Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жаңа туған баланың гемолиздік ауруында сарғаюдың пайда





Мірінің алғашқы жылының бірінші айында баланың дене салмағы неше грамм қосады:.

- 200г

- 900г

+ 600г

- 300г

- 1000г

7. Өмірінің алғашқы жылының екінші және үшінші айларында баланың дене салмағы неше граммнан қосады:

+ 800 грамнан

- 200 грамнан

- 100 грамнан

- 300 грамнан

Грамнан

 

8. 1 жастағы баланың салмағы орта есеппен неше килограмм:

- 6-7кг

- 8-9кг

+ 9,5-10,5кг

- 12-14кг

9. Баланың туғандағы дене салмағы өмірінің неше айына таман екі есе көбейеді:

+ 5-6 айында

- 1-2 айына

- 9-10 айына

- 11-12 айына

10. Баланың туғандағы дене салмағы өмірінің неше айына таман үш есе көбейеді:

- 4-5 айына

- 5-6 айына

- 1-2 айына

+ 11-12 айына

 

11. Жаңа туған нәрестенің дене ұзындығы орта есеппен неше сантиметр:

- 30-32см

- 38-42см

- 40-45см

+ 48-52см

 

12. Алғашқы 1 жыл ішінде дене ұзындығы орта есеппен неше сантиметрге өседі:

- 15см-ге

- 10см-ге

- 50см-ге

+ 25см-ге

13. 1 жастағы баланың бойы орта есеппен неше сантиметр:

+ 70-75см

- 100-105см

- 55-60см

- 90-95 см

 

14. Денсаулығы бойынша балалар контингенті неше топқа бөлінеді:

- 1

- 4

- 2

+ 5

- 3

 

15. Барлық критерийлер бойынша ауытқулары жоқ дені сау балалар және денсаулығына әсер етпейтін, коррекцияны қажет етпейтін морфологиялық ауытқулары бар қай денсаулық тобына жатады:

+ І

- ІІ

- ІІІ

- ІV

- V

 

16. Баланың неше жасына таман бас миы қыртыстары жетіледі:

- 10 жасына

Жасына

- 5-6 жасына

- 15-13 жасына

 

17.Баланың неше жасына таман нейрондарының толық жетілуі аяқталады:

- 12 жасына

+ 7 жасына

- 3 жасына

- 1 жасына

 

18. Неше айынан бастап бала анасын жақсы таниды:

- 1 айынан

- 8 айынан

- 12 айынан

+ 4 айынан

- 7 айынан

 

19. Неше айына таман бала түрлі түсті ажырата бастайды:

+ 3 айына таман

- 1 айына таман

- 2 айына таман

- 6 айына таман

- 5 айына таман

 

20. Бала естиді:

+ туғаннан

- 2 айдан

- 6 айдан

- 4 айдан

21. Баланың дыбыстарға алғашқы рет реакция беру мерзімі:

- өмірінің 6 айында

+ өмірінің 2-3 аптасында

- өмірінің 10 айында

- өмірінің 1 жасында

22. Неше айынан бастап бала дыбыс шыққан жаққа басын бұрады:

+ 3 айынан

- 4 айынан

- 5 айынан

- 6 айынан

- 7 айынан

23. Бала бірінші буындарды неше айында айта бастайды:

- 4 айында

-12 айында

+ 6 айында

- 10 айында

- 3 айында

24. Неше айында бала қарапайым сөздерді айта бастайды:

- 5 айында

+ 10 айында

- 6 айында

- 3 айында

- 4 айында

25. 1 жастағы баланың сөз қоры:

- 50 сөз

+ 8-10 сөз

- 300 сөз

- 100 сөз

- 1 сөз

26. 2 жастағы баланың сөз қоры:

+ 300 сөз

- 8-10 сөз

- 1-2 сөз

- жоқ

27. Өмірінің неше айына таман баланың қол бұлшық еттерінің гипертонусы жойылады:

- 8 айына

- 4 айына

- 12 айына

+ 2 айына

28. Өмірінің неше айына таман баланың аяқ бұлшық еттерінің гипертонусы жойылады:

- 12 айына

- 8 айына

+ 4 айына

Айына

 

29. Неше айынан бастап бала басын жақсы ұстайды:

- 10 айынан

+ 2 айынан

- 7 айынан

- 4 айынан

- 6 айынан

 

32. Баланың бас сүйектері арасындағы тігістер өмірінің неше айына дейін жақсы байқалады:

- 6 айына

- 12 айына

- 10 айына

+ 3 айына

33. Үлкен еңбек қай сүйектердің арасында орналасқан:

+ төбе сүйектер мен маңдай сүйектің

- төбе сүйектер мен шүйде сүйектің

- төбе сүйектер мен самай сүйектің

- маңдай сүйек пен самай сүйектің

- төбе сүйектердің

34. Үлкен еңбектің пішіні не тәрізді:

- квадрат

+ ромб

- шеңбер

- үшбұрыш

 

35. Жаңа туған нәрестеде үлкен еңбектің ені:

- 3х4см

+ 2х2,5см

- 0,5х1см

- 5х6см

 

36. Үлкен еңбек баланың неше айына таман жабылады:

- 5-6 айына

+ 12-15 айына

- 2-3 айына

- 20 айына

 

37. Кіші еңбек қай сүйектердің арасында орналасқан:

- маңдай сүйек пен самай сүйектің

- маңдай сүйек пен төбе сүйектердің

+ төбе сүйектер мен шүйде сүйектің

- төбе сүйектер мен самай сүйектің

 

38. Мойын лордозы баланың неше айында пайда болады:

- 7-8 айында

- 5-6 айында

- 3-4 айында

+ 2-айында

39. Кеуде кифозы баланың неше айында пайда болады:

- 10-11 айында

- 3-4 айында

+ 6-7 айында

- 1-2 айында

 

40. Бел лордозы баланың неше айында пайда болады:

- 3-4 айында

- 6-7 айында

- 8-9 айында

+ 10-11 айында

 

41. Баланың алғашқы сүт тістері неше айында шығады:

+ 6-7 айында

- 10-12 айында

- 2-3 айында

- 3-4 айында

 

42. 1 жаста балада неше тіс болу керек:

- 4

+ 8

- 20

- 2

43. 2 жаста балада неше тіс болуы керек:

- 4

- 8

+ 20

- 10

 

44. Ерте жастағы балаларда инфекция кеңсіріктен ортаңғы құлаққа оңай енеді, өйткені евстахий түтігі:

- тар, ұзын

+ кең, қысқа, түзу және көлдеңен орналасқан

- тік орналасқан

- жоқ

 

45. Жаңа туған нәрестенің 1 минут ішіндегі тыныс алу жиілігі:

- 20-30

+ 40-60

- 80-100

- 120-140

 

46. 5 жастағы баланың 1 минут ішіндегі тыныс алу жиілігі орта есеппен:

- 40

- 10

+ 35

- 25

47. 12 жастан кейінгі балалардың 1 минут ішіндегі тыныс алу жиілігі:

- 40-60

- 30-35

- 18-20

+ 20-22

 

48. 2 жасқа дейінгі дені сау балаларда жүрек ұшы соққысы қай қабырға аралықта анықталады:

+ ІІІ

- V

- IV

- VII

49. Жаңа туған нәрестенің 1 минут ішіндегі жүрек соғу жиілігі:

- 40-60

- 90-100

+ 120-140

- 30-40

 

50. Емізулі баланың 1 минут ішіндегі жүрек соғу жиілігі орта есеппен:

+ 130-135

- 80

- 60

- 50

 

51. 12 жастағы баланың 1 минут ішіндегі жүрек соғу жиілігі орта есеппен:

- 115

+ 80

- 50

- 40

 

52. Эритроциттердің негізгі қызметі:

+ тіндерді оттегімен қамтамасыз ету

- қорғаныс

- тромб түзу

- сіңіру

 

53. Лейкоциттердің негізгі қызметі:

- тыныс алу

+ қорғаныс

- ас қорыту

- қанды ұйыту

54. Тромбоциттердің негізгі қызметі:

- тіндерді оттегімен қамтамасыз ету

- қорғаныс

+ қан ағуына кедергі жасау

- сіңіру

 

55. Жаңа туған нәрестенің асқазан сиымдылығы:

- 200мл

+ 30-50мл

- 300мл

- 500мл

- 100мл

 

56. Асқазанның келесі ерекшелігі жаңа туған нәрестенің құсуына себеп болады:

- ферменттерінің белсенділігі төмен болу

- шырышты қабығы нәзік болу

- қан тамырлары көп болу

- бүлшықеттері нашар жетілу

+ асқазан аузы кең болу

 

57.Баланың неше айынан бастап несеп шығаруға шартты рефлексті дамыту керек:

+ 3-4 айынан

- 6-7 айынан

- 8-9 айынан

- 10 айынан

 

58.Дені сау адамның тәуліктік диурезі ішілген сұйықтықтың неше %-на тең:

- 10-15%

- 20-40%

+ 60-65%

- 40-45%

 

59. Нечипоренко бойынша жиналған зәрде лейкоциттердің қалыпты саны:

+ 2000-ға дейін

- 6000-ға дейін

- 7000-ға дейін

- 8000-ға дейін

60. Нечипоренко бойынша жиналған зәрде эритроциттердің қалыпты саны:

- 2000-ға дейін

+ 1000-ға дейін

- 7000-ға дейін

- 3000-ға дейін

 

61. Зимницкий әдісі бойынша неше порция зәр жинау керек:

- 4

- 5

- 6

- 7

+ 8

 

62. Табиғи тамақтандыру дегеніміз баланы 6 айға дейін немен тамақтандыру:

+ ана сүтімен ғана

- сиыр сүтімен ғана

- ана сүтімен және сиыр сүтімен

- бейімделген сүт қоспаларымен

 

63. Сүттің түзілуін қай гормон реттейді:

- альдостерон

+ пролактин

- инсулин

- соматотроптық гормон

64. Сүттің сүт безінен бөлінуіне қай гормон көмектеседі:

+ окситоцин

- вазопрессин

- адреналин

- норадреналин

 

65. Ана сүтінің майы тез қорытылады, өйткені құрамында қандай май қышқылдары көбірек:

+ қанықпаған

- қаныққан

- қанықпаған және қаныққан

- болмайды

 

66. Табиғи тамақтандыру принциптерінің бірі:

- түнде үзбеу

- әрбір 3 сағат сайын емізу

- емізу арасында қайнаған су беру

- баланың 3 айлығынан бастап шырын бере бастау

+ баланың сұранысы бойынша емізу

 

67. Гипогалактия дегеніміз не:

+ сүттің аз мөлшерде бөлінуі

- сүт безінің қабынуы

- сүттің еріксіз ағуы

- емізіктің жарылуы

- сүттің шамадан артық бөлінуі

 

68. Қосымша тамақ қай балаларға енгізіледі:

+ балалардың барлығына

- табиғи тамақтандырылған балаларға ғана

- аралас тамақтандырылған балаларға ғана

- қолдан тамақтандырылған балаларға ғана

69. Табиғи тамақтандырылғанда қосымша тамақты балаға неше айынан бере бастайды:

- 4 айынан

- 1 жасынан

- 10 айынан

+ 6 айынан

- 3 айынан

70. Қосымша тамақты қай мөлшерде бере бастау керек:

- 5 шай қасықтан

+ 1-2 шай қасықтан

- 10 шай қасықтан

- 15 шай қасықтан

71. Бірінші қосымша тамақ ретінде не берген жөн:

- сорпа

- сүтке піскен ботқаларды

+ көкөніс пюресін

- ет

 

72. Үшінші қосымша тамақ ретінде беріледі:

+ сүт, айран

- сүтке піскен ботқа

- көкөніс пюрес

- шырын

- тартылған ет

 

73. 1 жасқа дейінгі балаға аталған тағамдардың қайсысын беруге болмайды:

- буға піскен котлет

- жеміс-жидек пюресін

- жарма ботқасын

+ жұмыртқаның ақ уызын

- ірімшік

 

74. Үстеме тамақ ретінде беріледі:

- сорпа

+ сүт қоспалары

- сүтке піскен ботқалар

- шырындар

 

75. Бейімделген сүт қоспасын таңдаңыз:

- В-сұлы

- В-қарақұмық

- В-күрі

- айран

+ балбөбек

 

76. Балаға 3 ай. Ана сүті мүлдем жоқ. Баланы немен тамақтандыру керек:

- сорпамен

- көкөніс пюресімен

- тартылған етпен

+ сүт қоспаларымен

 

77. Баланы қолдан тамақтандыру түріне көшіру себептерінің бірі:

- анемия

- шала туылу

- салмағын шамадан артық қосу

- салмағын шамадан артық қосу

+ анасында ауыр жүрек ақауы болу

 

78. 2 айға дейінгі баланың бір тәулік тамағының мөлшері дене салмағының неше бөлігіне тең:

- 1/9

- 1/8

- 1/7

- 1/6

+ 1/5

79. Апгар шкаласы бойынша неше белгі бағаланды:

- 1

+ 5

- 4

- 3

 

80. Апгар шкаласы бойынша бағалардың қосындысы неше балл болса жаңа туған баланың халі қанағаттанарлық болып саналады:

+ 8-10 балл

- 5-6 балл

- 4-5 балл

- 2-3 балл

- 1-2 балл

 

81. Перзентханадан шығарылғаннан соң жаңа туған балаға алғашқы патронаж өткізу мерзімі:

+ 1-3 тәулік ішінде

- 1 апта ішінде

- 1 ай ішінде

- 10 тәулік ішінде

 

82. Жаңа туған балаға гигиеналық ванна өткізуге арналаған судың температурасы:

+ 37˚С

- 35˚С

- 33˚С

- 31˚С

 

83. Физиологиялық эритеманың себебі:

- дене қызуы көтерілу

+ жаңа ортаның әсерінен терінің тітіркенуі

- тері аурулары

- гипотермия

 

84. Аталған белгілердің ішінен қайсысы физиологиялық сарғаюға тән:

- бауыр мен көк бауырдың үлкеюі

- емуден бас тарту

- нәжіс пен зәрдің түсі өзгеру

- зәрде өт пигменттері пайда болу

+ тән белгі жоқ

 

85. Физиологиялық сарғаюда келесі шара қолданылады:

- қан алмастырып құю

- фототерапия өткізу

+ баланы жиі емізу

- баланы донорлық сүтпен тамақтандыру

 

86. Жаңа туған нәрестеде жыныстық криздің себебі:

- бактериалдық инфекция

- салмақ кему

- вирустық инфекция

+ анасынан сәбиге эстрогендік гормондар өту

- баланың жыныс гормондары жұмыс істей бастау

 

87. Несептің азаюы, несеп бөлгеннен кейін жөргекте құм тәріздес қоңыр-қызыл дақ қалу қай физиологялық жағдайдың белгілері:

+ несеп қышқыл инфарктының

- жыныстық криздің

- физиологиялық эритеманың

- физиологиялық сарғаюдың

- транзиторлық протеинурияның

 

88. Дені сау жаңа туған нәрестелерге вакцинация жүргізу мерзімі:

+ 0-4 күн аралығы

- 4-10 күн аралығы

- 10-15 күн аралығы

- 15-20 күн аралығы

 

89. БЦЖ қай ауруға қарсы вакцина:

+ туберкулезге

- В гепатитке

- полиомиелитке

- қызылшаға

 

90. БЦЖ вакцинасын егу мөлшері:

- 0,5мл

- 0,4мл

- 0,3мл

- 0,2мл

+ 0,1мл

91. В гепатитке қарсы вакцинаны енгізу әдісі:

- ауыз арқылы

- тері астына

- тері ішіне

+ бұлшық ет ішіне

 

92. Аталған жағдайлардың қайсысында «Кенгуру әдісін» қолдануға болмайды:

- босану жүктіліктің 30-шы аптасынан кейін

- туғандағы салмағы 1100 грамнан жоғары

+ тыныс алуы бір қалыпты емес

- нәрестенің жалпы денсаулық жағдайы жақсы

- ему рефлексі бар

 

93. Асфиксия дегеніміз қандай жағдай:

- жөтелу

- ентігу

+ дем алысының болмауы немесе тиімсіз болуы

- жиі дем алу

 

94. «Көк» асфиксияда Апгар шкаласы бойынша баланың халі неше балл:

- 8-10 балл

+ 4-6 балл

- 1-3 балл

- 7-8 балл

 

95. «Ақ» асфиксияда Апгар шкаласы бойынша баланың халі неше балл:

- 8-10 балл

- 4-6 балл

+ 1-3 балл

- 7-8 балл

 

96. Бас миының зақымдану белгілерінің бірі:

- бауырдың үлкеюі

- үлкен еңбектің ішке қарай түсуі

+ құрысып-тырысу

- көк бауырдың үлкеюі

 

97. Бас миы зақымданып туған бала қай маманның диспансерлік есебінде тұруы қажет:

- пульмонологтың

- ревматологтың

- аллерголоктың

+ невропатологтың

 

98. Кефалогематома дегеніміз не:

- нәрестенің жатқан жағы ісіну

- миға қан кету

+ бас сүйегі қабығы астына қан құйылу

- ми қабығы астына қан құйылу

 

99. Келесі жағдайда жаңа туған балада гемолиздік ауру дамуы мүмкін:

- анасы мен баланың қаны резус теріс

- анасы мен баланың қаны резус оң

- анасының қаны резус оң, баланың қаны резус теріс

+ анасының қаны резус теріс, баланың қаны резус оң

 

100. Гемолиздік ауру кезінде гемолизге қай қан элеменнтері ұшырайды:

- лейкоциттер

- тромбоциттер

+ эритроциттер

- барлығы

Жаңа туған баланың гемолиздік ауруында сарғаюдың пайда

болу мерзімі:

- туғаннан кейін 2-3-ші күні

- туғаннан кейін 5-6-шы күні

- баланың 1 айында

+ туғаннан соң бірнеше сағат ішінде немесе сары болып туады

 

102. Жаңа туған баланың гемолиздік ауруы кезіндегі шұғыл терапия:

- антибактериалдық терапия

- витаминотерапия

- десенсибилизациялаушы терапия

- спленэктомия

+ қан алмастырып құю

 

103. Жаңа туған баланың гемолиздік ауруының ауыр түрінде алғашқы күндері баланы немен тамақтандыру керек:

- анасының сүтімен

- ботқалармен

- сорпамен

- шырынмен

+ донорлық сүтпен

 

104. Жаңа туған баланың гемолиздік ауруының емінде қолданылады:

- цитостатиктер

- қабынуға қарсы препараттар

+ бауыр функциясын жақсартатын дәрілер

- сульфаниламид препараттары

105. Аталған аурулардың қайсысы терінің ірінді емес ауруларына жатады:

- көпіршіктену

- везикулопустулез

- импетиго

+ баздану

 

106. Базданудың себептерінің бірі:

- бос жөргектеу

- күнделікті гигиеналық ванна өткізу

- ауа ваннасын өткізу

+ қымтап жөргектеу

 

107. Тері қатпарларының қызаруы, сулануы, сылынуы терінің қай ауруының белгілері:

+ базданудың

- везикулопустулездің

- импетигоның

- көпіршіктенудің

 

108. Омфалит дегеніміз ненің қабынуы:

- шырышты қабықтардың

- терінің

- ортаңғы құлақтың

- сүйектің

+ кіндіктің

 

109. Катаралдық омфалитке тән белгіні таңдаңыз:

- кіндік айналасындағы тіндердің некрозы

- кіндік жарасынан ірің бөліну

- кіндік айналасындағы тіндердін ісінуі

- кіндік тамырларының ісінуі

+ кіндік жарасынан сероздық, сероздық-геморрагиялық бөлініс

 

110. Кіндіктің іріңді ауруларында кіндік жарасын күту үшін қолданылатын дәрілердің бірі:

- новокаин

- глицерин

+ 3% су тегінің асқын тотығы

- глюкоза

 

111. Гипотрофияда ең алдымен ненің алмасуы бұзылады:

- майлардың

- көмірсулардың

+ ақ уыздың

- минералдық тұздардың

 

112. Гипотрофияның І дәрежесінде салмақ кемдігі неше пайыз:

- 25-30%

- 30-40%

+ 11-20%

- 20-25%

 

113. Гиптрофияның ІІ дәрежесінде салмақ кемдігі неше пайыз:

- 10-15%

- 30-40%

- 15-20%

+ 21-30%

 

114. Гипотрофияның ІІІ дәрежесінде салмақ кемдігі неше пайыз:

- 15-20%

+ 30%-дан артық

- 21-30%

- 10-15%

- 5-10%

 

115. Мешел қай витаминнің жетіспеушілігінен дамиды:

- С

- А

- Е

- В тобының

+ Д

 

116. Краниотабес дегеніміз не:

- маңдай сүйектің дөңестенуі

- үлкен еңбектің кеш жабылуы

- саусақтардың жуандауы

+ бас сүйектерінің жұмсаруы

- төс сүйегінің алға қарай майысуы

 

117. Мешелде қай сүйектер жұмсарады:

- бас сүйектері ғана

- қол-аяқ сүйектері ғана

- кеуде қаңқасы ғана

- жамбас сүйектер ғана

+ барлық сүйектер

 

118. V-VIII қабырғалардың шеміршек бөлігінің сүйектік бөлігіне ауысар жерінің жуандауын қалай атайды:

+ «мешелдік таспихтар»

- «мешелдік білезіктер»

- «інжу жіптері»

- «етікші төсі»

 

119. «Інжу жіптері» дегеніміз қай сүйектердің жуандауы:

- қабырғалардың

+ саусақтардың

- бас сүйектердің

- білезік сүйектерінің

 

120. Бала тұрып жүре бастағанда мешелдің келесі белгісі пайда болады:

- мешелдік бүкірлік

- Гариссон сайы

- «етікші төс»

+ аяқ сүйектерінің «О» немесе «Х» тәріздес болып қисаюы

- краниотабес

 

121. Мешелдің арнайы емі мен алдын алуы үшін қолданылады:
- кальций препараттары

- фосфор препараттары

- В тобының витаминдері

+ Д витамиін препараттары

- цитрат араласы

 

122. Мешел емінің негізгі курсының ұзақтығы:

+ 30-45 күн

- 6 ай

- 1 апта

- 2-3 күн

- 1 жыл

 

123. Мешелдің антенаталдық арнайы алдын алуын жүктіліктің келесі аптасынан бастайды:

- 35-36

- 12-24

- 32-34

+ 28-30

 

124. Мешелдің антенаталдық алдын алу үшін жүкті әйелге Д витаминін келесі дозада тағайындайды:

+ 400-500ХБ

- 4000-5000ХБ

- 100-200ХБ

- 1000-2000ХБ

 

125. Хвостек симптомы қай жердің бұлшық еттерінің тырысуымен сипатталады:

- қолдың

- бүкіл дененің

+ беттің мимикалық

- аяқ ұшының

 

126. Карпопедальдық спазм дегеніміз қай жердің бұлшық еттерінің тырысуы:

+ табан мен қол ұшының

- іштің

- беттің

- мойынның

 

127. Экссудативті-катаралды диатезде бала организмі көбінесе неге сезімтал келеді:

+ тамақ аллергендеріне

- бактерияларға

- вирустарға

- саңырауқұлақтарға

 

128. Экссудативті-катаралды диатездің алғашқы белгілерінің бірі:

- сулы есекжем

- қышыма

+ гнейс

- «сүт қабық»

 

129. Гнейс дегеніміз не:

- бұдырмақтар

- ойық жаралар

- іріңді бөртпелер

- геморрагиялық бөртпелер

+ шаш арасында сұрғылт немесе сарғыш себореялық қабыршақтар

 

130. Ринитке тән белгілердің бірі:

+ мұрыннан сұйықтық бөліну

- жөтелу

- тамақтың ауыруы

- ентігу

 

131. Үру тектес жөтел, демді ішке алудың қиындап, шулы болуы, дауыстың қарлығуы тән:

+ стеноздаушы ларингитке

- ринитке

- баспаға

- фарингитке

- пневмонияға

 

132. Стеноздаушы ларингит кезінде көрсетілетін көмектің бірі:
- тілді шпательмен басы

- мүсәтір спиртін искету

- денеге салқын су бүрку

- салқын сусындар ішкізу

+ жылы сілтілі булы инголяция

 

133. Пневмонияда негізгі шағымдардың бірі:
+
ентігу

- дене қызуы көтерілу

- ұйқының бұзылуы

- тәбеттің төмендеуі

- көңіл-күйдің бұзылуы

 

134. Ошақты пневмонияға қандай тыныс шулары тән:

- крепитация және ұсақ көпіршікті сырылдар

- ірі көпіршікті сырылдар

- орта көпіршікті сырылдар

+ құрғақ сырылдар

 

135. Жаңа туған нәрестелер пневмониясында мейілінше тән ерте аңғарылатын белгі:

- крепитация

- ұсақ көпіршікті сырылдар

+ аузы мен мұрнынан көпіршікті жалқық бөліну

- тыныс алудың баяулауы

 

136. Миокардитке тән белгілердің бірі:

+ жүрек тондарының тұйықталуы

- пульстің қатаюы
- артериалдық қысымының жоғарылауы
- жүрек шекараларының тарылуы

 

137. Ревматизм кезінде терінің нәзік жерлерінде пайда болған сақина тәріздес қызғылт дақтар қалай аталады:
- іріңді бөртпе

- дақты-папулездік бөртпе
- геморрагиялық бөртпе
+ аннулярлық эритема

 

138. Ревматизмнің жыл бойылық алдын алу үшін қай препарат қолданылады:
- эритромицин

- бициллин-3
- пенициллин
+ бициллин-5

- амоксициллин

 

139. Іштен біткен жүрек ақаулары дегеніміз не:

- миокардиттің қабынуы

+ жүрек пен жүрек қақпақшаларының және ірі тамырлар дамуының ауытқуы
- эндокардтың қабынуы

- тамыр қабырғасының қабынуы

 

140. Цианозбен жүретін іштен біткен жүрек ақауларының бірі:
- ашық артериалдық түтік

- жүрекшеаралық перде ақауы
- қарыншааралық перде ақауы
- аорта каорктациясы

+ Фалло тетрадасы

 

141. Темір тапшылық анемияға қай синдром тән:

- геморрагиялық
+ сидеропениялық
- диспепсиялық
- гипертермиялық

- дизуриялық

 

142. Лейкоз кезінде қай сүйектер жиі ауырады:
- омыртқа
- қабырға
+ ортаңғы жілік пен асықты жілік
- жамбас
- бас сүйектері

 

143. Аталған белгілердің ішіндегі лейкоздың ең сипатты белгісі:
+
стерналгия
- тәбеттің нашарлауы
- бозару
- әлсіздік

- дене салмағын жоғалту

 

144. Жалпы қан сынағында аталған өзгерістердің қайсысы лейкоздың көрнекі және айқын сипаты:
- анемия
- лейкоцитоз
- тромбоцитопения
- ЭТЖ-ның жоғарылауы

+ бласт жасушалары және қанның толық жетілмеген жасушалары болу

 

145. Антигемофилдік глобулиндердің жетіспеушілігінен дамиды:
- геморрагиялық васкулит
- тромбоцитопениялық пурпура

+ гемофилия
- анемия

- лейкоз

 

146. Гемофилияның ең көрнекті белгісі:
- мұрынның қанауы
- ауқымды гематома

- ішкі ағзалардан қан кету
+ гемартроз

 

147. Гемофилияға аталған өзгерістердің қайсысы тән:
- қан ағу ұзақтығының ұзаруы
+ қан ұю ұзақтығының ұзаруы

- қан ұю ұзақтығының қысқаруы
- қан ағу ұзақтығының қысқаруы

 

148. Геморрагиялық васкулиттің қай түрі жиі кездеседі:
- абдоминалдық түрі
- бүйрек түрі
+ тері түрі
- буын түрі

 

149. Васкулит ненің зақымдануы:
- сүйек тінінің
+ қан тамыры қабырғаларының
- бұлшық еттің
- қан жасушаларының

 

150. Геморрагиялық васкулитте қан ағуға бейім болу себебі:
- тромбоциттердің азаюы
+ қан тамырлар қабырғаларының өткізгіштігі жоғары болу
- антигемофильдік глобулиннің жоқ болуы
- лейкоциттердің көбеюі

 

151. Тромбоцитопениялық пурпурада қанталауға бейім болу себебі:
+ тромбоциттер санының азаюы
- ІХ фактордың жеткіліксіздігі
- VІІІ фактордың жеткіліксіздігі
- қан тамырлар қабырғаларының өткізгіштігі жоғары болу
- эритроциттер санының азаюы

 

152. Тромбоцитопениялық пурпураның белгілерінің бірі:

- симметриялы орналасқан геморрагиялық бөртпе
+ тері мен шырышты қабықтардың қанталауы
- ауқымды гематома
- гемартроз

- буындардың ісінуі

 

153. Терінің спонтанды жиі түнде қанталауы, мұрынның жиі қанауы, тромбоциттердің азаюы қай ауруға тән:
- анемияға
+ тромбоцитопениялық пурпураға
- гемофилияға
- геморрагиялық васкулитке

- лейкозға

154. Ауыздың шырышты қабатында ұйыған сүтке немесе ірімшіктің қиқымына ұқсаған көлемі әртүрлі ақ таңдақтар қай стоматиттің белгісі:

- катаралдық
- бактериялдық
+ кандидоздық
- вирустық

 

155. Герпестік стоматитке тән элемент:

- ақ таңдақтар
- петехиялар
- ойық жара
+ күлбіреу

156. Аскарида түрі бойынша қандай құрт:
+
жұмыр
- жалпақ
- таспа
- ланцетке ұқсас

 

157. Аскариданың ұзындығы шамамен:

- 9-15 мм
+ 15-25 см
- 5-6 метр
- 2-3 мм

 

158. Аскариданың жұмыртқаларын табу үшін зерттеледі:
- зәр
- анус айналасынан қырынды
+ нәжіс
- қан

159. Энтеробиоздың негізгі белгісі:
+
анус айналасы қышу
- ұйқының бұзылуы
- іштің өтуі

- бастың ауруы

 

160. Острицаның жұмыртқаларын табу үшін зерттеледі:
+
анус айналасынан қырынды
- нәжіс
- қан
- зәр

 

161. Пиелонефрит ненің зақымдануымен сипатталады:
- бүйрек шумақтарының
- қуықтың
- несеп ағарларының
+ бүйректің астауша-тостақанша жүйесінің, өзекшелерінің, интерстициялық тіннің

 

162. Ерте жастағы балаларда пиелонефриттің клиникасы қай аурудың клиникасына ұқсайды:
- анемияның

+ сепсистің
- пневмонияның
- гипотрофияның

 

163. Пиелонефрит кезіндегі диетаның мінездемесіне сәйкес жауапты таңдаңыз:

- қантты шектеу
+ сұйықтықты жеткілікті мөлшерде беру
- тұзды тамақ беру
- сүт тағамдарын шектеу

- көкөністерді шектеу

164. «Нефриттік бет» дегеніміз қандай бет:

- қызыл
- қушиған
+ бозғылт, ісіңкі
- көгілдір

 

165. Макрогематурияда зәрдің түсі:
- сыра түстес
+ «ет жуған су» сияқты
- ашық сары
- түссіз

 

166. Гломерулонефритке тән емес белгіні таңдаңыз:
- гематурия
- протеинурия

- цилиндрурия
- олигурия

+ бактериурия

167. Полидипсия дегеніміз не:
- суды аз мөлшерде ішу
+ суды көп мөлшерде ішу
- зәрді көп мөлшерде бөлу
- суды іше алмау

 

168. Полифагия дегеніміз не:

- тәбеттің төмендеуі
- тамақты талғау
- тәбеттің жоғалуы
+ тамақты қалыптағыдан артық ішу

169. Полиурия дегеніміз не:
+
зәрді көп мөлшерде бөлу
- зәрді аз бөлу
- зәрдің бөлінбеуі
- зәрде тұздар болу

 

170. Диабеттек команың инфузиялық емінде старттық сұйық ретінде қолданылады:

+ физиологиялық ерітінді
- декстран
- 7,5% калий ерітіндісі
- 4% натрий гидрокарбонаты

- реополиглюкин

 

171. Гипогликемиялық жағдайда науқасқа көрсетілетін көмек:

- инсулин енгізу
+ қант, тәтті шай, варенье,бал, ақ нан беру
- тазартқыш клизма жасау
- асқазан жуу

- көк тамыр ішіне физиологиялық ерітінді құю

172. Жұқпалы ауру туралы неше сағаттан асырмай СЭС-ке хабарлау керек:

+ 24 сағаттан
- 36 сағаттан
- 72 сағаттан
- 48 сағаттан

 

173. Жұқпалы аурулармен ауырғаннан кейін қандай иммунитет дамиды:
+
табиғи белсенді

- табиғи белсенсіз
- жасанды белсенді
- жасанды белсенсіз

 

174. Қызылшаға қарсы ревакцинация өткізу үшін қай вакцина қолданылады:
- бірлестірілген қызылшалық-паротиттік-қызамықтық

+ тірі қызылшалық
- АКДС

- АДС
- БЦЖ

 

175. Егу күнтізбесі бойынша қызамыққа қарсы вакцинация баланың неше айында жүргізіледі:
- 5 айында

- 3 айында
+ 12 айында
- 10 айында

176. Жел шешекте бөртпелерді қай ерітіндімен күйдіруге болады:
+
1-2% бриллиант жасылымен
- 10% кальций хлоридімен
- физиологиялық ерітіндімен
- 0,5% новокаинмен

 

177. Паротиттік инфекцияға қарсы вакциналардың егу мөлшері:
- 0,1мл
+ 0,5мл
- 1мл
- 1,5мл

 

178. Токсикалық ауыз-жұтқыншақ күлінің қай дәрежесінде тері асты шел майының ісінуі 1-2 мойын қатпарларына дейін таралады:
- ІІІ дәрежесіне
+ І дәрежесіне
- ІІ дәрежесіне
- барлық дәрежесіне

 

179. Дифтериялық полирадикулоневритте жиі байқалады:
+
жұмсақ таңдай парезі
- аяқ-қол бұлшық еттернің парезі
- мойын бұлшық еттернің парезі
- кеуде бұлшық еттерінің парезі

 

180. Фибринді жабындылар қай аурудың дағдылы белгісі:
- жәншаудың
- қызылшаның
- қызамықтың
+ күлдің
- көкжөтелдің

 

181. Күлдің қай түрінде күлге қарсы сарысу енгізу қажет:
- жайылған түрінде ғана
- жергіліктенген түрінде ғана
+ барлық түрінде
- токсикалық түрінде ғана

 

182. Күлдің арнайы алдын алуы үшін аталған вакциналардың қайсысы қолданылады:
- АКДС
- АДС, АДС-М
- АД-М
- Тританрикс НВ
+ барлығы

 

183. Күлге қарсы 1-ші және 3-ші вакцинация жүргізу үшін қай вакцина қолданылады:

+ Тританрикс НВ
- АДС
- АКДС
- АД-М
- АДС-М

 

184. 1 жасқа дейінгі балалардағы менингитте аталған белгілердің қайсысы болмауы мүмкін:
- жоғары қызба
- желке бұлшық еттернің сіресуі
- үлкен еңбектің ісініп, қатаюы
- ұйқының бұзылуы

+ Керниг пен Брудзинский симптомдары

 

185. Туберкулезбен жиі зақымданады:
- сүйек пен буындар
+ тыныс ағзалары
- ми қабықтары
- зәр ағзалары
- шеткі лимфа түйіндері

 

186. Манту сынамасын өткізу үшін не қолданылады:
- БЦЖ
+ туберкулин
- стрептомицин

- сары су

 

187. Папуланың диаметрі неше мм. болса, Манту реакциясы оң нәтижелі болып есептеледі:
- 4мм
+ 5мм
- 3мм
- 2мм

 

188. Жұқпалы аурулардың арнайы алдын алу шарасына жатады:

- науқасты оңашалау
- дезинфекция жүргізу
- карантин тағайындау
+ белсенді иммунизация

 

189. Белсенді иммунизация үшін не қолданылады:
- антибиотиктер
- витаминдер
- иммуноглобулин

- туберкулин
+ вакциналар

 

190. Вакцинациядан кейін қандай иммунитет дамиды:
- табиғи белсенсіз
- табиғи белсенді
+ жасанды белсенді

- жасанды белсенсіз

 

191. Дене қызуы көтерілу кезеңіне пайда болатын алғашқы белгі:
- терлеу
+ терінің қызаруы
- тоңу, қалтырау

- ыстықтау

 

192. Гипертермия кезіндегі шаралардың бірі:
+
денені спиртпен сүрту
- арқаға қыша қағазын қою
- аяқ ваннасын өткізу

- булы инголяция жасау

 

193. Анафилактикалық шоктың еміне сәйкес шараны таңдаңыз:

- адреналин енгізу
- преднизалон енгізу
- аллерген енгізген жерге салқын салу

- оттегін беру
+ барлығы сәйкес

194. Гипертермиялық синдромға тән:

- жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы
- жүрек-тамыр жүйесі жұмысының бұзылуы
- зат алмасудың бұзылуы

+ барлығы

 

195. Дене қызуы жоғары деңгейде болу кезеңіне аталған белгілердің қайсысы тән:
- сандырақтау, елестету
- құрысу
- терінің қызаруы

- ыстықтау
+ аталғандардың барлығы

 

196. Аталған шаралардың қайсысы тырысу синдромы кезіндегі көмекке сәйкес:
- баланы жұмсақ жерге жатқызу
- қысып тұрған киімдерін ағыту
- тілін тістеп алуынан сақтау

- тырысуға қарсы дәрі енгізу
+ барлығы сәйкес

 

197. Улану кезіндегі көмекке сәйкес жауапты таңдаңыз:
- асқазанды жуу
- тазартқыш клизма жасау
- дезинтоксикациялық ем жүргізу

- антидот енгізу
+ аталғандардың барлығы сәйкес

 

198. Жедел жүрек жетіспеушілігі кезіндегі көмектің бірі:
- строфантин немесе корглюкон енгізу
- антибиотик енгізу
+ бас жағын төмен жатқызу

- ыстық ванна өткізу

 

199. Мұрын қанаған кезде жергілікті қан ағуды тоқтату үшін қолдануға болады:
- 3% су тегінің асқын тотығын
- адреналин
- гипертоникалық ерітіндіні

- ана сүтін
+ аталғандардың барлығын

 

200. Гипергликемиялық команың алғашқы кезіндегі инсулин енгізу әдісі:

- тері астына

- бұлшық етке

+ көк тамырға ағымды

- көк тамырға тамшылатып

 

201. Балалардың неше жас аралығы пубертаттық кезең:

- 1-3 жас аралығы

- 4-6 жас аралығы

+ 12-13 жас пен 16 жас аралығы

- 7-11 жас аралығы

 

202. Кіші еңбек баланың неше айына таман жабылады:

+ 3 айына

- 12 айына

- 6 айына

- 8 айына

 

203. Неше жастан бастап сүт тістері тұрақты тіске алмаса бастайды:

- 1-2 жастан

- 9-10 жастан

+ 6-7 жастан

- 3-4 жастан

 

204. Жаңа туған нәрестелердің тыныс алуы қандай:

- сирек

- терең

+ үстірт, жиі

- ырғақты

 

205. Жас нәрестелер қан тамырларының ерекшеліктерінің бірі:

+ артериялар мен веналардың кеңдігі бірдей

- веналар артериялардан 2 есе кең

- артериялар веналардан 2 есе кең

- ересектерден айырмашылығы жоқ

 

206. Нәрестеде систолалық артериалдық қысым орта есеппен:

- 95-100мм с.б.

- 45мм с.б.

+ 70-74мм с.б.

- 20мм с.б.

 

207. Диастолалық артериалдық қысым систолалық қысымның неше бөлігіне тең:

- 1/3-1/4 бөлігіне

+ 2/3-1/2 бөлігіне

- 1/5 бөлігіне

- екеуі тең болады

 

208. Баланың неше жасынан кейін қызыл сүйек миы сары майға айнала бастайды:

+ 1 жастан

- 2 жастан

- 4 жастан

- 6 жастан

 

209. Жаңа туған нәрестелерде гемоглобин деңгейі орта есеппен:

+ 170-247 г/л

- 110-119 г/л

- 126-156 г/л

- 100-110 г/л

210. Бала өмірінің нешінші күнінде нейтрофилдер мен лимфоциттердің 1-ші қиылысы байқалады:

- 1-2-ші

+5-6-шы

- 10-11-ші

- 15-20-шы

 

211. Баланың неше жасында нейтрофилдер мен лимфоциттердің 2-ші қиылысы байқалады:

- 7-8 жасында

- 1-2 жасында

+ 5-6 жасында

- 3-4 жасында

 

212. Биша май кесектері қай жерде орналасқан:

+ беттің қалын ет арасында

- тілде

- ерінде

- таңдайда

 

213. Балада сілекей бөлінудің күшею мерзімі:

+ 4 айға аяқ басқанда

- 1-ші аптадан

- 1 айынан

- туған күнінен

 

214. Баланың бір жасына таман асқазан сиымдылығы:

- 500мл

- 50-100мл

+ 250-300мл

- 50-70мл

 

215. Емшек сүтімен ғана қоректенетін балалар ішегіндегі негізгі микрофлора:

- стрептококтар

- стафилококтар

- ішек таяқшалары

+ бифидобактериялар

 

216. Меконийдің түсі:

- сары

- қоңыр

- ашық сары

+ қою-жасыл

 

217. Жас бала зәрінің салыстырмалы тығыздығы төмен болуы неге байланысты:

- несеп ағарларының кең болуына

- қуығының жоғары орналасуына

- несеп шығаратын түтікшесінің қысқа болуына

+ бүйрегінің концентрациялық функциясы төмен болуына

 

218. Нечипоренко әдісі бойынша зерттеледі:

- бір тәулік бойы жиналған зәр

- зәрдің соңғы порциясы

- 3 сағат бойы жиналған зәр

+ зәрдің ортаңғы порциясы

219. Келесі әдістердің қайсысының көмегімен бүйректің бөлу және концентрациялық қызметі анықталады:

А) Нечипоренко әдісінің

Б) Аддис-Каковский әдісінің

В) Амбурже әдісінің

+Г) Зимницкий әдісінің

 

220. Түнгі диурездің күндізгі диурезден көбірек болуын қалай атайды:

А) дизурия

Б) полиурия

В) олигурия

+Д) никтурия

 

221. Зәрмен ненің бөлінуін протеинурия дейді:

А) лейкоциттердің

Б) эритроциттердің

+В) белоктың

Г) цилиндрлердің

 

222. Зәрмен ненің бөлінуін гематурия дейді:

А) бактериялардың

+Б) эритроциттердің

В) лейкоциттердің

Г) белоктың

 

223. Сүттің түзілуі мен бөлінуін қалай атайды:

+А) лактация

Б) галакторея

В) гипогалактия

- аменорея

 

224. Сиыр сүтімен салыстырғанда әйел сүтінде келесі элемент көбірек:

А) кальций

+Б) темір

В) натрий

Г) фосфор

 

225. Ана сүтінде аталғандардың қайсысы жоқ:

+А) бактериалдық қоспалар

Б) өсу факторы

В) иммуноглобулиндер

- микроэлементтер

 

226. Жеміс-жидектер организмді қай тамақ ингредиенттерімен қамтамасыз етеді:

А) белоктармен

Б) маймен

+В) витаминдармен және минералдық тұздармен

- көмірсулармен

 

227. Аралас тамақтандыру дегеніміз 6 айға дейін баланы немен тамақтанду:

А) сүт қоспаларымен ғана

Б) ана сүтімен ғана

+ ана сүтімен қатар сүт қоспаларымен

- сиыр сүтімен

 

228. Қолдан тамақтандыру дегеніміз баланы немен тамақтандыру:

+ сүт қоспаларымен ғана

Б) ана сүтімен ғана

В) ана сүтімен қатар сүт қоспаларымен

- көкөніс пюресімен

 

229. 2-4 ай аралығындағы баланың бір тәулік тамағының мөлшері дене салмағының неше бөлігіне тең:

А) 1/5

Б) 1/7

+ 1/6

Г) 1/8

230. 6-9 ай аралығындағы баланың бір тәулік тамағының мөлшері дене салмағының неше бөлігіне тең:

А) 1/5

Б) 1/7

В) 1/6

+ 1/8

 

231. Жүктіліктің нешінші апта аралығында туған бала мезгілінде туған болып саналады:

+А) 38-40

Б) 36-37

В) 34-35

Г) 33-34

 

232. Апгар шкаласы бойынша ең жоғарғы балл:

А) 0

Б) 1

+В) 2

- 5

 

233. Жаңа туған дені сау баланы туа салысымен қай жерге жатқызу керек:

А) жөргектеу үстеліне

Б) кювезге

В) лотокқа

+Г) анасының ішіне

 

234. Гонобленарияның алдын алу қай нәрестелерге жүргізіледі:

А) анасы гонореямен ауыратын балаларға ғана

Б) мерзіміне жетіп туған балаларға ғана

В) шала туған балаларға ғана

+Г) барлық нәрестелерге

 

235. Дені сау нәрестенің кіндік жарасын күту үшін қолданылады:

А) 1% бриллиант жасылы

Б) гидрокартизон майы

В) антибиотик ерітіндісі

+Г) қайнаған су

 

236. Нәрестеге гигиеналық ванна өткізілу жиілігі:

А) күнара

Б) аптасына 1 рет

+В) күнде

Г) аптасына 2 рет

 

237. Физиологиялық эритема дегеніміз терінің:

А) сарғаюы

Б) көгеруі

+В) қызаруы

- түлеуі

 

238. Физиологиялық сарғаюдың пайда болу мерзімі:

+А) туғаннан кейін 2-3-ші күні

Б) туған сәтте

В) бала сары болып туады

Г) туғаннан бірнеше сағаттан кейін

 

239. Физиологиялық сарғаюда келесі шара қолданылады:

А) қан алмастырып құю

Б) антибиотик енгізу

+В) баланы жиі емізу

Г) баланы донорлық сүтпен тамақтандыру

 

240. Жаңа туған нәрестенің дене салмағының физиологиялық кемуінде салмақтың максималді кемуі нешінші күндері байқалады:

А) 1-ші күні

+Б) 3-4-ші күні

В) 7-10-шы күні

Г) 3 айына таман

 

241. Жаңа туған баланың дене салмағының физиологиялық кемуінде келесі шара қолданылады:

+А) баланың қалауы бойынша емізіп тұру

Б) вена ішіне сұйықтық құю

В) қолдан тамақтандыру түріне көшіру

- қосымша тамақ беру

 

242. Несеп қышқыл инфаркты кезінде зәрмен көп мөлшерде не бөлінеді:

А) эритроциттер

+Б) несеп қышқыл тұздары

В) лейкоциттер

Г) цилиндрлер

243. Транзиторлық қызбаның ұзақтығы:

+А) 1-2 күн

Б) 3-4 сағат

В) 4-5 күн

Г)1 апта

244. Жаңа туған балаларда физиологиялық альбуминурия байқалу бүйректің қай ерекшелігіне байланысты:

А) жылжымалы болуына

+Б) төмендеу орналасуына

В) түбегінің кең болуына

Г) капиллярларының өткізгіштігі жоғары болуына

 

245. Дені сау нәрестелерге вакцинация жүргізу мерзімі:

А) 0-4 күн аралығы

Б) 4-10 күн аралығы

В) 10-15 күн аралығы

Г) 15-20 күн аралығы

 

246. Жүктіліктің келесі мерзімінде туған бала шала туған болып саналады:

А) 41-42-ші апта аралығында

+Б) 38-ші апталығынан бұрын

В) 38-40-шы апта аралығында

- 20-21 апта аралығында

 

247. Шала туған нәрестені жылыту үшін аталған әдістердің қайсысын қолдануға болады:

А) кювезге салу

Б) кенгуру әдісін

В) жылытатын керуетке жатқызу

+Г) аталған әдістердің барлығын

 

248. Аталған жағдайлардың қайсысында «Кенгуру әдісін» қолдануға болмайды:

А) босану жүктіліктің 30-шы аптасынан кейін

Б) туғандағы салмағы 1100 грамнан жоғары

В) тыныс алуы бір қалыпты емес

+Г) нәрестенің жалпы денсаулық жағдайы жақсы

 

249. Пиодермия дегеніміз терінің қандай аурулары:

+ іріңді

Б) іріңді емес

В) аллергиялық

геморрагиялық

 

250. Везикулопустулез қандай бөртпе шығумен сипатталады:

А) қанға толы ұсақ бөртпе

+ іріңге толы ұсақ бөртпе

В) іріңге толы ірі бөртпе

Г) папулездік бөртпе

 

251. Жаңа туған нәрестенің басында, шаш арасында көлемі бұршақтан фасольға дейін жететін тығыз, күрен қызыл инфильтраттар бар, бұл терінің қай ауруы:

+ псевдофурункулез

Б) везикулопустулез

В) көпіршіктену

Г) баздану

 

252. Қай омфалитке кіндік айналасындағы тіндердің өлі еттенуі қай омфалитке тән:

А) катаралдық

Б) флегмоналық

+ некротикалық

- барлық

 

253. Кіндік пен терінің іріңді ауруларының асқынуы:

А) эксудативті-катаралдық диатез

Б) мешел

+ сепсис

- ревматизм

 

254. Сепсисті

Date: 2015-07-02; view: 4215; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию