Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нші тапсырма





Экзаменаторға арналған ақпарат: интерн-хирургтің алдыңғы және артқы тампонаданы орындау кезіндегі практикалық дағдыны бағалаңыз.

 

№ п/п Тапсырма қадамының кезеңдері 0-0,1 орындама-ған 0,2-0,3 орындады ескертумен 0,4-0,5 толықтай орындады
  Дәрігердің тактикасы мұрыннан қан кетудің дәрежесіне сәйкес және науқастың жеке ерекшеліктеріне байланысты, дұрыс көмек көрсете білді      
  Мұрыннан қан кетуді тоқтату      
  Қолын мұқият жуып, екі қолына стерильді резинді қолғап киеді. Стерильді биксте мұрын кеңейткіші, басында кертігі бар зонд, мақта, алдыңғы тампонның ұзындығы 3 метр, ені 1-1,5 см, имек пинцет, көлемі 3х3х2 см артқы тампон, жұмсақ катетер, индиферентті мазь (синтомицин, левомеколь, вазелин және т.б.)      
  Науқасты отырғызады, басы тік қалыпта болады. Операция аймағын антисептикпен өңдейміз      
  Жансыздандыру мақсатында мұрынның кілегей қабығына 2-3 рет аппликациялық анестетиктер (5% кокаин ертіндісі, 2% дикаин ертіндісі, 10% лидокаин ерітіндісі және т.б.) жағылады. Артқы тампонды алдын-ала дайындайды, дәкені бірнеше қабаттап көлемін 3х3х2 см жеткзіп, екі жібек жіпті қосып айқастырып байлайды, 4 жіптің бір үшін байлап болғаннан кейін кесіп тастаймыз, ал үшеуін қалдырамыз. Тампонның көлемі бас бармақтың дисталды фалангасымен сәйкес келеді.      
  Жұмсақ резинке катетерді қан кетіп тұрған мұрын бөлігінің төменгі мұрын жолы арқылы енгізеді, ауыз-жұтқыншақтан катетер көрінгеннен кейін Гартмант қысқышымен немесе пинцетпен ауыз қуысы арқылы сыртқа шығарылады. Ауыздан шығарылған катетерге артқы тампонның 2 жібін байлап, жібімен қоса катетерді кейін тартамыз. Тампонды ауыз арқылы мұрын-жұтқыншаққа тартқан кезімізде науқастың оң жағында тұрып, оң қолдың сұк саусағымен тампон жұмсақ таңдайдан өткізіп, хоанаға оны тығыздап басамыз. Мұрын арқылы шығарылған 2 жіпті қаттырақ тартамыз. Содан соң индиферентті мазға (синтомицин, левомеколь, вазелин және т.б.) малынған ұзындығы 3 метр, ені 1-1,5 см болып келетін дәкеден жасалған алдыңғы тампонады қоямыз. Тампонада жасаған кезде мұрын кеңейіткішін, имек пинцетті қолдану арқылы тампонды пинцетпен ұшына 6-7 см жетпей ұстап, мұрын кіреберісінен хоанаға жеткізіп, мұрын түбіне тығыздап, рет-ретімен салып, мұрын күмбезіне дейін толтырамыз. Содан соң дәкеден көпшік тәрізді түйін жасап, мұрынның кіреберісіне артқы тампонның екі жібімен байлаймыз.      
  Сақпан тәрізді таңғышты қоямыз. Ауыз қуысынан шығып тұрған үшінші жіптің ұшын, лейкопластырмен ұртына бекітеп, операцияны аяқтаймыз. Антибиотиктер және гемаастатикалық препараттар тағайындаймыз. Тампонның тұру ұзақтығы 5-7 күн. Сақпан тәрізді таңғышты қоямыз.      
  Асқынуларды дұрыс көрсете білді: 1. Ортаңғы құлақтың қабынуы 2. Синуситтер, дакроцистит 3. Ми қан айналымының бұзылуы      
  Нәтижесі      

Date: 2015-07-01; view: 338; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию