Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологиялық тәжірибелер





Тәжірибе Эксперимент проводится в искусственно созданных услови­ях, причем из сложною комплекса многообразных естественных влияний на организм отбирается и выясняется воздействие лишь отдельных изолированных факторов.

Тәжірибе көп жағдайда физиологиялық процестерді зерттеу үшін өткізіледі. Тәжірибе ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін.

Қысқа мерзімді тәжірибелерге мысал ретінде ботаника сабақтарында жүргізілетін тұқымның құрамын анықтау, топырақтың физикалық қасиеті, жапырақта крахмалдың түзілуі және т.б. жатады. Қарапайым жеңіл тәжірибелерді оқушылар үйде орындайды. Оларға тұқымның өнуі, жапырақтан судың булануы жатады. Адам физиологиясы курсындағы қысқа мерзімді тәжірибелерге сілекейдің және асқазан сөлінің бөлінуін атап кетуге болады. Биологиялық тәжірибелер ұзақ мерзімді талап етеді, сондықтан сабақта оны толығымен орындамайды, тек оның қойылуы мен қорытындысын көрсетеді.

Жалпы биология бойынша әртүрлі экологиялық факторлардың ағзаларға әсерін анықтау үшін, жануарларды будандастыру үшін ұзақ мерзімді тәжірибелер қойылады (лабораториялық тышқандар, алтынтүстес хомяктар, көгершіндер).

Тәжірибелік жұмыстарды оқушылар сабақтан тыс (жеке немесе топтасып) тірі табиғат бұрышында немесе мектептің оқу-тәжірибелік участкесінде өткізеді.

Тәжірибенің көпшілік алуан түрі оқу-тәжірибелік учаскеде өтеді. Олар негізінен ұзақ болады және барлық вегетациялық кезеңді алады, яғни бүкіл жаз бойы.

Оқушылар алдына тәжірибенің және бақылаудың қорытындыларын салыстыру арқылы сұрақтар және тапсырмалар қойылады (тәжірибелік және бақылаулық өсімдіктер немесе жануарлар бірдей жағдайға қойылады, тек сынаққа алынған біреуінен басқасы). Тәжірибе кезінде бақылауларды нақты өлшеу арқылы өткізеді. Әсіресе, бақылаулардың және тәжірибелердің қорытындыларын арнайы кестелерге дұрыс тіркеудің маңызы зор. Себебі, бұл кестелер тәжірибелік және бақылаулық өсімдіктердің дамуы мен өнімділігінің көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік береді. Тәжірибелерді қою оқушыларды ойының тәртіптілігіне, нақтылыққа, мәдениеттілікке, зерттеулердегі сенімділік пен шынайылыққа үйрету керек.

Оқушылар тәжірибе қоюға үйде және тірі табиғат бұрышында қарапайым тәжірибелер қоюдан үйренеді. Сол арқылы мектеп оқу-тәжірибесіндегі күрделі де, ұзақ тәжірибелерге дайындалады.

Жануарларға қойылған ұзақ мерзімді тәжірибелер мен бақылаулар олардың қылықтарына байланысты. Омыртқалылардың шартты рефлекстеріне жүргізілген бақылаулары алуан түрлі. Бұл жұмыстарды да сабақтан тыс өткізсе, қорытындыларын сабақта қолданады.

Әр тәжірибелік әдістер (анықтау және тану жұмыстары, бақылау жүргізу, құбылыстарды тіркеу, тәжірибе қою) бірнеше сатылардан өтеді.

Тәжірибелік жұмыстардың сатылары:

1. Жұмыстың мақсатын айқындайтын сұрақ;

2. Техникалық және ұйымдастырушылық нұсқау;

3. Жұмыстың орындалуы (анықталуы, бақылау, тәжірибе қою);

4. Нәтижелерді тіркеу (жұмыстың орындалуымен қатар жүреді);

5. Қойылған сұраққа жауап беретін қорытындылар;

6. Сабақта өз жұмысының нәтижесі жөнінде хабарлау немесе есеп беру.

Оқушылардың іс-тәжірибелік жұмыстары белгілі жағдайда деректермен расталса мазмұнына қарай дедуктивті құрылуы мүмкін немесе жалпы пікір ретінде қорытынды жасалса, яғни индуктивті құрылуы мүмкін. Өсімдіктер мен жануарларды және олардың мүшелерін тану дедуктивті құрылады. Тәжірибе-әрқашанда индуктивті; Анықтау және бақылау бойынша жұмыстар келесі тіркеумен индуктивті және дедуктивті болуы мүмкін.

Тәжірибеде кез-келген әдістер тәсілдермен оқыту арқылы жүзеге асады. Әдістемелік тәсілдер-оқыту үрдісіндегі мұғалім мен оқушылардың бөлек әрекеттерін көрсететін әдістердің элементтері. Олар логикалық, ұйымдастырылған және техникалық сипатта болуы мүмкін.

Әрбір тәжірибелік жұмыстардың түрлерінде алдын-ала зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік және бекітуші түсініктерді ажырта білу керек.

Біріншісі оқушыларға сұрақты меңгергенге дейін беріледі. Оқушылар жұмыс барысын қойылған тапсырмалар арқылы орындайды. Жұмыстың қорытындылары сабақта көрсетіліп, талқыланады.

Екіншілері сұрақты меңгергеннен жүргізіледі және оқушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолданады.

Биологияны оқыту әдістемесінде жұмыстардың күрделенуінен және оқушылардың өздігінен жұмыс істеулерінің жоғарылауынан тәжірибелік әдістер түрі өзгеріп, дами түседі. Дұрыс өткізілген тәжірибелік жұмыстар оқушылардан логикалық талдауларды жасауды талап етеді: ұқсастық пен айырмашылықты көрсету, классификация, қорытынды, ойшақорытындылау.

 

 

Мысалы, IX сыныпта оқушыларға екі жұмыс берілді:

1) әртүрлі объектілердегі өзгергіштік құбылыстарымен танысу

2) өзгергіштік себебін ұсыну.

IX сынып оқушысына не істеу керек
Бірінші жұмыс–өзгергіштік құбылысы Екінші жұмыс – өзгергіштіктің себебі
1. Объектке және оның мүшелеріне сипаттама беру 1.Қоршаған ортасына байланысты объектілер арасындағы айырмашылықты құру
2. Объектіні және оның мүшелерін салыстыру(өлшеу, санау және т.б.) 2.Олардың кешенінен әсер ететін негізгі факторларды бөлу.
3.Ұқсастығы мен айырмашылығын құру 3. Өздігінен басқа мысалдарды таңдап алу.
4. Қорытындысын гербарий немесе коллекция түрінде тіркеу. 4. Нәтижелерін кесте түрінде тіркеу: қысқа хабарлама жасау және үйден баяндама дайындау.
5. Өздігінен басқа әдісті таңдап алу 5. Тәжірибелерді тірі табиғат бұрышында қою.

Тәжірибелік жұмыстар оқушылардың ойлары мен дағдыларын тек жұмысты дұрыс жоспарлап, оны өткізгенде ғана дамыта алады. Сондықтан оқушыларды уақыт өте келе қысқа мерзімдіден ұзағыраққа, техникалық бойынша жеңілдеуінен және ұйымдастырушылық жағынан күрделілігіне және ұзағырағына үйрету керек.

 

Date: 2015-06-11; view: 1289; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию