Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс мазмұны. 1. Нарықтық экономикадағы табыстар ,теңсiздiк мәселесi және табыстарды бөлу





1. Нарықтық экономикадағы табыстар,теңсiздiк мәселесi және табыстарды бөлу.

2. Жұмыссыздықтың әлеуметтiк және экономикалық мәнi және түрлерi.

3. Жұмыссыздықты мемлекеттiк реттеу және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау.

 

Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдік. Еліміздің әкімшілдік-әміршілдіктен нарықтық экономика көшуі адамның әлеуметтік тәукелінің артуына алып барады.

Ескерту: трансферттік төлемдер – және ақы, стипендия, білім мен денсаулық сақтау саласындағы тегін қызмет көрсету баспанадағылар жатады. Мұндай топтар табатын табыс мөлшеріне байланысты қалыптасады.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналарды жатқызамыз: минималды жалақы, зейнет ақы, стипендия, жәрдем ақы – оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қымет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер. Тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы алуға құқылығы, меншікке құқы және одан табыс табу.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің басты элементі ретінде олардың ақшалай табысын индексациялауды жатқызады. Оның мәнісі: инфляция келтірген зиянның орынын толтыруға қызмет етеді. Тұрғындардың табысын индексациялау өзінің экономикалық мазмұны бойынша- тұрғындардың ақшалай табыс мөлшерін түзететін механизм. Инфляцияның әсерінен болған тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің қымбаттауын сол механизм арқылы некен-саяқ немесе түгел орнын толтырады.

Күн көру дегеніміз не және ол қалай өлшенеді? Өмір сүру минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін қалпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы денгейін айтамыз.

Күн көру деңгейін екі тәсілмен анықтауға талпынды. Бірінші тәоіл минималды тұтыну бюджетіне негізделген Ол отбасы табысының балансы мен шығындарынан тұрады. Күн көру деңгейін анықтаудың екінші тәсіліндде кедей отбасы өз табысының 1/3 бөлігін тамақ өнімдеріне жұмсайтыны ескеріледі. Күн көру деңгейін бюджетінің рационалды тұтыну бюджетінен айырмашылығы сол барлық ойдағы тұтынуды қанағаттандыруға есептелмеген. Әлемдік тәжірибеде тұрғындар табысын индексациялаудың екі негізгі түрі белгілі: а) автоматты, б) жартылай атвоматты, кейде келісімді дейді.

1.1Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы.

Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыс- сыздықты әртүрлі мектеп өклдкері әртүрлі түсіндіреді.Мысалы,мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын

Тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді.Кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігі-

мен дәлелдейді,еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы-жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарлауымен туындайтынын

айтады,яғни ол еркін болып табылады.Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері –«монетаристер»-осы көзқарасты құп- тайды.

К.Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден-капиталдың

Қорлануымен,екіншіден,-техника прогрессімен болатындығын айтады.

Енді осы теориялардың мән-жайына қысқаша тоқталайық.

Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус(1766-1834)жасаған. Ол 1798 жылы «Халық

саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған.Онда ол былай жазған:жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі;яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі;алөмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі:

халық саны-1,2,4,8,16,32 және т.б.,ал өмір сүру жабдығы-1,2,3,4,5 және т.б.

Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус(әрбір 25 жылда екі есе өсуі) XVI I-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген,бірақ ол кезде АҚШ-да тұрғындар сан тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен де өскенін ескермеді.

Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тарауға сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарлауының салдары деп түсіндіреді.

Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді.Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің професоры А.Пигу өте дәлдікпен жасады.

Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде.Осы теорияны жақтаушылар жұ- мыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді.Ақша массасын дұрыс бас- қара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады.Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады.Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс(1914ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ол «Филлипс қисығы» аталды.

Date: 2015-07-10; view: 1205; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию