Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Неологизмдер 4 page





Везаникалық кем ақылдылык

Концентрациялық кем ақылдылық

Пуэрилизм

Сенильді деменция

Лакунарлы деменция

 

268. Науқаста орынға және уақытқа байланысты бағдары бұзылған, бірақ өз тегін дұрыс айтты. Аурухананы дүкен деп, аурухана ішіндегі адамдарды сатып алушылар деп ойлайды. Көру галлюцинациялары бар: ақ тышқан, мысық, иттерді көреді, денесіндегі өрмекшілерді денесінен түсіреді, қорқады, қашып кетуге ұмтылады. Болжамды синдромды ата. Онейроид

Аменция

Сананың бұлыңғырлануы

Делирий

Обнубиляция

 

269. Науқас төсекте қолын сермеп, айналшықтап, кереуетте көлденең жатады, кей кезде ыңғайсыз дене қалпын сақтап жатып қалады. Адамдармен сөйлеспейді. Бірақ сол адамдардың сөздерін және сөз тіркестерін қайталайды. Кейде бірнәрсені тыңдап тұрғандай күледі, байланыссыз сөйлейді. Науқас температурасы 38°, еріндері ісіген, тілі қабатталған, тахикардия. Осы жағдайда шыққанда науқас ешнәрсені есіне түсіре алмады. Болжамды синдромды ата.

Аментивті синдром

Делириозды синдром

Онейроидты синдром

Фебрильді кататония

Онейроидты кататония

 

270. Науқас төсекте қолын сермеп, айналшықтап, кереуетте көлденең жатады, кей кезде ыңғайсыз дене қалпын сақтап жатып қалады. Адамдармен сөйлеспейді. Бірақ сол адамдардың сөздерін және сөз тіркестерін қайталайды. Кейде бірнәрсені тыңдап тұрғандай күледі, байланыссыз сөйлейді. Науқас температурасы 38°, еріндері ісіген, тілі қабатталған, тахикардия. Осы жағдайда шыққанда науқас ешнәрсені есіне түсіре алмады. Аталған патология қай ауруға тән.

Эпилепсия

Реактивті жағдай

Маниакальді-депрессивті психоз

Шизофрения

Истерикалық психоз

 

271.Науқас А. - 32 ж, қозғалыссыз отырады. Қабақтары жартылай жабулы, айқын қарамайды, ұйқылы. Кейде баяу, үндемей еріндерін қимылдатады, кейде сөйлей бастайды: «жүзіп барамын... жүзіп барамын... мен трамвайдамын...Марсиане, бері келші...». Кей кезде адамға қарауы айқын, айналасына таң қалып қарайды. Ол өзін аурухана палатасында немесе басқа ғаламшардамын деп ойлап, қайда екенін анықтай алмайды. Қысқа мерзімдік «ағару» кезеңі ступормен алмасады, осы кезде контакт болмайды. Болжамды синдромды ата:

Делириозды синдром

Аментивті синдром

Паранойяльді синдром

Фебрильді кататония

Онейроидты кататония

 

271. Науқас Ж.- 22 жаста, (кәсібі монтер) сұрақтарға жауап бермейді, мыңғырлап сөйлейді, бет келбеті кейде қорқып тұрғандай, кейде түсінбегендей қарайды. Үзіліссіз бір қимылды сымдарды созып тұрғандай қайталайды. Қоршаған ортада бағдары бұзылған. Науқастың бірнеше жылдар бойы созылмалы алкоголизммен ауыратындығы анамнезінен белгілі. Осы жылы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Болжамды диагноз:

Кәсіби делирий

Аментивті синдром

Паранойяльді синдром

Муситирлеуші делирий

Онейроидты кататония

 

272.Науқас И.- 47жаста, өзіне қарай жүгіретін ұсақ жануарларды «көреді» (көртышқан, кішкентай сиырлар, қара өрмекшілерді). Барлық адамдарды «соны көреді деп» сенеді. Объективті: бет әлпеті айқын қорқынышты, тыныс алуы қиындаған, беті гиперемияланған, гипергидроз. Тынымсыз қолын сермей береді, кереует астына тығылып, айқайлайды. өзіндік бағдары бұзылмаған, ал қоршаған ортаға бағдары бұзылған (аурухананы медициналық сауықтыру пункті деп санайды), уақыт бойынша басқа уақытты айтады. Болжамды диагноз:

Аментивті синдром

Делириозды синдром

Онейроидты синдром

Фебрильді кататония

Онейроидты кататония

 

273.Науқас С.- 34 жаста, түн ортасында кенеттен төсегінен көзі ашулы күйде тұрып кетеді, бет келбеті ешқандай өзгеріссіз, бөлме ішінде жүреді, шкафтарды, үстел тартпаларын ашып, бірдене іздегендей заттарын қопарады. Бір күні осындай күйде үйінен шығып кеткен, үйінен алыс емес жердегі құрылыс алаңына келіп, құрылыс кранына мініп, ешқандай қорқынышсыз кранды жүргізген. Туыстары айтуы бойынша, науқасты осындай жағдай кезінде ояту сәтсіз әрі контактіге түсу мүмкін емес. Науқас өзінің түнгі уақытта жүргенін есіне түсіре алмайды. Бірнеше жыл эпилепсиямен ауырады. Болжамды диагноз.

Абсанс

Сананың ымырттық бұлыңғырлануы

Кататоникалық синдром

Персекуторлы сандырақ

Онейроидты синдром

 

274.Науқас төсекте қолын кресттәрізді етіп көтеріп жатыр. Қозғалыссыз, қатып қалғандай. Төсек үстінде кенеттен қимылдай бастайды. Қимылы ретсіз, тепе теңдік сақталмаған. Бет келбеті абыржыған. Тоқтаусыз мағынасыз сөйлейді. Науқаспен байланыс орнату мүмкін емес. Болжамды синдром:

Кататоникалық

Делириозды

Параноидты

Ымыртты сананың бұлыңғырлануы

Гебефренді

 

275.Науқас Т. 50 жаста, үстелде ұйқылы ояу болып отыр. Кейде үстелден тұрып, жай қимылмен бөлмеде жүреді. Сұрақтарға жауап бермейді. Осы жағдайдан шыққаннан кейін:науқасты және балаларын «жат ғаламшарлықтар» басқа ғаламшарға әкеліп, балаларының аяқ қолдарын кесіп, науқастың басын балтамен шапқан. Кейін «кішіпейіл хирургтар» кесілген дене бөліктерін желімдеп қалпына келтіргенін толығымен көргендігін айтып берді. Ауру жағдайында не болып жатқанын, қайда екенин білмейді, аурухана палатасын мәжбүрлеу бөлмесі, ал аурухананы «сиқырлы өзге ғаламшарлық қала» деп қабылдайды. Өз есімін және жасын, бүгінгі күнді дұрыс айтады. Болжамды синдром:

Онейроид

Аменция

Ымыртты сананың бұлыңғырлануы

Делирий

Обнубиляция

 

276. Науқас Ч. – 27 ж, көп жылдар бойы эпилептикалық аурумен ауырады, киімдерді жіпке іліп тұр. Науқас кенеттен ашуланып, себепсіз 4 жасар баласын ұстап алып, пышақпен қарнын тіліп, ішек қарынын шығарып, киімдермен бірге ішек қарынын жіпке ілген. Бұл жағдайдан кейін науқас терең ұйқыға кетті. Болған жағдай есінде сақталмаған, естігенде таң қалды. Осыны өзі жасағанына сенбей жылап отыр. Болжамды синдром:

Дисфория

Ымыртты сананың бұлыңғырлануы

Кататоникалық синдром

Кинестетикалық автоматизм

Патологикалық аффект

 

277.Эпилепсиямен ауыратын науқас,шахмат ойнау барысында, кенеттен қолына ат мүсінін алып қатып тұрып қалды, кейін мүсін түсіп кетті. Бұл бірнеше секундқа созылды. Науқас бұл жағдайдан кейін абыржып, өткенді есіне түсіріп ойын бірден жинақтай алмады. Болжамды диагноз

Абсанс

Обнубиляция

Кататония

Ступор

Паникалық атака

 

278. Науқас М.- 21 ж, бас сүйек жарақатынан кейін жедел жәрдем арқылы қабылдау бөліміне жеткізілді. Қоршаған ортаға жауап бермей жатыр. Сұраққа жауап қайтармайды. Қарашықтың жарыққа реакциясы корнеальды, конъюнктивті және сіңірлік рефлекстер әлсіз, патология жоқ. Ауырсынулық тітіркенуге – қысқа мерзімдік реакция(қолдарын қимылдатады, ауырсыну гримасы). Осы жағдайдан шыққан кезде ауру кезеңі туралы толық амнезия болған. Болжамды синдром.

Кома

Сопор

Ступор

Есеңгіреу

Обнубиляция

 

279. Науқас Г.- 20 ж, ұйқылы ояу, тежелген, уакыт және қоршаған ортаға байланысты бағдары бұзылған. Қойылған сұрақтарға бірден емес, қиындықпен жауап береді, жауаптары әрдайым дұрыс емес және бірыңғай, қолдарымен көрсету арқылы жауап береді. Қарапайым отініштерді орындайды (қолынды көтер, тілінді көрсет). Қоршаған ортадағы тітіркенгіштер «тығыз қабатты мақта арқылы» әсер еткендей болады (науқастың айтуы бойынша). Осы жағдайдан шыққан кезде ауру кезеңі туралы бөліктік амнезия болған. Болжамды синдром.

Кома

Сопор

Ступор

Есеңгіреу

Аменция

 

280. 45 жастағы алкоголизмнен зардап шегуші М.науқаста (алкогольді интоксикациядан тыс) өкпе қабынуы пайда болды. Түнде терапиялық бөлімде палата төбесінде тышқан жүргенән «көрген». Жануарлар саны көбейіп, еденге және науқас денесіне түсіп, денесін тістеген. Науқас қорқыныштан терлеп, кереует астына тығылуға тырысып, көмек шақырған. Тышқандарды «аулап», еденге тастаған. Кенеттен қабырғада қолын ұсынған үлкен өрмекші көрген. Дәрігермен әңгіме барысында өз тегін, жасын дұрыс айтты. Бірақ тұрғылықты жерін сұрағанда көршісінде қонақтықта екенін, ал дәрігер бөлімшелік милиционер деп жауап берді. Болжамды синдром.

Онейроидты синдром

Аментивті синдром

Паранойяльді синдром

Есту галлюцинозы

Делириозды синдром

 

281.Науқас П. - 24 жаста, психиатриялық ауруханаға жеткізілді. Қарағанда: шаштары жаюлы шатасқан, келбеті мазасыз, тері жабындысы майлы. Көз алдындағы кез келген заттарды ретімен атап қолына ала береді. Науқастың көңілін басқаға аудару мүмкін емес, сұрақтарға жауап бермейді. Тосын сөйлеу: «Пак, Пак, Пак… Так, так, так…Как, как, как…. Қаттырақ, қаттырақ сөйлеңдер... дәрігер жүр, дәрігер жүр, бәрі айналып ойнап жүр... сағат, сағат, Пак мен...» кей кезде бір дене қалпында қатып тұрып қалады. Бұл жағдайдан шыққан кезде ештене есінде болмайды. Жағдайды анықта. Болжамды синдромды ата.

Галлюцинаторлы синдром

Ымырттық сананың бұлыңғырлануы

Кататоникалық синдром

Кинестетикалық автоматизм

Аментивті синдром

 

282. Науқас П. - 24 жаста, психиатриялық ауруханаға жеткізілді. Қарағанда: шаштары жаюлы шатасқан, келбеті мазасыз, тері жабындысы майлы. Көз алдындағы кез келген заттарды ретімен атап қолына ала береді. Науқастың көңілін басқаға аудару мүмкін емес, сұрақтарға жауап бермейді. Тосын сөйлеу: «Пак, Пак, Пак… Так, так, так…Как, как, как…. Қаттырақ, қаттырақ сөйлеңдер... дәрігер жүр, дәрігер жүр, бәрі айналып ойнап жүр... сағат, сағат, Пак мен...» кей кезде бір дене қалпында қатып тұрып қалады. Бұл жағдайдан шыққан кезде ештене есінде болмайды. Болжамды диагноз.

Лакунарлы кем ақылдылық

Шизофрения

Реактивті психоз

Пуэрилизм

Эпилепсия

 

283. Науқас 60 жаста әйелінің «көршісіне түнеуге» кеткендігін көру үшін түнде ұйктамайды. Әрдайым әйеліне деген сенімсіздігін анықтауға тырысады. Болжамды синдром.

Эротикалық ғұламалық сандырақ

Қарым қатынас сандырағы

Әсер ету сандырағы

Қызғану сандырағы

Өзін өзі жою сандырағы

 

284.Науқас С. – 82 ж, өзінің қызы науқастың заттарын ұрлап жүр деп сенеді. әр минут сайын науқас шкафтағы, сөредегі заттарын тексеріп, заттарымды ұрлап кетті деп айқайлайды. Шағымдары анықталмайды. Болжамды синдром:

Депрессивті сандырақ ойлар

Кіші сандырақ ойлар

Әсер ету сандырағы

Примитивті сандырақ ойлар

Паранойя

 

285. Науқас көшеде жүріп бара жатып биік ғимараттардың барлық терезелерін өзінен өзі санауына шағымданады. Науқас бұл жағдайдан құтылғысы келеді. Болжам синдром.

Агарофобия

Дипсомания

Арифмомания

Клептомания

Дромомания

 

286. Науқас С. – 45 ж, дәрігердің қабылдауында «Құпия ұйымның» бар екенін айтып, олар науқастың отбасына және оған белгілі бір құралдар арқылы қауіп төндіретінін және науқасқа көзін жұмғызып, сол иық жағына түкіруге, балағат сөздер айтуға бұйырады. Сонымен қатар бұл «ұйым» науқасты мазақ қылғандай жағымсыз естеліктерін ойына түсіреді. Болжамды синдром.

Котар сандырағы

Капгар сандырағы

Корсакова синдромы

Кандинский-Клерамбо синдромы

Протопопова үштігі

 

287. Науқас М. - 28 ж. Дәрігердің қабылдауында «жалғыз қалғанда жүрегім тоқтап қалады деп бірден паникалық қорқыныш сезімі пайда болады» деп шағымданып отыр. Қорқыныш сезімінің орынсыз екенін біле тұра, оны жене алмайды. Бұзылыстың түрін атаңыз.

Танатофобия

Кардиофобия

Мегафобия

Клаустрофобия

Агарофобия//

 

288. Психосенсорлы бұзылыстарға жатады:

Галлюцинациялар

Иллюзиялар

Деперсонализацилар

Сенестопатиялар

Синестезиялар

 

289.Психикалық науқастарды зерттеу әдісінің қай түрі клиникалық зерттеу түрі болып табылады?

Сұрау, бақылау

Краниография

Ангиография

Компьютерлі томография

Седуксенді тест

 

290.Анозогнозия - бұл:

Ауруды және оның белгілерін жоққа шығару

Анықталған бұзылыстарды әдейі жасыру

Жоқ ауру белгілерін жариялау

Анықталған бұзылыстар белгілерін әдейі күшейте түсіп, жариялау

Ауру және оның белгілеріне қосып айту

 

291. Науқас өз терісі астында ұсақ құрт-құмырсқалардың жүргендігін сезінеді. Бұзылыс түрі:

Тактильді галлюцинация

Вербальді галлюцинация

Сенестопатия

Парастезия

Парейдолитикалық иллюзия

 

292. «Лабиринтті ойлау» ойлаудың ассоциативті бұзылысының қай клиникалық феноменіне жатады?

Ойлаудың жылдамдауы

Ойлаудың баяулауы

Патологиялық тұрақтылық

Үзілген

Символдық ойлау

 

293. Жабысқақ қорқыныш сезімі ойлаудың қай бұзылысына жатады?

Паранойяльді синдром

Аса жоғары ойлар

Параноидты синдром

Парафренді синдром

Паралитикалық синдром

 

294. «словесная окрошка» ойлаудың ассоциативті бұзылысының қай клиникалық феноменіне жатады?

Вербигирация

Байланыссыздық

Үзілген

Резонерство

Персеверация

 

295. Бас ішінде пульсация сезімі, денедегі жағымсыз сезім, күйдіру, жыныстық қозу, кіші дәретке отыру Кандинский-Клерамбо синдромы белгісі ретінде анықталады:

Сенсорлы автоматизм

Кинестетикалық автоматизм

Тактильді галлюцинациялар

Қозғалыстық автоматизм

Психикалық автоматизм

 

296.Дебильділік - бұл:

Нақты заттық ойлауға байланысты болатын ақыл есінің артта қалуының жеңіл дәрежесі

Абстрактты ойлаудың болмауымен, сөйлеудің бұрмалануымен, өзіне өзі қызмет көрсете алмауымен сипатталатын орташа дәрежелі ақыл есінің дамымауы

Психикалық артта қалудың өте ауыр дәрежесі

Өзіне өзі қызмет көрсете алу қабілетсіздігімен жүретін ақыл естің артта қалуының ауыр дәрежесі

Зейін қызметінің бұзылысымен жүретін жүре пайда болған психикалық бұзылыс

 

297. Кандинский-Клерамбо синдромы анықталады:

Реактивті психозда

Маниакальді-депрессивті психозда

Эпилепсияда

Психопатияда

Параноидты шизофренияда

 

298. Шизофрениялық деменцияның белгілерін анықтаңыз:

аутизм, еркіндіктің болмауы, немқұрайлық

бұрынғы тұлғалық кейіптің өршуі

ойлаудың абстрактті-логикалық қабілетін жоғалту

патологикалық тұтқырлық, олигофазия, айқын эгоцентризм

ағымдағы естің бұзылысы, прогрессивті амнезия

 

299.Корсаковский синдромы анықталады:

балалар эпилепсиясында

Маниакальді синдромда

Шизофренияда

Атеросклеротикалық кем ақылдылықта

Депрессияда

 

300. Науқаас, 18 ж, автокөлік апатында БСЖ алып есін жоғалтқан. Апат кезінде болған жағдайды есіне түсіре алмайды. Бұзылыс турін анықта

Фиксационді амнезия

Ретроградті амнезия

Конградты амнезия

Антероградты амнезия

Прогрессивті амнезия

 

301. Науқаста жалған естеліктер бар олар: бұрынғы ғажайып оқиғалар, басынан өткен қызықты кезеңдер болған. Бұзылыстың түрін анықта

Ауыспалы конфабуляции

Псевдореминисценция

Криптомнезия

Фантастикалық конфабуляции

Эхомнезия

 

302.Патологиялық тұрғыдан пайда болатын, түзетуге келмейтін, шындыққа жанаспайтын қандай ойлар?

доминирлеуші

жабысқақ

аса жоғары

сандырақтық

сандырақ тәрізді

 

303. Прогресствті органикалық аурудың нәтижесінен дамитын есте сақтау бұзылысының түрі

Истерикалық амнезия

Прогрессивті амнезия

Конградты амнезия

Фиксационды амнезия

Антероградты амнезия

 

304. Ешқашан болмаған және ойдан шығарылған естеліктермен шынайы ойды алмастыру калай аталады

Эхомнезия

Псевдореминисценция

Конфабуляция

Криптомнезия

Ретроградты амнезия

 

304. Ауру көрінісінің оршуінің аяқталуынан кейін(сананың қалпына келуінен кейін) болған оқиғаның ойдан түсіп қалуы калай аталады?

Конградты амнезия

Фиксационды амнезия

Прогрессивті амнезия

Антеградты амнезия

Истерикалық амнезия

 

305. Естің бұлыңғырлануымен, фантастикалық түстегідей уайымдаулармен, шынайы құбылыстарға қарсылықпен,бағдардың еселенуімен журетін жедел психоз

делирий
аменция
онейроид
ымырттық сананың бұлыңғырлануы
транс

 

306. Әйел, қоғамдық көлікте кетіп бара жатып, жанында отырған әйелдің басынан 4 рет ұрған. 5 минут өткеннен соң, есін жиып, әйел болған оқиғаны есіне түсіре алмады, осы келеңсіздікті өзі жасағанына таң қалды. Әйел көп жылдан бері эпилепсиямен ауырады. Жағдайды анықтаңыз.

дисфория

амнезия

ымырттық сананың бұлыңғырлануы

физиологиялық аффект

патологиялық аффект

 

307. Әйел, қоғамдық көлікте кетіп бара жатып, жанында отырған әйелдің басынан 4 рет ұрған. 15 минут өткен соң болған жағдай үшін кешірім сұрап, болған жағдайға өкінетіндігін және сол сәтте қатты қозған күйде және «өзін басқара алмағандығын» айтты. Бұндай жағдай белгілі бір кезеңділікпен болып тұратынын айтты. Әйел көп жылдан бері эпилепсиямен ауырады. Жағдайды анықтаңыз.

дисфория

амнезия

ымырттық сананың бұлыңғырлануы

физиологиялық аффект

патологиялық аффект

 

308. Науқас жоғарғы температура әсерінен кешкі уақытта тышқандар мен жыландарды көре бастаған және оны айналадағы адамдар да көреді деп сенімді болған. Уақыт пен орынға байланысты бағдары бұзылған, бірақ өзіндік бағдары бұзылмаған. Бұзылыс түрі:

Делирий

Онейроид

Аменция

Ымырттық сананың бұлыңғырлануы

Паранойя

 

309. Истерикалық амнезия кезінде:

Жарақатқа дейінгі оқиғалардың естен түсіп қалуы

Жарақаттан кейін оқиғалардың естен түсіп қалуы

Естен тек жағымсыз эмоциональды ақпараттардың түсіп қалуы

Жойылған естеліктердің ойдан шығарылған оқиғалармен алмасуы

өткен естен шығарылған оқиғалардың орын толтырылуы

310.Симптомдар үштігі тән: көңіл күйдің төмендеуі (гипотимия), ойлаудың баяулауы (ассоциативті тежелу) және қимыл қозғалыстың тежелуі

Маниакальді синдром

Депрессивті синдром

Апато – абулитикалық синдром

Кататониялық синдром

Гебефрениялық синдром

 

311. Қимылдың болмауымен, шектік қозғалыстық тежелумен сипатталатын симптом:

Каталепсия

Сопор

Ступор

Паракинезия

Қозу

 

312.Науқас, 48 жаста. Бөлімшеде ешкіммен сөйлеспейді, көзге түспейді, салмақты, көп уақытын палатасында төсекте болумен немесе теледидар көруге жұмсайды, бірақ теледидардағы бағдарламалар не туралы екенін айта алмайды. Душ қабылдаудан, тісін тазалаудан, ұйықтар алдында киімін шешуден бас тартады. Кейде киімін шешпей ұйықтауға жатады. Ештенемен қызықпайды, бостандықта болу қабілеті төмендеген. Науқастың өз жағдайы мазаламайды.

Депрессивті синдром

Апатико-абулитикалық синдром

Маниакальді синдром

Кататониялық синдром

Кем ақылдылық

 

313. Әйел С. – 56 ж, өз баласының жерлеуінде өзін өзі ұстай алмай тоқтаусыз күле бастады. Эмоциональды бұзылыстың түрін атаңыз:

эмоциональді лабильділік

парадоксальды эмоция

эмоциональнды салқындылық

эмоциональды эксплозивтілік

эмоциональды дөрекіленуі

 

314.Дисфория - бұл:

Кенеттен пайда болатын өзіне және қоршаған ортаға көңілінің толмауы, тітіркенуі және ызалы ұстамалар

Ұқсас эмоциялардың бір уақытта пайда болуы

Эмоциялық, селқостық, немқұрайлық белгілернің бірден төмендеуі немесе болмауы

Көңіл күйдің төмендеуінен дамитын тұрақты ауырсыну

Көңіл күйдің жоғарлауынан дамитын тұрақты ауырсыну

 

315. Науқас сыртқы келбеті салмақты, мимикасыз, әнгімелесуде қызығушылық танытпайды, ештеңеге қызықпайды.Аурудың өз жағдайы мазаламайды. Эмоциональды бұзылыстың қандай симптомы

Эмоциональді лабильділік

Амбиваленттілік

Эмоциональды дөрекілену

Депрессия

Апатия

 

316. Толық немесе жартылай қимылсыздық, мутизм, қимыл қозғалыстың және сойлеудің пассивті бағынуы қай симптомға жатады?

депрессивті синдром

олигофрения

амнестикалық синдром

кататоникалық синдром

гебефреникалық синдром

 

317.Маниакальды синдромға жататын симптомдар:

Өзін өзі жоғары бағалау, негізсіз оптимизм

өзін өзі жою және кінөлау сандырағы

Апатия, абулия, булимия

Терінің құрғауы, тургордың төмендеуі, Верагут складкалар

Миоз, мидриаз, іш қату

 

318. Павлов симптомында болады:

Жанындағы адамның сөзін қайталау

Сыбырлап сөйлеуге жауап қайтаруответ на шепотную речь

Жанындағы адамның мимикасын кайталау

Сезімталдық табалдырығының төмендей бастауы

Катты дыбыстарға тітіркену

 

319. Науқас, 40 ж, сатушы,өз сезімінің бұзылысына шағымданып келді.Мұғалімдер отбасында дүниеге келген, орташа оқыған, экономикалыө колледжде оқып, бітірген бойда тұрмысқа шыққан, балалары жоқ, 2 ай бұрын куйеуімен ажырасқан. Жұмысқа шығуына тура келді. Науқаста астеникалық дене бітімі, күштемелерді көтере алмайды. Тітіркенуін, ұйқысының бұзылуын, ұйықтау кезінде қиыншылықтың барын, сергек ұйықтайтындығын, демалуды ұнатпайтынын, жұмысқа қабілеттілігнің төмендегенін, басының ауруына, құлағының шуылдауына қатты дыбыстар мен жарықтарды, ауа райының өзгеруін көтере алмайтындығына шағымданады. Болжамды диагноз

Date: 2015-07-02; view: 299; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию