Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Парасүзек А және В





Парасүзек А – антропонозды, парасүзек В- антропозоонды бактериялды іш сүзегіне ұқсас инфекциялық ауру.

Қоздырғышы– Salmanello paratyphi А, В бактериялары, Salmonella туыстығына жатады. Іш сүзегінің таяқшаларынан айырмашылғы биологиялық, серологиялық қасиеттерінде.

Парасүзек А қоздырғышын 1898 жылы Гвин ашқан, паратиф В қоздырғышын 1896 жылы Ашар және Бедсод анықтаған.

Инфекция көзі – ауру адам және бактерия тасымалдаушы.

Парасүзектерден кейін тасымалданушылық жиі кездеседі. Парасүзек В қоздырғышын үй жануарларынан, кеміргіштерден жұқтыруы мүмкін. Науқас адам қоздырғыштарды клиникалық белгілері пайда болғаннан 1-2 күннен бастап аурудың барлық барлық кезеңдерінде, сауығу кезеңінде (2-3 апта) шығарып отырады.

Беріліс механизмі – нәжіс – ауыз механизмі.

Берілу жолдары: тағам, су, тұрмыстық заттар.

Парасүзек А – су арқылы, парасүзек В- тағам әсіресе жиі сүт арқылы таралады.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері.Парасүзек В барлық жерде таралған ауру, парасүзек А- көбіне Оңтүстік-Шығыс Азия Африка елдерінде кездеседі. Іш сүзегімен сырқаттанушылық төмендеген сайын паратифтердің үлесі көбеюде (90 жылдары – 30%). Инкубациялық кезең 1-21 күн.

Негізгі клиникалық белігелері іш сүзегіне ұқсас, бірақ қызба бөртпелер ерте пада болады, жеңілдеу етеді. Парасүзектерден кейін өлім жітім сирек.

Алдын-алу шаралары, зертханалық диагностика, емдеу, диспансерлік бақылауы іш сүзегіне ұқсас. Қатынаста болғандарды медициналық бақылау мерзімі-14 күн.

Іш сүзегі және парасүзек ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар:

1) Барлық науқастарды сұрау, тексеру, дене қызуын өлшеу, зертханалық тексеру арқылы анықтау;

2) Іш сүзегімен және парасүзекпен ауыран науқастарды уақыты оқшаулау;

3) Іш сүзегімен немесе парасүзекпен бұрын науқастанған адамдарды, жұқтыру қауіпі туындаған адамдарды, декреттелген контингентті (күдікті тағамдар мен суды қолданған; науқастармен араласқан) зертханалық әдіспен анықтау және зертханалық тексеру жүргізу;

4) Барлық 1 рет ауырған адамдардың ошағында бір рет нәжісін бактериологиялық тексеру және қанның құрамындағы сарысуын ГАТРӘ қорытындысы оң болған адамдардың зәрі мен нәжісін 1 рет қайталап бактериологиялық әдіспен тексеру;

5) Топтық ауру пайда болған жағдайда, инфекцияның көзі болуы мүмкін күдіктілерге зертханалық тексеру жүргізу керек. Зертханалық тексеруге кемінде 2 күн сайын 3 рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеру және 1 рет қан сарысуын ГАТРӘ әдісімен тексеру. ГАТРӘ қорытындысы оң адамдар 2 күн сайын кемінде 5 рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруге тапсырады, ал тексерудің нәтижесі теріс болса 1 рет өті тексеріледі.

6) Іш сүзегімен немесе парасүзекпен ауырған науқаспен үйінде араласқан декреттелген контингент құрамындағы адамдар науқасты ауруханаға жатқызып, үйге соңғы дизенфекция өткізіп, оның нәтижесін, зәрін 1 рет бактериологиялық тексерудің және ГАТРӘ теріс қорытындысын алғанға дейін уақытша жұмысынан шеттету;

7) Жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдарды зертханалық тексеру, медициналық бақылау, күнделікті дәрігерлік қарау және науқасты оңашалау сәтінен бастап іш сүзегінде 21 күн, парасүзек кезінде 14 күн денеқызуын өлшеу тиіс;

8) Іш сүзегімен және парасүзекпен ауыратын науқастар бактерия тасушылар тез арада оңашаланып, емдеу мекемелеріне тексеруге және емдеуге жібереді.

9) Іш сүзегі ошағында ішсүзектік, парасүзектің ошағында көп валентті сальмонеллездік бактериофаг беріледі. Бактериофагпен емдеу материалды бактериологиялық тексеруге алғаннан кейін жүргізіледі, реконвалесценттерге де бактериофаг беріледі.

Іш сүзегі, парасүзектерге дезинфекция міндетті түрде жүргізіледі:

1. Күнделікті дезинфекция ауру анықталысымен реконвалесценттер емделіп шыққаннан кейін 3 ай жасалуы тиіс. Күнделікті дезинфекцияны науқасты күтушілер реконвалесценттің өзі бактерия тасымалдаушы жасайды.

2. Іш сүзегі науқасы бактерия тасымалдаушының ошағында күнделікті дезинфекцияны емдеу мекемесінің медцина қызметкері ұйымдастырады.

3. Қорытынды дезинфекцияны дезстанция қызметкерлері немесе СЭҚБ-ның дезинфекциялық бөлімінің қызметкерлері, қалалы жерде ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін 6 сағат ішінде, ауылды жерді 12 сағаттан асырмай жасалуы тиіс.








Date: 2015-07-01; view: 770; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.007 sec.) - Пожаловаться на публикацию