Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






DELPHI – объектіге бағдарланған бағдарламалау тілі





Қазіргі кезде Delphi - көпшілікке танымал және пайдаланушылар үшін ең тиімді программалардың бірі. Бұл программаны Borland Internation (АҚШ) компаниясы шығарған.

Программалауды жеңілдету үшін 1980-жылдары объект, оқиға, объект қасиеті, класс және әдіс ұғымдары енгізілген объектіге бағдарланған програмалау тәсілі негізге алынды,мұндағы:

§ объект – түрлі мәндердің қасиеттері мен әдістерінің жиынтығы;

§ оқиға – программаның жұмыс істеу кезінде объект жағдайының өзгеруі;

§ қасиет – объект сипаттамалары (параметрлері);

§ класс – өрістер, қасиеттер және әдістердің бірлігінен тұратын өңдеу әдістері мен қасиеттері ортақ түрде сипатталатын объектілер жиынтығы;

§ әдіс – класстың өрістері мен қасиеттерін өңдейтін процедуралар мен функциялар.

Delphi осы негізде дайындалған программа, объектілі-программалауда барлық класстар иерархиялық түрде негізгі TОbject класынан тарайды, сол себепті Delphi программалау тілінде класс атауын Т әрпінен бастау келісілген. TForm1 = class (TForm) жазуы TForm класының үлгісімен құрылатын жаңа (туынды) TForm1 класын анықтайды. Form1: TForm1 жолындағы Form1 айнымалысы ­- класс данасы блып табылады. Объектіге бағдарланған програмалауда класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм принциптері енгізілген.

Мұрагерлік – программада негізгі класс типінің туынды иерархиялық класстарда сақталуы, Delphi-дің барлық класстары TObject классына еншілес.

Инкапсуляция (ішінде, біртұтас) - класс өрістерінің, қасиеттері мен әдістерінің бірлігінен тұрады, оларды біртұтас құрастыру инкапсуляция деп аталады.

Полиморфизм (көптүрлілік) – мұрагер класстардың түпкі классқа енгізілген әдіс атауы бойынша әр түрлі класстарда түрлі әрекеттерді орындайтын әдістерге бірдей атау беру мүмкіндігі.

Delphi программасы кәсіби программалаушыларға арналған көп терезелі жүйе. Ол алты терезеден тұрады:

1. Негізгі терезе (Delphi 7 - Project1);

2. Объект бұтағын барлаушы терезе (Object Tree View);

3. Объект инспекторы терезесі (Object Inspector);

4. Формалар конструкторы терезесі (Form1);

5. Код редакторы терезесі (Unit1.pas);

6. Код сілтеуіші терезесі (Exploring Unit1.pas);

Негізгі терезе -бас (негізгі) мәзірден, аспаптар панелінен және компоненттер политрасынан тұрады (15.1-сурет), мұндағы:

ü негізгі мәзір - функцияның көлемді командалар жиыны;

ü аспаптар панелі - негізгі менюдің сол жақ төменгі жағында орналасқан компоненттер жиыны;

ü компоненттер палитрасы - негізгі менюдің төменгі оң жағында орналасқан компоненттер жиыны.

 

15.1-сурет. Негізгі терезе кескіні

 

Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына енетін аспаптар панеліне қажетті командаларды орындайтын стандартты батырмалар орналастырылған, олар:

- - Жаңа (New);

 

- Ашу (Open);

 

- Сақтау (Save);

 

 

- Жобаны ашу (Open Progect);

 

- Форманы көрсету (View Form);

 

- Іске қосу (Run);

 

- Үзіліс (Pause);

 

- Жобаға файл қосу (Add file Project), т.б.

 

Компоненттер палитрасы - программа кітапханасындағы программалау ортасымен бірігіп бір іс-әрекетті орындайтын дайын программалар үзінділерінен тұратын компоненттерден жинақталған. Компоненттер Форма терезесіне орнатылады.

Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы ( Visual Component Library ) деп атайды, онда түрлі класстық көптеген стандартты компоненттер жинақталып, түрлі атаулармен он тоғыз бетке орнатылып қойылған. Мысалы: Standard және Additional беттеріне енгізілген компоненттер сұхбаттық терезелердің көрінісін түрлендіру үшін пайдаланады, System бетіне OLE (байланыстыру және орнату) технологиясы бойынша берілгендерді түрлі программалар арасында алмастыратын және т.б. іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер енгізілген, олар: Timer – нақты уақыт аралықтарын есептеу, Paint Box – графикалық кескіндер енгізілетін төртбұрышты облыс құру, OLE Container – байланыстыратын және орнатылатын объектілерді қабылдау контейнері, Media Player – мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару компоненті. Win32 бетіне енгізілген компоненттердің бірі Animate (жандандыру, қозғалыс әсерін ұйымдастыру) – қозғалыс әсерін ұйымдастырады. Компонент Формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын алады.

Delphi-де дайындалатын программа жоба (проект) деп аталады. Delphi ортасында құрылатын программалар жобаға біріккен бірнеше элементтерден тұрады, жақша ішінде кеңейтілген файл аты (файл типі) көрсетілген. Олар:

· Жоба коды (dpr);

· Форманы сипаттау (dfm);

· Форма модулі (pas);

· Модульдер (pas);

· Жоба параметрі (dof);

· Ресурстарды сипаттау (res);

Жоба файлдарының арасындағы байланыс 15.2-суреттегі түрдегідей:

 

15.2-сурет.Жоба файлдарының өзара байланысы

 

Delphi тілінде программа құру процесі екі қадамнан тұрады - алдымен Форма терезесінде программалауға қажетті компоненттерді орнатып, программаның формасын құру және Формаға оқиғаны өңдеуші процедураларды жазу.

Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі, кейбір жағдайда экранда Форма терезесінің көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткілікті. Форманың және Формаға енгізілетін компонеттердің түрлі қасиеттері бар.

Форма қасиеттері. Формада программа мен пайдаланушы арасындағы интерфейсті (өзара іс-әрекетті) қамтамасыз ететін компоненттер болады. Мұндай компоненттерді негізгі компоненттер деп атаймыз, олардың құрамында:

Label – мәтінді шығару өрісі;

Edit – енгізу/редактор өрісі;

Button – командалық батырма;

CheckBox – таңдаудың тәуелсіз батырмасы;

RadioButton – таңдаудың тәуелді батырмасы;

L istBox – таңдау тізімі;

ComboBox – таңдаудың қосарланған (тәуелді, тәуелсіз) тізімі.

Қасиет (сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.

Қасиеттер тізімі обьект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Обьект инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар: Қасиеттер (Properties) және Оқиғалар (Events). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.

Оқиға – программаның жұмыс істеу кезінде объект жағдайының өзгеруі. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған, бұл – атаудың Оқиға екендігін білдіретін белгі. Мысалы, Формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады. Формаға байланысты оқиғалар саны – 35. Delphi-де программа (жоба) екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атау берілетін жоба файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль, олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс- әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, ал терезені - программалық код терезесі немесе редактор терезесі деп те атайды. Жалпы, Формадан код терезесіне өту және код терезесінен Формаға өту үшін F12 пернесін басу жеткілікті.

Delphi ортасында программа құруүрдісі келесі кезеңдерден тұрады:

Ø Форма құру;

Ø Кодтау үрдісі;

Ø Компилляция;

Ø Тестілеу.

Алдымен Форма терезесінде программаның формасын құру керек, ол үшін Формаға программалауға қажетті компоненттерді орнатып, оқиғасының өңдеуші процедурасын жазу қажет, содан кейін Формаға орнатылған әрбір компоненттің қасиеттерінің мәндерін беру керек. Программалауда негізгі жұмысты оқиғаны өңдеуші процедуралар орындайды.

Программа негізгі информацияны - енгізу өрісінен (Edit компоненті), таңдау тізімінен (ListBox компоненті) немесе қосарланған тізімнен (ComboBox компоненті) алады. Логикалық типтің мәндерін енгізу үшін CheckBox пен RadioButton компоненттерін қолдануға болады.

Программа нәтижесін Мәтінді шығару өрісіне ( Label) – немесе Хабарлау терезесіне (MessageDlg функциясы) шығаруға болады.

Берілген мәндерді экранға шығару. Show Message процедурасы Delphi-де берілген шамаларды Мәліметті көрсету (Show Message) процедурасының терезесіне шығарады. Процедураның (оператордың) жазылу түрі: Show Message(s); (2)

мұндағы s - жолдық типті өрнек, егер ол сандық типті болса, оны жолдық типке түрлендіру үшін s аргументінің орнына типті түрлендірудің сәйкес функциясын (11-кесте) енгізу керек. Мысалы, s нақты типті сан болса, оны шығару терезесінде көрсету операторының мынадай түрде жазылуы мүмкін: Show Message(FloatToStr(s)); (3)

Show Message(FloatToStrF(s,ffgeneral,7,3)); (4)

 

11 – кесте. Стандартты типті түрлендіру функциялары

Функция Орындайтын іс - әрекеті
StrToFloat(x)   Кескіні жолдық типті болатын х нақты санын қалпына келтіру
FloatToStr(x) х нақты санын жолдық типті ету
FloatToStrF(x,f,s,o)   х нақты санын форматты жолдық типке түрлендіру. Мұндағы f - кескіндеу форматы, көбінесе ffGeneralнеffFixed түрінде жазылады; s-барлық цифрлар саны (дәлдік); о- ондық нүктеден соң жазылатын цифрлар саны (ондық дәлдік), мысалы, FloattostrF(x,ffFixed,7,3)
StrToInt(x)   Кескіні жолдық типті х бүтін санын қалпына келтіру
IntToStr(x) Х бүтін санын жолдық типті ету (IntToStr - Integer to String, т.с.с.)

 

Жүйе соңғы операторды оқып шығып, жеті цифрдан тұратын нақты санды символдық типте шығару терезесінде көрсетеді.

Мысал:

Компоненттер тақтасының SYSTEM бетінде орналасқан TTimer компонентін пайдаланып, формада жүріп тұрған электрондық сағатты көрсету үшін:

1. Жаңа жоба ашып (15.3-сурет), Timer1, Label1 компоненттерін формада орнату;

15.3-сурет. Бастапқы Форма кескіні

 

2. Компоненттер қасиетіне мәндер меншіктеу (12-кесте);

 

12-кесте. Timer1, Label1 - компоненттер қасиетінің мәндері

Компонент Қасиет Мән
Timer1 Enabled Interval True
Label1 Caption Width (ені) Heigth (биіктігі) Left (сол жақтан) Top (жоғарыдан) Font (қаріп) Бос ету 24, қаріп түсін таңдау

 

3. Оқиға кодын (программасын) құру олүшін TTimer компоненті өңдейтін Оқиға - Object Inspector терезесіндегі Events бөлігінде орналасқан, OnTimer оқиғасын таңдап, оң бөлігін екі рет шерту керек немесе Timer1 компонентін екі рет шертсе – процедура, яғни unit1.pas терезесі ашылады.

4. Программа құру:

unit Unit1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs, ExtCtrls, StdCtrls;

type

TForm1 = class(TForm)

Label1: TLabel;

Timer1: TTimer;

procedure Timer1Timer(Sender: TObject);

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

var

Form1: TForm1;

implementation

{$R *.dfm}

procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);

var DateTime:TDateTime;

begin

DateTime:=Time; { ағымды уақытты қайтарып беретін стандартты функция}

Label1.Caption:=TimeToStr(DateTime); { уақытты символдық типке түрлендіру}

end;

end.

1. Іске қосу командасын беру (F9 пернесін басу) арқылы, мәтін шығару өрісінде жүріп тұрған электрондық сағатты (15.4-сурет) көрсету.

 

15.4-сурет. Экрандағы электронды сағат кескіні

 

Date: 2015-06-11; view: 5077; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию