Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хирургия кафедрасы

№ 1-ЕСЕП

 

54 жастағы С. науқас оң жақ қабырға астындағы оң жақ жауырынға,оң жақ қолға берілетін ауырсынуына, жүрегінің айнуына, қайталанатын кұсыққа және тәбетінің төмендеуіне, ауызының кебуіне, дене қызуына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Себебін қуырылған тағаммен байланыстырады. Участкелік терапевте спазмолитиктермен, антибиотик-термен, гемодезбен, диета сақтау арқылы емдегенмен, жеңілдік болмаған.

Жалпы жағдайы орташа ауыр. Арқасына не оң жақ бүіріне жатуды жөн көреді, бұл жатысында оған жеңілдік туындайды. Дене қызуы 37,8°С. Тері қабаты және көздің склерасы аздап сарғайған. Пульсі минутына 89с. АҚ-130/ 80мм.сын.б. Жүрек және өкпе өзгеріссіз. Тілі кебу, бұлыңғыр дақты қабықпен жабылған. Құрсағының пішіні қалыптағыдай, жұмсақ, тыныс алуға әлсіз қатысады. Пальпацияда: бұлшық еті аздаған дефансты және оң жақ, қабырға асты тұсында ауырсыну бар. Осы тұста, қабырға астында ісікке ұқсаған ауыратын 12x8x8 см (инфильтрат) құрлыс байқалады. Щеткин-Блюмберг, Мерфи симптомдары оң. Ішектің нашарлаған шуы естіледі.

Пер. вагинум: өзгеріссіз.Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Желі шығады, зәр шығуы жеңіл.Қанның жалпы сараптамасы: эр - 4.2млн; лейк,- 14мың; ЭТЖ -17мм /сағ. Билирубині - 81(69) мкмоль/л. Зәрі өзгеріссіз. Құрсақ қуысының УДЗ- өт қабы ұлғайған, қабырғасы калыңдаған, ішінде қою өт.Холедохтың диаметрі-1,6см-ге дейін, гомогенді.

Тапсырма: Алғашқы диагнозды қойыңыз. Дифференциалды диагнозды осы ауруға ұқсастықтары бар аурулармен салғастыра отырып анықтаңыз. Клиникалык дигнозды толық, анықтап жазыңыз.

Науқасты рационалды емдеу жоспарын ұсыныңыз.

№ 2- ЕСЕП

23 жастағы Д. науқас курсақтың барлық бөлігінің тұстарының интенсивті өте қатты ауырсынуына, ауыз қуысының құрғақтығына, дел-салдылығына шағымданады. Ауруы 2 сағат бұрын аяқасты басталған. Анамнезінде: 12 елі ішектің ойық жарасымен ауырмаған. 3 жыл бұрын тексерілісте гастрит бары анықталған.

Жалпы жағдайы орташа ауыр. Тері мен шырышты қабаты қалыпты. Өкпесінде өзгерістер жқк. Пульсі минутына 76 с. АҚҚ-110/70мм.сын.б. Тілі бұлыңғыр дақты қабықпен жабылған, кебіңкі.

Құрсағы ішіне қарай тартылған, тыныс алуға қатыспайады, барлық бөлігі пальпацияда - ауырсынады, әсіресе эпи- және мезогастрии аймағында. Перкуссияда бауырдың тұйықтық дыбысы азайған, одан бүйірге қарай төмендеген тұстарда тұықтық дыбыс молайған. Ішектің перестальтикасы баяу. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс.

Қанның жалпы сараптамасы: лейк,- 8,9 мың; э-2, с-67, т-6, л-22, м-4. Шолу рентгенограммасында - оң жақ диафрагма асты тұста бос газ байқалады.

Тапсырма: Алғашқы диагнозын қойыңыз. Дифференциалды диагнозды осы ауруға ұқсас симпомдары бар аурулармен салғастыра отырып анықтаңыз. Клиникалық дигнозды толық, анықтап жазыңыз. Жансызжандырудың қатерсіз әдісін таңдаңыз. Науқасты рационалды емдеудің жоспарын ұсыныңыз.

№ 3-ЕСЕП

 

25 жастағы Д., бел тұсындағы интенсивті ауырсынуы мен жүрегі айнуына, әлсіздігіне, дел-салдылығына, тітіркенуіне, басының айналатындығына шағымданады. Анамнезінде: ауруханада асқазанынан қанкеткендігімен емделіп жатқан, 500 мл В(III) үшінші, резусі оң нағыз қан гемотрансфузиясы жасалған. 30 минут өткен соң жоғарыда көрсетілген шағымдар пайда болған. Қалдық қан тобын мен резусін үш қайтара анықтағанда ол - А (II) екінші, резусі оң болып шыққан. Ал науқастың қан тобы В (III) үшінші, резусі оң.

Жалпы жағдайы ауыр. Есі бар, анық, қобалжыған. Тері мен шырышты қабаттары ағарған, таза, суық жабысқақ терлі. Дене бітімі дұрыс, қанағаттандыралық пішінде. Өкпесінде - тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек тоны жабыңқы, ритмді, АҚҚ 70/30 мм.сын.б., пульсі минутына 115 тоымсыз және төмен қысымды. Тілі таза, құрғақ. Құрсағы жұмсақ, басып қарағанда ауырсынбайды. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Пастернацкий симптомы екі тұсында да оң.

Қанының жалпы сараптамасы: Эр. - 2,2х1012; Нв-40 г/л; Тк (ЦПВ)-0,7; гематокриті-20. Қанының биохимиясы: жалпы белок-57г/л; жалпы билирубин - 220 мкмоль/л (босы -100 мкмоль/л, байланғаны-120 мкмоль/л), креатинині-0,32 ммоль/л, мочевинасы-22 ммоль/л. Зәрінің сараптамасы: өт пигменттері - оң, белок - 0,066, жаңа өзгерген эритроциттер көп мөлшерде.

ФГДС - 12 елі ішектің буылтығының (пияздық) қызыл тромб сатысындағы қанағумен асқынған түрі. Тексерген кезде қанағу тежелген.

Тапсырма: Алғашқы диагнозын қойыңыз. Дифференциалды диагнозды осы ауруға ұқсас симпомдары бар аурулармен салғастыра отырып анықтаңыз. Клиникалық дигнозды толық, анықтап жазыңыз. Жансызжандырудың қатерсіз әдісін таңдаңыз. Науқасты рационалды емдеудің жоспарын ұсыныңыз.

 

№ 4-ЕСЕП

 

63 жастағы А. науқас, ішінің барлық тұсының ауыратынына, жайсыздыққа, аузының құрғақтығына, ішінің кебуіне, желі мен нәжісінің шықпайтынына шағымданады. Соңғы 16 сағат ішінде, жоғарыда көрсетілген шағымдар мазалай бастаған. 10 жыл бойы анацидті гастритпен ауырады. Соңғы жылдары тамақтанғаннан соң асқазанында дискомфорттық пен жайсыздық мазалайды.

Аса көрнекті интоксикациядан туындаған науқастың ауыр жағдайы. Тері мен шырышты қабаттары аққушаң тартқан. Тілі құрғақ, сұр түсті жабындымен жабылған. Өкпеде өзгерістер жоқ. Пульсі 1 мин – та 100 с. АҚҚ 140/100 мм. сын. б. Іші кепкен, тыныс алу қозғалысына қатыспайды, пальпацияда – бұлшықеті қатыңқы, құрсақтың барлық бөлігінде әсіресе эпигастриінде ауырсыну бар. Перкуторлы қарауда: іштің барлық бөлігінде - тимпанит, бауыр тұйықтығы жоғалған. Ішектің перистальтикасы естілмейді, Скляров симптомы оң. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Пастернацкий симптомы екі тұста да теріс. Диурезі қалыпты. Нәжісі болмаған, желі шықпайды.

Қанының сараптамасы: Лейк-12,4 мың, т-11, с-64, л-21, м-4. Зәрінің сараптамасы – аздаған жаңа эритроциттер, лейк - 4-5 к.а. Құрсақ қуысының жалпы шолу R-графиясында - пневматоз фонында көптеген ұсақ сұйықтық деңгейлері мен оң жақ диафрагма астында бос газ көрінеді. ФГДС – асқазанның субкардиалдық бөлігінде 2,0-2,5 см тесілген ойық жара дефектсі.

Тапсырма: Алғашқы диагнозын қойыңыз. Дифференциалды диагнозды осы ауруға ұқсас симпомдары бар аурулармен салғастыра отырып анықтаңыз. Клиникалық дигнозды толық, анықтап жазыңыз. Жансызжандырудың қатерсіз әдісін таңдаңыз. Науқасты рационалды емдеудің жоспарын ұсыныңыз.

ЕСЕП

32 жастағы Ш атты науқас, әлсіздігіне, басының айналуына, жиі қара түсті болатын нәжісіне шағымданады. 2000 жылдан бері 12 елі ішектің ойық жарасымен, бінеше рет терапевтикалық ауруханада емделген. Данное обострение сопровождалось кровотечением.

Жалпы жағдайы орташа. Тері және шырышты қабаттары ақшылдау. Өкпесінде өзгерістер жоқ. Пульсі 1 минутта 110 с. ритмді. АҚҚ80/50 мм сын.б. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Соққылау симптомы екі тұстан да теріс. Іші аздап кепкен, тыныс алуға қатысады, терең пальпацияда – эпигастрия аймағында ауырснады, перитонеалдық симптомдары жоқ. Ішектің перистальтикасы әлсіз. Пер. ректум: перчаткалы саусақтың ұшында қара қан ізі бар. ҚЖС - Эр 2,2 млн., Нв - 75 г/л, Нт - 27 %. Лейк-5,2 мың. ЗЖС - өзгеріссіз. ФГДС - асқазанда 200-250 мл-дей кофе тұнбасы түсті сұйықтық, 12 елі ішектің артқы бетінде жаңа қан тамшылары бар тұрақсыз тромбпен жабылған ойық жара дефектісі.

Тапсырма: Алғашқы диагнозын қойыңыз. Дифференциалды диагнозды осы ауруға ұқсас симпомдары бар аурулармен салғастыра отырып анықтаңыз. Клиникалық дигнозды толық, анықтап жазыңыз. Жансызжандырудың қатерсіз әдісін таңдаңыз. Науқасты рационалды емдеудің жоспарын ұсыныңыз.

№ 6-ЕСЕП

 

26 жастағы С. науқас, құрсағының іші әсіресе, жоғары бөлігінің аздап ауырсынатынына, аузының кебетініне, мазасыздығына, әлсіздігіне шағымданады. Соңғы 8 сағат аралығында, түн ұйқысынан эпигастрия аймағында басталған қатты ауырсынудан оянған, жедел жәрдем шақырған, жедел гастрит диагнозы қойылып: спазмолитиктер мен анальгетиктер берілген. Ауырсынуы аздап басылғанмен 4 сағаттан соң ол ауырсыну қайта мазалаған. Туыстары өзбеттерімен 2,0 б/е. кетонал берген. Жағдайы аздап жақсарған. Мұндай жағдай бірінші рет мазалайды, науқас ойық жара ауруы өзінде жоқ деп есептейді.

Науқастың жалпы жағдайы ауыр, субъективті түрде жағдайын қанағаттандырарлық деп есептейді. Тері қабаты мен көрінетін шырышты қабаттары аққуланған. Тілі құрғақ, сұр түсті жабындымен жабылған. Өкпесінде өзгеріс жоқ. Пульсі 1 мин. - 110 с. АҚҚ 110/70 мм сын. б. Құрсағы кеуіп қампиған, тыныс алу қозғалысына қатысы жоқ, іштің эпигастрия және оң жақ жартысы басып қарағанда ауырсынады және сол тұстың бұлшық еттері қатайған. Перкуссияда: бауыр үсті тұста – тимпанит, оң жақ бүйірінде тұйықтық. Ішек перистальтикасы әлсіз, желі шықпайды. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Соққы симптомы екі жағында да теріс.

Қанының жалпы сараптамасы: Эр-4,5 млн, Нв-140 г/л; Лейк-11,2 мың, э-2, т-6, с-64, л-22, м-4. СОЭ- 25 мм/с. Зәрінің жалпы сараптамасы - өзгеріссіз. Құрсақ ішінің жалпы шолу Р-графия – екі бірдей диафрагма асты аймақта бос газ бары көрінеді.

Тапсырма: Алғашқы диагнозын қойыңыз. Дифференциалды диагнозды осы ауруға ұқсас симпомдары бар аурулармен салғастыра отырып анықтаңыз. Клиникалық дигнозды толық, анықтап жазыңыз. Жансызжандырудың қатерсіз әдісін таңдаңыз. Науқасты рационалды емдеудің жоспарын ұсыныңыз.

№ 7-ЕСЕП

52 жастағы Т. науқас эпигастрия тұсының тұрақты арқасына беріле денесін орай омыртқасына тие ауыратынына, жүрек айнуына, жеіңлідіксіз құсуына шағымданады. Анамнезінде: жіті ауырған, 8 сағат бұрын.

Ауру себебін майлы және қуырған тағаммен, алкоголь ішуімен байланысты рады. Гипертония, қант диабеті, тассыз созылмалы холециститпен ауырады.

Жағдайы - ауыр. Тері қабаты және сөл қабаттары ағарған. Өкпе тыныс алысы - везикулярлы, сырыл естілмейді. Жүрек - көлденеңінен кеңейген, ырғағы бүркеленген. Тілі ылғалды, лас-булыңғыр дақты қабықпен жабылған. Құрсағы эпигастрия және мезогастрия аймағынтарында қампиған, тыныс алуға қатысады. Пальпацияда: құрсақтың, жоғарғы тұсында бұлшық еттер аздаған дефанс белгісімен. Керте, Воскресенский, Мейо-Робсон симптомдары оң; Щеткин-Блюмберг және «жейде» симптомдары - теріс. Ішек шуылы тежелген, құрсақтың, шет жақ бөліктерінде перкуссияда тұйықтық жоқ. Пастернацкий симптомы екі жақта да теріс. Рер. ректум: ампула бос, сфиктер тонусы темен.

Қанының жалпы сараптамасы: эр - 4,8; лейк, - 18 мың; ЭТЖ -18мм/сағ. қанты - 17ммоль/л. Зәрдің ж.с.: меншікті салмағы - 1020, белок - 0,66%о, диастазасы - 512 (ед) б.

Құрсақты жалпы шолу рентгенограммасында: колонтрансверзум және асқазан пневматозы.

УДЗ-де: деструктивті панкреатит көрнісі, парапанкреатит, шарбы дорбасында суйықтық жиналған.

Тапсырма: Алғашқы диагнозын қойыңыз. Дифференциалды диагнозды осы ауруға ұқсас симпомдары бар аурулармен салғастыра отырып анықтаңыз. Клиникалық дигнозды толық, анықтап жазыңыз. Жансызжандырудың қатерсіз әдісін таңдаңыз. Науқасты рационалды емдеудің жоспарын ұсыныңыз.

№ 8 - ЕСЕП

 

42 жастағы С. науқас эпигастрия тұсының тұрақты арқасына беріле денесін орай омыртқасына тие ауыратынына, толассыз, жеңілдксіз құсуына шағымданады. 5 сағат бойы ауырсыну мазалаған, себебін майлы тағам мен алкоголь іпиуімен байланыстырады.

Жағдайы орташа ауыр.Дене қызуы 37,8°С. Бетінде, кіндік аймағгында көкшіл дақтар бар. Пульсі минутына 102 с, жеңіл «қысылатын». АҚҚ-90/50мм сын.б. Жүрек және өкпесінде өзгерісіз. Тілі ылғалды, қалың лас-бұлыңғыр дақты қабықпен жабылған. Құрсағы эпигастрия және мезогастрия аймақтарында қампиған, тыныс алуға қатыспайды. Керте, Мейо-Робсон симптомдары оң; Щеткин-Блюмберг және «жейде» симптомдары - теріс. Пастернацкий симптомы сол жағынан оң. Рер. ректум: өзгерістер жоқ.

ЭКГ - өзгеріссіз.

Қанының жалпы сараптамасы: эр - 4,2; лейк,- 13,2 мың; ЭТЖ - 14мм /сағ. қанты - 17ммоль/л. Зәрдің м.салмғгы - 1020, белок - 0,66%о, диастазасы -128 (ед) б.

Құрсақ қуысының УДЗ-де - уұйқы безі ұлғайғаны мен эхотығыздығының жоғарылауы, шарбы дорбасында аздаған сұйықтық жиналған.

Құрсақтың шолу рентгенограммасында: өзгерістер байқалмайды.

Тапсырма: Алғашкы диагнозын қойыңыз. Дифференциалды диагнозды осы ауруға ұқсастықтары бар аурулармен салғастыра отырып анықтаңыз. Клиникалық дигнозды толық анықтап жазыңыз.

Науқасты рационалды емдеу жоспарын ұсыныңыз.

№ 9 – ЕСЕП

44 жастагы Б. науқас эпигастрия тұсының тұрақты арқасына беріле денесін орай омыртқасына тие ауыратынына, толассыз, жеңілдіксіз құсуына, құрсағының қампиып ұлғаюна, желінің шықпауына шағымданады. 4 сағат бойы ауырсыну мазалаған, себебін майлы шелпек (блина) мен арақ ішуімен байланыстырады.

Жағдайы ауыр. Дене қызуы 37,8°С. Бетінде ағарған фонда майлы талшшықты қабаты тығыздалған, көкшіл түсті дақтар бар. Пульсі минутына 104 с, АҚҚ, 110/60 мм сын. б. Жүрек және өкпе өзгеріссіз. Тілі ылғалды, қалың, лас-бұлыңғыр дақты қабықпен жабылған. Құрсағының жоғарғы аймақтарында бұлшық еттерінде дефанс, тыныс алуға қатыспайды. Щеткин-Блюмберг симптомы осы тұста - аздап оң. Кулен Холстет, Керте, Мейо-Робсон симптомдары оң. Бауыр тұйықтылығы сақталған. Пастернацкий симптомы екі жағынан да оң. Рер. ректум: өзгерістер жоқ. ЭКГ - өзгеріссіз.

Қанының жалпы сараптамасы: эр - 4,0; лейк,- 14 мың; Зәрк диастазасы -512 (ед) б. Құрсақтың шолу рентгенограммасында: тоқ ішектің көлденең бөлігінде - пнвматоз, басқа бөліктерінде өзгерістер байқалмайды

Құрсақ қуысының УДЗ-де - ұйқы безінің ұлғайғаны мен эхотығыздығының жоғарылауы көрінеді.

Тапсырма: Алғашқы диагнозды қойыңыз. Дифференциалды диагнозды осы ауруға ұқсастықтары бар аурулармен салғастыра отырып анықтаңыз. Клиникалық дигнозды толық, анықтап жазыңыз. Науқасты рационалды емдеу жоспарын ұсыныңыз

 

 

№10-ЕСЕП

 

54 жастағы Б. науқас эпигастрия тұсының тұрақты арқасына беріле денесін орай омыртқасына тие ауыратынына, жеңілдіксіз құсуына, шағымданады. 6 сағат бұрын басталған, себебін майлы және қуырылған тағам ішуімен байланыстырады.

Жағдайы орташа ауыр. Дене бітімі мен қоректенуі орташа. Тері қабаты ақшыл, пульсі минутына 98 с, АҚҚ 130/80 мм сын. б. Жүрек және өкпе өзгерісіз. Тілі ылғалды, қалың лас-бұлыңғыр ақ дақты қабықпен жабылған. Құрсағының эпи- және мезогастрии аймақтары қампиған, аздап тыныс алуға қатысады. Кулен Холстет, Керте, Мейо-Робсон симптомдары оң. Щеткин-Блюмберг, «жейде» симптомдары - теріс. Асқазан мен тоқ ішек тұсында тимпанит. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс.

Пер. ректум: өзгерістер жоқ.

Қанның жалпы сараптамасы: эр - 4,2млн; лейк, - 8 мың; Зәрінің диастазасы -120 (ед) б.

Құрсақ қуысының УДЗ-де - өт қабында солитарлы тас, ұйқы безі ұлғайган, эхотығыздығы жоғары. Құрсақтың шолу рентгенограммасында: өзгерістер байқалмайды

Тапсырма: Алғашқы диагнозды қойыңыз. Дифференциалды диагнозды осы ауруға ұқсастықтары бар аурулармен салғастыра отырып анықтаңыз. Клиникалық дигнозды толық анықтап жазыңыз. Науқасты рационалды емдеу жоспарын ұсыныныз.

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
Профилактика пневмокониозов | Лечение сахарного диабета 1-го типа. В лечении сд1 применяется инсулинотерапия

Date: 2015-07-01; view: 332; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию