Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет. 4.5. Жалпы, тұрақты және өзгермелі шығындар қисығы





Жалпы шығындар (ТС – total costs) өндірістің берілген көлемі кезіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы.

Басқару шешімдерін қабылдау үшін өндірушілер тек шығындардың жалпы сомасын ғана емес, сонымен қатар өнімнің бір бірлігіне жұмсалған шығындарды, яғни орташа шығындарды да білуі қажет. Бұл көрсеткіш оны өнім бірлігіне бекітілетін бағамен салыстыру үшін керек. Орташа шығындар орташа өзгермелі және орташа тұрақты болып бөлінеді.

Орташа шығындар (АС average costs) өнімнің бір бірлігіне кеткен шығын. Оны есептеу үшін жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлеміз.

AC = TC / Q

Орташа тұрақты шығындар (AFC) тұрақты шығындардың өнім көлеміне қатынасы. AFC = FC / Q,

Орташа өзгермелі шығындар (AVC) өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы табылады.

AVC == =VC /Q

Шекті шығындар (MC –marginal costs) қосымша бір өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығын. МС = DТС / DQ

 

Ұзақ мерзiмдегi орта, шектi шығындарды қарастырмас бұрын ұзақ мерзiм ұғымын анықтап алайық. Ұзақ мерзiм – бұл барлық фактор өзгеріссiз қалатын уақыт аралығы.

Әрбір дәуірдің есті өкілдерін пайда теориясы толғандырды және әр дәуір оны өзінше анықтады, сөйтіп осы теорияға өз көзқарастарын біліп толықтандырды. Пайданың қайнар көзін түсіндіру талпынысының алғашқылары болып ХV – XVII ғасырларда мерканталистер жасаған. Олардың пайымдауынша, пайда сыртқы саудада туындаған. Тауарды шет елде жоғарғы бағамен сату арқылы, адамдар пайда табады.

Пайда теориясына экономикалық классиктері А. Смит пен Д. Рикардо сүбелі үлес қосты. Пайданың қайнар көзін олар өндірістен таба білді. А. Смит өзінің басты еңбегі «Табиғатты зерттеу және халықтар байлығының себептері» (1776ж) деген еңбегінде былай деген: «жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке бөлінеді – біреуі олардың жалақысын төлеуге, екіншісі – кәсіпкердің пайдасын төлеуге кетеді.».

А. Смиттің пайданы – бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау идеясы, өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу «ұстамдылық», «күтушілік», «тәуекелділік» теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні – пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.

Батыс экономистері жасаған кәзіргі пайда тұжырымдамасы бұл ұғымды әртүрлі көзқараста баяндаған. Ол өндіріс факторларын (жер, енбек, капитал, кәсіпкерлік, қызмет пен ақпаратты айтамыз) қолданған табыс ретінде қарастырылады.

Американ ғалым – экономисті Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты атап көрсетті:

1. пайда өндіріс факторынан алынған шартсыз табыс ретінде және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;

2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық жетілдіруді ендіру;

3. пайда тұрақсыздық жай – күйді тудырушы ретінде және тәуекелділік үшін төлем;

4. пайда монополды табыс ретінде.

Осындай көзқарас американ жоғарғы оқу орны студенттерінің Экономикс оқулығының авторлары Кэмпбелл Р. Макконнелл мен Стенли Л. Брюде қалыптасқан. Экономический образ мышления оқулығының авторы П. Хейне былай дейді: пайданың дұрыс анықтамасы жоқ, себебі бұл көп қырлы ұғым және оның мазмұнын екшеп сорттау қажет, егер біз экономикалық жүйе қызметінің механизмін түсінгіміз келсе.

Осы әр түрлі қысқаша шолу пайданың қайнар көзіне көп түрлі көзқарастың барлығын көрсетеді. Таза сандық, көзқарас тұрғысынан пайданы қолға түскен шағын табыс пен жалпы шығындардың арасындағы айырма ретінде анықтаған абзал.

Кез – келген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда табу. Алайда нарыққа өз тауарымен шыға отырып, ол алдымен белгілі ақшалай қолға түсетін шағын түсімді алуды жоспарлайды. Тауар өндірушінің қолға алатын түсімін талдай отырып, табыстың үш түрін бөлектеуге болады: жиынтық, орташа және шекті:

А) жиынтық табыс (ТR) – белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын ақшалай сома. Жиынтық (жалпы) табыс тауар санын (а) оның бағасына (р) көбейткенге тең:

TR=Q x P

Ә) орташа табыс (АR) – салынатын бір тауар бірлігінен алынатын табыс:

AR= TR/Q;

Б) шекті табыс (MR) – бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алынатын, қосымша табыс. Шекті табыс жиынтық табыстың n бірлігі тауары мен жиынтық табыстың n=1 бірлігі тауарының арасындағы айырма тең:

MR=ATR/AQ немесе TRn – TRn-1

 

 

Date: 2015-07-10; view: 2086; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию