Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономиканың басты сұрақтары





 

Өндіріс – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру барысындағы адамдардың қызметі. Табиғат адамға оған қажетті игіліктерді бермейді. Оларды өндіру қажет. Сондықтан да өндіріс объективті қажеттілік болып табылады.

Адам қажеттіліктері материалды және рухани болып бөлінеді. Адамның қажеттіліктері шексіз және тұрақты түрде өсіп отырады. Экономикалық теорияда бұл тенденцияны «қажеттіліктердің өспелі заңы» сипаттайды. Қажеттліктердің тұрақты түрде өсуін өндіріс шектеп отырады. Сондықтан өндірістің негізгі мақсаты – адам және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұған адам мен табиғаттың өзара байланысы арқылы қол жеткізіледі. Бұл байланыстарда белсенді жақ адам болғандықтан, өндіріс – табиғатты адамен өзгерту процессі деп айтуға болады.

Өндіріс процесінде адамммен қолданылатын барлық күштердің жиынтығын өндіруші күштер деп атайды. Өндіріске қатысты адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды өндірстік қатынастар деп атайды.

Өндірістің екі деңгейі бар: жеке және қоғамдық. Жеке өндіріс - негізгі өндірістік бірлік көлеміндегі қызмет (кәсіпорын, фирма). Қоғамдық өндіріске өндірістік инфрақұрылым деп аталатын қосымша элементпен негізделетін кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланыстардың барлық жүйесін білдіреді.

Өндіріске еңбек бөлінісі тән, ол қазіргі уақытта бар еңбектік қызметтің барлық түрлерінің жиынтығы.

Өндірістің дамуының екі түрін ажыратады. Біріншісі, экстенсивті қолданылатын өндіріс құралдарының сандық өсуі есебінен болады. Екіншісі, өндіріс құралдарын сапалық жаңарту есебінен жүзеге асырылады.

Өндіріске ұдайы болуы тән. Ұдайы өндіріс дегеніміз үздіксіз қайталанып отыратын процесс. Ұдайы өндірісті екі типке бөліп қарайды: жай және ұлғаймалы. Өндіріс процесінің көлемі мен ауқумының үзіліссіз өзгермеген күйде жаңалануын жай ұдайы өндіріс дейміз. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануы және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз. Егер қоғам жай ұдайы өндіріс шеңберінен шыға алмайтын күйде болса онда ол өзінің болашағын «жеп қояды».

Ұдайы өндіріс циклдық сипатқа ие, ол ұдайы өндірістік фазалардың айналымында қозғалуға әкеледі.

Өндірістің кезеңдері:

- өндіру;

- бөлу;

- айырбастау:

- тұтыну.

Тұтыну өндірістік процестің қорытындысы болып табылады.

 

 

 

Date: 2015-07-10; view: 3031; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию