элементтерді қолдану функционалды, принципиальды сұлбаларды (конструкцияны әзірлей отырып) әзірлеудегі жұмыстарды біріктіруге мүмкіндік береді. электрлік сұлбаларды әзірлеумен бір мезгілді оларды зертханалық тексеру – зертханалық макеттеу жүзеге асырылады.

Принципиальды электр сұлбаларын жасау есептеуц техникасы жабдықтарын жобалаудағы ең қиын процесс. Қиындығы мынада: осы уақытқа дейін сызықтық емес электр тізбегін талдаудың жеткілікті әзірленген тәсілі жоқ. Бұл сұлбалар сараптық жолмен жасалады. Бұған көп уақыт пен энегия жұмсалады. Дегенмен, физикалық модельдеу тәсілін қолдану үнемі оптимальды вариантты бере бермейді. Бұл жұмысты математикалық модельді қолдану арқылы жеңілдетеді.

Есептеу техникасында электронды сұлбалар бөлшектерінің параметрлерін модельдеу, олрадың түрлі жұмыс режимдерін зерттеу электронды сұлбаны әзірлеу станциясын елеулі жеделдетуге мүмікндік береді.

Математикалық модельдеу үшін сұлбалық элементтердің цифрлық модельдері кеңінен қолданылады. Цифрлық модель берілген элементтің қабылданған физикалық моделінің математикалық сипаттамасы болып табылады. Есептеу техникасы жабдықтарының сұлбалық элементтері үшін цифрлық модельді құрыдың негізгі қиындығы сызықтық емес элементтер санының көптігінде.

Зертханалық макеттеу негізгі түйіндердін жұмыс мүмкіндігін тексеруге, сұлба монтажының мүмкіндіктерін анықтауға арналған. Құрастырушы жұмысы электр сұлбаларының элементтерін талдаумен байланысты. Осының негізінде типтік конструктивті элемент немесе оны ауыстырушы – модуль немесе ұяшық таңдалады.

Монтаждық – құрастырушы жобалау принципиальды электр сұлбасын әзірлегеннен кейін және конструктивті типтік элемент таңдалғаннан кейін басталады. Сонан соң құрылғының электронды сұлбасы конструктивті элементтерге жіктеледі. Мыналар орындалу керек:

- типтік элементтің сұлбалық құрамы логикалық аяқталу мүмкіндігіне қарай элетрлік тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек;

- типтік элементер арасындағы байланыстар саны аз болуы мүмкін;

- типтік элементтер түрлерінің саны – минимальды болу керек.

Есептеу техникасы жабдықтарының конструкциясын әзірлеуге мыналар қатысады: технологтармен, монтажниктармен, наладчиктармен бірге отырып сұлбаны құрастырушы жүзеге асырады. Себебі дұрыс таңдалған конструкция монтаждық жұмысты жақсы да, жылдам жасауға мүмкіндік беріп, наладка мен эксплуатациялауды ыңғайлы жүргізуге мүмкіндік береді. техникалық жобалау кезеңі аяқталғаннан кейін тәжірибелік үлгіні дайындау үшін қажетті құжаттар дайындалады. Тәжірибелік үлгі тауар түрінде шығарылады және есептеу техникасының сериялық жабдығын дайындаумен байланысты барлық сұрақтарды ақырғы рет өңдеуге арналған. Егер қажет болса техникалық тапсырма әзірленіп, нақтыланады. Осылайша есептеу техникасы жабдықтарын жобалау мен өңдірудін барлық процессі өзінше итерациялық процессті құрайды, оған жабдықты нақты жетілген қалыпта шығарғанға дейін қажетті өзгерістер еңгізіліп отырады.

Date: 2015-06-11; view: 2835; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию