Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дезинсекциялау





Инсектицидтермен жұмыс істеген кезде сақ болып, тиісті нұсқауларды қатаң басшылыққа алып отыру қажет. Дезинсекциялау алдында бөлмедегі азық-түлікті, ыдыс-аяқты, балығы бар аквариумды, құстар мен үй хайуайдарын шығара тұру керек. Мұрын мен ауызға дәкеден жасалған таңғыш немесе 4 қабатталған дәке байлап алады. Дәріні насекомдар көп жүретін немесе ұя салған жерлерге себеді (плинтустар, қуыстар, мебель, қабырғалар-дағы саңлау, су құбырларының жолдары, батареялардың арты, суға баратын барлық жолдар және т. б.). Дустты резеңке шашқыштың немесе арнайы жасалған сауыттың көмегімен бүрку керек, сұйық дәріні щеткамен, бояу бүріккішпен және т. б. шашады. Тазарту жұмысы аяқталған соң, беті-қ мұқият сабындан жуады, бөлмені желдетіп алады. Препараттарды тағамдардан алыс, балалар мен үй хайуанаттарынан аулақ сақтау керек.

 

Қандалалар топтамасы (Heteroptero)

Қандала (Hemіptera) – жәндіктер класының бір отряды. Ауыз аппараты шаншып-соратын тұмсыққа айналған. 40 мыңнан аса түрі бар. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1,5 мыңдай түрі белгілі. Негізгі тұқымдастары: су қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары, т.б.

Суаршын қандалалар (лат. Gerridae ) - қандалардың бірнеше тұқымдастары. Дене ұзындығы 1-34 мм. 700-дей түрлері белгілі - ТМД-да 40 астам түрі бар. Су бетінде-ылғалды мүкте - су жағалауларында мекендейді; Halobates туысының түрлері жиектен бірнеше шақырым қашыкгыкта - тропикалық және субтропикалық теңіздер мен мүхиттардың су бетінде тіршілік етеді.

Төсек қандаласы.Қандаланың бұл түрі қанмен қоректенеді. Бұлар жарты жылдан астам уақыт қорексіз тіршілік етуге төзетіндіктен, үй-жайды мекендеп, адамның қанын сорады. Бұл қандалалардың басқа сүтқоректілерде паразиттікпен тіршілік ететін түрлері бар. Олар жарқанаттың, шақшылдақтың, құстардың денесінде паразиттікпен тіршілік етеді.

Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу қажет. Үйдегі мебельдердің қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды т. б. жерлерді мұқият қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала дезинсекция жасаған жөн. Қандаланы жою үшін түрлі ұнтақтар мен 30 процентті спирт ерітіндісін және хлорофос қорытпасын; «Фосфолан», «Неопин», «Хлорак», дусттарын; «Дифос», «Метасил», «Тролен» сияқты сұйық препараттарды; сондай-ақ «Прима—71» және «Неофос» аэрозольды препараттарын қолданады. Бұларды алма-кезек ауыстырыл пайдаланған жөн, себебі қандаланың химиялық заттарға бойы үйренгеннен кейін препараттар әсер етпейтін болады. Улы препараттармен жұмыс істегенде сақ болып, көрсетілген нұсқауларды бұлжытпай орындау керек. Бөлме ішін улаған кезде темекі шегуге болмайды, себебі улы химикаттар тез жанғыш келеді. Жұмысты аяқтаған соң беті-қолды сабындан жуып, бөлмені желдетіп алған дұрыс. Улы препараттарды азық-түліктен бөлек, балалардың қолы жетпейтін, үй хайуанаттары бара алмайтын жерлерде сақтау қажет.

 

 

Date: 2015-07-01; view: 3360; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию