Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 14 Компьютерлік желілер





Жергілікті желі - өзара кәбілмен байланыстырылған компьютерлердің шет құрылғылардың (принтер және т.б.) және коммутациялық құрылғылардың жиыны. Кәбіл ретінде “жуан” коаксиалды кәбіл, “жіңішке” коаксиалды кәбіл талшықты – оптикалық кәбіл және т.б. қолданылады. “жуан” кәбіл жоғары өткізу мүмкіндігін талап ететін бөлімшелерде қолданылады. Талшықты – оптикалық кәбіл басқа кәбілдердің жылдамдығы мен сенімділігі төмен жағдайда, осы кемшіліктерді болдырмау үшін ретранслятарсыз бөлімше құру мақсатында қолданылады. Дегенмен кәбілдік желінің құны жоғары, сондықтан бұлар кең қолданысқа ие бола аламай отыр. Негізінен жергілікті компьютерлік желілер “жіңішке” кәбіл немесе қосесулі сым негізінде құрылады.

Алғашында желілер “жіңішке” Ethernet принципі бойынша құрылды. Оның негізінде – желілік бейімдеуіш, бір бірімен коаксиальды кәбіл арқылы тізбектей байланысқан компьютерлік желі құрылды. Желі көлемінің өсуіне байланысты бір шинада көптеген компьюетлердің параллелді жұмысын ұйымдастыру қиын болды. Коаксиальды кәбілдін жұмыстан шығуы желінің жұмысын тоқтатып тастайды. Ал үзілген жерді немесе программалық ақауды анықтау мүмкін емес еді.

Сондықтан компьютерлік желінің алдағы дамуы құрылымдау принципімен жүзеге асырылып отыр. Бұл жағдайда әр желі өзара байланысқан бөлімшелерден – құрылымдар жиынынан жинақталады. әр жеке құрылым желілік бейімдеуішті бір неше компьютерлерден тұрады. Әрқайсысы жеке есулі қоссыммен – коммутатормен байланыстырылған.

Қажет болған жағдайда желіге жаңа құрылым қосылады. Қосесулі сым принципі бойынша желі құру кезінде көпрек кәбіл қолдануға болады. Кәбіл тек әрбір жұмыс орынына таратылып ғана қоймай, алдағы уақытта қажет болады деген жерлерге де тартылады. Жаңа қолдаушыны қосуда тех бір немесе бірнеше панельдерге коммутацияны өзгертсе жетііп жатыр.

Құрылымдалған желі дәстүрлі желіге қарағанда қымбатырақ бірақ көптеген жылдарға дейін қолданысты қамтамасыз етед.

Осы принцип бойынша құрылған желілер үшін арнайы электронды жабдықтар қажет. Соның бірі – хаб – желінің коммутациялық элементі болып табылады. Әр хабтың 8 – 30 аралығында разъемдары (порттары) болады, ол компьютерді немесе басқа хабты қосу үшін керек. Әр портқа тек бір құрылғы қосылады. Компьютерді хабқа қосқан кезде желілік интерфейс электроникасының бір бөлігі компьютерде, екінші бөлігі хабта болады,. Мұндай байланыс сенімділікті күшейтеді. Әдеттегі жағдайда хаб сигналды күшейтумен қатар, пакет преамбуласын қалыпқа келтіріп, туыншуылдақ кедергілерді жояды және т.б.

Хабтар жүйенің жүрегі болып табылады, көп жағдайда оның қызметі мен мүмкіндіктерін анықтайды. Қарапайым хабтардың өзінде порттар күйін анықтаушы болады. Бұл туындаған проблемеларды тез диагностикалауға мүмкіндік береді. осындай құрылымдалған жүйенің ерекше жетістігі кедергіге төзімділігі: оның екі элементінің арасындағы байланыс бұзылған жағдайда, қалғандары жұмысын жалғастыра беред.

 

Date: 2015-06-11; view: 1401; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию