Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Психиатрия медицинаның маңызды және актуальды бөлімдерінің бірі болып табылады





Психиатрия медицинаның маңызды және актуальды бөлімдерінің бірі болып табылады. Заманауи психиатрия әлеуметтік саясатпен, мәдениеттанумен, тәртіптік ғылымдармен, биологиялық ғылымдармен және жалпы медицинамен шекаралас болып келеді. Осы шекаралардың ішінде заманауи психиатрияның бөлімдері орналасқан- психикалық саулықты қорғау, психиатриялық көмекті ұйымдастыру, әлеуметтік психиатрия, клиникалық психиатрия, оның ішінде геронтопсихиатрия және балалар және жасөспірімдер психиатриясы.

Жалпы медицинаның заманауи дәрігері науқасты және оның туыстарын клиникалық және қосымша тексеру әдістерінің негізінде біріншілік медико-санитарлық көмек деңгейіндегі алдын алу шараларының басты объектісі болып табылатын жоғары қауіп-қатер топтарын анықтай білуі керек.

2.2. Психиатрия пәнінің мақсаты:

Психиатрияны оқудың мақсаты: негізгі психикалық аурулардың диагностикасы мен емінің, ургентті жағдайларда жедел көмек көрсетудің жалпы принциптері бойынша, сонымен қатар алдын алу мен реабилитация сұрақтары бойынша білім мен дағдыны қалыптастыру.

2.3. «Психиатрия» пәнінің мақсаты:

· халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастырудың негіздерімен таныстыру;

· студенттерді психикалық және жүріс-тұрыс бұзылыстары клиникалық диагностикасының негіздерімен таныстыру;

· студенттерді психикалық статусын бағалаумен бірге сау және ауру адамдардың психикалық жүйесін зерттеу әдісіне үйрету;

· студенттерді психикалық аурулардың экпериментальды психологиялық диагностикасы негіздерімен таныстыру.

· студенттерді психосоматикалық және соматопсихикалық өзараәрекеттесулермен және психогенді бұзылыстармен таныстыру.

· студенттерді дәлелдеуші медицина тұрғысынан психикалық бұзылыстарды емдеу және сауықтырудың заманауи ұстанымдарымен таныстыру.

· психикалық бұзылыстардың психопрофилактикасы мен психогигиенасының негізін қалыптастыру.

· 2.4. Психиатрияны оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі керек:

* Халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерін;

· Психиатрияда қолданылатын зерттеудің негізгі заманауи әдістерін;

· Психикалық бұзылыстардың негізгі симптомдары мен синдромдарын;

· Психиатриядағы емдеу мен алдын алудың негізгі принциптерін.

Студент істей білуі керек:

· Науқастан анамнез жинай;

· Психикалық бұзылыстардың симптомдарын анықтай;

· Әр түрлі жастағы науқастардың психикалық статусын бағалай;

· Науқасты зерттеудің негізгі заманауи клинико-лабораторлық және аспаптық зерттеулерді таңдай выбрать основные современные клинико-лабораторные и инструментальные методы исследования больного;

· Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестері және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қарым-қатынас орната;

· Ұжымда жұмыс істей білуі.

Студент дағдыларды білуі қажет:

· негізгі психопатологиялық симптомокомплекстер диагностикасын;

· өмірге қауіп төндіретін жағдайлар диагностикасын және психикалық бұзылыстар кезіндегі алғашқы көмек көрсетуді;

· салауатты өмір салтының принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізуді.

2.5.. Пәннің пререквизиттері: психотерапия, жалпы және медициналық психология негіздерінің коммуникативті дағдыларын, анатомия-2, клиникаға кіріспе-2, фармакология, дәлелді медицинаның негіздері, балалар аурулары, неврология, ішкі аурулар-1, инфекциялық аурулар.

2.6. Пәннің постреквизиттері: барлық мамандық бойынша интернатура.

2.6. Психиатрия пәнінің қысқаша мазмұны:

Блок №1. Психиатрия бойынша дәрістер тезистері.

Date: 2015-07-02; view: 1451; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию