Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ. Ұйқыбезі шажырқай артында L1–L3 омыртқа деңгейінде орналасқан, көлемі 10–20 х 5–10 х 3–5 см және массасы





Ұйқыбезі шажырқай артында L1–L3 омыртқа деңгейінде орналасқан, көлемі 10–20 х 5–10 х 3–5 см және массасы шамамен 100 г болатын без.Ұйқыбезінің (ҰБ) эндокринді бөлігі барлық без массасының 1/100 бөлігін алатын Лангерганс панкреатикалық аралшықтарынан тұрады. Аралшықтар (жалпы саны 1–2 млн) барлық без бөлігінде шашырап орналасады, бірақ құйрық бөлігінде басым болады. Аралшықтың диаметрі шамамен 100–200 мкм және 100–200 эндокринді жасушалардан құралады. Ұйқыбезінің эндокринді бөлігі АІЖ мен басқа мүшелердің гормон-өндіруші жасушаларымен тығыз байланыста қызмет атқарады. Жалпы салмағына қарағанда ұйқыбезінің эндокринді бөлігінің эндокрин-өндіруші жасушалары және ішектің эндокриноциттері адам ағзасындағы ең үлкен «эндокринді без» болып табылады. Инсулин, глюкагон, соматостатин және панкреатикалық полипептид Лангерганс аралшықтарының негізгі өндіретін гормондары болып табылады (9.1кесте).

Инсулин Лангерганс аралшықтарының β-жасушаларында проинсулин жолашарынан синтезделетін, С-пептидінің протеолиздік бөлінуінен кейін белсенді гормонға айналатын полипептидті гормон (7 бөлімді қараңыз).

Глюкагон — 29 аминқышқылдарынан тұратын полипептид. Глюкагон проглюкогон деп аталатын ірі молекулалы-жолашар гормоны түрінде синтезделеді. Тек қан сарысуының иммунореактивті глюкагонінің 30–40%-ы панкреатикалық глюкагон үлесіне тиеді. Ал қалған бөлігі- биологиялық белсенділігі жоқ ірі молекулалар. Физиологиялық және иммунологиялық глюкагон он екі елі ішектің эндокринді жасушалары арқылы бөлінетін энтероглюкагонға ұқсас. Соматостатин ірі прогормон ретінде ҰБ-дің D жасушалары арқылы синтезделетін гормон.

 

9.1 кесте. Панкреатикалық аралшықтардың басты гормондары

 

Жасуша типі Гормон Гормонның басты қызметі
α немесе А Глюкагон Глюконеогенез, гликогенолиз, протеолиз, липолиз, инсулин секрециясын ынтыландырады
β немесе В Инсулин Инсулинге тәуелді тіндерге (бұлшықет, май тіні) глюкозаның түсуін қамтамасыз етеді, бауырда гликолиз бен глюконеогенезді белсендіреді, май тіндерінде липогенезді ынталандырады, кетогенез және глюкагон секрециясын тежейді
δ немесе D Соматостатин Гормондардың басым бөлігінің секрециясын, асқазанның қышқыл өндіруші қызметін, ҰҚ экзокринді секрециясын, ішек моторикасын (әмбебап ингибирлеуші әсер) тежейді
PP немесе F Панкреатикалық полипептид Панкреатикалық секреция және бауыр глюконеогенезінің ингибиторы

 

Соңғы өнімі 14 аминқышқылы қалдықтарынан тұрады. Соматостатин термині алғашында гипоталамуста өсу гормоны секрециялануын ингибирлейтін фактор ретінде анықталғандықтан солай аталған.

Қазіргі таңдағы көзқарастар бойынша панкреатикалық және асқорыту гормондарының басты қызметі асқорыту үрдісін (барлық асқорыту гормондары) және жасушалық метаболизмді (инсулин), олардың басты субстраттарының (инсулин, глюкагон) эндогенді синтезін реттеу болып табылады. Панкреатикалық және асқазан-ішек жолының гормондары гуморальды факторлардың гетерогенді тобын құрайды. Олардың бір бөлігі (секретин, холецистокинин) «гормон» классикалық ұғымына сәйкес келеді (өзінен алыс орналасқан құрылымдарға гуморальды әсер көрсетеді). Басқа гормондар (вазоактивті интестинальды пептид, соматостатин) нейромедиаторлар секілді паракринді және нейрокринді әсер көрсетеді.

 

9.2. ҰЙҚЫБЕЗДІҢ ГОРМОНАЛЬДЫ-БЕЛСЕНДІ ІСІКТЕРІМЕН СЫРҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Қант диабетінен басқа, қазіргі таңда ҰБ-дің эндокринді бөлігінің аурулары панкреатикалық гормондардың шек тыс артық болуымен патогенетикалық тығыз байланысты, яғни гормональды белсенді ісіктермен тікелей байланысты (9.2 кесте). Бұл аурулардың клиникалық көрінісі гетерогенді және қандайда бір гормонның артық өндірілуіне байланысты көрінісімен анықталады, егер қатерлі ісік болса, оның инвазивті өсіп, метастаз берумен тікелей байланысты.

 

9.2 кесте. Ұйқыбез және асқазан-ішек жолдарының (ҰБ- ұйқыбез, 12ЕІ- он екі елі ішек, ВИП- вазоактивті интестинальды пептид) эндокринді ісіктері

Ісік Басты симптомдары Локализациясы Бөлетін гормондары Қатерлі ісіктерден үлес салмағы %
Инсулинома Гипогликемиялық синдром ҰБ Инсулин <5
Гастринома Рецидив беруші ойық жаралар, диарея ҰБ, 12ЕІ Гастрин >90
ВИПома Ауыр диарея, гипокалиемия ҰБ, симпатикалық баған ВИП <75
Глюкагонома Некроздық миграциялаушы эритема ҰБ Глюкагон >50
Карциноид Диарея, бронхоспазм Аш ішек, ҰБ Серотонин, гистамин, простагландин  
Гормональды-белсенді емес ісіктер Болмайды ҰБ, аш ішек Болмайды >90

 

ҰБ-дің гормональды-белсенді ісіктерінің дамуына күмән туғанда ең алдымен қандай бір гормонның гиперсекрециясын жоққа шығару қажет. Осы мақсатпен гормональды зерттеу тағайындалады. Гормональды зерттеу барысында гормон деңгейі, оның жолашары (С-пептид) немесе метаболиттерінің (5-ГИУК) деңгейі анықталады. Бірқатар жағдайларда функционалды сынақтар жүргізіледі (ашығу сынағы). Егер гормон гиперсекрециясы дәлелденсе, барлық гормональды-белсенді ісіктерге тән топикалық диагностика қағидаларына сай зерттеу жүргізіледі. Топикалық диагностикалау мақсатында келесі зерттеу әдістері қолданылуы мүмкін:

 

1. Ультрадыбысты зерттеу:

— трансабдоминальды (стандартты);

— эндоскопиялық (датчик эндоскопқа орналасады);

— интраоперациялық (датчик ҰБ-ге орналасады).

2. Құрсақ қуысы ағзаларының томографиясы:

— компьютерлі томография (КТ);

— магнитті-резонансты томография (МРТ).

3. Эндоваскулярлы әдістер:

— ангиография;

— гормондар концентрациясының градиентін анықтау мақсатында жүргізілетін портальды венозды қаннан сынаманы зерттеу

3. Соматостатин рецепторларының сцинтиграфиясы.

Диаметрі 1 см немесе одан да кіші болатын ісіктерді топикалық диагностикасы өте қиын. Жиі мұндай ісіктер қатарына инсулиномалар мен гастриномалар жатады. ҰБ-дің ісіктерін диагностикалауда стандартты УДЗ-нің ақпараттылығы өте төмен, себебі ісіктің ішкі эхосигналының интенсивтілігі жеткіліксіз болып табылады. Ал МРТ мен КТ ақпараттылығы жоғарылау болады. Эндоваскулярды зерттеу әдістерінің сезімталдылығы жоғары, бірақ олардың басты кемшілігі-инвизивтілігі. Ангиографиялық әдіс түзілістердің гиперваскуляризациясын және метастаздарын анықтауға бағытталған. Портальды венозды қанды зерттеудің әдістері портальді жүйенің катетеризациялауға негізделеді, бұл кезде сынамаға алынған қанда гормон деңгейі жүйедегімен салыстырғанда 50%-ға артық болады, бұл ісік локализациясына тәуелді екенін көрсетеді (9.1сурет).

ҰБ бен АІЖ-ның эндокринді ауруларының топикалық диагносткиасында аса сезімтал инвазивті емес топикалық зерттеу әдістеріне эндоскопиялық УДЗ мен соматостатин рецепторларының сцинтиграфиясы жатады. Бірінші әдісте ультрадыбысты аппарат датчигі эндоскопқа кигізіледі де, зерттеу ішек қабырғасы арқылы жүргізіледі.

9.1 сурет. Инсулиноманың топикалық диагностикасында тері мен бауыр арқылы алынған портография көмегімен селективті жиналған венозды қаннан инсулин деңгейін анықтау

а — қан сынамасын селективті жолмен портальды жүйеде жинаудың нүктемен белгіленген сызбасы;

б — сәйкес нүктелердегі инсулин деңгейі;

в — инсулиноманың орналасуы мүмкін локализациясы- ұйқыбездің бас бөлігі аймағындағы ілмек тәрізді аралшықта.

 

ҰБ бен АІЖ эндокринді ісіктерінің басым көпшілігінде (инсулиномадан басқа) соматостатинді рецепторлар орналасады, осыған орай соматостатинді рецепторлардың сцинтиграфия әдісі ісіктерді диагностикалауда кеңінен қолданылады. Осы мақсатта радиобелсенді белгі (индий-111) ретінде ұзақ әсерлі соматостатин туындысы октреотид енгізіледі. Радиофармпрепарат соматостатин рецепторлары бар ісіктерде жиналады, сондықтан бұл әдіс біріншілік ісіктерді және олардың метастаздарын топикалық анықтауда,операцияның радикалдылығын бағалауда, эндокринді және эндокринді емес ісіктердің салысырмалы диагностикасында кеңінен қолданылады (9.2 сурет).

9.2 сурет. Индий-111-мен белгіленген октеротид көмегімен соматостатин рецепторларының сцинтиграммасы. Сцинтиграммада (алдынан қарағанда) біріншілік ісік пен оның метастаздарының локализациясына сәйкес рецептор-позитивті түзіліс анықталады (Б —бауыр, К —көкбауыр, І — панкреатодуоденальды аймақта локализацияланған біріншілік ісік)

 

Date: 2015-07-01; view: 444; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию