Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Антибиотиктерді еріту және енгізу ережесі бойынша антибитикті еріттім





.

Көрсеткіші:

· Баланы дәрігер тағайындаған дәрілік препаратпен қамтамасыз ету.

Керекті құралдар:

· Стерильды үстел, пинцет, мақта шариктері.

· Резеңке қолғап.

· Антибиотик флаконы.

· Антибиотикке арналған ерітінді.

· Инесімен шприц.

· 70% этил спирті.

· Қолданылған заттарға арналған лоток

Іс-әрекетім:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім.

2. Керекті құралдарды дайындадым.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, стерильді резеңке қолғап кидім.

4. Антибиотик, ерітінді флакондарының сыртындағы жазулармен таныстым (аты, дозасы, жарамдық мерзімі).

5. Ерітіндінің антибиотикті ерітуге керекті мөлшерін анықтадым.

6. Балаға енгізуге арналған дайын ерітіндінің мөлшерін анықтадым.

7. Шприцтің қорабын аштым, инесін кигізіп, стерильді устелге қойдым.

8. Спиртке малынған стерильді мақта шаригімен флаконның алюминий қақпағын өңдеп, оны ашып және қайталап өңдедім.

9. Ерітінді ампуласының мойнын спиртке малынған мақта шаригімен өңдедім. Ампула мойнын сындырдым. Ерітіндінің керекті мөлшерін шприцке сорып алып, флаконға енгізіп шайқадым.

10. Флаконды жоғары көтере, ерітіндінің керекті мөлшерін шприцке сорып алдым.

11. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастадым. Шприцке жаңа инені қақпағын шешпей кигіздім.

12. Шприцтің ине жағын көтеріп ерітіндінің 1-2 тамшысын иненің қақпағын шешпей шығарып және шприцті стерильді үстелге қойдым.

13. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігін 70% этил спиртімен өңдеп және шприцті 900 жағдайында ұстап бұлшықетке антибиотикті енгіздім.

14. Инені алу, инъекция салынған жерді қолдағы мақта шаригімен өңдедім, шарикті және шприцті қолданылған заттарға арналған лотокқа салдым.

15. Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолымды жуып құрғаттым.

Ескеру қажет:

1. Ерте жастағы балаларға еріту 1:1 әдісімен дайындалады (1мл ерітіндіге-100 000 Б антибиотик).

2. Ересек балаларға еріту 2:1 әдісімен дайындалады (1мл ерітіндіге-200 000 Б антибиотик).

 

 

 

 

Есімбеков Дияс атты баланың Құлағына тамшы тамыздым

Көрсеткіші:

· Ортаңғы құлақтың қабыну процесін жою, евстахиев түтігінің өткізгіштігін жақсарту.

Керекті құралдар:

· Резеңке қолғап.

· Дәрілік препараты.

· Қауіпсіз пипетка.

· Шиыршықталған мақта, шариктер.

· Қолданылған заттарға арналған лоток

Іс-әрекетім:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім.

2. Керекті құралдарды дайындадым.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп,резенке қолғап кидім

4. Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен таныстым (аты, жарамдық мерзімі).

5. Баланың сау құлақ жағын төменге қаратып жатқыздым.

6. Құлақтан бөлініс болған жағдайда тазартам.

7. Дәріні пипеткаға сорып алдым.

8. Тамшының температурасын алақанның сыртына тамызып тексердім.

9. Сол қолмен құлақ ұшын төмен қарай тартып (1 жасқа дейін) немесе құлақ шеміршегін артқа және төмен тартып (1 жастан кейін).

10. Тамшыны есту жолына тамыздым.

11. Тамшы ортаңғы құлаққа өту үшін құлақты бірнеше рет бастым.

12. Құлаққа 10-15 минутқа тампон салдым.

13. Тампонды алып тастадым.

14. Пипетканы дез.ерітіндіге салдым, одан әрі залалсыздандырдым.

15. Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолымды жуып құрғаттым.

Ескеру керек: тамшыны дене температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (36-370)

 

Агимбаев Айбат атты баланың Көзіне тамшы тамыздым

Көрсеткіші: көздің қабыну процесін жою (конъюктивиттер, блефариттер).

Керекті құралдар:Резеңке қолғап.Дәрілік препараты.Қауіпсіз пипетка.Шиыршықталған мақта, шариктер.Қолданылған заттарға арналған лоток

Іс-әрекетім:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім.

2. Керекті құралдарды дайындадым.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, стерильді резеңке қолғап кидім.

4. Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен таныстым (аты, жарамдық мерзімі).

5. Баланы арқасына жатқызып, басын аздап артқа шалқайттым.

6. Дәріні пипеткаға сорып алып, сол қолға мақта шаригін алдым.

7. Төменгі қабақты мақта шаригімен төмен қарай тартып, баланы жоғары қарауын сұрадым.

8. Төменгі конъюктива қыртысына 2-3 тамшы тамыздым(пипетканы конъюктиваға аса жақындатпаңыз).

9. Баланың көзін жұмуын сұрадым, ерте жастағы баланың көзін мақта шаригінің көмегімен жұмдыру қажет.

10. Көздің ішкі бұрышынан дәрінің қалдығын мақта тампонымен алып тастадым.

11. Тамшыны екінші көзге сол әдіспен тамыздым.

12. Пипетканы дез.ерітіндіге салдым, одан әрі залалсыздандыру керек.

13. Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолымды жуып құрғаттым.

 

 

 
Күні Істелінген жұмыс Баға
  Бүгін күніміз кесте бойынша- 4 айлық балаларға «Вирусты гепатитке қасрсы вакцина салу күні.Салу техникасы Вирусты В гепатитке қарсы вакцинасын енгізу Көрсеткіші:Вирусты В гепатиттіңарнайы алдын алу. Керекті құралдар: · Мақта домалақтары,салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел. · «Энджерикс-В» вакцинасы. · 2 мл шприц. · резіңке қолғап. · 70% этил спирті. · Қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап. · Қолданылған заттарды тастайтын дез ерітіндісі бар ыдыс. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау. 2. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 3. Керекті құралдарды дайындау. 4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию. 5. Вакцина флаконын алып біркелкі қоймал 6. 70% спиртке матырылған мақта домалағымен флаконның металл қалпағын өңдеу. 7. Қолданылған мақта домалағын дез.ерітіндіге тастау. 8. Металл қалпактың ортасын алып тастау. 9. 70% спиртке матырылған мақта домалағымен флаконның резеңке тығынын өңдеу. 10. 2 мл шприцке егу дозасын жинап алу (10 жасқа дейін-0,5 мл-10мкг.; 10 жастан жоғары-1 мл-20мкг.). 11. Пинцетпен салфетканы алып, оған шприцтен ауаны шығару, салфетканы дез.ерітіндіге салу. 12. Шприцті үстелдің үстіне салфетканың астына қою. 13. 1 жасқа дейінгі балаларда баланың санының алдыңғы-жан бөлігін, 1 жастан бастап иықтың дельта тәріздес бұлшық-ет маңын 70% спиртке матырылған 2 мақта домалағымен өңдеу. Қолданылған мақта домалағын дез.ерітіндіге тастау, біреуін қолда қалдыру. 14. Вакцинаны бұлшық етке енгізу. 15. Инені шығарып алу. Инъекция жасалған жерді қалтырылған мақта домалағын өңдеу. 16. шприцті қорапшаға, мақта шариктерін дез.ерітіндіге тастау. 17. Қолғапты шешіп оны дез ерітіндіге тастау. 18. Қолды жуып, кептіру. 19. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау. Ескерту: · ВГ “В” вакцинасын егу мерзімі:. - Нәрестелер үшін: 0-2-4. - Қауіп – қатер тобына 0-1-6   Болотова Аят атты баланың мұрынына тамшы тамыздым. Көрсеткіші: Мұрын жолдарының қабыну процесін жою, өткізгіштігін жақсарту, мұрынжұтқыншақтан инфекцияның өтуінің алдын алу. Керекті құралдар:Резеңке қолғап.Дәрілік препараты.Қауіпсіз пипетка.Шиыршықталған мақта, шариктер.Қолданылған заттарға арналған лоток Іс-әрекетім: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Керекті құралдарды дайындадым. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, стерильді резеңке қолғап кидім. 4. Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен таныстым (аты, жарамдық мерзімі). 5. Мұрын жолдарын стерильды мақта шиыршықтарымен тазаладым. 6. Баланың басын аздап артқа шалқайттым, тамшыны енгізетін жағына қаратып бұрдым. 7. Алақанды баланың маңдайына салып, басты бекіттім, ал бірінші саусақпен мұрын ұшын көтердңм. 8. Дәріні пипеткаға сорып алдым. 9. Төменгі мұрын жолына 2-3 тамшы тамызып (пипетканы терең енгізбеу керек), тамшы мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабатына ену керек. 10. Мұрынның қанатын мұрын қырына бастым. 11. Тамшыны екінші мұрын жолына сол әдіспен тамыздым. 12. Пипетканы дез.ерітіндіге салдым, одан әрі залалсыздандыру. 13. Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолымды жуып құрғаттым.     Тәжірибемді Сагимбаев Манат атты Ерте жастағы балалаға қыша қағазын қоюмен жалғастырдым. Көрсеткіші: · Тыныс алу мүшелерінің ауруларында рефлекторлы терапия өткізу. Керекті құралдар: Стерильды майы бар лоток.Суы бар лоток 40-450С.Қыша қағазы.Жұқа және қалың жөргектер.Қолданылған заттарға арналған лоток Іс-әрекетім: v Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. v Керекті құралдарды дайындадым. v Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, стерильді резеңке қолғап кидім. v Қыша қағазының жарамдылығын тексердім. v Баланы беліне дейін шешіндіріп тері қабатын тексердім. v Жұқа жөргекті жылы өсімдік майына салдым. v Сығып алып тегіс жерге жайып салдым. v Қыша қағаздарын қышасын жоғары қаратып суға 5-10 секундқа салдым. v Қыша қағаздарын қышасын төмен қаратып жөргектің үстіне салып:оң жағына 2-4, сол жағына 1-2, ортасында омыртқа үшін бос орын қалдырдым. v Жөргектің жоғарға және төменгі жақтарын үстіне қарай бүктедім. v Жөргектің астыңғы жағын жоғары аудардым. v Баланы жөргекке омыртқа тұсы бос жерге орналасатындай етіп жөргектің үстіне жатқыздым. v Жөргекті балаға орап, жүрек тұсы қыша қағазынан бос болу керек. v Баланы жылы жөргекпен және көрпемен жаптым. v Қыша қағазын баланың терісі қызарғанша ұстадым. v Қыша қағазын алып, қолданылған заттарға арналған лотокқа салдым. v Баланы жылылап орап 1 сағатқа төсекке жатқыздым. v Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолымды жуып құрғаттым.     Тәжірибем Аяққа қыша ваннасын жүргізумен жалғасты. Тегі: Тоқтасынова Аты: Ақмарал Қажетті құралдарды дайындадым: Су 39-40С, құрғақ қыша, шелек, сүлгі, көрпе. Іс-әрекетім: 1. Қыша ерітіндісін дайындадым 10л суға 100гр қыша(алғашында 1л суға дайындайды) 2. Суды сүздім 3. Баланы орындыққа отырғызып,аяғын қыша ерітіндісі бар суға салып көрпемен жауып отырғыздым 4. Су суыған кезде ыстық су құйып тұрдым 5. 15-20 мин соң баланың аяғын шайып,құрғатып,шұлық кигіздім Баланы төсекке жылылап жауып жатқыздым,суйықтық ішкіздім.   Максутов Алматтың температурасы 36,8 болып котеріліпті, Спирттің көмегімен физикалық салқындату жасадым. Көрсеткіші: Дене температурасын түсіруге қол жеткізу. Керекті құралдар: · 700 этил спирті. · Су 14-160С. · Мақта шариктері. Сағат. Лоток. Іс-әрекетім: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Керекті құралдарды дайындадым. 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғаттым, стерильді резеңке қолғап кидім. 4. 700 этил спиртін 2:1 қатынасымен сумен араластырдым. 5. Спирт ерітіндісіне малынған мақта шариктерімен ірі қан тамырлары орналасқан жерлерді сүрттім: самай, ұйқы артериясының маңы, қолтық асты, тізе асты және шат қыртыстары. 6. Мақта шариктерін лотокқа тастадым. 7. Қолымды жуып құрғаттым. 8. 20-30 минуттан кейін дене температурасын өлшедім,температура түсті,жалпы жағдайы калпына келді        
    Бүгінгі тәжірибе күнімде Гипертермиямен кабылдауға Койшыбаев Талгат атты бала келді,температурасы 38 С ка көтерілген, сірке қышқылымен орау әдісін қолдануды жөн көрдім. Көрсеткіші:Дене температурасын түсіруге қол жеткізу. Керекті құралдар: · Ас сірке қышқылы. · Су 35-360С. · Ерітінді дайындауға арналған ыдыс. · Жұқа жөргектер. · Памперс. · Салфетка. · Сағат. · Резеңке қолғап.     Іс-әрекетім: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, стерильді резеңке қолғап кидім. 3. Баланы шешіндіріп тері қабатын мұқият тексердім. 4. Балаға памперс кигіздім. 5. 0,5 литр суға 1 ас қасық сірке қышқылын қосып ерітінді дайындадым. 6. Жұқа жөргекті сірке қышқылының ерітіндісіне матырып, жақсылап сығып алып түзу жерге жайдым. 7. Баланың құлақ ұшы жөргектің жоғарғы шетіне келетіндей етіп жөргекке жатқыздым. 8. Баланың қолдарын жоғары көтеріп жөргектің бір шетімен баланың кеудесі орап аяқтарының ортасына салдым.Жөргектің екінші шетімен баланың қолдарын,денесін орадым. 9. Жөргектің жылып кетуіне байланысты 20-30 минуттан соң жөргекті сірке қышқылы ерітіндісіне қайталап сулап, баланы қайта орап отырдым. 10. Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолымды жуып құрғаттым. 11. 20-30 минуттан кейін дене температурасын өлшедім,нәтижесі оң,температура түсті. Температураны түсіру әдісінің бірі Мұзды мұйық көмегімен физикалық салқындату. Тегі: Толеген Аты:Еркін Жасы:2 жас 5 ай Көрсеткіші: Дене температурасын түсіруге қол жеткізу. Керекті құралдар: · Су 14-160С. · Мұз кесектері. · Жөргектер 3-4. · Ағаш балға. · Мұзы бар флакондар. · Сағат. Іс-әрекетім: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғаттым. 3. Мұз кесектерін жөргекке салып, ағаш балғамен ұрып ұсақттым. 4. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұзбен, 2/3 бөлігін сумен толтырдым. 5. Мұйықты басу арқылы ауасын шығардым. 6. Мұйықты төмен қаратып, жақсы жабылғанын тексердім. 7. Мұйықты жөргекке орадым. 8. Мұйықты баланың басынан 2-3 см арақашықтықта орналастырдым. 9. Мұзы бар флакондарды салфеткамен орап ірі тамырлар маңына орналастырдым. 10. Мұйықты, мұзды флакондарды 20-30 минутқа қалдырдым, қажет болған жағдайда 10-15 минуттан соң қайталауға балады. 11. Мұздың еруіне байланысты мұйықтың ішіндегі суды төгіп қайта мұз салып, су құйып отырдым. 12. 20-30 минуттан соң мұздықты алы тастап баланың дене температурасын өлшедім,дене қызуы түсті,жағдайы жақсарды.   Бүгінгі тәжірибе күнімде жас балаға Оттегіні беруді бақыладым. Көрсеткіштері: цианоз,ентігу,ШТБ-ны тамақтандыру алдында Керекті құралдар: Бобров аппараты, Стерильды назальды катетері, Резіңке қолғап, Стерильді резіңке баллон Іс-әрекеті: 1. Қолды жуып құрғату 2. Баланың мұрын жолдарын тазалау 3. Резіңке қолғапты кию 4. Стерильді мұрын катетерінің ұзындығын өлшеп белгілеу/мұрын ұшынан құлақ сырғалығына дейін/ 5. Катетер ұшын фурациллин ерітіндісіне матыру 6. Сол қолдың бас бармағымен баланың мұрын ұшын көтеріп катетерді белгіге дейін енгізу 7. Катетерді лейкопластырьмен ұстату 8. Катетердің бос ұшын Бобров аппаратының қысқа түтікшесіне жалғастырып, оттегіні 2-3л/минутына жылдамдығымен жіберу 9. Катетерді салфеткамен шығару 10. Пациенттің мұрнын тазалау Ескеру керек: · оттегіні ылғалдандырып беру керек · оттегіні 30-45мин береді · 30-45 минут сайын катетерді қозғалтыңыз(шырышты қабаттың күйігінің және құрғауының алдын алу үшін)   Ерте жастағы балалардың зәрін жалпы зәр анализін зерттеуге жинадым Көрсеткіші:Зәр жолдарының инфекциясы, пиелонефрит, гломерулонефрит, дисметаболикалық нефропатия. Керекті құралдар: · Резеңке қолғап. · Жөргекпен оралған резеңке круг. · Сүлгі. · Ерте жастағы қыз балаға-тарелка, ұл балаға пробирка. · Клеенка. · Құрғақ таза банка. · Жолдама. Іс-әрекетім: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Керекті құралдарды дайындадым. 3. Клиникалық зертханаға жолдама жаздым. 4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғаттым, резеңке қолғап кидім. 5. Зәрді жинау алдында пациенттің жыныс мүшелерін жудым. 6. Таңертеңгілік зәрді таза құрғақ ыдысқа жинау керек. 7. Зәр жинаған ыдыстың сыртына жолдаманы жапсырдым. 8. 1 жасқа дейінгі қыз баланы жөргекке оралған, тарелканың үстіндегі кругтың үстіне жатқыздым. 9. Баланың кругтың үстінен жылжып кетпеуін қадағалау керек. 10. Жиналған зәрді таза ыдысқа құйып зертханаға жібердім. 11. Ұл баланың жыныс мүшесіне пробирканы кигізіп жабысқақ жолақпен бекіттім. 12. Баланың аяқтарын жөргектедім. 13. Жиналған зәрді таза ыдысқа құйып зертханаға жібердім. 14. Жиналған зәрді 1 сағаттың ішінде зертханаға жібердім. 15. Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолымды жуып,құрғаттым. Келесі Зәрді Нечипоренко әдісі бойынша зерттеуге жинадым. Көрсеткіші: Зәрдегі түрлік элементтердің құрамын анықтау (бүйректе птологиялық процесстің барлығы немесе жоқтығы анықталады). Керекті құралдар: Резеңке қолғап,алжапқыш,Құрғақ таза банка.,Жолдама. Іс-әрекет: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Керекті құралдарды дайындадым. 3. Клиникалық зертханаға жолдама жаздым. 4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, резеңке қолғап, алжапқыш кидім. 5. Зәрді жинау алдында баланың жыныс мүшесін жудым. 6. Зәрдің ортаңғы порциясын таза құрғақ ыдысқа жинадым. 7. Зәр жинаған ыдыстың сыртына жолдаманы жапсырдым. 8. Жиналған зәрді таза ыдысқа құйып зертханаға жібердім. 9. Қолғапты шешіп қорапқа салып, қолымды жуып және құрғаттым. Бүгінгі тәжірибе күнімде маған мейірбике Базарбаева Салтанат атты баланың Нәжісін бактериологиялық зерттеуге жинауды тапсырды. Көрсеткіші:Жедел асқазан-ішек жолдарының ауруларымен ауырған балалардың тоқ ішегіндегі патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің сипатын анықтау және тиімді ем тағайындау. Керекті құралдар: Таза құрғақ қақпағы бар шыны ыдыс,Таза ағаш шпатель,Консерванты және сым ілгегі бар стерильді пробирка,Резеңке қолғап, дез.ерітінді,Горшок. Іс-әрекетім: · Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. · Керекті құралдарды дайындадым. · Қолымды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғаттым, резеңке қолғап кидім. · Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алдым. · нәжісті таза құрғақ шыны ыдысқа таза стерильді шпательмен 2-3 гр. салдым. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алдым.Шырыш,іріңді, фибринді жабындыларды алу керек. Қан араласқан бөліктері алынбайды. Таза шыны ыдысқа салдым. · Шпательді дез.ерітіндіге салдым. · Жолдама толтырдым. · Материалды 1 сағат аралығында зертханаға жеткіздім. · Горшокты материал алынғаннан соң дез.ерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шайдым. · Қолғапты шешіп қорапқа салдым, қолды жуып құрғаттым.         Пульс жиілігін санадым қалыпты жағдай бойынша Пульсті санау және жасқа байланысты көрсеткіштердің өзгеруі Әзірлеңіз: · секундомерді Іс -әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа манипуляцияның мақсатын түсіндіріңіз 2. Баланы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз 3. Басмармақтан төменгі шыбық артериясынын пульсациясын табыңыз 4. Артерияны 2-3-4 саусақтармен жайлап басыңыз 5. 1минуттағы пульс соғысын санаңыз 6. Пульстің толуын анықтаңыз: пульс толқыны анық болса-пультің жақсы толуы, наық емес болса-пульстің әлсіз толуы. Ескерту: · пульстың толуының әлсіз болуы/жіп тәріздес пульс/ миокард жұмысының әлсіздігін көрсетеді,жедел дәрігерге хабарлау қажет. · 1 жасқа дейінгі балаларда пульс самай артериясында, 2 жастан асқан балаларда шыбық артериясында анықталады. Сонымен қатар иық, ұйқы, сан артерияларында анықтауға болады. Пульсың жасқа байланысты нормалық көрсеткіштері:   · ЖТБ-да 120-140 рет минутына · 1жасқа дейінгі балада 110-120 рет мин · 1-2 жасқа дейінгі балада 110- 115 рет мин · 5 жасқа дейінгі балада 100 рет мин · 10 жасқа дейінгі балада 90 рет мин · 12-13 жасқа дейінгі балада 80 рет мин · 14-15 жаста 70 рет мин ·   Артериальді қысымды өлшеу. 1. Қолды жуу, құрғат. 2. Тонометр, фонендоскоп дайында. 3. Манипуляцияның басын түсіндір. 4. Пациентті ынғайлап отырғыз немесе жатқыз. 5. Пациенттін қолың алақаның жоғары қаратып орналастыр. 6. Иығын киімі қыспайтындай босат. 7. Тонометрдін манжетін шынтақтап 2-3 см жоғары орналастыр, қол арасына 1 см өтуі қажет, резенке түтікшелі қолға параллель жату керек. 8. Тонометрдің вентилін жауып манжетке ауа жібер. 9. Тонометрдің көрсеткіші 0-ге тең болуы керек. 10. Осы қолдағы кәрі жіліктің пульсіне анықтама. 11. Тонометрдің вентилін жауып манжеттке ауа жібер. 12. Тонометрдің көрсеткішін қара, есіңде сақта. 13. Вентильді ашып манжеттен ауаны ақырындап шығара отырып, тонометрдің стрелкасын байқа. 14. Фонендоскопты шынтақтап алдыңғы жағына қос. 15. Мұқият тыңдай отырап, бірінші пульстің соғуының пайда болуын анықта. Бұл систолалық қысымның көрсеткіші. Осы санды есіңде сақта. 16. Ары қарай тыңдай отырып, пульс соғуын анықта. Бұл диастолалық қысымның көрсеткіші. Осы санды есінде сақта. 17. Ауаны жібер, манжетті шеш, пациентті ретке келтір. 18. Өлшеудің нәтижесін бағала, қажет болса дәрігерге дейінгі көмек көрсет. 19. Қан қысымның көрсеткішін мед. картаға белгіле. 20. Қолынды жуу    
Күні Істелінген жұмыс Баға
  Бүгінгі тәжірибеләк практика кезінде біз медбикемен бірге әр түрлі жедел көмек көрсету шаралары туралы пікір алмасып қалай көмек кһрсету туралы қосымша манипуляция жасадық. КОЛЛАПС Коллапс тамыр қызметінің жіті жеткіліксізідігі, кенеттен күретамыр қысымының төмендеп, шеткі қан айналымының бұзылуынан дамиды. Жүрек бұлшық ет инфарктісінде жұқпалы ауруларда, улануда, қан аздығында, қан аққан зақымдарда жиі кездеседі. Белгілері мен әйгіленістері · қуқылдануы; · сирек дем алуы; · суық жабысқақ тер; · өте әлсіздік; · бас айналуы; · тамыр соғуының жиіленуі, тамырдың толысы мен ернеуінің әлсіздігі; · күретамыр қысымы өте тез 80 мм с.б. және одан да төмендейді.   Шұғыл медициналық көмек І – кезең · ауыз қуысын шырыш пен құсықтан тазартыңыз; · ұйқы күретамырың соғуы мен дем алысын тексеріңіз; · егер дем алысы мен тамыр соғуы болмаса, жасанды дем беріп, жүрекке сырттай массаж жасауға кірісіңіз; · егер коллапс қан аққанда болса, оны тоқтату шараларын жүргізеді; · тамыр соғуы мен дем алысы болса, зардап шегушіні бір бүйіріне жатқызыңыз; · басына салқын қойыңыз; · таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз. ІІ – кезең · плазма алмастырушы ерітінділер – 200-500 мл полиглюкин, 400-800 мл реополиглюкин тамшылатып көктамыр ішіне; · кортикостероидтар: 90-120 мг преднизолон 125-250 мг гидрокортизон көктамыр ішіне; · инфузиялық терапия (В.В.Руксин бойынша) 0,9% -200 мл натрий хлорид ерітіндісін 10 минутта көктамыр ішіне қан қысымы көтерілгенде, осы мөлшерде тиімділігін бекіту үшін қайталайды. Әсері болмағанда: · 200 мг дофаминді 400 мл реополиглюкинде немесе 5% глюкоза ерітіндісімен көктамыр ішіне минутына 80-100 тамшы жылдамдықпен систолалық күретамыр қысымы 90-100 мм с.б. көтерілгенше; 2-4 мг норадреналинді 5 % - 400 мл глюкоза ерітіндісімен көктамырға тамшымен күретамыр қысымының төменгі деңгейі көтерілгенше.   У Л А НУ Улану – химиялық және токсикалық улы заттардың нітижесінде организмнің уыттануы. Улы заттарға жататындар: · өндірісте қолданылатын улы өнімдер; · соғыста қолданылатын улы заттар, жұқпасыздандыруға және зиянды жәндіктерді құртуға арналған заттар; · алкоголь мен оның суррогаттары, есірткілер; · бір реттік мөлшерден көп қолданылатын дәрілік заттар; · жануарлардан пайда болған және өсімдік улары; · сапасыз азық-түлік өнімдері.   Жіті улануда шұғыл көмек көрсетудің қағидалары мынандай: · организмнен уды тез арада шығару; · у қайтарғының көмегімен уды тез арада зарарсыздандыру; · улы заттардың әсерінен қызметтері қатты бұзылған мүшелер мен жүйелердің қызметін қолдау. Уланудың жалпы белгілері мен әйгіленістері · суық тер; · әлсіздік, · бас айналуы; · күретамыр қысымының төмендеуі; · тері қабаттарының қуқылдануы; Ауыз қуысы арқылы уланудың жергілікті синдромы · іштің күйдіріп қатты ауруы; · локсу және құсық; · сұйық дәрет. Шұғыл медициналық көмек а) ауыз қуысы арқылы улы заттар түскенде (егер науқастың есі сақталса): Бірінші кезең: · зардап шегушіге бөлме температурасындағы 5стакан су беріңіз; · саусақтың көмегімен тілдің түбін тітіркендіріп құстырыңыз; · жоғарыдағы көрсетілген мөлшерде тағы да су беріңіз; · 1 асқасық белсендірілген көмірді сумен беріңіз; Екінші кезең · Асқазанды сүңгімен +180 (200) бөлме температурасындағы кемінде 10 л сумен таза су шыққанша жуады; · Жуу алдында сүңгіге вазелин майын немесе глицеринді жаңыңыз. Жануарлармен өсімдіктердің майларын қолдануға болмайды, өйткені олар уларды ерітіп, организмге сіңіруін жеңілдетеді; · Уланудың түріне қарай синдромдық инфузия терапиясын жүргізу (2 кесте). б) тыныс алу жолдары арқылы улы заттар түскенде: Бірінші кезең · науқасқа ыңғайлы жатуына көмектеседі; · ауа келуін қамтамасыз етіңіз; · тыныс жолдарының тазалығын тексеріңіз; · ессіз болса және тамыр соғу болмаса, жасанды дем беріп, жүрекке сырттай массаж жасаңыз. Екінші кезең · оттекпен емдеу; · уланудың түріне қарай синдромдық инфузия терапиясын жүргізу (2 кесте); · 2,4% -10 мл эуфиллин көктамыр ішіне; · 2% -2 мл папаверин бұлшық ет ішіне. Тез токсикология (реанимация) бөліміне жеткізу керек.   БАЛАЛАРДЫ, АРАЛАРДЫҢ ШАҒУЫ Белгілері мен әйгіленістері · жәндіктің шаққан жері күдіргендей сезіліп ауырады; · тіл мен ауыз қуысының шырышты қабаттары ісінеді; · дем алуы қиындайды; · қалтырайды; · басты айналады; · ауыз қуысының кебуі. Шұғыл медициналық көмек Бірінші кезең · егер мүмкіндік болса, шаққан жәндіктің қалып қойған тілін суырып алыңыз; · шаққан жерін йод немесе бриллиант көгінің ерітіндісімен өңдеңіз; · ессіз күйде болса (дем алысы болмаса және жүрек қызметі тоқтан қалса), жасанды дем беріп, жүрекке сырттай сылау жасаңыз; · әлсіз күйде болса, зақым алған адамды «құтқару қалпына» (дем алысы мен жүрек қызметі сақталса) жатқызыңыз; Екінші кезең · 1% -2 мл димедрол немесе 2% -1 мл супрастин бұлшық ет ішіне; · 60-90 мг преднизолон бұлшық ет ішіне; · 5% -400 мл глюкоза ерітіндісін көктамыр ішіне гипотензия мен шокта жібереді. Ауруханаға тез жеткізу керек. ЭПИЛЕПСИЯЛЫҚ ҰСТАМА Құрысу ұстамасы кенеттен басталады, ешқандай себепсіз, жиі түнгі мезгілде. Ұстама ес кетуден басталады,бұлшық еттері босаңсып, әдетте алға, бетімен төмен қарай құлайды. Содан кейін құрысу құрысу фазасы басталады: тоникалық құрысу, клоникалық құрысумен алмасады, түсі көгеріп кететді, аузынан көпіршік шығады. Кіші дәреті ырықсыз бөлінеді. Құрысу кезеңі 30-40 секудқа созылады. Коматоздық күйінен соң кейінірек есі кіре бастайды. Ұстама кезеңінің барлық уақыты 2-3 минутқа созылады. Шынайы эпилептикалық ұстамасы бірінен соң бірі жалғасады, аралығында науқастың есі кірмейді. Ең қауіптісі тоникалық-клоникалық құрысу, себебі өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Дем алу, зат алмасу, қанайналымы мен вегетативтік бұзылу асқынулары кездеседі. Белгілері мен әйгіленістері · есі болмайды; · денесінің бұлшық еттері кернеулі; · бет терісі көгерген; · жақтары қарысып қалған; · қарашықтары үлкейген, жарықты сезбейді; · дем алысы шулы, сырылдайды; · аузынан қанды көпіршік шығады; · ырықсыз кіші дәреті шығады. Шұғыл медициналық көмек Бірінші кезең · басы мен иығынан ұстап, науқасты бүйіріне жатқызыңыз; · азу тістерінің арасында дәкеге ораған ағаш шпательді қою керек (тісін тістеп алмас үшін); · құрысқанда қозғалыстарына кедергі болмау керек. Екінші кезең Құрысуға қарсы терапия: · 5% -2,4 мл седуксен бұлшық ет ішіне немесе 0,9% -10 мл натрий хлорид ерітіндісін көктамыр ішіне. Дем алуы бұзылғанда интубация жүргізу және өкпеге жасанды дем беру; Нәтижесі болмаса: · 20% -10л (250 мг/кг) натрий оксибутират ерітіндісін ақырын көктамыр ішіне жіберу; Дегидратациялық терапия: · 1% -2мл лазикс (фурасемид) 0,9% -10-20 мл індісімен көктамыр ішіне. Бас ауырғанда: · 5мл баралгин, 100-200 мг трамал немесе 50% - 2 мланальгин бұлшық ет немесе көктамыр ішіне. Жалпы жағдайына қарай науқасты ауруханаға жеткізу.      

 

 

Date: 2015-07-02; view: 6442; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию