Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жобаны сақтау және ашу





Жобаны сақтау. Жобаны дайындап болған соң, оны сақтау үшін: File→Save Project As немесе File→Save Project All командаларының біреуін беру керек. Егер жоба алғаш рет сақталынып жатса, онда модульді сақтауды сұрайтын: Save Unit1 As - атаулы терезе көрінеді.

Жоба сақталу үшін арнайы бума дайындалмаған болса, ол Project (C:\Program Files\Borland\Delphi7\Project) бумасында сақталады, бірақ пайдаланушы Сақтау терезесінде жаңа бума құрып, жобаны сонда сақтаған жөн, ол оны іздеп табуды жеңілдетеді.

Жаңа бума құру тәсілі:

· Сақтау сұралатын терезенің «Жаңа бума құру» батырмасын шерту арқылы Бума белгішесін терезеде орналастырылып қою;

· Пернетақтадан бума атын енгізу;

· Буманы екі рет шертіп-ашу;

· Терезенің Файл аты өрісіне модуль атауын енгізіп, «Сақтау» батырмасын шерту. Модуль .pas кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады да, экранда жоба аты сұралатын терезе көрінеді (15.7-сурет);

Файл аты өрісіне жоба атын енгізіп, «Сақтау» батырмасын шерту. Жоба файлы .dpr кеңейтілуі бойынша сақталады да, негізгі модуль атауы осы атауға өзгертіледі. Ол программа атауы ретінде қабылданады.

Жобаны сақтау кезінде Delphi объектіге бағдарланған программалау жүйесі pas, dfm, dcu кеңейтулері қосылатын үш файл дайындап шығады, мұндағы:

*.pas типті файл - код терезесіндегі мәтін көшірмесі;

*.dfm типті файлда форма терезесінің ішіндегі файл сипатталады;

*.dcu типті файл – алдыңғы екі файлды машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесі.

Егер программада синтаксистік қате болмаса, компилятор оларды. exe файлға түрлендіріп шығады (файлдың аты жоба атауымен бірдей етіп жазылады да, оған .exe кеңейтілуі қосылып қойылады). Ол Windows-қа кірістіріліп, жоба файлы сақталған бумада орнастырылады да, программаны Windows сілтеуіші терезесінен әдеттегідей іске қоса беруге болады.

 

 

1.12-сурет.Модульді сақтау терезесі

 

Date: 2015-06-11; view: 1672; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию