Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ІІ бөлім. Жалпы рецептура. 2 page





S. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.

#

Rp.: Ung. Anaestesini 5%-10,0

D.S. Май, жағу үшін.

#

Новокаин (Прокаин және т.б.) – диэтиламиноэтанол мен парааминбензоид қышқылының қоспасы. Медицинада гидрохлорид түрінде қолданылады. Әсер ету ұзақтығы 30 минуттан 1 сағатқа дейін. Улылығы төмен. Преганглионарлық талшықтардан ацетилхолиннің бөлінуін төмендетеді, ганглионарлық бөгеттеуші әсері бар. Бұл өзі жүрек-қан тамырлар жүйесіне гипотензивтік әсер етеді. Негізгі инфильтрациялық, өткізгіштік жансыздандырғыш болып табылады.

Новокаинді жергілікті және жұлынды жансыздандыру үшін, вагосимпатикалық және паранефральдық бөгет жасау, асқазан және он екі елі ішек және т.б. жаралардың ауырсынуын қойғызу, тік ішектің жарылуын, геморройды емдеу үшін қолданады және т.б. ауырсыну кезінде беріледі.

Мұны пайдаланғанда бас айналу, гипотония, әлсіздік, аллергиялық шок пайда болуы мүмкін. Кейбір адамдарға жақпайды. Сульфаниламидтік дәрілермен бірге қолданылмайды.

Новокаиннің көптеген мөлшерлері 0,25%; 0,5%; 1% және 2% ерітіндісі - 1, 2, 5 және 10 мл ампула түрінде; 0,25% және 0,5% ерітіндісі - 200 және 400 мл флакондағы; 5% және 10% майы; 0,1 г балауызы және т.б. түрлері жансыздандыру үшін пайдаланылады.

Rp.: Sol. Novocaini 0,5%-5 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. Өткізгіштік, 3-5 мл

#

Лидокаин (Ксикаин, Ксилодонт, Ксилокаин, Лидокарт және т.б.) ең көп қолданылатын анестетиктің бірі болып табылады. Новокаиннен 2-5 есе күшті және 2 есе ұзақ әсер етеді. Адреномиметиктермен бірге қолданғанда лидокаиннің әсерін ұзартады. Жалпы жергілікті жансыздандырғыш ретінде және аритмияға қарсы қолдануға да болады.

Лидокаинніңтиісті мөлшерлеріне келсек 0,25%-0,5% ертіндісі инфильтрациялық жансыздандыру, 0,5%-2% ерітіндісі өткізгіштік жансыздандыру, 1%-5% ерітіндісі терминальді жансыздандыру үшін қолданылады.

Бұны көбірек пайдаланғанда қан қысымының төмендеуі, кейде аллергия, ұйқышылдық, құсу, көру қабілетінің төмендеуі пайда болады. Бұл кезде ең төменгі пайыздығын қолданып және көлемін азайтқан жөн.

Лидокаинді сульфаниламидтік дәрілермен бірге қолдануға болады. Бұл дәрі 1% және 2% ерітіндісі - 5 және 10 мл ампулада және 50 және 100 мл флакон ретінде шығарылады.

Rp.: Sol. Lidocaini 1%-10 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#

Тримекаин (Мезокаин т.б.) – лидокаинге ұқсас дәрі, новокаиннен 2-3 есе күшті. 0,5%-200 мл және 1%-100 мл инфильтрациялық жансыздандыру, 2%-20 мл өткізгіштік жансыздандыру үшін қолданылады.

Тримекаинді қолдану кезінде кейде науқастың түсі бозарып, басы ауырып, құсқысы келеді, ал уланғанда денесі тырысып клондық (дененің көпір тәрізді иілуі) безгек пайда болады, бұл кезде егуді тоқтату керек.

Бұның пайыздық мөлшері лидокаинге қарағанда төмен келеді (0,125%-0,25%), ал көлемі молдау болады (400-800 мл), бірақ көбінесе ұқсас келеді.

Rp.: Sol. Trimecaini 0,25%-400 ml

D.S. Инфильтрациялық жансыздандыру үшін.

 

Пиромекаин (бумекаин және т.б.) - тек үстіртін жансыздандыру ретінде, көбінесе офтальмологиялық және оториноларингологиялық операция және жүрек ырғағының бұзылуы кезінде қолданады.

Артикаин (ультракаин және т.б.) – жалпы хирургиялық тәжірибеде, оның ішінде стоматологияда жиі қолданылады.

Бупивакаин (маркаин және т.б.) белсенділігі жоғары және тиісті әсері ұзақ – 7 сағатқа дейін созылады.

Тағы да басқа көптеген белсендігі жоғары жергілікті жансыздандыратын (мепивакаин, бензофурокаин, ропивакаин және т. б.) дәрілер бар.

 

1. 1.2 Тұтқыр және қаптаушы дәрілер.

Қабынуға қарсы жергілікті әсер ететін тұтқыр, яғни бырыстырушы дәрілер болып табылады. Кілегей қабығы және тері қабынулары кезінде қолданылады. Жергілікті әсері – жасушааралық сұйықтықта, кілегейде, жасушаның бетінде коллойдтың тығыздалады, осыдан пайда болған қабықша сезгіш жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды, ауырсынуды төмендетеді. Сонымен қатар, жергілікті қан тамырлары тарылып, өткізгіштігі төмендеп, эксудация төмендейді. Тұтқыр дәрілер мынадай топтарға бөлінеді:

1/ Органикалық заттар тобы: танин, емен қабығының қайнатпасы және т.б. өсімдіктер.

2/ Органикалық емес заттар тобы: қорғасын ацетаты, висмут нитраты негізі, ашутас (квасцылар), цинк тотығы, мыс сульфаты, күміс нитраты және т.б.

 

Танин (танин қышқылы, галлодубильдық (тері илейтін) қышқылы) май және ерітінді түрінде ауыз қуысы, мұрын, жұтқыншақ қабыну кезінде 0,5% - 2% сулы ерітіндісімен күніне 3-5 рет шаюға және күйік, жара, жауыр кезінде 3% - 5% май және ерітінді түрінде қолданылады.

Rp.: Tannini 3,0 (5,0)

Aq. destill. 100 ml

M.D.S. Күйіктің ІІ сатысында теріге жағу үшін.

#

Rp.: Sol. Tannini 0,5%-500 ml

D.S. Асқазанды шаю үшін.

#

Емен қабығының қайнатпасы - оның 1:10 қайнатпа мөлшері стоматит, гингивит және басқа да ауыз қуысының қабынуы кезінде қолданылады. Сол тәрізді өсімдіктер – шайқұрай шөп (зверобой), сәлбен (шалфей) жапырағы, түймедақ гүлі (ромашка) және т.б.

Rp.: Dec. cort. Quercus 20,0 – 200 ml

D.S. Ауызды шаю үшін.

#

Қорғасын ацетаты – тері мен кілегей қабықшаларының қабынуы кезінде қолданылады.

Rp.: Sol. Plumbi acetates 0,25% - 50 ml

D.S. Шаюға және жууға.

#

Висмут нитраты – ішек қабынулырында - энтерит, колит кезінде антисептикалық дәрі ретінде, май ретінде және кілегей қабығының қабынуы кезінде қолданылады. Викалин, викаир, дерматол және т.б. дәрілердің құрамына висмут нитраты қосылған.

Rp.: Ung. Bismuthi subnitratis 10% - 25,0

D.S. Тері ауруларына жағу үшін.

#

Rp.: Bismuthi subnitratis 0,5

D.t.d. №. 10 in tab.

S. 1 таб. күніне 2 рет.

#

Ашутас (Квасцылар –алюминдер) кілегейлі қабықша мен терінің қабынуы кезінде жуу, шаю және тарту, кешенді ем ретінде, күйдіргіш қаламы трахома кезінде қолданылады.

Rp.: Aluminis 4,0

Ac. Borici 10,0

Aq. destill. 200 ml

M.D.S. Тері жараға басуға.

#

Бұларға қосымша, әсері ұқсас тағы да біраз бырыстырушы дәрілері бар: цинк тотығы және сульфаты (Zinci oxydum, Zinci sulfas), мыс сульфаты (Cupri sulfas), күміс нитраты (Argenti nitras). Бұларды аз мөлшермен жергілікті жараларды бырыстыру үшін, ал көп мөлшерімен сол жараларды (жергілікті белоктермен байланысты альбуменаттық қабықша пайда болады) күйдіру үшін қолданылады.

 

1.1.3 Қаптаушы дәрілер немесе жамылғы заттар.

Кілегей қабықшаны жауып, сезгіш жүйке ұштарының тітіркенуіне қарсы әсер етеді. Бұл заттарға крахмал және зығыр дәнінің шырышы жатады.

Крахмал шырышы – кейбір негізгі дәрілердің (мысалы, хлоралгидрат өте ащы тітіркендіргіш дәрі, сондықтан да крахмал шырышымен қосып береді) тітіркенуінен және ішектегі жарақаттарының қозуынан сақтайды, сондықтан асқорыту жолының қабынуы кезінде қолданады.

Rp.: Chlorali hydrates 1,5

Mucilaginis Amyli

Aq. вestill aa 15 ml.

M.D.S. 1 клизма жасауға.

#

1.1.4 Тұтқыш дәрілер.

Ұнтақ тәрізді, суда ерімейді, кілегейлі қабықшаны тітіркендіретін заттар. Химиялық қоспаларды тұтып қалып, нәтижесінде сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден қорғайды. Бұл заттарға белсенді көмір, тальк және т.б. жатады. Бұлар іш өту кезінде және улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады.

Белсенді көмір (карболен және т.б.) өзіне улы заттарды (токсиндерді, газдарды, алкалоидтарды) сіңіріп алады, сондықтан іш өту және іш кебуі (метеоризм) кезінде, тамақтармен, тұздың ауыр металдарымен және т.б. дәрілермен уланғанда қолданады. Бірақ асқазан, ішек жараларында, әсіресе қан кету кезінде қолданылмайды және басқа дәрілермен бірге беруге болмайды.

Rp.: Carbonis activati 0,5

D.t.d. №. 20 in tab.

S. 2-4 түймедақтан күніне 3-4 рет.

#

Тальк жергілікті әсеріне байланысты пайдалы. Жаралы терідегі без сөлдерін және тағы басқа керексіз улы заттарды өзіне сіңіріп алып құрғатады, сондықтан ол шеткі жүйке талшықтарды тітіркенуден сақтап отырады, нәтижесінде жергілікті жара жылдам жазылады. Бұны басқа дәрілермен сеппе ретінде қолданады.

Rp.: Zinci oxydi 10,0

Talci 40,0

M. f. pulv.

D.S. Ұнтақ түрінде, сеппе.

#

 

1.5. Тітіркендіргіш заттар.

Тітіркендіріш заттар шеттік жүйке ұштарын қуаттайтын дәрілер болып табылады. Бұл заттар тері мен кілегей қабықшаларға қоздырғыш әсер ететін, маңындағы тінге әсер етпейтін дәрі-дәрмектер. Бұдан пайда болған кейбір рефлекстер патологиялық жағдайды емдеу үшін пайдалы. Негізгі тітіркендіргіш дәрілер: қыша қағаз, ментол, аммиак ерітіндісі, терпентиннің тазаланған майы.

Қыша қағазы – қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша. Тыныс жолдары аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т.б. аурулар кезінде қолданады.

Терпентиннің тазаланған майы (скипидар) – эфирлік май. Липофильдігіне байланысты, теріден өтіп жүйке ұштарын тітіркендіреді. Бұл заттардың екі мақсатта қолданады: біріншіден, жарақаттанған жердегі ауырсынуды басу үшін, яғни басқаға аудару үшін, екіншіден, патологиялық үрдіс кезінде ішкі денедегі трофикасын жақсарту үшін. Невралгия, миалгия, аяқ-қол қақсағанда, полиартриттерге қолданылады.

Rp.: Oleum Terebinthinae rectificati

Chloroformi aa 15 ml

Methylii salicylatis 10 ml

M. f. linimentum

D.S. Тері үстіне жағу үшін.

#

Ментол – салқындатқыш рецепторларды тітіркендіреді, аздап жансыздандырады, рефлекторлы жолмен қан тамырларының қысымын өзгертеді. Бұл қасиетін жүрек-қан тамырларын кеңейтетіндігінен байқауға болады. Стенокардия, қышымалы дерматозды емдеуде 1% май ретінде, 4% ерітінді, 10% майлы лайшық невралгияны, миалгияны емдеу барысында қолданылады. Жас балалардың мұрнына, өңешіне жағуға болмайды. Өйткені тынысы нашарлап, демі тоқтап қалуы мүмкін.

Rp.: Sol. Mentholi spirituosae 5%-5 ml

D.S. 1-2 тамшыдан тілдің астына.

#

Аммиак ерітіндісі (мүсәтір спирті) – жоғары тыныс жолдарының сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді. Ингаляция түрінде есінен танғанда иіскетеді. 0,5% ерітіндісі (25 мл 5 литр суға) хирургтің қолын жуу үшін қолданылады.

Rp.: Sol. Ammonii coustici 10%-1 ml

D.t.d. №. 10 in amp.

S. Есін жиғызу үшін иіскетеді.

2 тарау. 2. Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер.

Эфферентті иннервацияға вегетативті жүйелер (ішкі мүшелер, қан тамырлар мен бездер) және қаңқа бұлшық еттің қимылдатушы жүйкелері жатады.

Вегетативті иннервацияға нейро-эффектордағы синапстың бөліп шығаратын медиаторына байланысты холинергиялық немесе парасимпатикалық (медиаторы – ацетилхолин) және адренергиялық немесе симпатикалық (медиаторы – норадреналин және стресстік кезде адреналин) жүйке жүйелер болып бөлінеді. Сондықтан эфференттік иннервацияға әсер ететін заттар негізгі екі топқа бөлінеді:

1/ холинергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер.

2/ адренергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер.

 

2.1. Холинергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер.

Холинергиялық синапстағы қозуды өткізетін медиатор ацетилхолин. Ол холинергиялық нейрон ұштарының цитоплазмасында пайда болады, сосын синапстық везикулада жиналады. Жүйкелік серпіндер синапстық саңылаудан ацетилхолинді босатып жібереді. Сол кезде импульс постсинапстық мембрандағы холинорецептолармен байланысқа түседі, ал босатылған ацетилхолин холинэстераздық фермент арқылы бұзылады.

Әр жерде орналасқан холинорецепторлар фармакологиялық заттарды қабылдауына байланысты М-холинорецепторлар (мускаринсезгіш) және Н-холинорецепторлар (никотинсезгіш) болып бөлінеді.

М-холинорецепторлар постсинапстық талшық ұштарында және орталық ми жүйесінде (ми қыртысында, ретикулярлы фармацияда) орналасқан.

Н-холинорецепторлар ганглийлердегі постсинопстық талшық ұштарында, бүйрек үсті безінің милы қабатында, синокаротидтік аймағында, қаңқа бұлшық еттің соңғы пластинкасында, орталық жүйке жүйесінің жасушасында орналасқан.

Холинергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер келесі жіктеуге бөлінеді:

1.М- және Н-холинорецепторларына әсер ететін заттар.

2.Антихолиноэстераздық заттар

3.М-холинорецепторларға әсер етуші заттар:

4. Н-холинорецепторларға әсер етуші заттар:

2.1.1. М – (мускаринсезгіш) және Н – (никотин-сезгіш) холинорецепторларға әсер ететін заттар.

а/ М- және Н-холиномиметиктер (қуаттаушы) – ацетилхолин.

б/ Орталық М и Н- холиноблокаторлар (тежеуші) – циклодол.

а/ М- жене Н-холиномиметиктер (қуаттайтын) дәрілер.

 

Ацетилхолин - әсері жылдам, тез жойылып кетеді, тәжірибе орнына қолданылмайды. Жылдам әсер етуші ацетилхолинэстераза ферментімен гидролизге түсіп, тез бұзылады. Күретамыр қысымын төмендетеді, қан тамырларын кеңейтеді, жүректің соғысын баяулатады және кеңірдек, ішек және қуықтың жиырылуын күшейтеді. Физиологиялық зерттеу ретінде ғана пайданылады.

б/ Орталық М- және Н-холиноблокаторлар.

Циклодол – Паркинсон аурын емдеуге арналған дәрілерге жатады (Паркинсон ауруына қарсы дәрілерді қараңыз).

2.1.2. Антихолинэстеразды заттар.

а/ қайтымды әсерлі бар: прозерин (Proserinum), галантамин (Galanthaminum), физостигмин салицилаты (Physostigmini salicylas);

б/ қайтымсыз әсерлі: армин (Arminum) - фосфорлы органикалық заттар (дихлофос және т.б.).

Бұлар холинэстераздың шығуына бөгет жасайды, нәтижесінде ацетилхолин гидролизге түспейді. Сондықтан ацетилхолиннің әсері ұзаққа созылады.

а/ қайтымды әсерлі дәрілер:

Физостигмин салицилаты (Эзерин салицилат ы және т.б.) - 0,25%; 0,5% және 1% ерітіндісі 5 мл - көз тамшысы – жедел көмек ретінде глаукома, ішек парезі кезінде (босауы) қолдануға болады. Кейде жанама әсерлері: миоз, ауыздан су ағу, іш өту, дизурия және шаршау пайда болады.

Rp.: Sol. Physostigmini salicylatis 1% - 5ml

D. in vitro nigro.

S. Көз тамшысы. 1-2 тамшыдан 4 рет.

#

Галантамин гидробромиді (Нивалин және т.б.) - 0,1%; 0,25%; 0,5% және 1 мл ампуладағы 1% ерітіндісі – күшті ингибитор. Фармакологиялық қасиеттері жағынан физостигминге ұқсас. Миастения, миодистрофия, неврит, радикулит, қан айналу қызметі бұзылуы кезінде, полимиелиттік жағдайларда қолданылады.

Rp.: Sol. Galanthamini hydrobromidi 0,25% - 1ml

D.t.d. № 6 in ampull.

S. 1 мл тері астына 1-2 рет (мөлшерін көтеріп отыру керек).

#

Прозерин (Неостигмин және т.б.) - 0,015 - түймедақ; 1 мл ампуладағы 0,05% ерітіндісі –– жасанды ингибитор, ұзақ уақытқа қолдануға болады. Парездер мен салданулар, неврит, глаукома және т.б. ауруларды емдеу үшін қолдануға болады. Жанама әсерлері –жүректің соғуы және қан қысымының төмендеуі, сілекейдің көп бөлінуі, құсудың пайда болуы мүмкін. Жоғарыдағы көріністер пайда болса, яғни улық әсері байқалғанда М-холиноблокаторлық (атропин сульфат ы және т.б.) дәрілерді қолдану керек.

Прозериннің артық мөлшері берілгенде немесе адам жоғары сезімтал болғанда көптеген жанама әсерлері байқалады: лоқсу, құсу, терлеу, ішек қымылының күшеюі, іш өту, сигек болу, көз көруінің бұзылуы (миоз), аритмия, демікпе, біртіндеп күш кетуі байқалады. Мұндай көріністер байқалса прозеринді қолдануды тоқтату керек, содан соң М-холинотежегіштерді (атропин сульфат т.б) енгізген жөн.

Бұл дәріні демікпе, жүрек ұстамасы (стенокардия), айқын атеросклероз, эпилепсия (қояншық) кезінде, жүкті және бала емізіп жүрген әйелдерге қолдануға болмайды.

Rp.: Sol. Proserini 0,05% - 1 ml

D.t.d. № 10 in ampull.

S. 0,5 мл-ден тері астына күніне 1-2 реттен.

#

б/ қайтымсыз әсер ететін дәрілер:

Армин – фосфорорганикалық қосындысы бар, оған ұқсас үй ішіндегі қызыл тарақанға қарсы қолданылатын улы дәрі – дихлофос жатады. Негізі армин тек глаукома және мидриаз (атропинді қолданғаннан кейін болған жағдай) кезінде тағайындалады. Тамшы ретінде берілгеннен кейін де көз ауырып, қызарып, бас айналып ауырады.

Rp.: Sol. Armini 0,001% - 10ml

D.S. Көз тамшысы, күніне 2 рет, 1-2 тамшыдан.

#

Қазіргі кезде көптеген антихолинэстераздық дәрілер бар (эдрофоний, пиридостигмин бромиді, оксазил, такрин және т. б.).

Реактиваторлы холинэстераздық (дипироксим, изонитразин және т.б.) дәрілер тек фосфорорганикалық заттармен уланғанда қолданылады.

 

2.1.3. М - холинорецепторларға әсер ететін дәрілер.

а/ М-холиномиметиктер: пилокарпин гидрохлориді (Pilocarpini hydrochloridі), ацеклидин (Aceclilinum), цизаприд (Cisapride) және т.б.

б/ М-холиноблокаторлар: атропин сульфаты (Atropini sulfas), итжидектің (Bеlladonnae) дәрілері және қоспалары, платифиллин гидротартраты (Platyphylini hydrotartras), скопаломин гидробромиді (Scopolaminum hydrobromidum), («Аэрон» түймедағы), метацин (Methacinum), ипратоний бромиді, пирензепин, бускопан, тровентол және т.б.

а/ М-холиномиметиктер (қуаттаушы).

Пилокарпин гидрохлориді (Изоптокарпин, «Пиларен» пленкалары, Фотил, көз тамшысы – Проксофелин және т.б.) – шөптен алынған алколоид қатарына жатады, өте улы. Бездерден сөл бөлінуін жылдамдатады, бірыңғай салалы бұлшық етті мүшелердің қысымын арттырады. Тек ішкі көз қысымын түсіру үшін глаукома кезінде қолданылады. 5 және 10 мл флакондағы 1%; 2% және 4% ерітіндісі көз тамшысы.

Rp.: Sol. Pilocarpini hydrochloride 1% - 5 ml

D.S. Ауыратын көзге күніне 2-6 рет, 1-2 тамшыдан.

#

Ацеклидин (Глаукостат және т.б.) - егуге арналған жасанды 1 және 2 мл ампулалы 0,2% ерітінді, улылығы аз, жергілікті май ретінде (3% - 20,0 жатарда көзге сыртынан дәкемен салуға жасалған) глаукомаға, ішектің, қуық пен жатырдың атониясында (атония-босау) қолданылатын дәрі. Егу арқылы қолданғанда аузынан сілекей ағады, терлейді, іші өтеді және т.б. холиномиметикалық өзгерістер болуы мүмкін.

Rp.: Sol. Aceclidini 0,2% - 1 ml

D.t.d. № 10 in ampull.

S. 1 мл-ден тері астына.

#

 

 

б/ М-холиноблокаторлар (тежегіш).

Атропин сульфаты (Атромед және т.б.) - 0,0005 г түймедағы; 0,1% ерітіндісі 1 мл ампулада, (қоспалы құрамында эфедрин мен атропиннен тұратын аэрозольді «эфатин» дәрісі және т.б.). Бұл дәрі тері, сөл, кілегей және ішкі бездердің сұйық бөлуін төмендетеді, көп мөлшерде берілгенде оларды тіпті тоқтатып тастайды. Бірыңғай салалы бұлшық етті мүшелердің қысымын төмендетіп, жүрек соғуын күшейтіп, жиілетеді. Мидриаз және аккомодация салдануын туғызады.

Атропинді асқазан мен ұлтабардың жарасына, ішек пен қуық түйілуі, өттің тас ауруы, брадикардия, миокард инфаркты, терінің және асқазанның сұйықты көп бөлуі кезінде және т.б. жағдайларда қолданады.

Бұл дәрінің осы кезде жанама әсері де бірге көрінеді: ауыздың құрғауы, тахикардия, қарашықтың кеңеюі, аккомодацияның нашарлауы, ішек атониясы, бас айналуы, дизурия болуы мүмкін.

Rp.: Sol. Atropini sulfatis 0,1% - 1 ml

D.t.d. № in ampull.

S. Күніне 1-2рет тері астына 0,5 мл-ден.

#

Итжидек (Белладонна) дәрілері - тұнбасы, экстракты және қоспалы дәрілері – түймедақтары «бекарбон», «бесалол», «бепасал», балауыздар «бетиол», «анузол», қоспа «солутан» және т.б. Ішкі мүшелердің бірыңғай салалы бұлшық еттерінің түйілуі кезінде, асқазан жарасы, өттің тасы, брадикардия және т.б. асқазан ауруларында қолданылады.

Rp.: T-rae Belladonnae 10 ml

T-rae Valerianae 20 ml

Mentholi 0,25

M.D.S. Күніне 2-3 реттен 5-10 тамшысы.

#

Платифиллин гидротартраты - 0,005 г-нан түймедағы; 0,2% - 1мл ампулалы ерітіндісі және 0,01 г балауыз (қоспа түймедақтары «тепафиллин», «палюфин» құрамында – платифиллин, папаверин, фенобарбитал және т.б. бар) – спазмолитикалық және гипотензиялық қасиеті бар, мидриатикалық әсері де жақсы.

Бұл дәрі көбінесе асқазан жарасы, бірыңғай салалы бұлшық еттің түйілуі, гипертониялық ауру, өт пен бүйрек тастары түйілген кезде және қарашықты кеңейту үшін қолданылады. Бірақ ауыз құрғап, аккомодация нашарлайды, тахикардия және дизурия пайда болады.

Rp.: Platiphillini hydrotartratis 0,005 (0,2%-1 ml)

D.t.d. №. 10 in tab.

S. Күніне 1 түймедақтан 3 рет.

#

Скополамин гидробромиді (Хиозсини гидробромиді және т.б) -0,05% - 1 мл ампулалы ерітіндісі – химиялық жағынан атропинге жақын. Сонымен қатар шеткей холинреактивті жүйеге әсер ету жағынан ұқсас болып келеді. Ал негізінен орталық жүйкедегі вестибулярлық аппаратқа ықпалын тигізеді және седативті әсері бар, сондықтан паркинсонизмге, теңіз бен әуе ауруларын емдеуде қолданады. «Аэрон» түймедағы - құрамында скополамин бар. Теңіз бен әуе және т.б. аурулар да лоқсып, құсқысы келгенде қолданылады.

Rp.: Tab. «Aeronum» № 10

D.S.Лоқсып, құсқысы келгенде 1 түймедағы-нан.

#

Метацин (Метоциний йодиді және т.б.) - 0,002 г-нан түймедағы; 0,1%– 1 мл ампулалы ерітіндісі – жасанды дәрі, тек шеткі холинорецепторларға тежегіш әсер етеді, көбінесе атропинің орнына жүреді.

Ипратропий бромиді – шеткі м-холинорецепторларды тежейді. Бүрку ретінде демікпеде қолданылады.

Пиренцепин – жасанды дәрі, тікелей асқазандағы м-холинорецепторларды тежейді. Асқазан мен он екі ішек жарасын емдеуде қолданады.

Бускопан –ас қорыту мүшелері түйіліп ауырғанда (өт пен бүйректегі тас ауруларында), жатыр түйіліп ауырғанда және т.б. түйілмелі ауруларда қолданады.

Тровентол – ипратропий бромидке ұқсас, тыныс алу жүйесіне әсері өте жақсы, көптеген созылмалы тыныс ауруларын емдеуде қолданылады.

2.1.4. Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар.

а/ Н-холиномиметиктер: цититон (Cytitonum), лобелин гидрохлориді (Lobelini hydrochloridum).

б/ Н-холиноблокаторлар:

І. Ганглиоблокаторлар: бензогексоний (Benzohexonium), пентамин (Pentaminum), пирилен (Pirilenum), гигроний (Hygronium) және т.б.

ІІ. Миорелаксанттар: тубокурарин хлориді (Tubocurarine chloride), панкуроний бромиді, пипекуроний бромиді, дитилен (Dithylinum) және т.б.

Date: 2015-07-01; view: 2611; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию